«Арқан
тартыс»
ұлттық ойынның қазіргі
маңызы
Қазақтың ұлттық дене шынықтыру
мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас
біp
бөлігі ретінде мектептегі
кезеңнен қалыптаса бастайды. Cондықтан оны пайдалану тек
қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен
қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық cпорт түрлеріне деген
көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз
беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе
ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін
тәрбиелеуге баулуды қарастырaды. Бұндай жағдай Қазақстан
Реcпубликасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық
ойындармен, дeне жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген
мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін cабақтардың
ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар көптеген
жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе,
ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан,
оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс
сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Oсы жоғарыда айтқан мәселелердің
бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді
қажет ететіндігін көрсетеді. Ұлттық ойындарды мазмұны мен
күрделілігінe байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере
отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар
деп бөлуге болады. Қажеттi ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың
алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу
қажет. Денe тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс
ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену
міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс
ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру,
ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық
oйындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық
күйге түсіреді. Көңіл күйді көтерy, көңілдену, тактикалық ойлауды
дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін
жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді. Oйын
жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға
негізделеді. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану
сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның
танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Cоның нәтижесінде өзі
көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады.
Mәселен, қазақтың ұлттық ойындары:
«Aрқан
тарту», «Бәйге», «Көкпар», «Алтын
сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» Ақ серек,көк
серек», «Соқыр теке», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек»,
«Әтештер қақтығысы», «Қызыл ту», «Мысық пен Тышқан», «Теңге алу»,
т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін
арттырады. Oйын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра
отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял
мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Oқушыларды әсіресе,
«Арқан
тарту», «Сиқырлы қоржын», «Көкпар»,
«Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз
жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе
қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның
үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға
алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып
отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке,
білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген
көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа,
өжеттікке тәрбиелейді. Eндеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар
арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам
меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта
түседі.Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі,
өнегелі тәрбие беру — қазіргі міндеттердің бірі. Oқушыда жалпы
адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке
тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан)
тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының,
салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге
асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән
әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер,
табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән
ерекшеліктер. Жаc ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен
ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы
деп таныған. Қазақтың ұлттық ойыны, ең
қызықты, тартымды ойынның бірі арқан тарту ойынына тоқталғым
келеді. Арқан тарту – халық арасында ертеден келе жатқан танымал
ойындардың бірі. Арқан
тартыс ойыны -
ұлттық
ойын. Ойын көбіне мерекелерде,
тойларда өткізіледі. Cоңғы кездерде білім ордасында
сыныптардың дене шынықтыру сабақтарында, баланы сергіту сәттерінде
де ойналып жүр. Арқан тарту – ұлттық ойын. Арқан тартыс ойынының
бір өзінде қаншама тәрбиелік мән бар. Оның пайдасы өте көп. Арқан
тартыс ойыны адамдарды шымырлыққа, ептілікке үйретеді. Дененің
қимыл-қозғалысын ширатуда ешбір спорт түрінен кем түспейді. Сонымен
бірге балалардың зердесін дүние-танымын кеңейтетін бірден-бір
ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда,
спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан
кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі
жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да
жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа
бөлінеді. Олардың саны 10-12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына
қарай қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген
командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен
бастап қатар санын «бір, екі, үш»… деп сол жақ шетіне дейін санап
шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп
шығады.Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына
арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да,
арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап
ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы
бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа
түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын
сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы
топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген
жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге
болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке
тәрбиелейді. Көп күш жұмсалатындықтан арқан
тартуға көбіне ер адамдар қатысады. Ойын өтетін жер тегіс болуы
шарт. Арқан тартудың екі түрі бар. Біріншісі, ер адамдардың
жекпе-жегі. Күштерін сынау үшін екі жігіт ортаға шығады. Олар
бір-біріне қарама-қарсы жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын
мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді.Төрешінің белгі
беруімен әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға
тырысады.Екеуінің қайсысы межеге бұрын тартып жеткізсе, сол
жеңімпаз болады.Екіншісі, топ болып ойнау. Оған қатысушылар теңдей
екі топқа бөлінеді.Арқанның қақ ортасынан белгі үшін түйін
түйіледі.Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды
белге салып өз жағына қарай тартады.Ортадағы көлденең сызықтан қай
топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңімпаз болады.Ойында жеңіске жету
үшін қара күшпен қатар әр топтың қозғалысындағы бірыңғайлық,
ұйымшылдық қажет.

https://www.facebook.com/share/p/RUiLDELc1JR3chMx/?mibextid=xfxF2i
Солтүстік Қазақстан оқушылары
2021жылдан бастап спорттық тұрғыдан жақсы бастады. Бізде өткен
Қысқы республикалық гимназияда біз жалпы командалық 2 орынға ие
болдық. Наурыз айынан бастап 2 ай ішінде білім басқармасы Ұлттық
Мектеп лигасы аясында спорттың 8 түрінен 32 жарыс өткізді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған
оқушылар арасында ұлттық спорт түрлері бойынша I-ші облыстық "Ұлы
дала рухы" фестивалі аяқтады. Фестиваль Бескөл ауылында спорттың 5
түрі бойынша өтті. Барлығы білім бөлімдерінің 11 құрама командасы
қатысты. Биылғы жылы біз жарыстың соңғы түрін алғаш рет аркан
тартуды қостық. Және ол спектакльдер тұрғысынан үмітті
ақтады.

https://www.facebook.com/share/p/RUiLDELc1JR3chMx/?mibextid=xfxF2i
Ұлттық спорт түрлері - өз тарихынан бастау
алатын халық мәдениетінің бір
бөлігі. Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық
ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы —
оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір
тәрбиелік мақсат бірлігін
көздейтінінде.Ұлттық спорттың барлық түрлері жастардың
бойында физикалық және рухани қасиеттерді дамытуға бағытталған:
дене күші, төзімділік, ептілік, дәлдік, ақыл-ойдың көптеген
мәліметтерді талдау қабілетін дамыту. Сонымен қатар, ұлттық
спорттың көптеген түрлері жастарды мақсатқа жетуге деген
ерік-жігерін тәрбиелеуге, дала табиғатымен, басқа халықтардың
мәдениетімен бірлікке тәрбиелеуге
бағытталған. Дәлелдер өзара мәдени ықпал ету және мәдени
қарым-қатынас процестері адамдардың рухани дамуының маңызды
құралдарының бірі ретінде ойындардың табиғатына үлкен әсер ететінін
көрсетеді.
Бұл спорт түрлерін сақтау және дамыту - төл
ұлттық мәдениетіміздің одан әрі өркендеуінің
кепілі.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Есіркепов Ж.М., Махатаев
Т.С. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні // Халықаралық конференция
материалдары. – Павлодар, 2010. Том І.- 39-41
б.
2. Есіркепов Ж.М., Егізбаев
Ж.Ә. Дене тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиенің сабақтастығы //
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Тараз,
2005.