Материалдар / дене шынықтыру сабағынан сабақ жоспары

дене шынықтыру сабағынан сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
жаттығулар түрлері тиімді әдістер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
348
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Акробатикалық

жаттығулар орындау

Мектеп: №47 жалпы білім беретін мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Садакбаева А.К

Сынып: 5

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.1.2.2 Қимыл-қозғалыс

комбинацияларын және олардың кейбір

жаттығулардағы реттілігін білу және

орындау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Қауіпсіздік ережесін сақтайды. Кейбір қарапайым гимнастикалық қимыл-қозғалыс комбинацияларын орындалуын түсінеді.

Оқушылар көпшілігі орындай алады: Акробатикалық жаттығуларды орындалу кезінде қимыл реттілігін орындай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Алдыға аунау, артқа аунау кезінде, қолын тіреп отырып, тізесін кеудеге жинақтай алады. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын әдіс-тәсілдерін біледі және реттілігін анықтай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Акробатикалық элементтердің қимыл-қозғалыс техникасын көрсетіп, бір-біріне айтып түсіндіре алады.

Пәнге қатысты сөздік мен терминдер: төсеніш, гимнастикалық таяқшалар, ысқыруық, уақыт есептегіш.



Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

1.Тепе-теңдік сақтау үшін қандай акробатикалық элементтерін білесін?

2.Акробатикалық жаттығуларды жасар алдында қандай жест қолданасын?



Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Олипиадаға қатысқан Қазақстанның атақты гимнасты кім?

2. Акробатикамен неше жастан шұғылданған дұрыс?



Не себепті .....деп ойлайсыз? Алға артқа аунағанда қолды тіреу тиімді


Жоспарланған уақыт

40 минут

ишара

Мақтау, мадақтау, қолпаштау, қошеметтеу

Алдыңғы оқу

Қауіпсіздік техникасы.

Кешенді жалпы дамыту

жаттығуларының

негізін құру немесе спорттық ойындар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Басы

Сапқа тұру, рапорт қабылдау, сәлемдесу. «Жылдам сұрақ» әдіс арқылы сұрақтар қою?

1.Тепе-теңдік сақтау үшін қандай акробатикалық элементтерін білесін?

2.Акробатикалық жаттығуларды жасар алдында қандай жест қолданасын?

Белсенді оқушыларды мадақтау. Шапалақтау.

Қатардағы жаттығулар.

Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде

өкшемен жүру.

Жеңіл жүгіріске көшу .

Екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру, аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру.

Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

Жылдамдыққа жүгіру

Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді

қалпына келтіру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулар.

Гимнастикалық таяқшалармен жасалатын жаттығулар.

1. Негізгі тұрыста таяқты төмен көлденең ұстап тұрып: бір аяқты артқа қоюмен бір мезетте таяқты сол қалыпта жоғары көтеру.

2. Негізгі тұрыста таяқты иыққа көлденең ұстап тұрып: бір аяқты жанға қарай ұшымен қойып, солға қарай қисаюмен бір мезетте таяқты жоғары көтеру және осыны оңға қарай қисаю арқылы орындау.

3. Аяқты алшақ қойып, таяқты кеуде алдында көлденең ұстап тұрып: кеудені бір жанға қарай бұрып, сол жақтағы қолды соза көтеру.

4. Негізгі тұрыста таяқты төмен көлденең тұрып: таяқты жоғары біртіндеп көтере жүрелеп отыру, содан кейін таяқты бастан асыра арт жаққа шығару.

5. Таяқты алға көлденең қалыпта созып ұстап тұрып: басты шалқайтып қарау, бір аяқпен таяқтан аттап асу және кері қарай өту.

6. Алақанға таяқты тік қойып тұрып: тепе – теңдікті сақтай отырып бос қолды еденге жеткізу.

7. Бұл да сондай, бірақ тізерлеп отырып, қайта тұру.

8. Бұл да сондай, бірақ отырып, қайта түрегеледі.

9. Етпетінен жатып, таяқты екі қолымен жоғары көлденең ұстаған қалыпта лақтырып, қағып алу.

10. Таяқты горизонталь қалыпта ұстап отыру: аяқты бүгіп, артқа қарай бүкірейген арқасымен жата қалып, таяқты аяқтың үстінен асыра өткізіп отыру қалпына келу (таяқ аяқтың астында болады), алдыңғы тәсілмен таяқты аяқтың үстіне шығару.















Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау.











Кейбір жаттығуларда қол тізе дене түзу болу керек.

Ортасы

Сапқа тұрғызу, тақырыпты баяндау.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы

1. Олипиадаға қатысқан Қазақстанның атақты гимнасты кім?

2. Акробатикамен неше жастан шұғылданған дұрыс?


Оқушыларды топқа бөліп келесі тапсырмалар берілді .Осы тапсырмалар арқылы айналмалы жолмен орындайды. Оқушылар деңгейлеріне байланысты жаттығуларды орындайды. Жаттығуларға сипаттама беремін.


Алға қарай домалап түсу - денені жинап, жиырып алып аударылып түсу деген сөз. Аударылып түсу түрлерінің ең қарапайымы қолды тіреп отырып, алға қарай аударылып түсу. Ол үшін төмен жүрелеп отырады да , екі аяқты сәл алшақ ұстап, екі тізені екі жаққа жіберіп, екі қолды екі аяқтың сырт жағынан еденге тіреген қалыптан бастайды: денені және қолды бүге отырып, басты еңкейте тізеге тақап, аяқпен сәл демеп аударылып түседі.


Артқа домалау - Артқа қарай домалап асып түсудегі жиелілікті шалқадан жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа серпілуден бастаған дұрыс. үйрену жүйесінің келесі кезеңі – жүрелеп отырудан артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп тізерлеп отыру, домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін жоғары секіру; артқа қарай қатарынан екі-үш рет домалап асып түсу.



Шынтақты жерге тіреу арқылы жауырынға тұру. Шалқалап жату қалпынан аяқтың ұшын бастан асыра еденге тигізуге тырыса отырып, бел еденен көтерілген кезде алақанмен мықынды қаусыра ұстап, қолды белге тіреу керек және қолды шынтақтан түсіріп, оны дененің астына қарай көбірек жіберіп, одан кейін аяқты жоғары қарай созады да, шынтақты тірей көтерілу арқылы жауырынға тұру қимылы орындалады. Жауырынға тұру тәсілін орнықтыра түсу үшін аяқпен мынадай әр түрлі қимылдар жасау орыныдалады: аяқты бүгу, аяқты алшақ ұстау, бір аяқты алға,екінші аяқты артқа қарай жіберу және т.б.


Қимыл-қозғалыстың кешенді жаттығуларын орындай алады.

1 кесте бойынша бағаланады.

Бағалау критерийі

1.Қимыл-қозғалыс комбинацияларын, реттілікпен

орындайды

2.


Дескриптор

- қолын тіреп отырып, тізесін кеудеге жинақтайды;

- гимнастикалық төсенішке жатып, аяғын кеудесіне

жинақтайды;

- алақанын бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұстап, тез отырып

топтастырады;

- гимнастикалық төсенішке жатып, тез арада отырып

топтастырады;

- гимнастика жаттығуларын реттілікпен орындайды.

Саралау

Қабілетті және қабілеті төмен оқушылар деп саралаймын

Қабілетті оқушылар кешенді жаттығуларды орындай алады.

Қабілетті төмен оқушылар қарапайым акробатикалық жаттығуларды орындайды. Алдыға аунау, артқа аунау жауырынға тұру.































Қ.б жинақ 18 б

Соңы




Ағзаны қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары.

Сапқа тұрғызу.

«Білгенге маржан әдісі» арқылы өздерінің тапсырмаларды орындау кезінде алған әсерлерін білдіреді.Ойларындағы сұрақтарын қояды.

Сабақты қорыту.

Оқушыларды бағалау

Екі топтың оқушыларына стикер таратамын.

Қарсылас командаға өз тілектерімен ұсыныстарын стикерге жазып татулық жүрекшесіне жапсырып кетеді.


Қосымша ақпарат


Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Қабілетті оқушылар кешенді жаттығуларды орындай алады.




физика, тарих, биология

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қортынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты)

1.


2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді( оқыту мен оқуға қатысты)?

1.


2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.


2.







Кесте 1 Бағалау парағы



Аты- жөні.

Артқа, алдыға аунай алады

Шынтақты жерге тіреу арқылы жауырынға тұра алады

Акробатикалық қимыл-қозғалысын орындайды

770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ