Сапқа тұрғызу,
тақырыпты баяндау.
«Миға шабуыл» әдісі
арқылы
1. Олипиадаға
қатысқан Қазақстанның атақты гимнасты
кім?
2. Акробатикамен
неше жастан шұғылданған
дұрыс?
Оқушыларды топқа бөліп келесі
тапсырмалар берілді .Осы тапсырмалар арқылы айналмалы жолмен
орындайды. Оқушылар деңгейлеріне байланысты жаттығуларды орындайды.
Жаттығуларға сипаттама беремін.
Алға қарай домалап түсу - денені жинап, жиырып
алып аударылып түсу деген сөз. Аударылып түсу түрлерінің ең
қарапайымы қолды тіреп отырып, алға қарай аударылып түсу. Ол үшін
төмен жүрелеп отырады да , екі аяқты сәл алшақ ұстап, екі тізені
екі жаққа жіберіп, екі қолды екі аяқтың сырт жағынан еденге тіреген
қалыптан бастайды: денені және қолды бүге отырып, басты еңкейте
тізеге тақап, аяқпен сәл демеп аударылып
түседі.
Артқа домалау - Артқа қарай домалап
асып түсудегі жиелілікті шалқадан жатып, қолды иықтан асыра тіреу
арқылы артқа серпілуден бастаған дұрыс. үйрену жүйесінің келесі
кезеңі – жүрелеп отырудан артқа қарай домалап асып түсу арқылы
қолды тіреп тізерлеп отыру, домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып
тіреп тұру; артқа қарай домалап түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан
кейін жоғары секіру; артқа қарай қатарынан екі-үш рет домалап асып
түсу.
Шынтақты жерге тіреу арқылы жауырынға
тұру. Шалқалап жату қалпынан
аяқтың ұшын бастан асыра еденге тигізуге тырыса отырып, бел еденен
көтерілген кезде алақанмен мықынды қаусыра ұстап, қолды белге тіреу
керек және қолды шынтақтан түсіріп, оны дененің астына қарай
көбірек жіберіп, одан кейін аяқты жоғары қарай созады да, шынтақты
тірей көтерілу арқылы жауырынға тұру қимылы орындалады. Жауырынға
тұру тәсілін орнықтыра түсу үшін аяқпен мынадай әр түрлі қимылдар
жасау орыныдалады: аяқты бүгу, аяқты алшақ ұстау, бір аяқты
алға,екінші аяқты артқа қарай жіберу және
т.б.
Қимыл-қозғалыстың
кешенді жаттығуларын орындай
алады.
1 кесте бойынша бағаланады.
Бағалау
критерийі
1.Қимыл-қозғалыс
комбинацияларын, реттілікпен
орындайды
2.
Дескриптор
- қолын тіреп
отырып, тізесін кеудеге
жинақтайды;
- гимнастикалық
төсенішке жатып, аяғын
кеудесіне
жинақтайды;
- алақанын
бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұстап, тез
отырып
топтастырады;
- гимнастикалық
төсенішке жатып, тез арада
отырып
топтастырады;
- гимнастика
жаттығуларын реттілікпен
орындайды.
Саралау
Қабілетті және
қабілеті төмен оқушылар деп
саралаймын
Қабілетті оқушылар
кешенді жаттығуларды орындай
алады.
Қабілетті төмен оқушылар
қарапайым акробатикалық жаттығуларды орындайды. Алдыға аунау, артқа
аунау жауырынға тұру.
|