Материалдар / Дене тәрбиесі пәнін дамыта оқытуда эстетикалық тәрбие үрдісін жетілдіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дене тәрбиесі пәнін дамыта оқытуда эстетикалық тәрбие үрдісін жетілдіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада дене тәрбиесі арқылы әдемілікке тәрбиелеу туралы айтылады. Болашақ мұғалімдердің ұйымдастырушылық және басқарушылық қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2024
116
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

С.А. Шегенбаев

Майдантал жалпы орта мектебі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Түркістан, Қазақстан Е-mail: Shegenbaev76@mail.ru

Дене тәрбиесі пәнін дамыта оқытуда эстетикалық тәрбие үрдісін жетілдіру

Резюме

Бұл мақалада дене тәрбиесі арқылы әдемілікке тәрбиелеу туралы айтылады. Болашақ мұғалімдердің ұйымдастырушылық және басқарушылық қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылған.

Summary

This article discusses the education of beauty through physical culture. The problems of the formation of organizational-managing qualities of future pedagogues are considered.

Қазіргі танда бастауыш сынып балаларының эстетикалық көзқарас- тарын тәрбиелеу — алғашқы күннен зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселе. Жасөспірімдердің эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған үрдісі. Жасөспірім дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы адам денесіне тән және жан сұлулығын та ниды. Мектептерде эстетикалык және дене тәрбиесін ұйымдастыру

  • арнайы бағыттағы тәрбие жұмыстарының жалпы атауы, мақсаты

өмірде эстетикалық қатынасқа баулу: еңбекке, қоғамдық іске, табиғатқа, өнерге, өз қылығына деген қатынасты таныту. Бұл тәрбиенің басты міндеті эстетикалық түсінікті, бағалауды, талқылауды таңдау қабілетін дамыту. Мектептің қазіргі басты бағыттарының бірі жалпы оқушыларды адамзаттық құндылықтарға негіздей отырып, тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие — жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлшегі. Олай болса бұл үрдіс балаға ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраны меңгертіп, сол арқылы осы заманғы руханиятқа бағыттайды. Мектеп педагогикалық ұжымының бастауыш сынып оқушыларына берген мінездемесі, психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері не- гізінде ғылыми сипаттама жасау біріншіден, жасөспірімдердің жеке тұлғасының сапалық қасиеттерін анықгау үшін; екіншіден, мектеп- ке енгізілген білім беру мазмұнымен педагогикалық мақсаттарды анықтау; үшіншіден, осы мақсаттарды жүзеге асыратын, жетістікке жеткізетін педагогикалық технологияны таңдау үшін қажет.

Эстетикалық тәрбие бұл бала бойында әсемдік, сұлулық, өмірге қызығушылық сезімдерін дамытады. Адам әсемдікті сезіну арқылы өз өмірін сұлулық заңымен құруға ұмтылады. Эстетикалық тәрбие дене тәрбиесімен тығыз байланысты. Табиғатқа, әдебиетке, театрға, музыкаға, поэзияға, көркем сурет және т. б. өнерге деген сүйіспеншілік адамның жан-жақты саналы дамуына әсер етеді. Жеке тұлғаның қалыптасуында эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Әсемдік рахаты әр адамды жақсылыққа, ұжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді. Дене тәрбиесі сұлулықтың көп элементтеріне арқау: дене дамуының үйлесімі, жүріс-тұрысы, адам мінезі, ойлау мәнері, т. б.

Әсемдік тәрбие істеріне байланысты оқушылар эстетика теория- сы білімдерін меңгеруі тиіс. «Эстетика» категориясының ең негізгісі

  • әдемілік, әсемдік категориясы. Әсемдік — бұл өмірдің өзі, бұл та- биғат және адам қарым-қатынасы мен оның еңбегінің жемісі.

Дене тәрбиесі басқа пәндер сияқты мұғалімнің шеберлігін таңдау барысында білім мен қабілетті қажет етеді. Бұған қозғалыс ойындары, таңертеңгі жүгіру, әр түрлі спорт шынығулары кіреді. Мұғалімдер дене тәрбиееі жаттығуларын ұйымдастыру мен бірге эстетикалық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы. Осыған орай мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін арттыру үшін мына міндеттерді білуі қажет:

    • жалпы білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің мазмұнын және эстетикалық тәрбиелеудің мәнін ашып көрсетуі;

    • мектеп оқушыларының дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруға және де әдістерін дұрыс пайдалануға үйретуі керек .

Мұғалімдердің дене тәрбиесі мен мамандандыру бағыты оқу ор- нында атқарылатын оқу-тәрбие әрекеттері мен болашақ жұмыс кон- тингенті арқылы анықталады. Яғни бастауыш сыныптарды оқыту факультетіндегі студенттердің сабақтарының мазмұны мен формасы дене тәрбиесі пәні мен әдістемесі арқылы белгіленеді.

Біз дене тәрбие сабағында мына терминдерді қолданамыз.

Егер «теңел» дегенде жаттығушылар басты оңға бұрады, аяқтың ұшы бір сызық бойында болуы тиіс. «Еркін тұр» дегенде қатарда тұрғанда бір аяқты тізеден бүгіп қол бос тұрады, аяқ иық кеңдігінде, қол артта. «Оңға бұрыл» — оң аяқтың өкшесімен, сол аяқтың ұшымен бұрылады. Қозғалыс өзгермейді. «Солға бұрыл»

  • сол аяқтың ұшымен, оң аяқтан бұрылады, қозғалыс өзгермейді.

«Тік тұр» қол жанда, бас тіке қарайды, өкше бірге. «Сап түзе»

  • осы бұйрық бойынша жаттығушылар қатарға тұрады. «Кері бұрыл» сол аяқтың өкшесімен, оң аяқтың ұшымен айналады.

«Жүгір» жүріп келе жатқанда бір орнында тұрған кезде орын- далады, қолды еркін ұстайды. Ұзақ үзілістерде еркін қимылдайтын гимнастикалық жаттығулар, ырғақты би әуенмен сүйемелденеді. Дене жаттығулары сабақтарының басқа да түрлері арнайы жоспар- ларымен, бағдарламаларымен ұжымға лайықты етіп жүргізіледі. Мектептерде дене тәрбиесін оқытуда балалардың ой-сезіміне әсер ететін жаттығуларды қолдану олардың іс-қимылын ширатады. Ұстаз оқушылар алдында саяси жағынан сауатты, жан-жақты білімді болуы керек. Мұғалім дене шынығуларын жүргізу кезінде оқушылардың психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін түсінетін сезімтал психолог болуы керек. Белгілі ғалым Лесгафт «дене тәрбиесі адамның физиологиялық жағынан дамуын қалыптастыратын педагогикалық жүйе» деп көрсеткен

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!