Материалдар / Дене шынықтыру пәнінің маңызы және шынығу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дене шынықтыру пәнінің маңызы және шынығу

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру оқытушылары, оқушылар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2020
1847
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Дене шынықтыру пәнінің маңызы және шынығу


«Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді»

Шығыс ғалымы Ибн Сина



Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.

Дене шынықтыру тәрбиесінін мақсаты — салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.

денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;

табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;

дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу;

табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)

ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;

гитиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды. Қазіргі кезде білім ордасының тұтас педагогикалық үдерісінде салауатты өмір салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып, барлық білім мекемелерінде психологтар, медицина қызметкерлері баланың денсаулығын, психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде. Эстетикалық тәрбие дегеніміз білім алушылардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және, енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.

Дене тәрбиесі — валеология ғылымдарының бір саласы. Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римде және басқа да елдерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы — адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф.Рабле, М.Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған. Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактика», «Ана мектебі» атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді.Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В.Н.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышевский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатын. Ұлы педагог К.Д.Упшнский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті. ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жасалынды. Ол валеологиялық тәрбиенің ең негізгі бағыттарының біріне айналды.

Гигиеналық-жаттығулар мен ұдайы шұғылдану, жугіру, шаңғы тебу, жүзу, қайық есу сияқты спорт ойындары мен арнаулы жаттығулар адамның тыныс алу үрдісін күшейтеді. Қан айналысып, зат алмасуын жақсартады.


Дене шынықтыру үдерісі күрделі, әр жан-жақты және білім ордасының басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене шынықтыру пәнінің міндеттерін дұрыс түсінген оқытушы жеке білім алушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық білім алушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды. Оқытушы білім алушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді.

Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын  дамыту үшін,  үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, дене шынықтыру сабағы барысында негізгі мақсат- міндеттерді орындаумен қатар қауіпсіздік шараларына да баса назар аударуымыз қажет.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да оқытушы барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.
Сабаққа келген оқушыға арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалау міндеттеледі;
Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса оқытушыға өз денсаулығы жайында ескерту керек.
Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;
Спорт, алаңында орнатылған, құрылған спорт құралдарын оқытушының рұқсатынсыз тиіспеу керек;
Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

  1. Уақбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері  Алматы: Санат,   2000 жыл.

  2. В. Спирина. Закаливание детей. Москва, «Просвещение»  1978 год.

  3. Т.В.Пикалова. « Дене шынықтырудың адам ағзасына тигізетін пайдасы»       ТарМУ, 2005 жыл

 4. Ж. Кудереев.  Дене шынықтырудың пайдасы.  ТарГУ, 2006 жыл.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!