ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮРДІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ (әдістемелік көмекші құрал)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮРДІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ (әдістемелік көмекші құрал)

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру үрдісінде ұлттық ойын элементтерін қолдану (әдістемелік көмекші құрал )
Материалдың қысқаша нұсқасы








ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮРДІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

(әдістемелік көмекші құрал)



















Көмекші құралды баспаға «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кеңесі ұсынған



Алғожа Төлеген Махсатұлы

Кудабеков Жанибек Дуйсенгалиевич

Белғожаев Әліби Нурмуханбетұлы


Дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру үрдісінде ұлттық ойын элементтерін қолдану (әдістемелік көмекші құрал ) «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы орта мектебі»:. 2024 ж. – 64 бет.

Ұсынылып отырған әдістемелік көмекші құралда спорттық тәрбиеде ұлттық ойындар арқылы оқушыларды спорттық салауаттылыққа баулу әдістемесі, осы мәселенің әдістемелік маңызы, олардың ұлттық сипаты мен маңызы сынды өзекті мәселелер қамтылған. Сонымен қатар елімізде ұлттық ойындар мен спорт түрлерін насихаттаудың қажеттілігі, қазақ халқының ұлттық ойындары мен спортты насихаттауды ғылыми- тұрғыдан жүзеге асыру, ұлттық спорт пен ойындардың жалпы педагогикадағы және этнопедагогикадағы орны жан-жақты сараланған.

Әдістемелік көмекші құрал спорт саласы қызметкерлері мен мектепте дене шынықтыру сабағын жүргізетін мұғалімдерге, сонымен қатар ұлттық ойын түрлерімен шұғылданатын көпшілік қауымға арналған.
















АЛҒЫ СӨЗ


Ұлт қазынасы саналған ұлттық ойындар басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Ұлттық ойындарды дене тәрбиесін ұйымдастыру үрдісі негізінде игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған.

Қазақ ұлтының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті» деп заңмен бекітілген.

Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу–тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады.

Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады.

Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2021 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет» деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.

Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада, оның ішінде, этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сан-саласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі қарастырылмағандығын атап өту керек.

Сонымен қатар, этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан ал-Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ә.Диваев, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, т.б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын ашу да осы еңбектің өзектілігін айқындайды.

Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.

Көмекші құралда ел байлығына баланған қазақтың ұлттық ойындарының да спорт түрлеріне айналуының себептерін айқындау, жетілдіру, жүйелеу, топтау, атау беру ісінде оны насихаттаудың маңыздылығын атай отырып, Қазақстан аймақтарында ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму барысын, жарыс өткізу, төрешілік жасау сынды ұлттық спорттық ойынды насихаттау құралдың өзектілігін айқындай түседі.

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ

ТАҒЫЛЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің қолайлы тәрбие құралдардың бірі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі егемен Қазақстан халқы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Ұлттық ойындар мен спорт халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін жеткізуші ретінде, ұлттық тілді дамытуда қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді.

Ұлттық ойындарымыздың мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық мәні тым асқақ. Әрі тәрбие үрдісінде пайдаланылу өзектілігі басым. Халқымыз ойынды тәрбие құралы деп таныған. Жас балаларға арналған ойындарда ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына ерекше мән берілген. Маңызды ойлау операцияларының (талдау, салыстыру, қорыту) жетілуіне ықпал етеді. Халқымыз ойынның адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып дүние екендігін білген. Ойынның тәрбиелік маңызы – баланы зеректікке, білгірлікке баулу. Бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтарын асыл қазыналарын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретіп, батылдыққа, өжеттікке тәрбиелеген. Сөздік қорларын байытуға тырысқан. Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі.

Ұлттық ойындарымызда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі қамтылып, халықтың асыл мұрасын баланың бойына сіңіру қарастырылған. Сондай-ақ адалдық пен күштілікке ұмтылу, шыдамдылық, төзімділік, сабырлық секілді құндылықтарға мән берілу байқалады. Мұның бәрі – халық данышпандығының белгісі. Буыны бекіп келе жатқан балаларды мергендікке, жылпыңдыққа, ептілікке баулитын спорттық ойындарымыз да баршылық. Үлкенге де, кішіге де арналған, өмір бойы құндылығын жоғалтпайтын ойындар да жетерлік. Негізі, қазақтың ұлттық ойындарын әр түрлі топқа бөліп, жіктеген дұрыс шығар. Әрине, бұл салада еңбек еткен ғалымдар ұлттық ойындармызды бірнеше топқа бөліп, зерттеді де. Солардың ішінде көзім түскені ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннердің тұжырымы болды.

Ал халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деген екен. Тегіннен тегін айтылмаса керек. Қазақтың ұлтық ойындарындаадамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын қалыптастыру көзделеді.


Қазақстан өзінің егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси- идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, дер кезінде шет елдердегі, және отанымыздағы көптеген мәдени туындылар анықталынып, ел тарихына өлшеусіз пайдалы істер асырылуда [2006].

Қазіргі ХХІ ғасырда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, ауыру түрлерінің көбеюі, қоршаған табиғаттың ластануы күрделі проблема болуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу үшін көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде дене тәрбиесі арқылы денсаулықты сақтау, шынықтыруды ұлттық ойындар мен спортты қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде.

Осы маңызды жұмыстарды іске асыру жолында Қазақстан мемлекеті тарапынан көптеген шаралар іске асуда. Қазақстан халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын сақтау жолында дене тәрбиесінің маңызы туралы «Қазақстан -2030» Стратегиялық жоспарында [1998], «Қ.Р. Білім беру салаларында балалар мен жастарды дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеу Концепциясында» [2001], «Қ.Р. Дене шынықтыру және спорт Заңында» [1999], «Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында» [2008], «Қазақстан Республикасының 2021 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында» [2010], республика халқын дене тәрбиесі және спорт арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу, денсаулықтарын шынықтыру шаралары көрсетілген және осы құжаттарда ұлттық спорт түрлеріне де маңызды орын бөлінген.

Дүние жүзін мекендеген халықтардың ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктер болады. Сондықтан да халық арасында қалыптасқан ойындар туралы деректер және құжаттар ғылыми тұрғыдан зерттеу мен талдауды қажет етеді.

Дәстүрлі ұлттық ойындардың тарихы, ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған.

Дене тәрбиесі адамның денсаулығы мықты, күшті болуы үшін қолданылады, осыған орай «Қазақ халқының «қазақ» болып аталуы да «мықты», «берік», «жойқын», «ауыспайтын» деген мағананы білдіретіндігі туралы Сібір халықтары сөздерінде, «Шайбанинамеде» - «қазақ» өте қадірлі сөз, мықты, күшті, шабытты көрсетеді. Европа тілінде ондай ұғымды «рыцарь» деп атайды. Демек, «қазақ» сөзінің түбірі «қаз» - тұру, тік тұру, мықты, берік тұруды білдіреді. Кішкене балалар жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар «қаз, қаз», «қаз тұр» деп тікесінен тік тұрғызады. «Қаз» -ға қосып айтылыатын “ақ» сөзі – күшейтілген жалғау. Тоң-Алып (Афрасиабтың) қызының аты да жойқын күшті алып болуы үшін «Қаз» деп атағандығы туралы Махмуд Қашқари айтқан» - деп жазады ғұлама ғалым Ә. Марғұлан [1984].

Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып, біз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Мұндай үлкен дәрежеде мән беру және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар.

Дене тәрбиесінде ұтымды тәрбие құралдардың бірі ретінде қолданылып келе жатқан ұлттық ойындар мен спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында өзінің жаңаша даму сатысына көтеріліп және өзінің бұқаралық спортты дамытуда негізгі күш екендігін дәлелдеп келеді.

Қазақстан халқы арасында ұлттық ойындар және спортпен шұғылдануға деген ынта күннен-күнге артып келе жатқандығын анкеталық сұрақ-жауап қорытындысы көрсетіп отыр. Сұрақ-жауапқа қатысқан адамдардың 80% ұлттық ойындармен, спортпен шұғылданудың пайдалы екендігін атап өтеді.

Оған себеп қазіргі кезде ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесімен шұғылдануға, халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін білуге деген ұмтылысы, салауатты өмір сүруге бейімделуге деген дұрыс көзқарастың халық арасында артуымен түсіндіруге болады.

Қазақстан өзінің Егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси-идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуда. Осы жұмыстар аясына ұлттық ойындар мен спорт түрлері де кіреді.

Кеңестік дәуірдегі педагогикалық ғылым сол кездегі идеологиялық бағытты іске асырушы ретінде «кіші, ұсақ халықтардың» тарихы мен мәдениетін, әсіресе, халықтық дене тәрбиесін жас ұрпақ тәрбиесінде қолдануды шеттетуі болғандығын байқауға болады.

Ұлттық ойындар мен спорттың тарихын Кеңестік уақытта зерттеген ғалым М.Таникеев [1998] «...халықтық педагогика ұлттар арасында рухани байлықты сақтаушы ғана емес, ол әр кезде халқын сүюге, еңбек етуге, шындыққа жетуге шақырады» деп, тәрбие жұмыстарындағы маңызды құрал екендігін көрсетеді.

Ғалым зерттеуші Б. Досқараев [2009] «Историко – педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане» атты докторлық диссертациясында «...К сожалению, многие из физических упражнений древности оказались забытыми или им уделяется недостаточно внимания в наши дни» деп қорытынды жасай келіп, ұлттық ойындар мен спорт түрлерін кеңінен насихаттауды қолға алу керектігін көрсетеді.

Кеңестік уақытта ұлттық тәрбие түрлері балабақшалардан бастап, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу тәрбие-бағдарламасынан орынсыз қысқартылды. Осының салдарынан көптеген ұлттық тәрбие түрлері ұмыт болды, тіпті көптеген ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті.

Қазіргі заманда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, қоршаған табиғаттың ластануы барлық елдерді алаңдатуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың әртүрлі жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде денсаулықты дене тәрбиесі арқылы шынықтыру, әсіресе, ұлттық ойындарды қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы көптеген деректер өз елімізде және шет елдерде зерттеліп ғылыми айналысқа енген жоқ. Тәрбие тұрғысынан ұлттық ойындар мен спорт өскелең ұрпақтың денесін шынықтырып, еңбекке баулуда қолайлы құрал екендігі ғасырлар бойы дәлелденіп келе жатса да, білім беру мен спорт саласында қолданылуы әлі де жеткіліксіз болып отыр.

Қазақстан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне арналып жүргізілген ғылыми зерттеулер төмендегідей бағыттарды қамтығандықтарын көруге болады. Оларға:

- ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму тарихы;

- ұлттық ойындарды спорттық оқу - жаттығу жұмыстарында қолдану;

- ұлттық ойындарды патриоттық тәрбие жұмыстарында қолдану;

- ұлттық ойындарды балалардың, оқушылардың, студент жастардың дене шынықтыруында қолдану.

Мамандандырылған 13.00.04 – «Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi» бағытындағы мамандандырылған ғылыми диссертациялық кеңесте барлығы 121 педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін қорғалған диссертациялардың ішінде 10 жұмыс ұлттық ойындар мен спортқа арналған, оның ішінде 5-і қазақ тілінде, ал 17 барлық қорғалған докторлық диссертацияның ішінде М.Таникеевтің «Теория и практика взаймовлияния национальных и интернациональных факторов в развитии физического развития и спорта в Казахстане» [1998] және Б. Досқараевтың «Историко – педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане» [2009] атты еңбектері бар. Қазақ тілінде докторлық дәрежеде қорғалған еңбектер жоқ.

Ұлттық ойындар мен спорттың тарихы оның дене тәрбиесіндегі атқаратын рөлі, ойындардың адамдардың достық қарым-қатынастарына жағымды әсері туралы Кеңес Одағында көптеген зерттеулер жүргізген М.Таникеев [2001] «Игры в народной педагогике физического воспитания выполняет важную роль при освоении тех сфер воспитания где существующие профессиональные дисциплины не нашли себя» деп ұлттық ойындардың сол кездегі қолданысы жағдайын анық көрсетеді.

М. Тәнекеев [1961] ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын әлем халықтарының және олимпиадалық ойындардың даму барысымен байланыстыра отырып, адамзат тарихындағы ұлттық ойындардың халықтардың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болғандығын тарихи тұрғыдан негіздеп көрсетеді. Ол өз зерттеулерінде «тоғыз құмалақ», «түйе жарыс», «қыз қуу», «көкпар», «күміс алу», «жаяу жарыс», «жамбы ату», тағы да басқа ойындардың жастар арасындағы тәрбиелік рөлімен қоса, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуда атқаратын орны туралы да тұжырымдар жасайды.

Б.Доскараевтың [2009] педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін қорғаған «Историко-педагогические основы становления и развития системы физической культуры в Казахстане» атты еңбегінде Қазақстан жеріндегі ерте дәуірден бастап, қазіргі Қазақстанның Егеменді ел болған кезең аралығындағы дене тәрбиесінің даму тарихын зерттей келе, ұлттық спорттың дамуына байланысты қазіргі Қазақстан территориясында әр тарихи кезеңдерде өмір сүрген Гүндер, Сақтар, Құшандықтар, Түркілер сияқты үлкен бірлестіктер кезіндегі дене тәрбиесінің ерекшеліктеріне тоқтай келе, қазіргі кездегі ұлттық ойындар мен спорт түрлері туралы «Қазақстан Егеменді ел болғаннан соң ұлттық спорт пен ойындарға деген құлшыныс арта түсті, студенттердің 70% ұлттық спорт түрлерімен шұғылданғысы келетіндіктерін көрсетті» деп атап өтеді.

Көрнекті орыс ғалымы, географ, тарихшы А.И. Левшиннің [1832] қазақтар туралы жазған монографиясы «Описание киргиз-казачьи или киргиз-кайсацких орд и степей» деп аталады. Левшин қазақтар арасында өтетін ат жарыс, теңге алу, қыз қуу, балуан күресіне тоқталып, қазақ балаларының жастайынан қимыл-әрекет дағдысына қалыптасып еңбек ететіндігін айта келіп, ол қазақтардың шыдамды, мықты болып өсетінін суреттей келе: «Халықтың өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкер болған. Сондықтан да олар ыстыққа, суыққа төзімді, көп жасайды, бас ауруы дегендер сирек кездеседі. Олардың көзі қырағы болып келеді. Алыстағы көрінген малдың түсін айнытпай дәл ажыратады. Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабу гимнастикалық жаттығудың бір түрі сияқты болып кеткен», - деп жазады.

Қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі И.С. Паллас [1887] өз зерттеулерінде қазақ халқының тыныс-тіршілігін бақылай келе ұлттық ойындарға сипаттама беріп, қазақ қоғамындағы аңға шығу мен аңшылықты суреттейді.

Ана тілін меңгерген адамның ұзақ мерзімге тіл ортасынан кету кезінде ұмытылу дәрежесін ойынмен салыстырғанда, ойынның адам жадында ұзақ әрі өзгеріссіз сақталатындағын көруге болады. Бұл жағдайдан төмендегідей қорытынды шығаруға болады, яғни адамның есінде қалу, жатталу дәрежесі ойын қимылы арқылы қосымша берілетін болса, ол соғұрлым ұзақ мерізімге созылып адам жадында көп сақталады.

Қазақтың ұлттық ойындарына мән беріп, оны жинақтап, топтап жарыққа шығарған ғалымы А. Диваев [1908] өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде автор тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады: бірінші кішкентай балалар ойыны, екінші ересек балалар ойыны, үшінші жігіттер ойыны.

Қазақтың ұлттық ойындарының дамуы қазақ халқының жүріп өткен тарихи жолымен тығыз байланыста екендігі белгілі. Осы кезеңдерде біздің тарихымыз қазіргі зерттеулер бойынша кемінде бес мың жылды қамтиды деп жазады тарихшы Бейімбет Ирмуханов [2006].

Қазақ даласында жыл сайын өткізілетін жәрмеңкелер орыс көпестері мен қазақ халқы арасындағы сауда қатынасын ғана дамытып қоймай, мәдени бағыттардың араласуына, осы жағдай ұлттық ойындар бойынша жарыс сайыстарының көптеп өткізілуіне себепкер болды.

Келесі қазақтардың ұлттық ойындарына тоқталған орыстың ғалымы А. Алекторовтың [1888] жазған «О рождении и воспитании детей киргизов, о правилах и власти родителей» еңбегін атауға болады.

Бұл ізденісінде ғалым көшпенді қазақтардың өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен өсуінде ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы халық ойындарының қажетті жақтарын ашады.

Абай Құнанбаев [1995] халық ойындарының балаларға беретін тәрбиелік мәнін жоғары бағалап халық дәстүрі мен салтын құрметтеп, ойы мен іс-әрекетін қалыптастыруда атқаратын қызметін жоғары бағалайды.

Ш. Уәлиханов [1985] халықтың салт-дәстүрлері мен діні, наным-сенімдерін зерттей отырып, қазақ мәдениетін өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақтардың өмір сүру әдісімен байланысты қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін әсерін жан-жақты сөз еткен. Ол қай халықтың болмасын жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің бір-біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын дәлелдеген.

Этнограф М. Гуннер мен М. Рахимгуловтың [1949] «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбектерінде социализмнің жетістіктері арқасында ұлттық мәдениет оның ішінде ұлттық ойындардың дамуына жол ашылды, қазіргі мәдени жетістіктердің барлығы ұлттық формада болғанымен, мазмұны социалистік болуы керек дей келе, қазақтың ұлттық ойындарын төмендегідей топтарға бөледі: 1-і жалпы ойындар, 2-і қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар, 3-і ашық алаңқайдағы ойындар, 4-і қыс мезгіліндегі ойындар, 5-ші демалыс ойындары, 6-ы ат үстіндегі ойындар, 7-і аттракциондық-көрініс ойындары деп бөледі. Осы еңбекте қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ сияқты ойындарды өткізу ережелері берілген.

Қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынының суреті мен ойнау тәртібін қағаз бетіне түсірген этнограф Н. Пантусов [1914] өз еңбегінде «бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған» деп жазады.

Қазақтың ұлттық спорт пен ойындар түрлерін ғылыми тұрғыда зерттеу ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан кейін қолға алына бастады.

Дене тәрбиесі мен спорт саласына жергілікті ұлт өкілдерін тарту, мамандар даярлау мәселесінде 1930 жылдары «ғалымдардың» ұсынған теріс көзқарастары үлкен кедергі келтірді. Мысалы, ленинградттық ғалымдар Д.Ещен, А.Пустоваловтың [1932] «Национальный вопрос в физкультурном движении» атты еңбектерінде былай деп көрсетілген: «О неспособности казахов заниматься спортом и достич высоких спортивных результатов из-за врожденной неполноценности их конституции» дей келе «теория коротких рычагов» деген атпен белгілі қорытынды жасап, «наука чужда и недоступна казахам» деп тұжырымдайды.

Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болмағанына қарамастан, Қазақстан ғалымдарының бір тобы тақырып төңірегінде үлкен жұмыстар атқарды, ғылыми еңбектер жазды. Сол кезеңде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарына М. Рахимгулов, М. Гуннер, М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Болғамбаев, Ә. Бүркітбаев, тағы да басқа ғалымдарды атауға болады.

Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық тұрғыдан қарастырылу деңгейін әдебиеттік деректерден қарай отырып, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

- Археологиялық қазбалар нәтижелері, тарихи деректер бойынша ойындар тас ғасырларынан бастау алып, алғашқы қауымдық құрылыста адамдарды тәрбиелеу құралы ретінде көрініс береді.

- Қазақтың ұлттық ойындары деген жеке атауды қазақ халқының жеке этнос болып қалыптасу уақытынан бастау қажет;

- Қазақтың ұлттық ойындарының ғылыми тұрғыдан зерттеле бастауын ХХ ғасырдың бірінші жартысынан бастау алады деп санауға болады;

- Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, ерекшелігі адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Осындай өте үлкен дәрежеде мән беру үшін және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар.

Ұлы далада бұрын және қазір мекендеп жатқан көптеген халықтардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршіліктерінде айтарлықтай ұқсастықтардың болуы көшіп-қонуға негізделген шаруашылықтарында және түркі тілдес болуынан деп тұжырымдаймыз. Осы жерді мекендеген халықтардың ұлттық ойындары арасында көптеген ұқсастықтың болуы да араласып өмір сүрудің нәтижесінен. Өз бастауларын Қазақстан жерінен алатын тарихта Сақтар дәуірі, Ғұндар дәуірі, Түрік қағанаты, Қарахан қағанаты, Алтын Орда, Қазақ хандығы деп аталатын тарихи кезеңдер болғандығы тарихтан белгілі.

Сақтар дәуірі біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырда шаңырақ көтеріп, біздің заманымыздың II ғасырына дейін өмір сүрді.

Сақ мемлекеті жан жағындағы көршілес елдермен сауда-саттық және мәдени байланыстарды жақсы жолға қойды. Осындай байланыстардың болғандығының бір дәлелі ретінде сақ адамдарының Кир патшаның құрметіне Месопатамия жерінде б.д.д. 539 жылы (қазіргі Бағдат қаласы батысында) өткізілген ат бәйгесіне қатысуларын алуға болады. Осы жарыс туралы Геродот сақ атының барлық аттарды артқа тастап, бірінші келгендігін жаза отырып, жалпы сақтардың жас балаларды 5 жасынан 25 жасқа дейінгі аралықта атқа отыру, садақ ату және әділеттікке үйрету сабақтарын беретіндіктерін айтады. Геродот [1972].

Сақтардың дене тәрбиесіне үлкен көңіл бөліп, арнайы сабақтар өткізгендіктері, яғни педагогикалық әдістемелерді өте көне уақыттан бастап қолданғандықтарын айтуға болады. Сақтар дәуірі кезінде ұйымдасқан түрде күшті әскердің болғандығы, осы әскерлер соғыс жорықтарына дайындық кезінде ат үстінде жаттығулар жасау, қылыштасу, найзаласу, садақ ату сияқты қазіргі кезде спорт түрлеріне айналған ойындарды жетік меңгергендіктерін көреміз. «Әр елдің өз машығы бар: садақ ату – cкифтердің, сыбызғы тарту –эллиндердің сүйікті ісі» деп жазады Анахарсис [2004].

Ғұндар дәуірі біздің заманымызға дейінгі 204 жылдан осы дәуірдің 216 жылына дейін тарих сахнасында өшпестей із қалдырды. Осы кезде қытайлықтар салық төлеп ғұндардан құтылу үшін ұзындығы үш мың келетін атақты Қытай қорғанын тұрғызуға мәжбүр болды. Еуразия құрлығында ғұндармен күш жағынан иық тіресетін бірде бір мемлекет болмаған.

Сол кезеңдегі көшпенділердің адамзат өркениетін дамытудағы рөлі туралы Л.Гумилев [1970] «Неправильно думать, что в кочевом обществе невозможно технический прогресс. Кочевники вообще, а хунны в частности изобрели такие предметы, которые ныне вошли в обиход всего человечества как нечто неотьемлемое от человека. Такой вид одежды, как штаны, без которых современному европейцу невозможно представить себе мужской пол, изобретены кочевниками еще в глубокой древности. Первая кочевая повозка на деревянных обрубках сменилась сначало коляской на высоких колесах, а потом вьюком, что позволило кочевникам форсировать горные, поросшие лесом хребты. Кочевниками были изобретены изогнутая сабля, вытеснившая тяжелый прямой меч. Усовершенствованный ими длинный составной лук, металл стрелы на растояние до 700 м» деп жазып ғұндардың тарихтағы прогрессивтік рөлін айқын көрсетеді.

Ғұн патшалығы тарих сахнасынан кеткеннен кейін оның негізін құраған туыстас тайпалар босқындыққа ұшырап, Орталық Азияға, Еділ сыртына, Қиыр Шығысқа, Алтай тауларына тарап кетеді. Алтай тауында қалған шағын бөлігі жужандардың билеуімен 400 жылдай елеусіз өмір кешеді. Алтай тауларында кен өндіріп, темір балқытып, қолөнері мен егіншілікті кәсіп етіп күшейе бастайды. Олар 535-552-ші жылдары Бумын атты қолбасшының арқасында азаттық күресіне шығып, ордасын – Түрік деп, атап, басшылары Құтлұғ қаған, Білге қаған (Бумын), Күлтегін, Тоныкөктерге - Елтеруші (Елхан) деген атақ беріп, Түркі қағанатын құрады.

Түркілер де өздерінің ата-бабалары Сақтар мен Ғұндар тәрізді Тәңірге табынып, табиғат заңдылықтарымен өмір сүреді. Осы түркі мәдениетінің биік дәрежеге көтерілуінің бір айғағы Орхон-Енисей жазба ескеркіштері болып табылады. «Түркі мемлекетінің құрылуы - бүкіл адамзат тарихының бетбұрыс кезеңі. Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер ирархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай-ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таңқалдырады» деп жазады Л.Гумиев [1994].

Екі ғасырдай өмір сүрген Түрік қағанатының жері шығыста Корей түбегінен, батыста Днепрге дейін, солтүстікте Мұзды мұхитқа, оңтүстігінде Қытай, Үндістанға дейінгі жерді алып жатты.

Геродот [1976] сақтар мен скифтер туралы айта келіп: «олар бастарына киізден тігілген төбелері үшкір баскиім киеді, кигендері шалбар, ұстағандары садақ, қысқа қылыш және ораққа ұқсас секирлер» - деп көрсетеді. Геродоттың осы еңбегіндегі «Сақ-тиграхауда парсыларға салық әкеліп тұр» атты б.д.д. V ғасырда Персополдағы Ксеркс сарайының қабырғасында салынған суреттегі көріністе сақ әскері екі шеңбер ұстап тұр. Бұл сақтардың өз тайпаларының таңбасы еді. Осы суретте сақтар «дань» салық әкеліп тұрған жоқ, олар жарысқа қатысуға келгендіктерінің белгісі деп ойлаймыз, себебі сақтар парсыларға ол кезде салық төлемеген. Осы ойымыз дәл болса, онда біздің ата-бабаларымыз сақтардың спорттық жарыстарға өте көне уақыттан бастап қатысқандарын көруге болады.

Шеңбер белгісін түркілер бірлестіктеріне енген этностар «Бірлестік шеңбері», яғни графикалық түрдегі мемлекет пен мемлекетті билеуші жеке адамды білдіретін символ ретінде қабылдаған. Ол белгі шоқпар сипатында болған.

О. Сүлейменов [2002] «Олимпиада» сөзінің шығу төркінін түркі тілімен байланыстыра келіп, түркі тілдес халықтарда ежелден қалыптасқан аруаққа табыну, өлгендерге арнап ас беру кезінде ат жарысын, балуан күресін, т.б. сайыстарды өткізу ежелден қалған дәстүр екендігін, өлген басшы адамның орнына жаңа басшы адамды сайлаудың қалыптасқан демократиялық жолы екендігін, басқа адамдармен күш сынасу өзінің денсаулығының мықты екендігін дәлелдеу арқылы билікке келу жолы болғандығын айтады.

Ол «Олим-пи» сөзі грек тілінен «Билеуші өлімі» деген мағынаны білдіретіндігін көрсете келіп, сол сайыстарда жеңіп шыққан адамға белгі ретінде түркілер қолына шоқпар берген, ал римдіктер басына қазіргі кездегідей ағаш жапырағынан «венок» кигізгендігін айтады.

Кейінгі кездердегі жүргізілген археологиялық қазбалар садақпен алысқа ату сақтарда болған деген ғалымдардың тұжырымын пікірін растайды. Мысалы, хантау жерінде жүргізілген зерттеулер кезінде табылған жартасқа қашалып садақты тізерлей отырып аспандата атып отырған сақ әйелінің бейнесі садақ оғын осындай мөлшерде жоғары көтеріп ату, ол тек алысқа ату кезінде қолданылады деген тұжырымды бекітеді.

Қазақ топырағында балуандық өнердің өте көне тарихы бар екендігінің бір дәлелі осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер (Аттиланың алдында) өзінің жеңістері мен айтулы мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той- жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т.б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр – хүреш, Ат – хүреш, Ланса – хүреш (ланса – қазақша найза), Шабарман – хүреш, Жебе – хүреш, т.б. Ээр, Ер – күшті мағынасында, Хүреш-балуан күрес мағынасында Аммиан фон Бек [2002].

Қазақ халқының ішінде таралған балуан күрестерін төмендегідей бірнеше түрлерге бөлуге болады: қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш, жалаң аяқ, белбеусіз күресу түрі, шапан киіп, белдік буынып күресу, белдік буынып, кеудені жалаңаштап күресу, аяқ киімді шешпей күртеше немесе шапан киіп күресу, отырып күресу халық арасында кеңінен таралғандығын көруге болады.

Бүгінгі таңда дүние жүзінде 250 тарта жылқы тұқымы бар, оның 17 түрлі таза қанды тұқымы Қазақстандағы ат заводтарында дамытылған. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда 12 ат заводы, 32 асыл тұқымды жылқы фермасы болған. Қазір соның «Луговой» және Қостанай, Көкшетаудағы ат заводтары ғана қалды.

Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында ұлттық ат спорты жарыстарын ұйымдастырып, оны «еуропалық үлгіде» өткізуге көп күш салды. Оның негізі 1860 жылы Бөкей ордасында қаланды. Ат спорты ойындары мен жарыстар 3 жылда бір рет өткізіле бастады.

Спорттық жарыстардың жаңа түрлерінің дамуы мен нығаюына Қазақстанның Ресейге қосылғанынан кейінгі жәрмеңкелер де елеулі ықпал етті. Мәселен, 40-шы жылдарда әйгілі Қарқаралы жәрмеңкесінің де негізі қаланды, ал, арада 8 жыл өткен соң, Қазақстандағы ең ірі Қоянды жәрмеңкесі құрылды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Түркістан өлкесіндегі ең ірі жәрмеңке Әулиеата жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкелерге 50 мыңнан астам адам жиналды. Бұлардың бәрі де спорттық жарыстардың өзіндік ортасы болып саналады. Бұларда шабандоздар, мергендер, палуандар өнер көрсетті.

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін қазақтың ұлттық спорт түрлерінен өткізілген жарыстар 1945 жылы Абайдың 100 жылдығына, 1946 жылы Жамбылдың 100 жылдығына арналып, оған Қазақстанның әр аймақтары мен ауылдарынан мыңдаған спортшылар қатысты. Осы спорттық мерекені ұйымдастыруға көрнекті қазақ жазушылары М. Әуезов пен С. Мұқанов және басқалар белсене араласты. Сондай-ақ, ат спортының классикалық түрлерінің өкілдері де үлкен табыстарға қол жеткізді. Шабандоз С. Қалмұрзин «Каток» сәйгүлігімен бір тәулікте 281,9 шақырымды шауып өтіп, теңдессіз нәтиже көрсетті. Бұл бүкілодақтық жаңа рекорд еді.

Тоғызқұмалақтың пайда болуын осыдан төрт мың жыл бұрын болған деген көзқарас бар. Осы ойынның және осы ойынға ұқсас ойындардың таралу аймақтарына қарасақ оған Таяу Шығыс, Орта Азия, Европа, Ресей, Монголия, Қытай деп тарата беруге болады. Осы географиялық атаулардан тоғызқұмалақ ойынын Ұлы Дала жеріне көршілес жатқан елдердің бәрі білетіндігін байқауға болады.

Орта Азия көлемінде тоғызқұмалақ туралы алғашқы құнды еңбекті жазған түркітанушы С. Аманжолов болды. Оның 1936 жылы шыққан «Тоғызқұмалақ» кітабында, ғалым ойынның қазақ пен қырғыз халықтарының арасында көп ұшырасқанын, көшпенділердің салт-дәстүрінінің негізінде шыққанына тұжырымды деректер келтіреді.

С. Аманжоловтың [1936] «Асыра сілтемей айтқанның өзінде бұл ойын шахмат ойынынан кем емес, әрі қызықты әрі маңызды. Сонысына қарағанда, бұл тез араның ішінде жалғыз Қазақстан емес, бүкіл Кеңестер одағына тарап кетуіне күмәніміз жоқ» - деп ХХ ғасырдың басында айтқан еді. Бірақ Кеңестер Одағы кезінде тоғызқұмалақ ойыны басқа ұлттық ойындар сияқты теріс идеологияның салдарынан тоқырауға ұшырады.

Рессей зерттеушілерінің ішінде тоғызқұмалақ туралы жазған этнограф Н. Пантусов болды. Оның «Киргизская игра тогузкумалак» атты мақаласы 1906 жылы Қазан қаласында жарыққа шықты. Бұл еңбек туралы түркітанушы С. Аманжолов; «Пантусовтың жазған ойыны тым жабайы, кей жері дұрыс емес, сондықтан да ол бұрын көңілін тартпаған, тарта алмаған болуы керек» -деп ойынның мазмұнын дәл бере алмағандығын атап өтеді.

Бұдан кейінгі ресейлік этнографтардың ішінде тоғызқұмалақты зерттеген А. Попова болды [1956]. Ол Монғолияның шығысындағы Баянөлгейдегі қазақ ауылдарын аралап, Қазақстанға беймәлім тугулаах, есонкоргоол және тоғызқұмалақ ойындары туралы материалдар жинақтады.

Ғалым аталған ойындардың барлығын қазақтардың мұрасы деп есептеген. Сонымен қатар зерттеуші тоғызқұмалақты Ауғанстанда да ойналады деп, ойынның таралу аймағын кеңейтіп көрсетеді.

Археологиялық материалдарда кездесетін садақ қалдықтары, адырна сүйектер, жақтың кішкентай модельдері, көне Түркілердің бейнелеу өнерлерімен ескерткіштеріндегі бұл садақтың суреттері оның формасын, көлемін, белге тағыну әдісін толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Кейін жақтың серпіні күшті болу үшін ұзын сүйек адырнаның екі иініне ішкі жағынан бекітіліп, белімен бастарына сүйек қолданылмайтын болды. Садақтың бұл жаңа үлгісі Монғол шапқыншылығы кезіне сәйкес келгендіктен, бұл садақты шартты түрде Монғол садағы деп атайды.

Қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде, жауынгерлік өнерінде, ұлттық ойындарында садақты қолдану кең тараған. Садақ негізінен соғыс қаруы ретінде қолданылып, қолдану мақсатына, қолданушының жас ерекшелігіне, жасау түріне және қолданылған заттарына қарай көптеген түрлерге бөлінеді.

Садақ түрлері: «Сақ садағы», «Гүн садағы», «Түркі садағы», «Монғол садағы», «Қазақ садағы», «Саржа садақ», т.б.

Жебе түрлері туралы зерттеуші Ерлан Карин: [2010] «Қазақ ауыз және жазба әдебиетіндегі жебе түрлерінің атаулары» деген еңбегінде, «Біздің анықтағанымыздай садақ жебесінің 100-ге жуық түрлері белгілі, ал осы жүз түрлі жебенің 40-қа тарта ғана атауларының жиырмаға жетер-жетпес түрлері сәйкестендірілді», - дей келіп, көшпелі әскери өнер мен дәстүрдің қазақ даласында қаншама күрделі даму кезеңдерінен өткендігін көрсетеді.

Қазақтың қару-жарағын зерттеуші Қалиолла Ахметжан [1996] садақ оқтарын, оқ ұшының формасы және жасалу материалдарына байланысты топқа, жебе басының пішініне байланысты типке, қимасына байланысты нұсқаға бөледі.

Жебелерді түр-түстеріне қарай: сырлы жебе, сұр жебе, сары жебе, ақ жебе, көк жебе, қызыл жебе, т.б. деп атайды.

Жебелердің сабының түрлеріне және жасалған материалдарына қарай: «қу жебе», «қайың оқ», «тобылғы сапты», «қамыс оқ», «ағаш оқ», «ши оқ», атаулары кездеседі. (Мысалы, «темір оқ»), кейінгі кезде жаңа материалдарды қолдануға байланысты жаңа аттар пайда болды.

Қазір Қазақстан бойынша ұлттық садақ атудан республика бойынша, Алматы қаласы бойынша «Алтын жебе» федерациясы жұмыс істейді. Федерация дерегі бойынша садақ атудан 2 жаттықтырушы, 20 жаттығушы бар.

Ұлттық ойындар мен спорттың даму тарихына шолу қазақ халқы арасында ойындар мен әртүрлі жарыстар өткізу ежелден дәстүрге айналғандығын дәлелдейді, ас-тойларда, жәрмеңкелерде ойындардың көптеген түрлерінен жарыстар өткізіліп тұрған. Қазақ жеріне Кеңес Одағы орнағаннан соң, көптеген жаңа спорт түрлері еніп дамыды.

Біздің дәуірімізге дейінгі (БДД) VI-V ғғ. Қазіргі Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз – сақтардың кезінде өз заманына сай дене тәрбиесі жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбиесі жүйесінің негізі әскери-жауынгерлік және жарыс-сайыс бағытында болды. Ашық аспан астында киіз үйлерде тұрып, негізгі кәсіптері мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауларынан отбасын, елін, жерін қорғау үшін өте сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болуы керек болды. Сондықтан да олар бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан. Сақтардың балалары 4-5 жастарынан атқа шауып, 7-8 жасынан ат үсті сайыс жаттығуларын үйреніп, меңгере бастаған. Он үш жаста «отау иесі» болатын боз балалар, ер қаруы бес қаруды еркін меңгерген. Сол кездердегі сақ жауынгерлерінің шабуыл жасайтын қарулары – айбалта, қылыш; соғатын қарулары – қалқан, сауыт, дулыға, тізелерін, аяқтарын қорғайтын қалқаншалар болған. Осы аты аталған қару-жарақаттарды соғыста пайдалану, оларды өте жетік меңгеру үшін сақ жауынгерлері өте көп жаттыққан. Садақ ату, найзамен, ақинақпен сұғу, қылышпен, айбалтамен шабу, шоқпармен соғу жаттығулары көп рет, әр түрлі жағдайларда қайталана орындалған. Жаудың қаруларынан жалтару, қалқанды тосу, сақтандыру жаттығулары жетілдірілген. Осы қаруды қолдану жаттығулары жерде, ат үстінде, атты тізгінін ұстап басқару кезінде орындалған. Соғыс жағдайына жақындатылған жағдайда шауып келе жатып қарулар қолдану, бірнеше адамдардан қорғану, шабуыл жасау жаттығулары сайыс түрінде орындалған.

Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің «спартандық», «афиндық» дене тәрбиесі жүйелері болғанын біз білеміз. Сол спартандық құрбылары секілді сақтардың да қыз-келіншектері де ерлермен бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан. Сақ патшайымы Томирис пен оның құрған «Шығыс амазонкалары» әйелдер әскер бөлімі, «Бабыл» Византия патшасы Кирмен соғыстың шешуші кезеңіндегі жеңісте өте үлкен рөл атқарғаны тарихта белгілі.

БДД II ғ. Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған. Қылмыс жасап, тәртіп бұзған, ұрлық жасаған адамдардың беттері тілініп, жазаланған. Ғұндар ат үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде ауысып, теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп түсіп, қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу, жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген. Осы кездегі Еуропа цирктеріндегі ат үсті жаттығуларын ғұн дене тәрбиесі жүйесінен алынған деген цирк өнерін зерттеушілердің дәлелдері бар.

Шыңғысхан құрған «Мың қол» империясы кезінде (XIII-XII) әскери - дене тәрбиесі жүйесі іске асырылды. Ол кезеңде әрбір ер адам, атымен, қару-жарағымен соғысқа аттануға дайын тұруы керек болды. Сол кезде «Ерлердің үш ойыны» дене тәрбиесі жүйесі болды. Ол – күрес, садақ ату және атқа шабу спорт түрлеріне негізделген болатын.

Әмір Темір билігі кезінде (XI ) жеке сайыс, шахмат (шатрантаж) өнерлері дамыды. Темірдің өзі де сайыс өнеріне жетік, дене қуаты жетілген, шахматты да жақсы ойнайтын адам болған.

XV ғ. бастап Қазақ хандығы кезеңінде дене тәрбиесі жүйесі ұлттық ойындарды және әскери-жауынгерлік өнерлерді жетілдіру сипатында болды. Сол кезеңде қазақ арасында батырлар, палуандар, шабандоздар, сал-серілер, ақындар қадірлі болды. Қазақтың ұлттық ойындары – ат бәйгесі, жорға жарыс, күрес дамыды. Ат үсті ойындары – көкпар, аударыспақ, күміс алу, қыз қуу, шауып келе жатып жамбы ату, ат үсті әр түрлі жаттығуларын орындау (ат үстінде тік тұра, теріс отыра, ат бауырынан өте, жерге түсе қайта шыға шабу) өнерлері дамыды. Жәрмеңкелерде, ас беруде, үйлену, сүндет т.б. той-жиындарда осы спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталып отырылды. Ол жеңімпаздар халық арасында аттары аталып, аңыз-әңгімелеріне арқау болып, ақындардың өлең-жырларында айтылып, өте жоғары сый-сияпатқа бөленді.

Қазақ хандығының дене тәрбиесі жаттығулары жүйесі тек қана жарыс сипатында ғана емес, күнделікті тіршіліктерінде де жетілдіріліп отырылды. Күнделікті атқа отыру барысында орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын бие байлау, бұғалық тастап құлын ұстау, жүгіріп малдарды жаю, мал қайыру, мал ұстау, аңға шығу, тауда, жазықта жүгіру, кешке ойналатын әр түрлі қазақтың ойындары (ақ сүйек, арқан тарту, алтыбақан тебу т.б. ойындар), қолдары босағанда күреспен айналысу, садақ ату, қару-жарақ түрлері жаттығуларын меңгеру жастарды шынықтырады, батырлыққа, батылдыққа тәрбиелейді, дене қасиеттерін жетілдіреді. Сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің өз заманына сай болғанының дәлелі қазақ халқының ұлан-байтақ жерді сақтап қалғаны, өздеріндей саны бар, тұрақты әскері бар, темірдей тәртібі бар, бір орталыққа бағынған жоңғар әскерін, жоңғар елін жеңуі.

XVIII-XIX ғғ. Ресей патшалығына қосылған кезеңдерде қазақ жеріндегі дене тәрбиесі орыс дене тәрбиесі арқылы түрленіп, күрделілене түсті. Ресей мемлекетінің дене тәрбиесінің негізін қалаған П.Ф. Лесгафт он алты Еуропа елдерін аралап, дүниежүзі дене тәрбиесі мен спорт жүйелерін орыс жеріне әкелсе, енді сол классикалық спорт түрлері, дене тәрбиесі жүйелері орыстар арқылы қазақ жеріне тарады.

XX ғ. Кеңес дәуірінің де өзіне тән ерекше социалистік дене тәрбиесі жүйесі болды. Оның бір ерекшелігі дене тәрбиесі және спорт түрлерімен айналысу тегін, коммерцияланбаған болды. Барлық спорттық құрылыстар, құрал-жабдықтар мемлекет қарауында, иелігінде жұмыс істеді. Жұмысшы, шаруа, студент, оқушы, барлық адамдарға спорттық құрлыстардың есігі ашық тұрды. Кеңес Одағының спортшылары соның арқасында Олимпиада ойындарында, халықаралық жарыстарда басқа мемлекеттің спортшыларын ұтып, тұрақты жеңімпаздар қатарында болды.

Қазақстан Республикасы егемендігін алып жеке дербес мемлекет болғалы он тоғыз жылда өз Конституциясы, Ата заңы шығарылып, өзіне тән дене тәрбиесі жүйесі дамыды.

ҰЛТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ СПОРТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ОРНЫ


Ұлттық ойындардың пайда болу ерекшелігі сол халықтың басынан кешірген тарихи әлеуметтік, шаруашылық, қоныстанған жерінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Осыған байланысты түркі халықтары арасында ұлттық ойындар ұқсастығы жиі кездеседі. Оған мысал ретінде көкпар тарту, қыз қуу, аударыспақ, бәйге, күрес, садақ ату, т.б. түрлерінің қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, бурят, т. б. көптеген халықтар арасында таралуын алуға болады.

Қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылатын қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық түрлері қазір ұлттық ойын түрлерінен халықаралық жарыстар өтетін спорт түрлеріне айналды.

Енді осы ұлттық ойындардың спорт түрлеріне айналуына қандай алғышарттардың әсер ететіндігін қарастырамыз. Жалпы қандай да болмасын халық арасында таралған ойынның спорт түріне айналуы үшін төмендегідей жағдайлардың болуы қажет. Оларға:

  • Спорттық ойын түрінің бекітілген ережесінің болуы;

  • Мемлекеттік дәрежедегі спорттық мекеменің сол спорт түрін танып, жарыс күнтізбесіне енгізуі;

  • Спорт түрін дамытуға арналған қоғамдар немесе федерацияның болуы.

Қазіргі замандағы ең үлкен және өзінің дүниежүзілік елдер арасында маңыздылығымен ерекшеленетін спорттық жарыстар қатарына Жазғы және Қысқы Олимпиадалық ойындар енеді. Осы олимпиадалық жарыстарды ойындар деп атау оның тарихының көнелігін көрсете отырып, олимпиада ойындары бағдарламасына енген спорт түрлерінің барлығының кезінде белгілі бір халықтың арасында болған ұлттық ойын түрі екендігін көруге болады.

Қазіргі жеңіл атлетика спорты құрамына кіретін табақ (дискі) лақтыру және балға лақтыру (молот) спорттық жарыстардың қайдан пайда болғандары туралы спорт тарихында ешнәрсе көрсетілмеген. Осы жарыстарды көне олимпиадалық ойындарға түркі халықтары енгізгендіктерін талассыз дәлелдеу мүмкіндігі туып отыр. Көне тәңір сенімі бойынша күн адамдардың негізгі табынатын обьектісі болып табылады.

Қазіргі кезде осы белгілер түркі халықтарында рулық белгілер болып саналады.

Қазақтың ұлттық ойындары – халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тіл мен ділдің, батылдық пен батырлықтың, ептілік пен қайсарлықтың және дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі һәм халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғи жалғасы.

Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша, бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын. Ұлдар ойындарында үлкендерге ұқсасып, олардың шаруашылық әрекеттерін жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар көрінетін.

Көшпенді мал шаруашылығының өмірі жанжақты денелік дамуды қажет етті. Сондықтан ұлттық ойындар ереже түрінде ойнап тұрып өзінің іскерлігі мен күшің көрсетіп, өте ырықты болды.

Ұлттық ойындар қоршаған ортаға, аңдарға қастерлеу қатынасты тәрбиелеп көрсетеді. Халық шаруашылығының бір саласы аң аулау болғандықтан, қазақтарда ежелден аңдар мен құстар дауыстары мен құлықтарына ұқсату өнері атақты болған. Аңдардың құлықтарын имитациялайтын ойындар әліде кездеседі.

Қазақтың тайпалары өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп, көптеген соғыстарды жүргізуге мәжбүр болды. Жігіттер өз ойындарында шабуылшы және қорғаушы аттыларға бөлініп, әскери әдістерге ұқсатып жасайтын.

Қазіргі уақытта қазақтардың арасында діни ойды, ырымдылықты ойындары әлі бар. Мысалы: “Мырш-мырш” (лақап атауы), “Ханды-қарабасты” (Періште хан), “Жұмақ-тозақ” және т.б. Бірақ шыңында бұлардың діни бағыттылығы туралы атауымен ғана айтуға болады, ал бұл ойындардың нақты мазмұның жалпыланған түрінде кесірлік пен жақсылықтын арасындағы ғасырлық күресін міңездеуге болады.

Ежелгі заманнан бізге жеткен көптеген ойындардың өздік мазмұны өзгермей сақталды, бірақ тарихи мазмұнының үрдісінде өзінің атауын өзгерткен: “Қарагие” – “Найза лақтыру”, “Аң аулау” – “Құспен аулау”(іскерлік құстармен аулау), “Қақпа тас” – “Бес тас”, “Садақ ату” – “Жамбы ату”(садақпен ату) және т.б.

Сонымен, ұлттық ойындар спорт түрлері сияқты әр түрлі тарихи кезеңдерде халықтың өмірі нақты және объективті болып келді. Ұлттық ойындар дене тәрбиесі бойынша бағдарламасына қосылған. Бұлар демалулар мен дәстүрлі мейрамдардың маңызды бөлігің құрайды. Қазақтың ұлттық ойындарының мазмұны мен түрлілігі біздің күнімізге дейін жетті. Кейбіреулерін қарастырып жіберейік.

«Аламан бәйге». Әр түрлі табиғи кедергілері бар, қиылысқан жергілігі бойынша өтетін ұзын және өте ұзын қашықтыққа ат жарысын аламан бәйге деп атайды. Спортшының тактикалық шеберлігі үлкен маңызды болып келеді. Кейде төзімді жылқылары бар спортшылар жеңіске жетпейді, керісінше, жарыс тактикасын дұрыс өткізе білетін, жағдайды жылдам бағалайтын, жылқыны жарысқа дайындайтын, қашықтықта жылқының күшін дұрыс реттейтін спортшы жеңеді. Қостанайлық тегінің жылқылары ұзын қашықтықтарға жақсы шабады. 50-ші жылдарында жарыс жылқылырының ұзын қашықтыққа шабу сынауы өткізілді. 1953 жылы бүкіл кеңестік жоғарғы жетістік қойылған болатын. К. Рахметжанов (Алматы облысының Қастек қой совхозы) бір тәулікте 311, 6 ш шауып өтті.

«Бәйге». Ең танымал және кең тараған қазақтың ат үстіндегі спорт түрлерінің бірі және жалпы сөреден басталатын қысқа және ұзын қашықтықтарға ат шабысты бәйге деп атайды. Классификациялық қашықтықтар: 7, 12 және 16 ш. 7 ш бәйге бүкіл кеңестік жылқы зауыттардын, совхоздардын, колхоздардын ат спортты жарыстарының міндетті қашықтықтарға кірді.

«Біркүт салу», «құс салу». Іскерлікті құстармен ойын, бірнеше түрлері бар және біркүттің қатысуымен ең тарағаны. Жарысты өткізу үшін тізу алаң таңдалады, қайда жабайы аңдар, соның ішінде қасқыр да жіберіледі. Кімнің бүркіті бірінші ұстайды, сол жеңімпаз аталады.

«Жамбы ату». Жамбы ату немесе нысанаға садақпен ату бұл Қазақстанда революцияға дейін ең тараған спорт түрі. Қазақтардың арасында көптеген мықты мергендер болды, өйткені нағыз жігітке іскерлік, күш және батылдық сапаларымен қатар дәлме-дәл тигізушілік ажырамайтын бөлігі боп саналатын. Жерде тұрып ату, ат үстінде отырып ату және атпен шауып келе жатқанда ату садақпен атудың бірнеше варианттары бар. Ақырғы уақытта жерде ату ең тараған болатын. Атудың нысанасы жамбы (күміс дөңгелек) қызмет ететін, қайсысын жұқа жіппен (аттын жалынан) үлкен бағананың кермесіне іліп қоятын. Нысанаға сирек мергендер ғана тигізетін. Жіпке көздеу ең рационалды болып саналатын. Ілініп тұрған дөңгелекті жерге құлату үшін жіпке дәлме-дәл атумен тигізу керек болатын. Қазіргі уақытта садақпен ату жарыстары Республикамыздың мемлекеттік спорттық комитетімен бекітілген ережелер бойынша өткізеді. Олар (садақтан атудан көрі) нысанаға найзаны лақтырумен ат шабысты жөн көреді.

«Жаяу жарыс». Қиылысқан жергілік бойынша жүгіріс ежелгі заманнан бастап спорттық мейрамның бағдарламасына кіреді. Революцияға дейін кедей халықтарының арасында үлкен таралумен қолданған, қайсылардың бағалы жүлделері бар жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіншіліктері жоқ. Бұл жүгірістің кросстан айырмашылықтары мүлдем аз.

«Жорға жарыс». Жорғалап жүретін жылқылармен шабу жарысы. Жүрісі және шабысы кезіңдегі өзінің ритмикасымен, жұмсақтығымен, табасын ерекше қоюымен қолданатын жылқылар үшін өзара түрі. Жорға жүргенде жылқының алдынғы және артқы оң жақ (алдынғы және артқы сол жақ) аяқтары алға қарай бірдей қойылады. Жарыс кезінде жақсы жорғалар жай шабысқа ауысып кетпейді. Осы ереженің әрбір бұзылуы үшін жорғаларға айып салынады және ережені үшінші рет бұзған үшін жарыстан шығарылады. Әдетте жорғалар жарысында ұлттық мейрамды киімдерді киген жас салт атты қыздар мен әйелдер қатысады. Әйелдер үшін, 2,3 ш және ерлер үшін, 4,6 ш классификациялық қашықтықтар болып келеді.

«Көкпар». Салт аттылардың ешкінің денесін алу үшін ат спортының күресін көкпар деп атайды, ал көк бөрі қазақша көк қасқырды білдіреді. Көшпенділерге қасқыр ең кесір дұшпаны болатын, егер біреуге жыртқышты өлтіру сәтті болса, онда ол қасқырдың денесін жиналған қауымға беретін. Қасқырды өлтіру күні біртүрлі мейрам сияқты болатын. Қауымдағы әрбіреуі қасқырдың денесін өз ауылына әкетпекші болатын және осы үшін күрес пайда болатын. Бірақ қасқырлар әрқашанда өлік болмайтын және осы уақытта жабайы аңның денесін басы кесілген ешкінің денесі ауыстыратын. Бізге дейін тек “көк қасқыр” аты ғана жетті, ал ойынның мазмұны мен түрі өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен сәйкес өзгерілді. Біздің күндерде көкпар халқымыздың ат спорты ойындарының ең сүйіктісі болып келеді және олсыз ешқандай көпшілік және салтанатты сауықтар өтпейді. Ойынның екі варианты бар – ең таралғаны жалпы-тартыс болып келеді, қайда ойында көптеген салт аттылар қатысады, қайсылардың әрбірі ешкінің денесін өзара алу үшін күреседі. Екінші вариант – дода-тартыс, қайда анықталған салт аттылардың санынан тұратын топтар арасында күрес жүріп жатады. 1958 жылдан бастап жарыстар ипподромның шабу жолында өтеді. Ойын уақыты – 8 және 15 минут. 1957 жылға дейін көкпар бекітілген ережелерісіз мейрамдарда, ауылдарда өткізілген болатын. Бірінші бүкіл кеңестік ат спорты жарыстарында көкпар сайыстар бағдарламасының негізгі түрлерінің бірі боп қосылған.

«Күміс алу». Жігіттерге арналған спорт түрі. Салт атты жігіт, жылқының толық жылдам шабысы уақытында жерде, орамалдарға түйіліп жатқан тиындарды бірінен соң оң жаққа және сол жаққа шапшаң еңкейіп көтеріп алады. Әрбір сәтсіз мүмкіндік үшін айып уақыты беріледі. Кім бір шабыстан ең көп орамалдар саның жинап алса, сол жеңімпаз атанады.

«Қыз қуу». Ипподромның 300-400 м қашықтық шабыс жолында өткізілетін халық ат спорттық ойыны. Сөреде бір-бірінен 10 м қашықтықта екі жылжытып ауыстырылатын жалаушалар қойылады. Бірінші жалаушадан қыз бастайды. Екінші жалаушаның сызығын өткен соң жігітке қызды қуып жетуге рұқсат беріледі. Ыңғайлы үшін бүкіл жұптарды бір жаққа бірінен соң бірі жіберу керек. Кейін, осы ретпен артқа келеді, бірақ осы жолы керісінше, қызға жігітті қуып жетуге рұқсат беріледі. Ойынның бірінші кезеңнің мазмұны жігітке қызды қуып жету керек. Егер жігіт қызды қуып жетсе, онда оған шабыс кезінде қызды сүйіп алуға болады және жеңімпаз деп аталады. Егер бірінші кезеңде жігіт қызды қуып жете алмаса, онда екінші кезеңде, кері қайтқанда, қыз, жете алмаған үшін жігітті қуып жетіп оны қамшымен соғуға рұқсаты болып соға алады, сонымен жеңімпаз деп аталады. Ойын басқа халықтар арасында шапшаң тарап кетті. 1957 жылы Мәскеуде, бірінші бүкіл кеңестік ат спорты жарыстарында қазақ спортшылары қыз қууды бірінші рет көрсетті, ал бес жылдан кейін бұл түрді республиканың бүкіл жылқы ұстау мекемелерінде жүргізіп жатты.

«Қыз жарыс». Тек қана қыздар қатысатын 1600 м және 2000 м қашықтыққа шабыс. Қыз жарыс ойыны 1958 жылы С. М. Буденныйдің ұсынысы бойынша алғашқы рет Мәскеуде өтті. 

«Сайыс». Екі салт атқа отырғандардың күресі. Бұрын Қазақстанда сайыс бойынша жарыстар топас найзаның көмегімен өткізілетін. Ақырғы рет бұндай жарыстар 1929 жылы Алматы облысы Ұзынағаш ауданында Қазақстан және Қырғызстан өкілдері арасында өткен болатын. Найзаны қолданып сайыс бойынша жарыстар көптеген жараларға ұшырататын және сайыстын ең қарапайым түрі келешекте жақсы дамыған. Бұнда екі салт атты жігіттер қолдарымен бір-бірін жылқы ертоқымы үстінен сырып түсіруге талаптанады. Қазақстанның кейбір облыстарында бұл түрді аударыспақ деп атайды.

«Бұғнай». Ойын 10-нан 25-ке дейін жететін барлық ойнаушылардың саны шеңбер бойынша тұрып қалатын әркез жерде өткізіледі.

Жоғарыдағы айтылған ел басқаратын адамдарды таңдау кезінде осы күн белгілерін «табақ» пен «балғаны» күнге қарай кім алысқа лақтыра алса, сол адам басшы санатына қосылуға мүмкіндік алған. Осы дәлелдер олимпиадалық ойындарды тарихта жазылғандай тек грек елі ойлап шығармаған, сол дәуірлерде өмір сүрген көптеген халықтар еркін қатыса алатын демократиялық сайлау түріне ұқсас ел басқару жүйесіне қажетті атрибут ретінде өткізілген деп тұжырымдауға болады. Спорттық жарыстар оның тек сырт бейнесі ғана деп санауымыз керек. Осы келтірілген дәлелдер міндетті түрде этнопедагогикаға енгізілуі тиіс деп санаймын. Себебі қазіргі кезде ЖОО оқылатын дене тәрбиесі педагогикасы және психологиясы пәндерінде дене тәрбиесінің этнопедагогикасы туралы мүлдем дерек жоқ. Осындай кемшіліктер салдарынан педагогиканы біздерге тек орыс және шет ел халықтары үйреткен болып отыр. Осындай жағдайлардан барып біздің ой-санамызға сырттан еркін әсер ету мүмкіндіктері пайда болады. Себебі көптеген этнопедагогикалық салаларда біз әлсіздік танытып, өзімізде бар жетістіктерді көрсете алмай келеміз. Сол этнопедагогиканың бірі дене тәрбиесі және спорт саласы болып отыр.

Ұлттық ойындардың тарихи пайда болуын зерттей келе біз ойындардың адамдарды дене дамуына, шынығуына, еңбек етуіне бейімдеу мақсаттарында қажеттіліктен туғандығын көруге болады, сондықтан ұлттық ойындар мен спорт түрлері жалпы дене мәдениетін дамытудың негізі болып саналады деген тұжырым жасаймыз.

Халықтар арасында таралған ұлттық ойындар туралы зерттеулер біршама болғанымен, спорт түрлерінің пайда болуы, дамуы, әсіресе, ұлттық ойындардың спорт түріне айналуы туралы Қазақстанда ғылыми зерттеулер жоқ.

Шет ел зерттеушілерінің арасында осы тақырыпты қарастырған Вера Оливованың [1962] «Люди и игры» атты еңбегінде ойындар мен әртүрлі жаттығулардың спорт түрлеріне айналуын Еуропа құрлығы көлемінде алады да, қорытынды сөзінде «Европа мәдениеті қазіргі спорттың бесігі болды» деп асығыс қорытынды шығарады.

Орыс зерттеушісі Н.И.Понамарев [1970] өзінің «Возникновение и первоначальное развитие физического воспитания» атты монографиясында халықтық ойындардың пайда болуының еңбек құралдарының пайда болуымен, адамдардың өз денелерінің шынығып жетілуімен байланыстыра зерттеп, спорт түрлерінің пайда болу генезисіне тоқталмайды.

Дене тәрбиесі тарихын зерттеуші белгілі ғалым Ласло Кун [1982] «Всеобщая история физической культуры и спорта» атты еңбегінде дене тәрбиесі мен дене жаттығуларының пайда болуын зерттей келе, дене жаттығуларының спорт түрлеріне айналуын қарастырмайды.

Қазақ халқында жарысу, бір нәрсеге таласу, оны дәлелдеу кезінде өзара келісілген шаруаның өзгеріссіз толық орындалуы үшін бәске тұру, бәстесу шарты болған. Бәске бару кезінде әр жақ міндетті түрде орындауға қажетті істерге келіскен. Осы бәске тұру қазіргі спорт ережелерінің негізі болып табылады деп ойлаймыз, себебі барлық спорттық жарыстар қатаң ережелерге бағынып өткізіледі, яғни келісілген шартты орындауға міндеттенеді.

Қазақ халқы арасында бәске келу екі адамның немесе көптеген адамдардың (команданың) арасында ауызша немесе жазбаша келісімге келу, куә арқылы іске асырылып отырылған. «Бәс» сөзі орыс тіліндегі «спорим» или «поспорим» сөздері мағынасын береді. Осы бәске отырғаннан кейін жарысты өткізу кезінде барлық келісілген шарттардың орындалуын қадағалаушы адамдар тағайындалған. Ол адамдар қазіргі төрешілер қызметін атқарған. Осыдан барып, төрешілер міндеттері мен құқықтары шыққан деп санаймыз.

Қазақ халқының арасында бәске келіп, шартқа тұрып өткізілген жарыстарды қазіргі спорттық ойындардың алғашқылары деп қорытындылаймыз, себебі осы ойындар кезінде келісілген ойын ережелері болған, оның орындалуын қадағалаушы «төреші» арнайы адамдар тағайындалған.

Қазақ халқының арасында ұлттық ойындардың спорт түріне айналуына себепші болған және спорт ойындарының негізгі бір талабы болып саналатын жүлде беру салтының да болуы байқалады. Ерте уақыттан бастап қазақ халқы арасында өткізілген қандай да болмасын жарыстар, ас беру, тойларда жеңген жаққа жүлде тағайындау, оны салтанатты түрде беру сияқты дәстүр қалыптасқан. Жоғарыда келтірілген мысалдар қазақ халқының ұлттық ойындарының спорт түріне айналуына қажетті негіздердің бар екендігі, тек қазіргі уақыттағы спорт түрлеріне қойылатын талаптар дәрежесіне көтерілудің қажеттігі керек екендігін байқауға болады.

Көмекші құралдың тақырыбы дене тәрбиесінің ішіндегі ұлттық ойындары мен ұлттық спорт болғандықтан, алдымен, ұлттық дене тәрбиесі туралы ұғымды, оның атқаратын міндетін және мазмұнын айырып алуымыз қажет.

Ұлттық дене тәрбиесі деп халықтың (этностың) тарихи-әлеуметтік өмір сүру ерекшелігіне байланысты қалыптасқан адам денсаулығын шынықтыру, жетілдіру мақсатында ұлттың тарихи жинақтаған дене жаттығулары түрлері мен әдістемелерін айтады дедік.

Біз өз тарапымыздан ойынның ұлттық спорт түрі болып танылуы үшін төмендегідей шарттардың болуы қажет деп санаймыз: халықтардың тарихи қалыптасқан дәстүрлі ойындарының спорт түрі болып танылуы үшін, осы ойын түрінің республикалық дәрежедегі федерациясының болуы, ережесінің бекітілуі және осы ойын түрінің республикалық спорттық жарыстар күнтізбесіне енгізілуі спорт түрі болып саналуына негіз бола алады деп санаймыз.

Дене тәрбиесі және спорт саласында спорт түрлері мен ойындарды, жаттығуларды жүйелеу, оларды топтарға бөлу, атау беру жиі қолданылады.

Осылай жасау алдымен жаттықтырушылар мен педагогтер даярлау жұмыстарында, спорттық жарыстар өткізу кезінде, заңдар мен шешімдер қабылдауда, спорттық арбитраж жұмыстарында бірізділікті қамтамасыз етіп, мамандар арасында ортақ түсіністік қалыптастырады. Жүйелеу, топтау спорттық классификациялық анықтамаларда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, экономикалық, қаражат- финанс бөлуде көптеп қолданылады. Осындай маңызды жақтары бола тұра осы жұмыста Қазақстанда ортақ түсінік және ортақ терминдер әлі қалыптасқан жоқ. Осының салдарынан мемлекеттік құжаттарда, ақпарат құралдарында, оқулықтарда, аузекі сөйлеу тілімізде бір ұғымды әртүрлі қолдану жиі кездеседі. Осы жағдайларды ескере отырып дене тәрбиесі және спорт саласындағы ойындарды, спорт түрлерін, жаттығуларды, атау-терминдерді бір жүйеге келтіретін орталықтың болуы еліміздегі осы сала бойынша жүйеліліктің болуын қамтамасыз етер еді.

Халық арасында тараған 200 тарта ұлттық ойындарды топтау, жүйелеудің және ортақ атау берудің маңызды іс екендігін айта келіп, осы жұмыстың қалыптасуына көптеген ғалымдардың теориялық және практикалық жағынан еңбектер жазғандығын атап өтеміз. Әр ізденуші өз тарапынан ойындарды топқа және жүйеге бөле отырып, ортақ бір теориялық негізге сүйенбегендіктерін байқауға болады. Осының салдарынан бір ойын түрінің бірнеше топтар арасында кездесуін байқаймыз. Оған мысал ретінде затпен, құралмен ойналатын ойындар тобына жатқызылған ойын түрлері жүгіру ойындары ішінде болуы немесе осы ойын түрлерінің қыста немесе жазда ойналатын ойын түрлері деп бөлінуі, т.с.с. Осындай жағдайлар ғылыми ізденістер, педагогикалық-әдістемелік жұмыстарда, жаттығу жұмыстарында көп түсінбеушілік, орынсыз қолдану сияқты келеңсіз жағдайлардың болуына әкеледі.

«Ақ сүйек». Қазақ жастарының арасында ең кең тараған ежелгі ойын, өйткені оны түнде ойнайды. Аылй түнде ойнағанда жасыл шөпті жерде, ал қараңғы түнде түзу алаңда ойнайды. Бұрын ойын үшін кептірілген қойдың жауырын сүйегің қолданған. Енді бұл қажет емес. Ұзындығы 20 см және иені 5 см таяқты ақ бояумен бояп қоюы ғана жетеді және жай ғана мәрлімен орап қоюы жеткілікті. Ойнаушылар саны тым көп болса, соншама қызық болады.Ең алдымен ойнаушылар келісіп, жеңіске жеткен топқа жүлдені анықтайды. Сосың екі топқа бөлінеді. Топ басшылары таяқ бойынша астынан үстіне қарай кезекпен қысады және сүйекті кім бірінші лақтыратының анықтайды. Лақтырған кезде сүйек қай жаққа ұшқаның көрмеу үшін ойнаушылар кері бұрылып тұру керек. Сүйек құлағаннан кейін, барлық ойын қатысушылары оны іздей бастайды. Сүйекті тапқан оны көтеріп алып, көмбеге, ойын алаңының біту белгісіне қарай абайлап ақырын ғана өтеді. Егер қарсылас біліп қойса, сүйекті одан алып қойып қашуға тырысады. Сондықтан сүйекті бір-біріне лақтырып ойын белгісіне қарай жылжиды. Сонымен ақ сүйекті көмбеге бірінші жеткізген құрама жеңімпаз атанып, жүлдені ұтып алады. Келесі турда сүйекті келесі топ лақтырады және бұл кезекпен ойын жалғаса береді.Егер бір ойнаушы сүйекпен қашқан қарсыласты қуып жетіп оған қолымен тигізсе, онда қашқан ойнаушы сүйек беруге міндет. Бірақ қуып жеткеннен кейін, қарсылас оны киімнен тартып, зорлануды қолданып құқығы жоқ. Ойын барысы құрамалар басшыларының қатаң бақылауымен өтеді.

«Алтыбақан». Жазғы түнде ауыл артында жастарға арналған әзіл әткеншекті алтыбақан (алты бөренені) деп атайды. Алтыбақанды ұзындығы 3-4 метр алты бөренеден жасайды, қайсыларын үш-үштен қояды және үстінгі жағына қоыйлған көлденең бөренемен өзара байланыстырады. Бөрене үстінен екі жақтан арқан байлайды, ал астынан тақтайды орнатады, қайда мінем деген тілеушілер ойнақтайды, әдетте бұл қыз бен жігіт. Бұл жұпты басқа жұп ауыстырады және сауық осылай жалғаса береді.Қыз бен жігіт алтыбақан үстінде бір-біріне қарама-қарсы тұрып, не отырып, ән айта бастайды. Астында тұрған жігіттер мен қыздар бәрі бірге осы әнді айтып қосыла кетеді. Алтыбақаннан шыққан және қалғандарымен қосылған әннің дыбысы қатты шыққаны, түн тыныштығында әрқайсының жүрегін тербетіп, махаббат сезімін тудырады. Жастар әткеншекке кезекпен отырып, білетін әндерді айтады, ал қалғандары ән айтып тұрып алтыбақан шайқауға көмектеседі. Алтыбақанды жиі “сүйгендердің әткеншегі” деп атайды.

«Аңшылар». Бұл ойын үшін үй алдындағы әркез алаң немесе жай ғана үлкен бөлме де жарайды. Әдетте балалар мен жасөспірімдер ойнайды. Жүргізуші доптармен бірге үш ұл баланы әрбір жерге кояды – бұлар “аңшылар”. Қалғандары – “үйректер” – жүргізушінің белгісі бойынша шеңберге жүгіреді және бұйрықтан кейін орындарына тұрып қалады. Осы уқытта “аңшылар” өз доптарымен “үйректер” бойынша атады. Жерге жабысып тұрған “үйректер” оқтардан қашуға, жылжуға құқысы жоқ, олар тек денесімен, не басымен жанжаққа бұрылып ауытқиды. “Өлген үйректер” енді “аңшылар” болады, ал тигізе алмаған “аңшылар” қайтадан атады.Сонымен қатар “аңшылар” бір минуттін ішінде қанша “үйректі” атқаның анықтайды. Кейін, аман қалған “үйректер” енді “аңшылар” рөлін атқарады. Ойын осылай ойнаушылар қажымағанша дейін жүргізіледі.

Арқан тартыс». 8-10 м ұзындығы мықты арқанды алады. Арқан ортасынан орамалды байлайды. Осы орамалдан бастап 1-1,5 м қашықтықта екі жаққа да жылжып орамалдар байлайды. Ойнаушылар екі топқа (10-15 адамнан) бөлінеді. Бөліну реті осындай: ойнаушылар бой ұзындығы бойынша қатарға тұрады, кейін жүргізушінің белгісі бойынша оң жақтан бастап сол жаққа қарай саналады, жұп сандылар орында қалады, ал тақ сандылар алға шығады, сонымен екі құрама болып шығады. Қатысушылардың саны 10-нан кем болмау керек.

«Асық ойындары». Асықты тек қана ұлдар ғана ойнайды. Негізгі мақсаты көптеген асықтарды жеңіп алу.

«Алшы». Осы алшы (арқасымен астына) деген ойынның негізгісі басқаларға қатынасы бойынша асықтың қалпы.Ортаға бір асықтан қояды. Сосың бүкіл соққыларды жинайды және ойын кезегін анықтау үшін жерге лақтырады. Егер соққы алшы қалпында жатса, онда оның иесі бірінші соғады, егер тәйке болса – екінші, бүк болса – үшінші, ішік болса – төртінші. Егер бірнеше асықтар бірдей қалпына түссе, оларды қайта лақтырады. Кезекшілік орнатылғаннан кейін, әрбір ойнаушы кімнен кейін соғатынын біледі, осымен ойын басталады және біріншісі өз кезегімен соққысың лақтырады. Егер лақтырғаннан кейін соққы алшы қалпына түссе, ойнаушы ортадан бүкіл асықтарды алады. Қалғандары тағыда бір асықтан қояды. Ал егер соққы ішік қалпына түссе, онда иесі ойыннан шығады және соққысын кезекпен береді. Бұл ойнаушы бірден соққы жасауға құқығы бар. Егер лақтырғаннан кейін соққы мен асық алшы қалпында тұрса немесе соққы алшы қалпында, ал асық әркез қалпында, онда ойнаушы асықты алады және де лақтыра береді. Егер асықтарға соғылған соққы алшы қалпында қалса, ал асық бүк немесе ішік қалпында, онда ол соққыны соғады, ал соққының иесі ойыннан шығып кетеді. Соққыны тәйке қалпында кезекті ойнаушы соғады.Ережелер: 1) ортадағы асықтарды соққыдан соғады, ал соққы ортадан соғады. Егер ойнаушы тигізе алмаса, ол өзінің ортаға қойылған асығынан ұтылып ойыннан шығып кетеді.


Қазақтың ұлттық ойындары





DrawObject2 DrawObject1


Жалпы ойындар



Спорттық ойындар

(Ережесі бекітілген ойындар)





DrawObject3 DrawObject4


1. Ат спорты:

  1. Аламан бәйге

  2. Бәйге

  3. Көкпар

  4. Аударыспақ

  5. Сайыс


1. Қазғалмалы дене шынықтыру ойындары




DrawObject5

2. Ой ойындары

(Санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ т.б.)




DrawObject6

2. Қазақ күресі


DrawObject7

3. Затпен, құралдарды қолдану арқылы ойналатын ойындар


DrawObject8

3. Ителектуалдық ой ойындары: тоғызқұмалақ, хан дойбысы, нарды, дойбы т.б.




DrawObject9


4. Нәресте балалар ойыны


DrawObject10



4. Саяткерлік: құстармен,

ит – тазымен т.б.





DrawObject11

5. Мал – жануарлар,

құстар т.б қолдану

арқылы ойналатын ойындар


DrawObject12

5. Садақ ату




Ұлттық ойындардың ел арасында кең тарауына байланысты бір ойынның әр жерде әртүрлі тәртіппен ойналуы және олардың атауларының әртүрлі болып келуі жиі кездеседі. Осы жағдайды ескере келіп ойындарды жүйелеу, топтау және атау беру мәселесі шығады. Топталып, жүйеленбеген ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдану, ережесін айқындау мүмкін болмайды.

Дене мәдениеті жалпы ұлттық мәдениеттің бір бағыты болып саналады. Ұлттық дене тәрбиесі құрамына: ұлттық ойындар, ұлттық спорт және халықтық дене жаттығулары енеді.

Ұлттық ойындар дене тәрбиесінің құралы болып саналады.

«Ұлттық ойындар – ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын сауық түрлері. ҰО-ды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әртүрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақтар ұлттық ойындарды дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде дамытып отырған. ҰО-дың негізі, оның шығу тегі көшпенді шаруашылық қаракеттерден басталады. Ойындардың басты тәрбиелік мәні – болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу, мамандандыру, яғни олар дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады» деп Қазақ энциклопедиясында анықтама береді [2007].

Ұлттық спорт туралы анықтама осы кезге дейін қалыптаспаған.

Ойындарды жүйелеу арқылы оларды қолдану кезінде ойнаушыларды жынысына, жасына қарай бөлу, олардың дене-күш даму ерекшелігін, мінез-құлқын ескеру арқылы ойнаушыларды топқа бөлу, оқу-жаттығу ұзақтығын анықтау, жыл мезгіліне бөлу сияқты қажетті шараларды іске асыруға мүмкіндік туады.

Ойындарды жүйелеу, топтау, барлық ойындар туралы алынған ақпаратты бір жерге жинақтауға және осы ақпаратты ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл жүйелеудің басты ерекшелігі ойын түрлерін спорттық ережесі қалыптасқан және ережесі қалыптаспаған жалпы ойындар деп бөлуді негіз етіп алдық. Ондағы басты мақсатымыз спорттық ойындарды бөліп алу болса, болашақта спорт түріне айналған ойын түрлерін осы жүйеге енгізіп отыруға мүмкіндік ашу, өзара араласып кетуіне жол бермеу болып табылады.

Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің 2008 жылдың ақпараты бойынша республикада ұлттық спорт пен ойындардың, оның ішінде бәйге түрлері, жорға, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, салма-теңге ілу, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, саятшылық, сайыс, асық, бестас, жаяу жарыс, арқан тарту, садақ ату, Хан дойбысы түрлері бойынша жарыстар өткізілген.

Республика бойынша 200 спорт мектептерінде ұлттық спорт бөлімшелері жұмыс істейді. Оның ішінде қазақ күресінен 150 мектеп,тоғызқұмалақтан 100 мектеп, ат спорты түрлерінен 5 мектеп жұмыс жасайды. Жалпы ұлттық спорт түрлерімен шұғылданушылар саны -95 087адам, оның ішінде ұлттық ат спорт түрлерімен -15 111адам (ауылдық жерде-9 605адам), қазақ күресімен-36 102адам (ауылдық жерде-25 460), тоғызқұмалақпен-36 643адам, (ауылдық жерде-23 009). Саятшылық және басқа спорт түрлерімен -7231адам айналысады. Жаттықтырушылар саны -1488 адам [244]. Құлназаров.А.Ұлттық спорт түрлері Ассоциациясы мәжілісіндегі баяндамасы. Астана 22.01.2008. Бұл жалпы халықтың 0,6 пайызын құрайды.

Республикада 100-ден аса спорт түрлері (Олимпиадалық, ұлттық, техникалық және басқалары) насихатталып, дамуда. Осы спорт түрлері арасында ұлттық спорттың алатын орны 3 кестеде көрсетілген.

Қазақстанда дамыған спорт түрлері арасында ұлттық спорт түрлерінің арасалмағы (% көрсеткіші)


ҚР барлық спорт саны

Спорт түрлерінің саны

Жаттығушы-спортшылар жалпы саны

%

пайыз

Жаттықтырушы, бапкерлер жалпы саны

%

пайыз

Олимпиадалық ойындарға кіретін спорт түрлері

49

179630

100

6706

100

Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт түрлері

64

224791

100

8667

100

Ұлттық спорт түрлері

1

Қазақ күресі


12901

5,7

544

3,5

2

Тоғызқұмалақ


37000

9,1

516

3,3

3

Ат спорты


17536

4,3

219

1,4

4

5

Саятшылық

Cадақ ату


82

20

0,02

0.004

3

2

0,019

0,013

Барлығы


67519

19,1

1282

8,2


Республикадағы бес ұлттық спорт түрлері бойынша жаттығушылардың саны пайыздық көрсеткіші 19,1%, ал жаттықтырушы - бапкерлер көрсеткіші 8,2 % - ға тең. Осы кестедегі көрсеткіш Елбасы Н.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты 2021 жылға дейін 30% көтеру қажет деген тапсырмасын орындау үшін енді қаншама жұмыс істеу қажет екендігін көрсетеді.


ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ:

ТҮРЛЕРІ, ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ШАРТЫ


«Ақбайпақ»

Бұл ойын да «Айгөлек» секілді жасыл көгалдарда, алаңдарда ойналады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болғаны дұрыс. Өйткені ойын өте қызықты өтеді. Жасына, жынысына қарамай ойнағысы келгендердің бәрі ойынға қатыса алады.

Ойын ережесі: жиналғандар жүресінен дөңгелене отырады. Ал орталарына бір баланы көрсетпей жауып тастайды. Осы кезде інген ботасын іздеп боздап келген бетінде ойыншының иығына отыра кетеді.

Сол сәтте ойыншы: - «Ақ иығымның үстіндегі кім?» – дейді.

Інген: - «Ақбайпақ!»

Ойыншы: - «Нең жоқ?»

Інген: - «Ботам жоқ».

Ойыншы: - «ботаң көлде бетін жуып жатыр». – орнынан тұрып 4-5 адымдай жерге барып келіп отырып кетеді. Екіншісіне барып отырады. Ол да солай: - «ботаң шөмшек теріп жүр»,- дейді. Келесі ойыншы: - «ботаң ұйықтап жатыр», - дейді. Келесі ойыншы: - «ботаң ұйықтап жатыр», - дейді. Осылайша барлық ойыншының иығына отырып болған кезде, ойнаушылар ботаны тастай беріп, әркім өзінің ботаға бергенін айтып, бірі: - «су бердім», екіншісі:- «бу бердім», үшіншісі: - «таяқ бердім», тағысы-тағы, солай деп… жан-жаққа бытырап қаша жөнеледі. Сонда ғана жаны тауып ботасын көрген інген енді кім не берді одан сұрай бастайды. Сөйтіп ботаның айтуымен оған жөдеп тамақ бермегендер, інгеннің әмірімен жазалана бастайды. Яғни, ән салып, би билейді, әйтеуір өнер көрсетеді. Осылайша інген мен ботаның рөлін басқа біреулер ойнайды.

«Аңшылар»

Атына қарағанда бұл ойын жазық далада, немесе қыратты төбеде өтетін сияқты. Ал шындығында тіпті де олай емес. Есік алдыңда, аула ішінде, кейде кең бөлмеде де ойнауға болады. Тек үлкен киіз үй орнындай дөңгелек шеңбер сызып алса, сол орын әбден жетіп жатыр. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының ойнап жүрген үш добы қажет. Бұл ойын әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге қолайлы-ақ.

Ойын ережесі: ойын жүргізуші күні бұрын белгіленген шеңбердің бойына үш жерге қолдарына доп беріп үш баланы тұрғызады. Бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болады да, ойын жүргізушінің берген белгісінен кейін шеңбердің ішіне жамырай кіреді. Сол сәтте басқарушы «тоқта!» деген бұйрық береді. Бұйрық берілген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұрып қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректер» доптан тек денелерін ғана қозғап бұлтара алады, ал тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. Өлген «үйректер» «аңшыны» алмастырады, ал үйректерге тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды.

Осылайша үш аңшы бір минут уақыт аралығында қанша үйрек атып алады. Ойын соңында оқ тигізбей орнында қалған үйректер аңшының ролін ойнайды. Ойын осылайша бірнеше рет қайталанады.

«Дауыстап - атыңды ата»

Ойын көбіне жастар кешінде ойналады. Ойынға көз байлайтын бір рет орамал, ұзындығы бір, бір жарым метр таяқ керек. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді.

Ойын ережесі: жиналғандар қол ұстасып дөңгелене шеңбер бойында тұрады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады. Сөйтіп ол қолындағы таяғын өзіне қарсы қарай тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да, «дауыстап – атыңды ата» – дейді. Таяқтың екінші басынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін дауысын бұзып дыбыс шығарады (қол ұстасып, шеңбер бойында тұрған ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады). Көзін байлаған ойыншы кімді түрткенін тауып алса, сол ойыншымен орнын ауыстырады. Таба аламаса кез-келген ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын айтады. Анықтай алмаса ойын басынан қайта басталады, осылайша қайталана береді.

«Тоғыз аяқ, тоғыз табақ»

Ойын-сауық, әдет ғұрып ойындарының бір түрі «тоғыз аяқ, тоғыз табақ». Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман көңіл күйін, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халық «тоғыз аяқ, тоғыз табақ» деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы қонақ асысы тағы бөлек – «құйрық бауыр» болыпты. Мұнда құйрық май мен бауыр туралып, оған қосымша айран араластырып, қайтар жолда жесең де жейсің, жемесен де жейсің деген ойын-кәде жасаған. Жемесең тойғанның белгісі деп, құдаларға асатқан кезде айранды бет-аузына дейін түгелдей жағып шыққан. Құда енді бұл асатудан тек кәдесін жасап барып әрең құтылған. «Құйрық бауыр» асататын көбінесе жас келіншектер болып келеді де, олар асататын адамдарына арнайы ән айтумен болады. Қатысушылар көбінесе тапқырлық, шапшандық көрсетіп жазадан құтылып кетуге, асатушылардың саусақтарын тістеп алуға тырысады.

«Айгөлек»

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халық арасында ең көп таралғандарының бірі осы «Айгөлек» ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде, күн ұясына отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күзде де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты өтеді. Халық арасында кең тараған бұл ойынға балалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бойжеткендер де қатыса алады.

Ойын ережесі: кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары барлығы бір дауыспен өлеңдетіп:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар

Ақтерек пен көктерек

Бізден саған кім керек? – десе,

екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар

Ақтерек пен көктерек

Бізге мұнда Бекбай керек.

Осы аты аталған ойыншы жүгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардың біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек. Егер бұзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтың қатарында қалады, ал бұзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қайсыны ұнатқанын өз тобына алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнай береді, болмаса белгіленген уақыт аралығында қай топтың ойыншылары көп болса, сол жағы жеңіске жетті деп есептелінеді.

«Ақсерек-көксерек»

Халық арасында айгөлек ойынының екінші түрін «Ақсерек-көксерек» деп атайды. Ел ішінде көп тараған бұл ойынды жасөспірімдер мен бозбалалар, жігіттер мен бойжеткендер ашық аспан астында ойнай береді.

Ойын ережесі: ойнаушылардың өзара келісуі бойынша топ тең екіге бөлінеді. Әр топтағы жастар 20-30 адым қашықтыққа барып, қолдарын мықтап ұстап қарама-қарсы қатарға тұрады. Екі топтың да қатарының оң жақ басында топ басқарушылар тұрады. Өзара келісім бойынша топ басқарушылардың біреуі: - «ақсерек – көксерек, бізден сізге кім керек» – дейді. Екінші топ басқарушы: - «сізден бізге бәленше керек»,- деп кез келген бір ойыншының атын атап шақырады. Шақырылған ойыншының мақсаты сол, тұрған жерінен жүгіріп шыққаннан екпіндеп келіп ағынмен ұстасып тұрған екі қолды үзіп өтуі (қай жерде, қай қолды барып үзеді – еркі өзінде) керек. Егер үзіп өтіп кетсе, онда сол екі ойыншының қай көңіліне жаққанын өз тобына алып келеді. Ал қолды үзіп өте алмай қалса, онда барған тобында қалады. Қай топ өз қарсыластарын, өз тобына бұрын қосып алса, сол топтың ұтқаны. Сөйтіп өздері күні бұрын тағайындаған жүлдені алады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

«Мәлке-тотай»

«Айгөлектің» үшінші түрі осылай аталады. Бұл ойынды да жастар ерте кезден-ақ сүйіп ойнап келген. Өйткені, әдетте той-думан жүріп жатқан үйге жастар көбірек жиналмай ма, міне сол кезде «мәлке-тотай» ойыны да басталып кетеді.

Ойын ережесі: жастардың түгел жиналып болғанан кейін өзара келісімдері бойынша тең болып екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары арақашықтығы 20-30 адымдай жердегі өздері белгілеген көмбелеріне барады. Әр топтың өз ойыншылары бір қатарға тұрып, бір-бірінің қолдарынан мықтап керіп ұстап тұрады.

Екінші жақтың ойыншылары бәрі бірден шулап: “мәлке-тотай” дейді. Бірінші жақ «кімді қалай» дегенде, екінші жақ «жаман-жаман пәленшені қалай» – деп атын айтады. Аты аталған Бектай қолып қусырып, аналарға қарсы жүгіріп, өзіне ұнаған баланы алып келуге қам қылып қатты соғады. Соққанда қолып үзіп кетсе жеңген ер бенде болып қолы үзілген екеудің бірін өзіне апарып қосады. Егер үзе алмай қалса, жеңілген ер бенде болып, өзі сол жаққа қосылады.

Енді «мәлке-тотай»-ды бірінші жақ айтып, екінші жақ қол ұстасып тұрады. Сөйтіп жоғарыдағы жолмен бір жағы таусылғанша ойнай береді. Ең соңғы бала басын тырнап немесе үш ауыз өлең, не күлдіргі сөз айтып құтылады. Содан соң балалар тағы да екі топқа бөлініп, ойынды басынан қайта бастайды.

«Арынды арқан»

Ойын жастар кешінде ойналады. Оған ұызындығы 2-3м-дей жіп керек. Кешке келген үлкенді-кішілі адамдардың бәрі де ойнай алады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса ойын соншалықты қызықты өтеді.

Ойын ережесі: ойнаушылар дөңгелене шеңбер бойына тұрғаннан кейін қолында арқаны бар жүргізуші топ ортасына шығады. Ол ойынды бастадым деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар секіріп-секіріп арқанды аяқтарының астарынан жіберіп тұрады. Кімде кім арқанды жібере алмай аяғымен басып қалса, онда сол адам жаза тартады. Оның жазасы - көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді. Не ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп болған соң ойын жүргізушімен орнын ауыстырады. Осылайша ойын жалғаса береді.

«Бұрыш»

Жастар кешіне жиналған жастар ішінен бұл ойынды ойнауға тілек білдірген бес немесе он адам жеке бөлініп шығады. Егер он адам ойнағысы келсе, онда бес-бестен екі топқа бөліну керек. Бұл ойынға балалардан бастап ересек адамдарға дейін қатыса алады.

Ойын ережесі: ойын жүргізушінің бұйрығымен белгілі бір арақашықтықты сақтап (3-5м.) 4 бала төрт бұрышқа тұрады. Ойын жүргізушінің мақсаты – осы төртеуінің ортасында жүріп олар екі-екіден орындарын ауыстырып тұрған кезде, тезірек бос орынға тұра қалу. Ойын анығырақ болу үшін әрбір ойыншының тұрған жерін бормен немесе таяқпен сызып белгілеп қою керек. Орнынан айырылған ойыншы ойын жүргізушіні ауыстырады, сөйтіп ол да бос орын іздей бастайды. 10 ойыншы болғанда екі топқа бөлініп ойнауға болады.

«Домалақ ағаш (қазан)»

Бұл ойынды қыс уақытында мұздың үстінде де, ал жазда тақыр жерде, таза алаңдарда да ойнауға болады. Ойынға қатысушылардың әрқайсысының өзінің басы қайқыш қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек. Ойынға 8-10 бала қатысады.

Ойын ережесі: әркім өздеріне топ ортадан қазан және шеңбер сызады. Егер ойнаушылардың саны көп болса, шеңбер де соғұрлым үлкен сызылуы қажет. Ойнаушылар щеңбердің бойымен қатарға тұрып, арасы бір-бір адымдай жерден, яғни өзінің алдынан қазан қазып, домалақ ағашын соған қояды. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос қазанды күзетіп тұрады, яғни басқа шеңбер бойындағы тұрған ойыншылардың мақсаты - әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос қазанға түсіруге тырысады, ал ортадағы бос қазанды күзетіп тұрған ойыншы басқалардың домалақ ағаштарын өзі күзетіп тұрған қазанға түсірмеуге тырысады. Егер ортадағы қазанға домалақ ағашын кім түсірсе сол екеуі бір-бірімен орындарымен ауысады. Ойын осылайша жалғаса береді.

«Жаяу көкпар»

Ойын күні бұрын белгеленген жерде, бозбалалар қатысуымен өтетін. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Әдетте, бұл ойынды ер балалар ойнамайды.

Ойын ережесі: балалар көмбедегі белгіленген түзу сызықтың бойына қаз-қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден бір мезгілде тұра ұмтылған балалар 10 адымдай жерде жатқан көкпарды қайсысы бұрын жеткені алып қашады. Қолында көкпары бар бала арасы бір шақырымдай ешкімге бермей әкелсе, сол ойыншының ұтқаны. Бұл ойында көкпардың орнына бөрік немесе басқа бір затты қолданады.

«Қамалды қорғау»

Ойынға мосы, болмаса орындық және жүннен істелген бір доп керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды, жасөспірімдердің барлығы ойнай алады.

Ойын ережесі: ойнауға тілек білдіргендер үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады. Шеңбердің ортасына «қамал», яғни мосыны немесе орындықты қояды, ал бір ойыншы оны қорғайтын болады. Шеңбер бойындағы тұрған ойыншылар қамалды доппен атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты «қамалға» тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты «қамалға» тигізсе сол қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

«Лек жалау (шөлдік)»

Бұл тақыр алаңдарда ойналатын балалар ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген, ұзындығы бір қарыс шөлдік (ағаш) керек. Ойынға күні бұрын үлкен қазан аузындай шеңбер сызылып, ортасына шөлдік қойылатын шұңқыр қазылады, шөлдік шұңқырдың ішінде емес үстінде жатуы керек. Бұдан басқа әр ойыншының өзінің ұзындығы бір метрдей таяғы болу керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.

Ойын ережесі: ойнаушылар кезек алысып, біріншіден бастап әрқайсысы өз кезінде шөлдікті қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да таяғын шеңбердің үстіне тастайды. Ал екінші кезектегі ойыншы шөлдікті түскен жерінен алып қайтадан соққан ойыншының таяғын көздеп шеңберге қарай лақтырады. Лақтырған кезде таяққа тигізсе, не болмаса шеңбердің ішіне түсірсе, онда соққан ойыншы ойыннан шығып қалады, ал егер бірінші шөлдікті жерден көтеріп, жерге түсірмей соққан кезде де тигізе алмаса, онда да ойыннан шығып қалады. Ал лақтырған ойыншы не таяққа тигізе алмай, не болмаса дөңгелек сызықтың ішіне түсіре алмаса, онда бірінші ойыншы шөлдікті шекіп соғады, әр соққанда үш реттен соғады. Сөйтіп қай жерге апарып түсірсе сол жерден дөңгелек сызыққа дейін таяғымен өлшеп санап келіп, екінші ойыншыға ұпай салады. Бірінші ойыншы жоғарғыдай себептерден ойнай алмай, ойыннан шығып қалса, онда екінші ойыншы соғушы болады. Ойын осылайша бәрі ойнап біткенше жалғаса береді.

«Орамал тастау»

Ойын көгалдарда, үлкен бөлмелерде өткізіледі. Ойынға екі бүктеліп есілген орамал керек. Той-думанға, кешке келгендердің бәрі қатыса алады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын да соғұрлым қызықты өтеді.

Ойын ережесі: ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де арасы 10 адымдай белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қа» – деп дауыстайды, ол қағып алып «ғаз» – дейді, болмаса «ла» – дейді. Сонда «қағаз», «қала», тағы басқа сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы: «са» - деп дауыстаса – «садақ», «сақа», «сабын», «сарын» сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай екінші буынын уақытында тауып айтылмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Осылайша ойнаушылар орамалды бір-біріне лақтырып, ойынды жалғастыра береді.

«Ұшты-ұшты»

Ойынды жастардың сауық кештерінде, көгалдарда, ашық алаңдарда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді. «Ұшты-ұшты» ойынына ересектермен қатар балалар да қатысса, қызықты өтеді.

Ойын ережесі: бір жігіт ортаға шығып жиналғандарды дөңгелекте, не болмаса өзіне қаратып бір қатарға отырғызады. Содан кейін, ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды (ойын жүргізуші өзіне барлық ойыншыны көріп тұратындай жағдай жасауы керек). Ойын жүргізуші – «ұшты-ұшты-ұшты, бөдене ұшты» деп қолын көтереді, сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді, ал ұшпайтын затты ұшты деп қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойнаушылар жаза тартады, ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса, онда да жаза тартады, сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу қажет. Ойын жүргізуші ұшатын затпен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та, жаңылдыруға болады. Мысалы, «ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекіл ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты – қанжыға ұшты» деп жалғаса береді.

Алданған ойыншылардың жазасы сол, олар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, би билеп, домбыра тартады, тіпті болмаса мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдушылық та күшейе түсіп, отырғандардың ішек-сілесі қатып күлкіге көміледі.

«Қара сиыр»

Он жастағы баладан отыз – қырық жастағы жігіт ағасына дейінгілер қопалы, жыңғылды жерге жиналады. Ну орман іші болса тіпті жақсы.

Ойын ережесі: әлгі жиналған топ өздерінің іштерінен бір адамды жеке шығарып алып, оны алыстау жерге таман барып бөркін немесе басқа бір белгілі затын жасыруға жібереді. Оның өзі де сол маңайда жасырынуы керек. Қалған ойыншылардың барлығы жасырынған ойыншының тыққан затын іздеуге кіріседі. Кімде кім тығылған бөрікті көріп қойып, алуға қам жасаса, онда иесі оны бермеуге тырысады. Бермеу дегенде екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, оған қай бұрын жеткені алады. Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі көріп бөрікке жібермеуге тырысады. Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсай алмайды. Қайткенде де алдап жүріп алып, оны ойын жүргізушіге ертіп келулері керек. Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да, ойнаушылардың уақыттары жеткенше қайтадан ойын жалғаса береді.

«Атқаума»

Ойынды 6 бала үш-үштен бөлініп ойнайды. Бір бала қолымен өзінің оң қолын білезігінен қысып ұстайды. Қарама-қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін оң қолдарымен бірін-бірі сол қолдарынан ұстайды. Үшінші бала көзі таңулы күйінде екі баланың айқасқан алақанына отырады. Қолдасып ұстаған балалар:

- «Атқаума, атқаума»,- деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді. Бір бала:

- «Ақ сандық, көк сандық»,-дейді. Оған көзі таңулы бала:

- «Көк сандық, көк сандық»,- деп жауап береді.

- «Аспанда не бар?»

- «Жұлдыз бар».

- «Жерде не бар?»

- «Құндыз бар?»

Қаумалап келе жатқан балалар:

«Бақа, бақа, балпақ,

Басың неден жалпақ?

Бұтың неден талтақ,

Көзің неге тостақ?»

Бұған көзі таңулы бала былай жауап береді:

- «Темір телпек көп киіп,

Басып содан жалпақ.

Теуіп жауды қашырдым,

Бұтым содан талтақ.

Қарауылда көп тұрдым.

Көзім содан тостақ!».

Қаумалап тұрған екі бала:

- «Мына жерде шөл бар,

Мына жерде ел бар.

Мына жерде көл бар»,- қолдарын ағытып жібереді. Отырған бала құлап түссе, айып тартады. Құламай тіке тұрып қалса, екі бала қайтадан көтеріп жүреді. Ойын осылайша әрі жалғаса береді.

«Соқыртеке»

Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:

«Қараңғыда көзім жоқ,

Тиіп кетсе сөзім жоқ.

Қайда кетсе қалқа жан,

Жетектейтін өзің жоқ.

Қолға түскен құтылмас,

Қала бермек көзім боп», - деп таяғын өзі болжаған тықыр, дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала тұрған ойнаушылар қашып жүріп:

«Соқыр-соқырақ,

Оң көзіңе топырақ.

Топырағын алайын,

Тотиятын салайын

Саған бір ем табайын», -деп келіп, «соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай ойнап жүргенде «соқыр текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады.

«Соқыр теке» мен оны түрткілеп қашып жүрушілердің өрісін мөлшерлеп сызып қояды.

«Ақ терек»

Халыққа кең таралған ойынның бірі – «ақ терек». Ойынға қатысушылар кең, жазық алаңды жерді таңдап алады да, тең екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басқарушы сайлап алады. Екі топ ара қышықтығы 20-30 метрдей жерде бір-біріне қарсы қарап, қол ұстасып, тізбек құрып тұрады. Қай топтың бірінші болып ойын бастайтынын жеребе арқылы шешеді. Бірінші болып ойын бастайтын топтың басшысы қарсы тұрған топтың бір ойыншысының атын атап шақырады. Аты аталаған ойыншы жүгіріп барып өзін шақырған қарсы топтың тізбегін бұзып өтуі керек. Егер ол тізбекті бұзып өтетін болса, онда бұзып өткен жердегі бір ойыншыны өзімен бірге ала кетеді. Егер бұзіп өте алмаса, онда өзі сол топқа қосылып қала береді. Ойын жалғаса береді. Енді ойынға келесі ойыншы шақырылады. Ойын бір топтың жеңісімен аяқталады. Ойын тым ұзаққа созылмас үшін уақыт белгілеуге де болады.

«Белбеу тастау»

Ойын кең алаңды жазық жерде ойналады. Ойынға қатынасамын деушілерге шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар сан жағынан да, күш-қуаты жағынан да біркелкі екі топқа бөлінеді. Содан соң екі топ бірі-бірінен белгілі бір қашықтыққа, бір-біріне қарам-қарсы сап құрып тұрысады. Екі топтың ортасынан кішірек дөңгелек шеңбер сызылады да, сол шеңбердің ортасына белбеу немесе белге байлайтын басқа бір материал тасталады. Әр топқа өз басқарушылары тағайындалады. Ойынды бірінші болып жүргізуге кезек алған топтың бастығы кенеттен бір ойыншының атын атайды. Ал екінші топтың басшысы оған жауап ретінде барлық жағынан мүмкіншілігі тең келеді-ау деген қарсы топтың бір ойыншысының атын тез атап үлгеруі керек. Аттары аталған екі ойыншы шеңбердің ортасында жатқан белбеуге қарай тура жүгіреді. Кім бұрын жетіп, белбеуді алып, оны қарсыласына тигізіп үлгерсе, белбеу тиген ойыншы ойыннан шығады. Жеңген ойыншы өз орнына барып тұрады. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді. Бұл ойынның екінші түрі «Орамал жасырмақ» деп аталады.

«Мысық пен тышқан»

Ойын кең алаңда, үлкен залда, клубта ойналады. Ойынға 10-нан 20 адамға, одан да көп ойыншы қатнысуға болады. Ойнаушылар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойынға қатынасушылар өз араларынан екі адамды ортаға шығарып, оның бірін «тышқан», екіншісін «мысық» етіп белгілейді. «Тышқан» шеңбер ішінде қалады, ал «мысық» оның сыртында тышқанды аңдып жүреді, оны ұстауға тырысады. Ойнаушылардың міндеті – «мысық» «тышқанды» ұстаймын деген кезде ұстасқан қолдарымен оның жолын бөгеп, «тышқанды» ұстатпауға күш салу. «Мысық» қапылыста ішке кіріп кетсе, «тышқанды» сыртқа шығарып, «мысықты» ұстап қалу керек.

Егер «мысық» сыртқа шыға қалса, онда «тышқанды» ішке кіргізіп, «мысықты» сыртта қалдырады. Осылайша бірін-бірі қуып жүріп «мысық» «тышқанды» ұстайды.

Ұстаған бойда «тышқан» ролінде ойнаған ойыншының орнына басқа бір адамды шығарады. Ал «мысық» болып ойнаушы да өз орнына басқа ойнаушыны ұсынып, топқа қосылады. Ойынды осы тәртіппен ойнай беруге болады. «Мысықтың» жолын бөгегенде, оның киімінен ұстап немесе итеруге болмайды, тек ұстасқан қолдарын жоғары көтеріп, не төмен түсіріп тұрады.

«Үлек пен тайлақ»

(«Мысық» пен «тышқан» ойынының бір түрі)

Жастардың қызыға ойнайтын ойындарының бірі – «үлек пен тайлақ». Мұны жыл мезгілінің барлығында да ойнай береді. Ойын кең алаңда немесе клубтарда, дене шынықтыру – спорт залдарында өткізіледі. Ойынға қатынасушылар қол ұстасып, дөңгелене тұрады. Олар өз араларынан бірін «тайлақ», екінішісін «үлек» етіп таңдап алады. «Тайлақ» қоршаудың ішінде қалады да, ал «үлек» қоршаудың сыртына шығады.

Ойын бастағанда «үлек» «тайлақты» шайнап тастамақ болып, қоршаудан шығып кетеді. «Үлек» «тайлақты» сып етіп қоршаудан сыртына шыққанда, «тайлақ» қоршауға қайта кіріп кетеді. Ақыры «үлек» «тайлақты» ұстап, таламақ болғанда қатынасушылар: «шөк, шөк!», деп «үлекті» шөгеріп, «тайлақты» қоршаудың ішіне тез кіргізіп, «үлектің» жолын бөгейді. Бірақ ол «үлектің» киімінен тартып, итеріп жасалған қарсылық емес, жалпы ойын тәртібіне сай, ұстасқан қолдарды жоғары, төмен түсіру арқылы реттеліп отырады.

«Жаяу жарыс»

Жасөспірім жеткіншектер бір жазық алаңға жиналады да, жүгіретін бір жерді белгілейді. Орталарынан біреуін басқарушы етіп тағайындайды. Қатынасушылардың бір бөлігі көрермен ретінде орындарында қалып қояды да, басқалары басқарушыға еріп, белгіленген жерге кетеді. Сол жерде бастаушы оларды қатар-қатар тұрғызып, жүгіруге команда береді. Балалар зымырап жүгіре жөнеледі.

Орнында қалғандар екі бөлініп отырып, балалардың жүгіріп өтуі үшін ортасынан орын қалдырады. Бұл жерге кім бұрын озып келсе, сол бірінші бәйге, екінші болып келген ойыншы бәйге алады. Ойын әлденеше рет қайталанып ойнала береді.

«Сен тұр, сен шық!»

Бұл ойынды 3-4 бала ойнайды. Ойнаушы балалар барлық саусақтарын үстелдін үстіне салып отырады. Ойынды алғаш бастайтын бала тек сол жақ қолын ғана салады. Оң жақ сұқ саусағымен столдағы саусақтарды санап шағарады: «бір, екі, үш, төрт,... Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның сан сөздерін айта береді:

  1. Бірім-бірім,

  2. Екім-екім,

  3. Үшім-үшім,

  4. Төртім-төртім,

  5. Бесім-бесім,

  6. Алтым-алтым,

  7. Ауыр балтам,

  8. Қалың қалтам,

  9. Алтай-сәлтай,

  10. Балақай-олақай.

  11. Олпық,

  12. Солпық,

  13. Сен бұқ (бұл саусақ ішке қарай бүгіледі).

  14. Сен тұр (бұл саусақ басын көтереді).

  15. Сен шық (бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, санап шығады).

Кезекті тұрған саусақтан бастап, тағы да әрі қарай жоғары сан сөздер шығады. Ойынның мақсаты - әркім өз саусақтарын бұрын шығарып әкету. Ең соңында қалған иесі айып тартады.

Осы 15 сан неше рет айтылғанда, «Сен шық» деген сөздің кімнің саусағына дәл келетінін есептеп, болжап отыруға болады. Үшінші, кейде екінші саусақ ойынның ең артында қалады. Онда сол бұрыңғы кезек тәртібімен әлгі 15 ауыз сөзді айнала қайталай берді. «Бұқ» - дегенде бүгіліп қалған саусақтар (яғни 13-ші сөз келгенде) қасқырдан бұғып қалған түліктің бірі деп есептеледі де, сол баланың құлағына былай айқайлайды:

«Бұғып қалған «лақ», - десе,

«Шөре-шөре»» - деп жауап қайтарады.

  • «Құлын» десе,

  • «Құрау-құрау»,

  • «Бұзау» десе,

  • «Әукім-әукім»,

  • «Қозы» десе,

  • «Пұшайт-пұшайт», - дейді.

Ең соңындағы бала үшін ұпай шартын ойнаушылар өздері келісіп белгілейді. Бұл ойынға қатысушылар логикалық ой жүйелерін дамытып, үй жануарларын білуге, адамгершілікке баулиды.

«Қап киіп жарысу»

Ойын көгалды жазық далада, клуб немесе дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50м-дей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады.

Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4-5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.

Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетуімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді.

Мұндағы мақсат – сызықтың екінші басына алдымен жету. Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Оған барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады.

Бұл ойын әр түрлі тәптіппен өткізілуі де мүмкін. Бұл ұсынып отырылған ойынның ең онай түрі.

«Әуе таяқ»

Бұл ойын далада, алаңда, ауыл сыртында ойналады. Жасөспірімдер таяқтармен келіп, дөңгеленіп тұрады да, ұпай санын әбден келісіп алып, бірінің таяғын бірі көздей аспанға лақтырады. Бірінің таяғы екінішісінің таяғына тисе, келісім бойынша, белгілі бір ұпай алады. Егер әуеде таяққа таяқ тимесе, онда таяғы жерге басқалардан бұрын түскен бала ұтады. Мұндайда ұпай саны әуедегі таяқтардың санына байланысты болады. Ойын тәртібін ойын жүргізуші бақылайды. Ол ойынға неше адам қатынасты, кімнің таяғы тиді, кімнің таяғы жерге бұрын түсті – соған төрелік айтады. Әдетте ұтылған жасөспірім өлең айтып құтылады. Бұл ойын балаларды лақтырған нәрсесін дәл тигізуге дағдыландырады.

«Жанды дөңгелек»

Бұл ойын жазық алаңда, клубтардың үлкен залдарында және дене шынықтыру залдарында ойналады. Гимнастика, тағы басқа спорт түрлерімен шұғылданып жүрген жастарға лайық ойын.

Жеңіл киініп ортаға шыққан ойыншы, екі аяғын өз иығының деңгейіне жеткізе алшық басып, екі қолын жаза, тік тұрып алады да, жайлап оң жақ қырымен жерге құлай бере оң қолын еденге тірейді. Сол кезде оның саусақтары жазылған сол қолы да жерге тіреле келіп, бөксесі жоғары көтеріледі. Бұл кезде әуелі сол аяқ, одан кейін оң аяқ жерден көтеріліп барып, ойнаушының басынан айнала жерге тіреліп, бүкіл дененің дөңгелей серпілуіне күш береді. Үйреніп алған ойыншылар оп-онай дөңгелей жөнеледі.

«Қасқыр қақпан»

«Қасқыр қақпан» ежелгі халық ойындарының бірі. Ойын жазық көгалды алаңда, мектеп аулысында, спорт, мәдениет үйлерінің кең залдарында өткізіледі. Ойнаушылар ойын болатын жерге жиылады да, екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы – «қақпан», кіші тобы – «қасқырлар». Ойынға басқарушы тағайындалады. Басқарушы ойнаушылардың арасынан дауысы ашық, тақпақты жақсы білетін біреуіне бастауды міндеттейді, қалғандары оған қосылады.

«Қасқыр түссе қақпанға.

Ұстамасқа бола ма.

Қол ұстасып тұрайық,

Біздің қақпан болаттай.

Қасқырды тұр жолатпай,

Қасқыр, қасқыр, келіп көр,

Қақпан, қақпан берік бол».

Ойынға қатынасушылар әбден бір-бірімен қол ұстасып, дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрып болғанша:

«Кәне, кәне, тұрайық -

Қасқырқақпан құрайық» -

деген өлең жолдарын қайталап айта береді. Содан соң өленнің соңғы шумағы:

«Кәне, қақпан, берік бол,

Қасқыр, қасқыр, келіп көр!»-

Деген жолдарды айтып болысымен, «қақпан» болып тұрғандар бір-бірінің ұстаған қолдарын жоғарғы көтереді. Ал «қасқыр» тобындағыда арғы беттегі қораға көтерілген қолдардың астымен жүгіріп өтіп кетуге тырысады.

Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезде бастаушының «а-ап!» деген белгісімен көтерілген қолдар төмен түсіріледі. Ойнаушылар жүрелерінен отыра қалады. Сөйтіп «қақпан» жабылады. Іште қалғандар «қақпан» тобына қосылады да, «қасқырлар» азая береді. Ойын қайталанып жалғаса береді. Ойынға қатысушылар кезектесіп орын ауыстырып отырады.

«Қазақ күресі»

Оңтүстік Алтайдын қазақтарында алтай күресіне ұқсайтын қазақ күресі кең тарап танымал болған. Қазақ күресті бүкіл мейрамдарда танымал мықты балуандар арасында, бірақ ешқандай салмақ категорияларысыз өткізілетін. Балуандарға әр түрлі әдістер, аяқ етегінен іліп алулар, сонымен қатар тұрыстағы лақтырулар, іліп алып бұрылыстар және құлаулар танымал болатын.

Орын гимнастикалық маттармен жабдықтанады. Қауіпсіздік техника ережелері қатаң қарастырылады.

Күрестің негізгі әдістері:

ә) иық арқылы лақтырыс;

а) жамбас арқылы лақтырыс;

б) үстінен ұстау;

в) төмен ұстау және басқа әдістер.

Ұстасу варианттары:

ә) иықтан ұстасу (ортаңғы сызықтан тартып алу);

а) белден ұстасу (шеңберден алып шығу).

«Бұғнай»

Ойын 10-нан 25-ке дейін жететін барлық ойнаушылардың саны шеңбер бойынша тұра қалатын әркез жерде өткізіледі. Кіші мектеп жасындағы балалар ойнайды.

Ойнаушылар шеңбер бойынша қазақша отырады. Жүргізуші (жіребе бойынша тандалады) ойнаушыларды: «бірінші бұғнай, екінші бұғнай, үшінші бұғнай…» және т.с. – ақырғысына дейін санай бастайды. Сосың жүргізуші әркез бір нөмірді кенет айтып қалады (мысалы, «алтыншы бұғнай!»), айтылған орыннан шапшаң тұрып, өзі бір нөмірді айтып қайта шапшаң қазақша отырады. Айтылған нөмір тұрады және әркез бір нөмірді атайды. Дәл солай әркез рет: айтылған шапшаң тұрады, нөмір атайды және шапшаң отырады. Егерде біреудің нөмірін атағанда, ал ол тұрмай және оның орнына басқа бір ойнаушы тұрса, онда оған әркез тапсырма беріледі (сұраққа жауап беру, билеу, өлең айту, бір аяқпен секіру, жұмбақты шешу және т.б.). Осыдан кейін ол өз еркінімен жаңа нөмерді атайды.

Ойын аяғында қателеспегендерді белгілейді.

Ережелер: 1. әрбір ойнаушы өз нөмірін есте сақтау керек және шақырғанға дейін тұрмау керек.

2. шақырғаннан кейін ойнаушы өзінің орнына қазақша отырады.

«Қасқұлақ (қасқыр)»

Ойын далада өткізіледі (алаңда, есік алдында), көбінесе кешке қарай. 10-нан бастап 20-ға дейін жоғарғы сынып оқушылары қатысады.

«Қасқыр» және «түнгі күзетші» тандалады. Қалған ойнаушылар «қойларды» бейнелейді. Олар не «күзетші», не «қасқыр» көрмеу үшін жанжаққа таралып тығылады. «Қасқыр» көріну үшін басың ақ орамалмен байлайды. Тығылғандарды іздеумен, ол «күзетшінің» көзіне түспеуге тырысады. «Күзетшінің» тапсырмасы – «қасқырды» андап жүріп оны қуады. Тығылғандар қимылдамауға тырысады. Егер «қасқыр» ойнаушылардың біреуін ұстаса және оны «күзетші» көрмей қалса, онда «қасқыр», «күзетшінің» орнына тұрады, ал ұсталынған ойнаушы «қасқыр» болады. «Күзетші» болған ойнаушы енді қойдың рөлін атқарып тығылады. Егер «күзетші», «қасқырды» көрсе, өзінің «отарын» қорғап оны қуады. Ойын уақыты белгіленбеген. Ойын аяғында ең жақсы «қасқырларды», «күзетшілерді» және «қойларды» белгілейді.

Ережелер: 1. егер «қасқыр» ойнаушыны көріп қойса, оған оны қуып жетуі қажет емес, атын атаса болғаны.

2. егер «қасқыр» тығылғанның атын дұрыс атаса, онда тығылған орында қалу керек (қашпау керек).

3. «қасқыр» мен «күзетші» рөлдерімен ауысқанда, «қасқыр» және «күзетші» кім болғаның қатты бақырып айту керек. Ойнаушылар орындарында қалу керек.

«Тартыс»

Ойын жасыл алаңда, спортзалда (маттарда немесе кілемде) өткізіледі. Саны 4-тен бастап 30-ға дейін жететін ұлдар, жасөспірімдер мен бозбалалар ойнайды. Ойнаушылар тең күштері бойынша екі құрамаға бөлініп, жұптасып тұрады. Әрбір құраманың бірінші жұптарында “жоғарғысы” өз серіктесінің арқасына отырады. Белгі бойынша жұптар бір-біріне жақындайды және «жоғарғылар» бір-бірін құлата бастайды. Ойнаушылардың біреуі денесінің әрбір бөлігімен жерге тигізсе, онда бұл жұпқа ұтылыс саналады. Бірінші жұптардан кейін екінші жұптар және т.б. күреседі.

Ең көп жеңіске жеткен құрама жеңімпаз аталады. Сосың ойнаушылар рөлдерімен ауыса алады.

Ережелер: 1. қарсыласты киімінен тартуға рұқсат етілмейді.

2. егер екі минуттың ішінде «жоғарғылар» бір-бірін құлатпаса, онда тең ойын саналады және кілемге келесі жұптар шығады.

«Қандық-сандық»

Бүкіл жастағы оқушы ұлдар ойнайды. Ойнаушылардың саны 2-ден бастап 40 адамға дейін.

Ойын ойнаушылары капитандармен екі құрамаға бөлінеді, қайсылары ережелерді сақтауын байқап тұрады. Алаң ортасына әрбір құрамадан бір-бір ойнаушыдан бірінші жұп шақырылады. Бір-біріне арқасымен қарама-қарсы тұрып, олар шыңтақтармен ұстасады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша, әрқайсысы өзінің қарсыласының аяқтарын жерден (едеңнен) көтеріп алуға тырысады. Бұны жасауға оңай емес, өйткені жүргізушінің белгісі бойынша екеуі жартылай отыру қалпына отырады. Қарсыласын көтеріп алған жеңіске жетеді. Көп жеңіске жеткен құрама жеңімпаз атанады.

Ережелер: 1. құрама капитандары күштерімен ақырғы болып санасады.

2. әрбір сайыс басқарушының белгісі бойынша басталады.

«Алтыбақан»

Жазғы түнде ауыл артында жастарға арналған әзіл әткеншекті алтыбақан (алты бөренені) деп атайды. Алтыбақанды ұзындығы 3-4 м алты бөренеден жасайды, қайсыларын үш-үштен қояды және үстінгі жағына қоыйлған көлденең бөренемен өзара байланыстырады. Бөрене үстінен екі жақтан арқан байлайды, ал астынан тақтайды орнатады, қайда мінем деген тілеушілер ойнақтайды, әдетте бұл қыз бен жігіт. Бұл жұпты басқа жұп ауыстырады және сауық осылай жалғаса береді.

Қыз бен жігіт алтыбақан үстінде бір-біріне қарама-қарсы тұрып, не отырып, ән айта бастайды. Астында тұрған жігіттер мен қыздар бәрі бірге осы әнді айтып қосыла кетеді. Алтыбақаннан шыққан және қалғандарымен қосылған әннің дыбысы қатты шыққаны түн тыныштығында әрқайсының жүрегін тербетіп, махаббат сезімін тудырады. Жастар әткеншекке кезекпен отырып, білетін әндерді айтады, ал қалғандары ән айтып тұрып алтыбақан шайқауға көмектеседі. Алтыбақанды жиі «сүйгендердің әткеншегі» деп атайды.


«Арқан тартыс»

8-10 метр ұзындығы мықты арқанды алады. Арқан ортасынан орамалды байлайды. Осы орамалдан бастап 1-1,5м қашықтықта екі жаққа да жылжып орамалдар байлайды. Ойнаушылар екі топқа (10-15 адамнан) бөлінеді. Бөліну реті осындай: ойнаушылар бой ұзындығы бойынша қатарға тұрады, кейін жүргізушінің белгісі бойынша оң жақтан бастап сол жаққа қарай саналады, жұп сандылар орында қалады, ал тақ сандылар алға шығады, сонымен екі құрама болып шығады. Қатысушылардың саны 10-нан кем болмау керек.

Алдын ала жерде немесе едеңде түзу көлденең сызығын жасайды. Арқанның ортасындағы орамал байланған жерін осы сызықпен сәйкес келу керектей тартып қояды. Кейін, екі топтың ойнаушылары орамал ортасынан бірдей қашықтықта байланған жерден бастап, арқанды қолға алады. Жүргізушінің белгісі бойынша екі жақ арқанды өзіне қарай тартады. Арқанды аз жағына қарай тартып алуы ойын тапсырмасы болып келеді.

Ойын аяғында ұтылғандар жеңімпаздардың алдында ән айтып билеу керек.

«Әуе таяқ»

Ойынды далада өткізеді. Қатысушылар саны 2-ден 20-ға дейін. Орта және үлкен жастағы оқушылар ойнайды. Ойынға ойнаушылардың саны бойынша (ұзындығы 80см, диаметрі 2-3см) тегіс таяқтар керек.

Ойнаушылар екі жұпқа немесе екі құрамаға бөлінеді. Басқарушы бірінші жұпты немесе құрамалардың бірінші ойнаушыларын шақырады. Шақырғандардың біреуі белгіленген сызықтан 3-4м артқа қарай жылжып, жүгіріп келіп өзінің таяғын жоғарырақ алға қарай лақтырады. Содан кейін екінші ойнаушы өзінің таяғын лақтырып, бірінші ойнаушының таяғына тигізуге ыңталасады. Егер тигізсе, онда 1 ұпай беріледі, кейін екінші жұп шығады. Екінші турда ойнаушылар жұптарында рөлдерімен ауысады. Ең көп ұпай жинаған құрамы жеңімпаз аталады.

Ережелер: 1.әрқайсысы қарсылас тигізбеу үшін өз таяқтарын жоғары және алысқа қарай лақтыруға тырысады.

2. таяқты лақтырғанда, белгіленген сызық арқылы басуға болмайды. Басып кеткен жеңіледі немесе лақтыруды қайталайды.

«Бөрік теппек»

Ойын қазақ жастарының арасында кең дамыған. Өзінің атына сәйкес, ойнаушылар алдымен өз бас киімдерін кім алысқа дейін итеретін. Қазіргі уақытта кішкене тастарды немесе ауыр нығыздалған допты итереді. Ойынның ескі аты сақталған. Қатысушылар саны 2-ден 30-ға дейін, жасыл алаңда, тек қана бозбалалар ойнайды. Заттар саны – ойнаушылар саны бойынша тұрады. Оң жақ флангынан кезекпен заттарды қолмен немесе аяқпен шама жеткенше дейін алға қарай итереді. Бәрінен жақын лақтырған бүкіл заттарды жинап алуы міндет және ойнаушыларға тарап беріп ойыннын шығады. Осының бәрін екінші бәрінен жақын лақтырған ойнаушы да жасайды. Ойын бір жеңімпазды анықтағанша дейін жалғаса береді.

Ережелер: 1. итерген кезде немесе лақтырған кезде сызықты өтуге болмайды.

2. лақтырудын алыстағы сызықтан басталып, заттын жерге құлаған орнына дейін өлшенеді.

3. келісімдік бойынша лақтырады немесе итереді.

«Сақина салу»

Ойында саны 10-ға жететін жастар қатысады.

Қатысушылар шеңбер бойынша қатарға отырады. Алақандарын бір-біріне қысып, қолдарын алдында, тізе үстінде ұстайды. Жүргізуші (жіребе бойынша) шеңбер ортасында тұрып, өз алақандар арасында сақинаны (тиынды) салып, өз алақандарымен сақинаны олардың алақандарын ашып салған сияқты боп, солай бүкіл қатысушыларды өтеді. Сақинаны біреуге салып, ол бірнеше қадамға артқа қарай кетіп: “қайда менім сақинам?” – деп айтады. Сұрақты естіген соң, сақинаның иесі тұру керек. Оң жақта отырған көршінің тапсырмасы оны (сақина иесін) ұстау керек. Егер сақинаға ие болып жүрген ойнаушыны көршісі ұстай алмаса, онда көршісін жазалайды, ал егер сақина иесі тұра алмаса, онда оны өзің жазалайды. Жаза әр түрлі болуы мүмкін: жеңімпазды арқасына отырғызып жүріп келу, бір аяқпен секіру, билеу, ән айту және т.б. Жазаланған тапсырманы жасағаннан кейін жүргізуші болады және ойын жалғаса береді.

Ережелер: 1. сақинаны көрінбейтін қылып салып жіберу керек, ал сақинаны алған ойнаушы білдірмеу керек.

«Қарагие»

Ойын далада немесе спорттық алаңда өткізіледі. Қатысушылар саны 3-тен 8-ге дейін жетеді. Ұл балалар, ер жасөспірімдер немесе бозбалалар ойнайды. Әрқайсысында ағаштан жасалынған (қайын және т.б.), ұзындығы 3-4м, бір шеті шүкірленген найза-таяғы болу керек. Ойнаушылар саны бойынша сонымен қатар таяқтар мен қалпақтар (ескі бас киімдер, түрлі-түсті қаптар және т.б.) болу керек.

Ойын жазылуы. Ойнаушылар бір сапқа тұрады. 15-20м арақашықта қарама-қарсы сызық сызылады, оған әрбір ойнаушыға қарам-қарсы қалпақтары немесе басқа заттар киілген таяқтар тығылады. Жүргізушінің (басқарушының) сигналы бойынша оң жақ флангтағы ойнаушы найзаны нысанаға (өзінің қалпағына) лақтырады. Кейін қасында тұрған ойнаушы лақтырады, сосң келесі ойнаушы және т.б. Ойын үш рет өткізіледі. Кім нысанаға үш рет тигізген болса, сол жеңімпаз аталады.

Ережелер: 1. нысанаға тигізбеген ойыннан шығады.

2.найзаны тек қана сигнал бойынша лақтырады. Бұны жасамаған ойнаушы ойыннан шығады.

«Монданақ»

Ойын қазақ жастарының арасында кең тараған. Қатысушылар саны 10-нан 40-қа дейін жетеді. Ойнаушылар орамалды қолданады.

Ойын жазылуы. Ойнаушылар жақын арақашықтықта қазақша отырып, екі қолды тізе астында ұстап, шеңберге отырады. Жүргізуші шеңбер ортасында орналасады. Басқарушы жүргізуші көрмегендей ойнаушылардың біреуіне орамалды береді, ал бұл оны тізе астына тығып, басқарушының «бастадық» бұйырығы бойынша орамалды қасында отырғанға бере қояды. Орамалды алған ойнаушы жүргізуші көрмегендей келесі ойнаушыға береді. Ойнаушылардың бәрі ән айтады: «Қайда кетті монданақ? Анда кетті моданақ. Мында кетті монданақ.» Жүргізуші орамалды іздейді. Ол арқасымен қарап тұрғанда, орамалды ұстап тұрған ойнаушы оның арқасынан ақырын соғып жіберуі рұқсатталады. Жүргізуші ойнаушыдан орамалды тапса, сонымен бірге рөлдерімен ауысады.

Ережелер: 1. жүргізушінің басынан орамалмен соғуға болмайды.

2. табылған орамалды әрі қарай беруге болмайды.

«Бестас»

Ойын, еңбек құралдары ағаш, тас, сүйектер қызмет еткен уақытында Қазақстан аумағында көшпенділі тайпалар арасында кең тараған. Бұл үлкендердің ең басты сауығы болды. Қазақстанның көптеген облыстарында ойын үйлену той дәстүріне кіретін. Егер күйеу жігіт жағынан ойнаушы жеңіске жететін болса, онда келің үшін қалындықты бермейтін, ал егер келің жақтағы өкілі жеңіске жетсе, онда күйеу жігіт қалындық төлейді.

Осы ойынның бірнеше варианттары бар. Қазіргі уақытта жастар арасында кең таралғаны төменде айтылады.

Ойын далада, бөлмеде, спортзалында өткізіледі. Қатысушылар саны 5 адамға дейін жетеді. Осы үшін 5 домалақ тас (асықтар) керек.

Ойын жазылуы. Ойынға қатысу кезегі жеребімен анықталады. Барлығы шеңбер бойынша орналасады. Ойынды бірінші бастайды және ережені бұзбағанша дейін ойнай береді. Сосың ойынға екінші кіріседі, кейін үшінші және т.б.. Бәрі бір қолмен ойнайды.

Бірінші әрекет. Ойнаушы едеңге 5 тасты лақтырады, біреуін тандап оны бір қолмен жоғары лақтырады және осы лақтырған қолмен едеңде жатқан бір тасты қолға алып, алдын ала лақтырылған тасты лақтырған қолмен ұстап алады, яғни бір алақанда екі тас болады. Едеңнен алынған тасты жеке қояды. Сосың қайтадан бір тас жоғары лақтырылады және екінші, кейін үшінші және төртінші едеңде жатқан тастарды дәл солай бір қолмен жинап алады.

Екінші әрекет. Тастар жанжаққа лақтырылады. Бір тас жоғары лақтырылады, едеңнен лақтырылған қолмен енді екі тас көтеріледі және осы лақтырған қолмен лақтырылған тасты ұстайды. Сосың келесі екі тас осылай едеңнен көтеріледі.

Үшінші әрекет. Тастар жанжаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, енді едеңнен үш тас көтеріледі. Екіншеде қалған бір тас көтеріледі.

Төртінші әрекет. Бүкіл тастар қолда. Біреуі жоғары лақтырылады, қалғандары едеңге қойылады, ал лақтырылған тас қолға ұсталынады. Кейін біреуі жоғары лақтырылады, едеңнен төрт тас көтеріледі және лақтырылған тас ұсталынады.

Бесінші әрекет. Бір тас жоғары лақтырылады, қалған төрт тас қолда болады. Ойнаушы лақтырылған тасты ұстағанша, көрсету саусағымен 3 рет немесе 5 рет (келісім бойынша) едеңге тигізеді.

Алтыншы әрекет. Төрт тас тік төртбұрыш бұрыштары бойынша (20х20см жақын) орнатылады. Біреуін жоғары лақтырып жіберіп, ойнаушы бүкіл жердегі тастарды жинап алып, лақтырылған тасты лақтырған қолмен ұстап алу керек.

Жетінші әрекет. Тастар жанжаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, қалғандары бір-бірден, басқа қолдын алақанына жиналады және лақтырылған тас лақтырған қолмен ұсталынады.

Сегізінші әрекет. Тастар жанжаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, бір тас едеңнен көтеріледі және лақтырылған тас ұсталынады. Ойнаушының қолында екі тас болады. Біреуін ойнаушы жоғары лақтырады, ал екіншісін едеңде жатқанымен ауыстырады және лақтырылған тасты ұстап алады. Осылай лақтырып, ол тастарды бір жерге жинайды. Ақырғы тасты лақтырып ұстаумен төрт тасты қолға жинайды.

Тоғызыншы әрекет. Бірінші әрекет жасалынады, бірақ лақтырылған тасты ұстаған кезде қалғандары бір-біріне соғылмау керек.

Оныншы әрекет. Бірінші әрекет жасалынады, бірақ лақтырылған тасты ұстаған кезде ол едеңнен тасқа соғылу керек.

Он бірінші әрекет. Сол жақ қолмен үлкен және ортаңғы саусақтарға тіреліп ойнаушы арықты жасаған сияқты. Оң жақ қолмен сол жақ қол арқылы тастарды лақтырады. Біреуін тандап, сол жақ қол арқылы жоғары лақтырады, сосың «арық» арқылы өткізеді. Осы әрекетте ереже бар: ойнаушы лақтырылған тастан басқа тағы бір – «үлкен» («нәби») тасты тандайды. Бұл ең алыс немесе ең жақын тас болуы мүмкін, бұл туралы ойын алдында келіседі. Ол «арықтан» ең соңғы болып өткізіледі.

Он екінші әрекет. Алдынғы бүкіл әрекеттерді бітіріп, ойнаушы өзіне екі әдіспен ұпайлар қосады.

Бірінші әдіс: бес тасты жоғары лақтырады, сосың оларды алақан сыртымен ұстайды, тағы да бір рет лақтырады және оларды үстінен ұстайды. Әрбір тас 10 ұпайға бағаланады. Егер ойнаушы бүкіл бес тасты ұстаса, онда ол елу ұпай алады.

Екінші әдіс: ойнаушы қолын сыртқа шығарып, бүкіл тастарды жоғары лақтырады, сосың алақанын ашып, оларды астынан ұстайды. Әрбір тас үшін 10 ұпай алады.

Ережелер: 1. ойнаушылар тастарды едеңнен алған кезде, басқа тастарды қолмен тигізбеу керек. Егер ереже бұзылса, ойынды келесі ойнаушы жалғастырады.

2. әрқашан ойнаушы қай жерде қателесті, сол жерден ойынды жалғастырады.

«Түйілген орамал»

Ойынға мектеп жасындағы балалар қатысады. Бұл үшін ортасынан байланған ақ орамал керек.

Ойын жазылуы. Қатысушылар шеңберге тұрады. Ойынды басқарушы немесе жүргізуші бастайды. Шеңбер ішінде орналасып, ол орамалды әркез ойнаушаға лақтырады және өзі сонын артынан қуалайды. Орамалды ұстағаннан кейін, ойнаушы орамалды басқарушы (жүргізуші) ұстап алмастай басқа ойнаушыға жылдам беру керек. Ойнаушылар орамалды әр уақытта бір-біріне бере береді. Орамалды жіберіп алған жүргізуші болады. Жүргізуші орамалды өзі ұстап алып, жаңа жүргізушіні қоя алады. Ойын біткеннен соң орамалды бір ретте түсірмеген ең жақсы ойнаушылар белгіленеді.

Ережелер: 1. ойнаушылар орамалды тек үстінен ғана береді. Бұл ережені бұзған жүргізушімен рөлімен ауысады.

2. орамалды берген кезде ойнаушылар шеңберден шықпау керек, содықтан оны белгілеп қою керек.

3. орамалды лақтыруға да болады. Егер жүргізуші ұстап алса, онда оның орнына кім лақтырды, сол барады.

«Жаяу көкпар»

«Көкпар», көк қасқыр, көк бөрі деген сөзден шыққан. Қасқыр көшпенділі-шаруалардың бірінші жауы болғандықтан, олар бұрында көбінесе қасқыр аулауға шығатын. Сәтті аулаудан келе жатқанда, олар кім бірінші ауылға өлтірілген аңды әкелетін жарысуын жасайтын. Бұл жарыс кейін ұлттық ойын «көкпарға» ауысқан, қайда іскерлік, батылдық, бәйгедегі күш және басқа салт атты түрлерінде символизацияланған.

Ойын орыны – спорт немесе жасыл алаң. Қатысушылар саны 10-нан 30-ға дейін жетеді. Ойнайтын орта және үлкен жастағы мектеп оқушылары. Ұлдар және қыздар бөлек ойнайды. Ойын үшін «көкпар» (нығыздалған доп) керек.

Ойын жазылуы. Алаңның бір жағында сөре сызығы сызылады (немесе белгіленеді). Бұған 50м қашықтықта параллельді сызық өткізіледі, қайда «көкпарды қояды». 500-1000м-де мәре сызығы орналасқан.

Ойнаушылар екі құрамаға бөлініп, біреуі арқылы сызық бойымен тұрады. Басқарушының сигналы бойынша бәрі алға «көкпарға» қарай жүгіреді. «Көкпарға» ие болған әрі қарай жүгіреді. Бұны, қуып жеткен «көкпарды» алып қойып, әрі қарай жүгіре береді. Әрқайсысы алдында «көкпармен» жүгіріп келе жатқанды қуып жетіп мәре сызығына дейін жылжиды. Қай құраманың ойнаушысы «көкпарды» мәре сызығына бірінші әкелсе, сол құрама жеңімпаз аталынады.

Ережелер: 1. «көкпарды» бірінші алған ойнаушы өзінің құрамасынан ойнаушыға бере алады.

2. киімінен ұстауға, итеруге және алған кезде добалдай әдістерді қолдануға болмайды.

3. егер қарсылас ойнаушыны қуып жетсе және оны қолмен тигізсе, «көкпар» оған беріледі. Құрама бойынша ойнаушыға «көкпарды» алдына қарай лақтыруға болады. Кім бірінші «көкпарды» қолмен тигізді, сол «көкпарды» алады. Күшті, жылдамдықты, ой-қабілетін дамытаты. Құралдары: сөре, мәре, «көкпар» (нығыздалған доп), алаңды белгілеу үшін борлар. 2 адам төрешілік үшін.

«Білек сынасу»

Бір қол белде, басқасы шыңтақ буынында бүгілген, үстел үстінде қарсыластын қолын алақанынан ұстап, вертикалды тұрған қалпынан, бұйрық бойынша қарсыластын қолын үстелге жатқызу керек.

Құралдар: қазақ үстелі, шыңтақ астына жастық, едеңге көрпе.

«Қандық – сандық» (тізеде тұрып күресу)


Кілем үстінде (матта) екі қарсылас тізеде тұр. Белгі бойынша олар бір-бірін иықтан ұстайды және едеңге құлатуға тырысады. Едеңді тигізген ойнаушы ұтылысқа ұшырайды. Ойын күшті дамытады.

Құралдары: маттар.

«Қамал күзету»

Ойнаушылар санынан бір «күзетші» тандалады және ол ортада орналасады. Сол жерде сауыт (қамал) орналасады. Қалған ойнаушылар шамасы диаметрі 10м шеңбер бойынша тұрып, қамалды доппен лақтырып «атады», ал «күзетші» орнын ауыстырып отырып оны шабуылдан қорғайды. Қамалға тигізген «күзетшімен» бірге өз рөлдерімен ауысады.

Ойнаушылардың минималды саны – 1 қақпашы, 1 шабуылшы, максималды ойнаушылар саны – 1 қақпашы, 3 шабуылшы.

«Жауынгер әтештер»

Жерде диаметрі 2м шеңбер сызылады және екі құрама саппен бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Капитандары тағайындалады, қайсылары шеңберге өзінің ойнаушысын жібереді. Әрқайсысы бір аяғын бүгеді, қолдарын арқасына қарай бүгіп қояды және белгі бойынша сайыс қатысушылары бір-бірін екінші аяққа тұрмауға тырысып иықпен және денесімен шеңберден итере бастайды. Қолдарын арқа жағынан алуға болмайды. Бүкілі әтештер рөлінде болғанша ойын жалғаса береді, капитандар ақырғы сайысады. Қай құрамада жеңіске жеткендер көп болса, сол жеңімпаз аталады. Егер екі ойнаушы (жұптағы) шеңбер сыртында болып қалса, онда сайыс тең деп аяқталады.

«Жылжымалы нысана»

Дайындық. Ойнаушылар, қолдары алға созылған қашықтықта шеңберге тұрады. Олардың аяқ алдарында шеңбер сызылады. Ойнаушылар волейбол доптарын алады. Шеңбер ортасына шығатын жүргізуші тандалады. Егер мекеме іші кең ойнауға рұқсат болса, онда ойнаушыларды 2 шеңберге (20 адамнан көп емес) қоюға дұрыс болады және әрқайсында ойынды өзара өткізу.

Ойын жазылуы. Допты бір-біріне лақтырып, ойнаушылар сонымен жүргізушіге тигізуге тырысады. Жүргізуші шеңбер бойынша доптан құтқарылып секіреді, жүгіреді, айналып бұрылып кетеді. Кім сызықты баспай доппен жүргізушіге тигізсе, сол сонымен орындарын ауыстырады.

5-7 минут ойыннан кейін, шеңбер ортасында бәрінен ұзақ тұрған ең іскерлікті жүргізушілер және мерген ойнаушылар белгіленеді. Егер екі шеңберде ойнап жатса, олардың арасынан сайыс өткізуге болады. Ойынды бір уақытта бастап, қай шеңберде жүргізушіге доппен жылдам тигізеді. Егер екі шеңберде жатыспен ойнаса, әрбір рет басқа құраманың ойнаушысы жүргізуші болып тұрады.

Ережелер. Аяққа немесе денесінің әрбір бөлігіне тигені саналады. Басқа тигені саналмайды. Егер жүргізушіге жерден немесе басқа бір заттан қиғыс тиіп кетсе, онда тигізілу саналмайды. Жүргізушіге допты лақтырған кезде шеңбер сызығын басуға болмайды. Егер сызық басылса, онда тигізілу саналмайды. Жүргізушіге допты лақтырған кезде шеңбер сызығын басуға болмайды. Егер сызық басылса, онда тигізілу саналмайды.

«Ордағы қасқыр»

Алаң ортасында ұзындығы 10 және иені 1м бейнеленген қасқыр шұңқырын сызады. Ойынға қатысушылардың үштен бір бөлігі шұңқырда тығылып қасқырларды бейнелейді. Қалғандары алаңның бір жағында жиналады. Бұлар «қозылар» мен «лақтар». Жүргізушінің белгісі бойынша олар қасқыр шұңқырын секіріп, алаңның басқа жағына өтеді. Осы уақытта «қасқырлар», «қозылар» мен «лақтарды» ұстап алуға тырысады. Ойын шарты бойынша «қасқырлар» шұңқыр сызығынан шығуға болмайды. Ал «қозылар» мен «лақтар» бұл сызықты баспау керек, сонымен қатар шұңқырды әрине басуға болмайды. Егер басып кетсе, ұсталынған болып саналады. «Қасқырлар» мен «қозылар», «лақтар» саны теңелсе, ойын тоқтатылады және шұңқырға ойнаушылардың басқа үштен бір бөлігі тығылады, сосың «қасқыр» рөлін ақырғы той ойнатады.

«Көтермек»

Балалар шеңберге тұрады. Екі бала өз ерігімен сайысам дегендер ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады. Ойын күшті дамытады.

«Тоғызқұмалақ»

Екі қарсылас отаулар бойынша құмалақтарды салып ойнайды. Отаулар 1-ден бастап 9-ға дейін сандармен белгіленеді. Әрбір 9 отаудың өз атаулары бар: №1-ші отау – «арт», №2 –ші отау – «тектұрмас», №3-ші отау – «ат өтпес», №4-ші отау – «атсыратар», №5-ші отау – «бел», №6-шы отау – «белбасар», №7-ші отау – «қандықақпан», №8-ші отау – «көкмойын», №9-шы отау – «маңдай» деп аталады. Әрбір отауда 9 санды құмалақ жатады. Жіребе бойынша бірінші жүретін ойнаушы өзінің әрбір отауынан құмалақтарды алып, міндетті түрде бір құмалақты қалдырады, ал қалғандарын оң жаққа қарай бір-бірден әрбір отуға салып, қарсылас жағына шығады және жүріс біткенде ақырғы отауда түскен құмалақ жұп санды болу керек. Бұл жағдайда ойнаушы бүкіл жұп санды құмалақтарды өзінің қазанына салады. Жүріс келесі ойнаушыға ауысады. Егер оның жүрісінен кейін отаудағы құмалақтар саны тақ болса, құмалақтар отауда қалады. «Тұздықты» қою үшін жүрісті дұрыс санап дайындау керек. Қарсылас жағындағы отауында екі құмалақ жату керек, бұған жүріс бойынша ақырғы болған үшінші құмалақ түссе, сол 3 құмалақты өзінің қазанына салады, ал отау «тұздық» деп белгіленеді. Осы «тұздыққа» түскен әрбір құмалақ «тұздықты» жасаған ойнаушының қазанына түседі. Егер отауларда бір-бір құмалақтар қалса, олармен де жүріс жүруге болады. Ойын ой қабілеттерін дамытады.

Құралдары: ойын тақтасы, 162 қара түсті құмалақ, шахмат сағаты, қалам және жүрістерді жазу кестесі. Жүріс жазу түрі:

  1. 7(9) : 6(10).

Бірінші сан - жүріс реті. Екінші сан - отау саны. Жақшадағы сан - отаудағы құмалақтар саны.

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

РЕТІНДЕГІ ТӘРБИЕЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

 

Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ "баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.

Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан - таяқ жүгiрту, асық, ақсүйек, темiр дәуiрiнде тараған — қарағие, садақ, бергi феодалдық дәуiрдегi, яғни үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi — ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, көршi бұғынай, айдапсал т.б. ойындарды бүгiнде бiлетiндер де, бiлмейтiндер де аз емес. Жануарлардың қозғалысына елiктеп жасалынған қозғалыстар да бертiн келе ойын бидiң арқауына айналған. "Аң аулау” билерiнiң түрлерi бiр iзге келтiрiлмеген. Дегенмен олар барлық қауымдастық мүшелерiн қызықтырғанын ескерсек, оның тартымды түрлерiнiң көп және жаттығуға икемдi болғанына күмәнданбаймыз.

Қыпшақтардың тайпалық одақтары түрiк қағанатына қосылғанда хан жақсы ма, ханды қара басты, шалма, қарамырза, сайыс, ат үстiндегi тартыс, аударыспақ, балтам тап, аударыспақ, "көк бөрi тарту” сияқты ойын түрлерi таралған. Ұлттық ойынымыздың тарихы туралы Рашид-ад дин, Низами әл-Мулк, Мосуди, Махмұд Қашқари сынды ғұламалар пiкiрлерiн қалдырған. Батыстың XIII ғасырдағы саяхатшысы Марко Поло Жетiсу жерiндегi үлкен жиында "Қыз қуу” ойыны мен "Қыз бөрi” ойынын көргенiн естелiктерiнде тамашалап баяндайды.

Ойында өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ойын-сауық — жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен татуласу немесе оны жеңу жолдарын iздестiредi. Шаруашылықтағы қимыл-әрекеттi осы биiк мақсатқа көтердi. Ойын — адам ойлану және дене қабiлетiнiң бәсекесi, қарсыласпен ашық жарыс. Оның мақсаты — жеңiске жету, ойындағы адамның қабiлет күшiнiң үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу.

Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу мазмұны сақталып қалған, сөйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалыға, ақсүйек ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде орда, тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау ойынының шiлiк, қарыс ағаш, шөлдiк және т.б. түрлерi бар. Бұл ойындарды әуелi балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер де қосылған. Таралуы жағынан ойындар ересектерден балаға мұра ретiнде жиi қалдырылған. Мемлекеттiк құрылым қалыптасқан сайын ойындар халықтық мерекенiң құрамына енген. Ойындар халықтық той-думанның оттығына, көпшiлiктiң ортақ сауығына айналды. Кез келген жыйын-той күрессiз, ат пен жаяу жарыссыз, айтыс, ән мен күйсiз, аң аулаусыз өтпейтiн болған.

Көшпендiлер табиғи күш атасы атанған. Малмен жүрген көшпелi халықтың алдымен далада, ашық алаңда, түнде ай жарығында сауық құратын ойындары қалыптасты. Жарыста адам да, оған қатысқан төрт түлiк түрлерi де сынға түстi. Солардың iшiнде бiзге мәлiмi ақсүйек, алтыбақан, айгөлек, арқантартыс, көксиыр, соқыртеке, түйе-түйе, белбеу тастау, қасқұлақ, моңданақ, ақбайпақ, түйiлген шыт, тиын салу, ақшамшық, ақсерек-көксерек, көршi, шалма, шымбике, инемдi тап, айдапсал, қарамырза, қарт-қарт, жылман т.б., сондай-ақ ат жарысы, түйе жарысы кеңiнен таралған. Жарысқа астында көлiгi бар, бiлегiнiң қарымы мықты адамдардың бәрi де қатыса алған. Өйткенi көшпендiлердiң кiшiсiнен үлкенiне дейiнгiлер әлгi аталған түрлi ойындардың тәсiлдерiн шебер меңгере бiлген. Ойынның түрлерi күнделiктi тiршiлiкте, маусымдық жиындарда тартымды орын алды. Ойын адамның жаны мен тәнiн сергiттi, өз бетiнше еңбектенуiне баулыды, топ таңдауды үйреттi.

Шаруашылық пен еңбек процесi ойынның түрлерiн көбейттi, ойынға қойылатын талапты күшейттi. Ойында қолданатын әдiстерге арнайы жаттығу керек болды. Ойын заттары мен бұйымдарына деген ұқыптылық жалғасын тапты. Ойынды өткiзу туралы келiсiм жұмыстары жанданды. Ойынды өткiзетiн арнайы кеңiстiк алаңдар таңдалды. Бiртiндеп атамекенiне және атажұрт салтына деген құрмет көзқарастар қалыптасты. Әр ойынның белбасарлары анықталды, олар көптiң құрмет-сыйына бөлендi. Ойын өнердiң түрiне, топты ұйымдастыру тетiгiне айналды. Содан ойын өнерi ұлттық әдеп-ғұрыптың қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал еттi.

Дала ойындары ашық та, икемдi. Талаптарына шартты түрде келiсуге болады. Ойын тәртiбiн ойыншылардың өздерi де, көрермен де бағалауға бiрдей мүмкiндiк алды. Ойынға төрешiлiк халықтық сипатта жүргiзiлдi. Үлкендер, ел ақсақалдары баталарын берiп, ойынның басталуына рұқсат бердi немесе жеңгендерге табыс пен шапағат тiледi. Халықтық ойындар бiртiндеп дәстүр мен еңбек мерекесiне айналды, әдет-ғұрып негiзiнде тамыр жайды, жасөспiрiмдердiң қозғалмалы ойындары ретiнде өрiс алды.

Қазақтың әдет-ғұрып ойындары халықтың бастан кешкен қилы-қилы оқиғаларын бейнелеп, баяндап бередi. Оған Наурыз мерекесiндегi ойын-сауық түрлерi дәлел болмақ. Наурыз — күн мен түн теңелген, "ұлыстың ұлы күнi”, шығыстағы көптеген көне халықтардың дәстүрiнде жаңа жыл күнi. Наурыз — наурыз ойын-сауық, спорт пен өнер тоғысқан халықтық мерекенiң думанды салты. Наурыз үлкен мен кiшiнiң, еркек пен әйелдiң, ақын мен бишiнiң, ауылдағы мен қаладағылардың спорт пен өнер саласындағы ашық жарысы. Жарыста күштiлердiң күштiсi, жүйрiктердiң жүйрiгi "жүгiрiп озады, қуып жетедi”, бiлектесiп жеңедi, сол өнерiмен ел құрметiне бөленедi.

Ойын — бiржағы, дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi, бiржағы көңiл көтеру, дем алу, бiржағы бас қосып бiрлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын-сауықтар жиi атқарылады. Той-думан, ойын-сауық адамды, ел-жұртты жаттыққа жiбермейдi, тұтастыққа, бiрлiкке тартады. Ойын-сауықта адам табиғатпен табысты, тынысын кеңейте алды, ұнатқандарымен жақындасты. Табиғи көркемдiкке қызыру, оны тамашалау көшпендiлердiң жас кезiнен қанына сiңген қасиет. Ойын - ұрпақтар өмiрiн үйлестiрудiң дәстүрлi ән-бимен өрнектелген сауық түрi. Оған қатысушылар тамаша құратын орынды, уақытты, ортаны өз ерiктерiмен iрiктейдi, оны өткiзудiң рәсiм-салтын икемдейдi. Осыдан орын мен ортаға деген әуесқойлық күшеедi. Ойыншылар тағдырластарымен, өзiмен жақындастарымен кездесiп, өзара сырласуға және жарысуға мүмкiндiк алады. Бұдан ашық мiнездiң, жарқын жүздiлiктiң лебi естiп, ән-күйдiң тоғысы жаңарып жатады. Ойыншылар — көптiң көңiлiн аулайтын өнерлiлер, өзiнiң мәртебесiн көтермелейтiн өнегелiлер. Ойын  үй мен даланың төрiнде өттi, ойыншылар — елдiң  көз алдында, көңiлiнен құрмет тапты.

Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлықтың белгiсi және көптiң басын бiрiктiрудiң кепiлдiгi, сүйкiмдi әншi мен әңгiмешiлерге мұқтаждықтың айғағы. Ойын-сауықта жалғыздық сезiм, арам ниет адамды билей алмады, ойыншы үнемi iзденiсте болады. Ондағы құдiрет -өнерпаздық, өзара түсiнiстiк және келiсiмге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы үш құдiретке тәнтi болған, сол құндылыққа жетудiң мүмкiндiгiн арнайы және үнемi iздестiрумен әуреленген.

Қазақтар әдемiлiкке әуес халық болғандықтан, оны әшекейлеудi дәстүрге айналдырған. Сол рәсiм — қыз-келiншектер мен тұяғы жерге тимес тұлпарлардан басталған. Әйелдер гауһар тастан жасалған әшекей бұйымдарды, жылтырақ, зергерлiк бұйымдарды жақсы көрген. Өздерi жiбектен, матадан, жүннен әшекейлеп тiгiлген алуан түстi өрнектi киiмдер киген. Әйелдер үшiн әсемдiкке, әдемiлiкке, әшекейлiкке әуестiк олардың қанына туа бiткен қасиет. Әсемдiк пен әдемiлiк еңбекпен келдi, оны жақсы көргендер ойын-сауыққа үйiр болады. Сондықтан әйелдердiң ұқыптылары, шыдамдылары, еңбекқорлары ойын үстiнде әсемдiкке деген тәнтiлiгi мен сезiмталдығы мен ықшамдылығы еркектерден асып түседi. Көшi-қонның барлық шаруасы мен жұмыстарын ештемеден ерiнбейтiн әйелдер мiнсiз атқарады. Әйелдер өз байлығын, әшекейiн көрсету үшiн көңiл көтеруге, әдемi мiнезiмен сүйiктi болуға тырысады, өнеге көрсетедi. Сондай сүйкiмдiлiк пен сүйiспеншiлiктi ортадан, жақын жандардан да күттi. Әдемiлiктi әнмен, шешендiкпен жеткiздi. Отбасындағы тұрмыс та, көңiл-күй базары да, негiзiнен, әйелдiң еңбегiне байланысты. Сырт қонақтар бiрауыздан: "Қазақ әйелдерiнiң бет әлпеттерiнен ақылдың белгiсiн жиi көруге болады” — деп шындыққа оралып жатты.

Ойын-сауық — тәжiрибе мен тәсiлдiң еркiндiгi, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебi, мұрат пен меженiң тоғысқан шеңберi. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзiл-қалжың бола бермейдi. Ойын-сауық қара күш көрсететiн озбырлық немесе бiреудiң намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтiмдiлiгi мен сөз өткiрлiгi, күш пен қабiлет ашық сайысатын ортада көрiнiп, дiлмарлар, шешендер, шеберлер өз мәртебесiн мойындатып жатады. Ойын серiктестi таба бiлуге, онымен тiл табысуға үйретедi. Ойында адам қарсыласының олқы жән оң жақтарын дұрыс анықтауға ерекше мән бередi, оның күш-қабiлетiн тура бағалау ережесiне ередi. Ойнаушы бәсекесi мол қарым-қатынастың тәртiбiне жүгiнедi. Әр ойынның өз тәртiбi, тәсiлi және тәжiрибесi бар. Сол тәртiп, тәсiл, тәжiрибенi бiлген адам тезiрек қалыптасады, жан-жақты жетiледi. Ойын - адамның қабiлет-қасиетiн ширататын, шымырлататын жүйелi iс-әрекеттiң көрiнiсi.

Ойын-сауықта кiсiлiк қасиет шыңдалады, адам қабiлетiнiң құндылығы артады. Әр деңгейдiң өз өнерi мен өнегесiне қызыққан шетел саяхатшылары осы қайталанбас табыстарды қанша мәртеге дәл сипаттап жеткiзе алған.

Ән-би — сауықшылардың өнерi ғана емес, теңдiк пен туыстыққа тартатын өнегелi өмiр. Ән-би сауығы қысылып-қымтырылудан арылтатын, еркiндiкке емiренушiлiк, әркiмнiң қырағылығы мен көрегендiгiне демеушiлiк ететiн ашық өнер, оның қызбалы түрi. Мысалға, әншi мен бишi, қалжыңқой не айтамын десе де, аңшы ненi атамын десе де өз еркiнде едi. Ән-би, қуаныш пен жұбаныштың бейнелi тiлi. Өнер тiлiмен орындаушы мен көрермен, жеке мен көпшiлiк өзара тұсiнiсе де, таныса да алады. Мұның бәрi де, бiржағы, сыртқы көрiнiстерге ұқсайды, бiржағы, өзiндiк кемшiлiктi жеңудiң, өзiндiк табысқа жетудiң амалды әрекетiне жатады. Осындай белсендiлiкке қазақтың балалары ерте араласқан. Ойын-сауықтары белсендiлiк - мiнездегi кемшiлiкке, жеке адам мен қоршаған ортадағы келiссiздiкке қарсылық, сондай-ақ бойдағы ебедейлiктi көрсетуге шек қоймай жан таласу. Бұл ашық та, нақты сайыс. Оған деген халықтық ықылас жоғары болды. Қолдауы басым ортада әркiм өзiнiң көргенiн, көкейiндегiсiн жеткiзуге алаңсыз әрекеттенедi. Өз қалауынша жарыстың түрi мен әдiсiн таңдайды. Ойындағының бәрi де өтпелi-төкпелi емес. Түптеп келсек, ойын тәртiпке, тапқырлыққа, туралыққа үйретедi, қалжың-әзiлден нәр алады, бас қосып жүздеспек iңкәрден серпiлiс табады.

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ОҚУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕШЕЛІКТЕРІ


Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.

Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.

Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.

Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Ж.Аймауытов: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.

Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.

Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.

Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.

Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.

Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.

М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.

Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.

Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттарды дұрыс талдауды қажет етеді.

Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.

1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;

2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.

4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.

Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.

Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Ә.Диваев: «Как киргизы развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі.

Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.

Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі.

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:

Жалпы ойындар;

Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;

Ашық алаңқайдағы ойындар;

Қыс мезгіліндегі ойындар;

Демалыс ойындары;

Ат үстіндегі ойындар;

Аттракциондық-көрініс ойындар.

Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс ғалымы А.Васильев «Игры сартовских детей» атты мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.

Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден келе жатқан дәстүрлі «Гимчук тушты бошимга» ойыны Ташкенттегі сарт балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских сартов» атты мақаласына өзбек халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері уақытында «Құстар ойынын» (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі зерттеледі.

Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Әсіресе М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған М.Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды «Казахские национальные виды спорта и игры» (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М.Тәнекеевтің аталған еңбегінде таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған, ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген.

Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді. Е.Сағындықовтың авторлығымен жазылған ғылыми монография «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда қазақ халық ойындарын жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады. Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді». М.Контарович, Л.Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде «Қояндар» (2-3 жасарларға), «Аңшы мен ит және қояндар» (4 жастағылар үшін), «Торғай мен мысық» (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген.

Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.

А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған.

Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.


ҚОРЫТЫНДЫ


Қоғамның даму ерекшеліктерін айқындайтын тарихи, әлеуметтік, мәдени салалар бойынша сараптау кезінде қазақтың дене тәрбиесі мәдениетін қоғам дамуының барлық салаларымен тығыз байланыста қарастыру ғана дұрыс қорытынды шығаруға негіз болатындығын көрсетті, себебі дене тәрбиесі қоғамдағы әрбір адамның өмірімен тығыз байланысты. Қазіргі Қазақстан жері көне мәдениет ортасы екендігін археологиялық қазбалар, ауызша және жазба деректер, тастағы белгілер, тарихи зерттеулер дәлелдеп отыр.

Ұлттық ойындар мен спорт түрлері де қазақ халқының сан-салалы мәдениетінің бір түрі ретінде даму тарихы өте ерте уақыттан бастау алатындығын көруге болады. Осы деректерге сүйене отырып ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің теориялық және педагогикалық негізі өте көне уақыттан бастау алады деп тұжырым жасауға болады, оған төмендегідей негіздер бар:

Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық тұғыдан қарастырылу деңгейін әдебиеттік деректерден қарай отырып, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

- Археологиялық қазбалар нәтижелері тарихи деректер бойынша ойындар тас ғасырларынан бастау алып, алғашқы қауымдық құрылыстан бастап адамдарды тәрбиелеу құралы ретінде көрініс бере бастайды;

- Қазақтың ұлттық ойындары деген жеке атауды қазақ халқының жеке этнос болып қалыптасу уақытынан бастау қажет;

- Қазақтың ұлттық ойындарының ғылыми тұрғыдан зерттеле бастауын ХХ ғасырдың бірінші жартысынан бастау алады деп санауға болады;

- Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, ерекшелігі адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Осындай өте үлкен дәрежеде мән беру үшін және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар;

- «Олим-пи» сөзі грек тілінен «Билеуші өлімі» деген мағынаны білдіретіндігін көрсете келіп, сол сайыстарда жеңіп шыққан адамға белгі ретінде түркілер қолына шоқпар берген, ал римдіктер басына қазіргі кездегідей ағаш жапырағынан «венок» кигізгендігін айта келіп, осы рәсімдер арқылы біз жеңімпазға жүлде беру, оған айырықша құрмет көрсету дәстүрі өте көне заманнан басталғандығын және қазақ халқында да дәл осындай дәстүрлер кеңінен сақталғандығын атап өтеміз;

- Ұлттық ойындар мен спорттың ғылыми - педагогикалық негізінің қалыптасып, ғылыми айналысқа енуі Қазақстан тәуелсіздік алуы уақытынан бастау алады деп тұжырым жасауға негіз бар;

- Кеңестік дәуір кезінде дене тәрбиесі мен спорттың педагогикасы пәнінің қалыптасуы кезінде этнопедагогикалық ерекшеліктер ескерілмегендігі орын алған;

- Қазақ халқының арасында бәске келіп, шартқа тұрып, өткізілген жарыстарды қазіргі спорттық ойындардың алғашқылары деп қорытындылаймыз, себебі осы ойындар кезінде келісілген ойын ережелері болған, оның орындалуын қадағалаушы «төреші» арнайы адамдар тағайындалған.

- Қазақ халқының арасында ұлттық ойындардың спорт түріне айналуына себепші болған және спорт ойындарының негізгі бір талабы болып саналатын жүлде беру салтының болуы. Ерте уақыттан бастап қазақ халқы арасында өткізілген қандай да болмасын жарыстар, ас беру, тойларда жеңген жаққа жүлде тағайындау оны салтанатты түрде беру сияқты дәстүр қалыптасқандығы негіз бола алады.

- Қазақ сөзінің түбірі «қаз» - тұру, тік тұру, мықты, берік тұруды білдіреді. Кішкене балалар жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар «қаз, қаз», «қаз тұр» деп тікесінен тік тұрғызады. «Қаз» -ға қосып айтылатын «ақ» сөзі – күшейтілген жалғау екендігін академик ғалым Ә. Марғұлан дәлелдейді. Осы деректерге сүйене отырып, біз қазақ халқы оның тұрмыс-тіршілігі, ерекшелігі адам денсаулығына, оның мықты, күшті болуына үлкен мән бергендігін көреміз. Адамның мықты, күшті болуына осындай үлкен дәрежеде мән беру, тіпті бір этностың атын қою үшін және оны іске асыру үшін халық арасында күшті арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ондай жүйені қазақтар пайдаланды деп айтуға толық дәлел бар.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Асылов Е.С. Ұлттық спортты насихаттау мәні. Журнал Парасат - №10. -2014 ж.- Б.8-9

  2. Беріболов Б.А. Исследование влияния изменения спортивной одежды борца казахша курес на технику и тактику борьбы. Дети и олимпийское движение. Абакан, 2013. -С.24-28

  3. Кадыров А.Б.. Организация и проведение соревнований по борьбе казақша курес и методика записи технических приемов борьбы. Депонированный реферативный сборник.- №2.- 1995.- С. 105-108.

  4. Алимханов Е. Совершенствование координационных способностей борцов. Республиканская научно-практ. конференция. II Проблемы теории и практики физической культуры и спорта: сб. научн.ст.-Шымкент, 2002.-С.15-20

  5. Асанбаев А.Б. «Шөген» - шын далалық ойын. Спорт KS - № 31. – Алматы, 2013.-Б.1

  6. Тағылымов Е.Ж.. Қазақ спорты -тәрбие бесігі. Спорт KS - № 76. -Алматы, 2003 ж.-Б.1

  7. Алимханов Е. Этноисторические корни спортивных состязаний в Казахстане. VIII Международный научный конгресс «Современный олимпийский спорт и спорт для всех». - Алматы, 2004.- С.104-106

  8. Базар А.Е. Роль народно-национальных видов спорта и игр «Спорте для всех». Сеул, 2004.- II Сборник. – С.10-14

  9. Алимханов Е. Балуанның дене-күш қабiлетiн арттыру. Алматы, «Алишер», 2004.– Б.72

  10. Алимханов Е.А., Темиров Н. Влияние кочевого образа жизни на развитие национальных видов спорта. ⁄⁄ Теория и методика физической культуры. – Аламты, 2006. - №1.– С. 62-64.

  11. Әлімханов Е.А., Худияров Ғ.Б. Көне деректің жаңа дәуірдегі көрінісі. ⁄⁄ Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. – Аламты, 2007 - №1.– Б. 55-58

  12. Тәуекел Е.А. Педагогикалық ойлар мен әсерлер және адам менталитеті // Хабаршы Абай атындағы ҚҰПУ. -№ 2.-, (26) Алматы 2010.- 124-129 бб

  13. Шағыр С. Ұлттық ойындардағы наным-сенімдер // Хабаршы ХҚТУ А.Яссауи атындағы. - Түркістан, 2018.- №2.- 76-81бб.

  14. Байсары А.Б.. «Дене тәрбиесі – салауаттылық негізі» //Хабаршы ҚХҚ ӘТУ Пед. Ғылым сериясы. - №3, 2010ж. -180-185 бб.

  15. Алимханов Е. Ұлттық ойындар мен спортты жүйелеу топтау //Абай атындағы ҚҰПУ. Хабаршы. - №3, (27).- 89-93бб.

  16. Құдайбергенов А.Қ. Ұлттық ойындар – қазақ халқының рухани байлығы. Аль-Фараби. // Хабаршы Қаз ғылымы мен өмірі.- Алматы, 2010. -№5. - 137-140 бб.

  17. Тойшыбекова А.Б. Ұлттық ойындар мен спорт – салауаттық өмір негізін қалыптастыру // Қазақстан мектебі. Биология және салауаттық негізі №5, 2010. -12-14 бб.

  18. Клещев Ю. Н. Игры народов СССР. – М., 1989. ­– 75 б.

МАЗМҰНЫ:


1

АЛҒЫ СӨЗ......................................................................................

3

2

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ

ТАҒЫЛЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................


5

3

ҰЛТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ СПОРТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ОРНЫ..

18

4

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ:

ТҮРЛЕРІ, ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ШАРТЫ.........................................


29

5

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

РЕТІНДЕГІ ТӘРБИЕЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ...........................


51

6

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ОҚУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕШЕЛІКТЕРІ....................


54

7

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................

60

8

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................

62


















63


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.03.2025
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі