жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Д.Исабекұлының «Әпке» драмалық шығармасы ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласы
« №7«Тұран» мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Нұрбек Ұлжалғас
8-сынып
Тақырыбы:
Д.Исабекұлының «Әпке» драмалық шығармасындағы күрделі сөздер
Бағыты:Қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша
Секция:Қазақ тілі мен әдебиеті
Ғылыми жетекшісі:Турсынбаева Мейрамкуль
Жетісай қаласы 2019 ж
Мазмұны
Кіріспе……..
Күрделі жанрдың жауынгері
1-тарау.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер табиғаты.
2-тарау.
Д.Исабекұлының «Әпке» драмасындағы қос сөздердің семантикалық сипаты.
3-тарау.
Драматург шығармасындағы кейбір күрделі сөздердің (біріккен,кіріккен сөздердің) қолданылу ерекшеліктері.
Қорытынды.
Ұлттық әдебиетіміздің мақтанышы
КІРІСПЕ
Күрделі жанрдың жауынгері
Өз заманымыздағы өмір ағысына қатысты тақырыптарды ғана сөз етпей, келер ұрпақтың сұранысын өтей алатын көркемдік –эстетикалық және азаматтық , ұлттық құндылықтарды өнер өзегіне айналдыра отырып ,Мәңгілік мұра жауһарын тудырушы кемеңгер тұлғалар ғана көркемөнер тарихында қалары хақ .
Әр жазушының көркемдік жағына , олардың еңбектерін күш салғанымыз жөн сияқты .
Қазіргі адамдар өмірімен тұспа –тұс көрініп жатқан шығармаларға кей адам көңіл аудара қоймас . Қоғамдағы тоқырау мен нарықтық жағдайдың қайшылықтары мен ақиқаты айқындалмай жатқан кезде , суреткер жай -күйіне әсер етпей қоймайды .
Кезең қайшылығын да , қасіретін де ішке бүккен , үнсіз тығып жатқан уақыт . Өмір сүрген қоғамында болып жатқан оқиғалардың баршасы жазушы жүрегі арқылы өтеді десек ,көркем сөзден алғашқы қадамын осы кезеңмен бастап , толысуы да осы уақытқа сәйкес келген қаламгердің қандай қиямет ой кешуінен өткенін түсінген абзал . Нақ қазіргі кездегі қазақ әдебиетінде ерекше көзге түсер бір жазушы болса ол - Д.Исабеков . Талантты қаламгерге тән жазу мәнері бар. Көркем әдебиеттің басты және бірден – бір обектісі адам екенін әуел бастан ұғынған жазушының өмірді зерттеушілік қабілеті , адам жанының терең сырларын қапысыз танып білетін зерделігі байқалады. Ол таңдап алған көркемдік бағдар қарапайым адамдар көкірігіндегі құпия сырлар мен құпияларды ашуға ұмтылған суреткерлік нысана сол әңгімелерден-ақ айқын байқауға болады Біз соның ішіндегі біз таңдаған «Әпке» драмасын ғана атағымыз келеді .
Қазіргі танымал әйгілі жазушы-драматургіміздің туындылары оқырмандары мен көрермендерін елең еткізіп , үлкен үміт пен армандарға жетелейді .
Драматургиялық шығармаларынан тағдыры ортақ замандастарымыздың бейнесін берудегі жазушы шеберлігін айқын көре аламыз .
Жалпы Д. Исабековтің әдеби шығармаларының ең басты объектісі –адам, оның ішінде заман адамы . Кейіпкерлері жүрек дірілінен , жан тынысымен , ісімен, ойымен күнделікті өмірде өзімізбен қоян- қолтық кездесіп жүретін жандар. Бұл туынды драма болғандықтан , кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс- қимылдары , интонация мен сезімге толы болып келеді .
Драма (грекше drama – қимыл -әрекет ) сахнаға арналған оқиғаны , оған қатысушы кейіпкерлердің іс- әрекетін , көңіл- күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығарма . Драмаға оқиғаны қызу тартысқа құрып , мейлінше шиеленістіріп шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану – айрықша тән қасиет . «Әпке» драмасы 2 бөлімнен тұрады .(1977жыл)
М . Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасынан 30 жыл бойы түспей келеді . Кейіпкердің жеке қалып айтатын сөзі (монолог), бір- бірімен өзара сөйлесуі (диалог)-бұлар оның характерін , басқа адамдарға өмірдегі әр түрлі жағдайларға қатынасын , қоғамдық мәселелерге көзқарасын сипаттаудын басты тәсілі .Біз болып жатқан , болып өткен оқиға- жағдайларды кейіпкердің айтуынан біліп , солардың көзімен көріп,хал- жағдайын, сағыныш , қуаныш- қайғыға берілуінен ,ойлау сезімінен аңғарамыз.
Сөйтіп ,драмалық шығармада жеке адамның ойлану – сезінуін терең көрсететін лирикалық тәсілмен тұтас бір шиеленіскен оқиғаны баян ететін эпикалық жанрға тән көркемдік тәсіл қатысып , ұштасып жатады .Басты кейіпкер-Қамажай,алдынан өмірде кездескен қиыншылықтарды көтере білген, бауырмал әрі мейірімді, қамқор жан туралы айтылады.Драмада Қамажайдың өмірге құштар,өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өмірі жайлы ойлауды қояды.Қамажай - бауырларының бақыты үшін өз мүддесін ойламаған жан.Бауырлары үшін жұмысқа тұрмаған,үйдің тірлігі, бауырларын күтуі,керек десеңіз,өзін сүйетін Қабеннің үйленейік дегеніне қарсы болды.
--...ол қиын сияқты,бауырларымды қиып тастай алмаймын,олар әлі мен үшін, бала , өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар,»-деп Қабен ұсынысын кері жауап қайтарады.Шығарма шиеленісті түрде жазылған әрі терең философиялық мағынаға ие . Залда отырған көпшіліктің «Әпке» басынан өткен қилы тауқыметтерге көңілдері босап, тіпті олардың жанарларынан іркілген жасты байқауға болады.
Суреткер бүкіл адамзат баласына , ортақ тақырыпты байыта түсіп ондағы басты кейіпкерін танымымен шектелмей ,жалпыхалықтық сипатқа көтеруі еді.
Драматургия -сахна машығымен талмай айналыстардың тірлігі . Онымен сахна төрінде таласқа , тартысқа түсер ашық күрес пен астыртын күресті анық сезгендер ғана шұғылданады .
«Драматургия - қолдан құрастырылыр құрақ көрпе емес. Ол -, кісіге төсеніш ете салар ұсақ ойлардан биік тұрған , таза адамзат сүзілген сана –сезімінің мөлдір тұнбасы Айналасы екі сағатқа ғана ықшамдалған сахналық оқиғаны осындай екінің бірі байқай бермес ой- шұңқырлары жетіп артылады.
Сондай ой- шұңқырларынан» аман өтіп» жоғарыдан біз айтқан асау жанрдың жалынан тістеп , қатып келе жатқан жанкешті жазушылардың бірі де бірегейі – Дулат Исабеков»- деп бағалайды Әшірбек Сығай.
Мәселен , әпке,әже, кіндік шешенің орны -бар ұлттарда да бірдей емес . Пъесада Қамажайдың драмасынан бөлек тағы да бір трагедиялық желі бар: ол - ананың өмірдегі орны , ешкім де ешнәрсе де ана болмысын алмастыра алмайды .
Қазіргі таңда әрбір мемлекет әлемдік аренада дұрыс саясат ұстануы өте маңызды . Көп жағдайда саясаттың негізгі құралы тіл болып табылады және тіл саясаттан тыс қалып қоя алмайды . Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қаншалықты бай болса ,соншалықты шұрайлы деуге болады .
Тілдің басты мақсаты –ойды аз сөзбен толық жеткізу. Сондықтан заман желісіне байланысты қазақ тілі - ойды аз сөзбен толық жеткізу, оны өте тез даму үстінде көреміз .
Оның басты себебі , қазақ тілі дамып ,техникалық терминдермен баюда. . Тілдің динамикалық үрдіс екенін уақыт көрсетіп келеді. Академик Ә.Қайдар» Ел мәдениеті тілден бастады « мақаласында:» Тіл- динамикалық үрдіс, ұдайы дамып отырады « -деп айтады ғалым-зерттеуші тіл жанашыры ретінде .
Д .Исабековтің драматургиялық шығармаларын шығармашылық ізденіс тәсілдеріміз тіл мен даралығын сипаттау болды.Зерттеу жұмысының әдістемілік және теориялық негіздеріне жұмысымызға Д . Исабеков туындыларын өзіндік ерекшеліктерін танытатын зерттеу енбектерін арқау еттік .С. Әшімбаев «Сын мұраты»,Ә .Сығай « Таңғажайып театр», «,Театр тағлымы»,З .Қабдолов «Сөз өнері», Қ. Жұмалиев» Әдебиет теориясы», Х.Сүйіншәлиев» Қазіргі қазақ тілі» еңбектері пайдаланылды .
Зерттеу жұмысы ғылыми жаңалығы Д. Исабеков шығармашылығы ерекшеліктерін зерттеу жұмысын басты нысанасы еткендіктен, біз жазушы драматургтың сахналық нысаналардағы тілдік ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасалуын жұмыстың ғылыми жаңалығы деп түсіндік .
1-тарау
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер табиғаты
Тіл мамандарын еңбектеріне сүйене отырып , қос сөздерге тән ерекшеліктерді жинақтау .
Құрамындағы сөздердің сыртқы пішіні , дыбысталуы мен ішкі мән – мағынасы негізінде қалыптасқан құрылымның болуы
. Белгілі бір сөз табына қатысты болуы
Тұтасып келіп бір сөйлем мүшесі болуы
Сөз тіркесінің бір сыңары болу
Күрделі сөздердің өзге түрлері сөздерінің арасына үшінші сөз қоюға болады шарт та жұрт жақсы да жаман .
Қос сөздер сыңарлары бір- бірімен антонимдес, синонимдес мағынада қолданылар
Қос сөздер дефис арқылы жазылады
Тіл мамандарының еңбектеріне сүйене отырып біріккен сөздердің мынадай ерекшеліктерін жинақтадық
*Екі немесе одан да көп түбірдің бірігуінен жасалады;
*Семантикалық бір мағыны білдіреді;
*Сөйлемнің бір ғана мүшесі болады ;
*Бір ғана сөз табына қатысты болуы;
*Сөз тіркесінің бір сыңары болуы;
*Жұрнақ арқылы туынды сөз жасалуына негіз болады;
*Кейбір терминдік аталулардың пайда болуына
*Бірге жазылады.
Қазақ тілі лексикасының толығуында жаңа сөздер жасалуда қос сөздердің алатын орны ерекше .Екі түбір сөздің қосарланып ,қайталанып келуі арқылы жасалатын сөздер жазушы драматург шығармаларында көп сондықтан суреттегі шығармаларға көп мән береді
Қазақ жазушы – драматург тіліміздің шоқтығы биік өзге тілден ерекше екенін өз шығармаларында көрсетіп дәлелдеп келеді .Өзінің оқшау стилімен нәзік жанды сезіммен сан қырлы бояулар образдар арқылы танылып келеді.Қалам сілтеуінде іркеліс те жоқ. Жазушының ширек ғасыр шамасындағы шығармашылық жолына шолу жасап , ой түюге итермелеген себеп те міне осында .
Д.Исабеков – оқымай мақтай салсаң, обал болатын оқып мақтаса сауап болатын айрықша талант . Оның шығармаларында адамды ойландыратын ойлылық бар .
Қамажай « Мен олардың әпкесі емеспін анам көз жұмған сәттен бастап мен оларға ана болғанмын . Саған үйлену керек ... Ал маған інілеріммен сіңілерімді тәрбиелеу керек . Жо-жоқ Қабен , кешір мені Бақытыңа кедергі болғым келмейді ....» Қазақтың көрнекті жазушысы , Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты , драматург ана тілінің қадірі -қасиетін өз шығармаларында орынды қолдана білген . Қазақтың шығармашылық тағдырға талпынып шойын құлақ атты әңгіме жарияланып ә деген де –ақ әдебиет құмар қалың оқырманда ғана емес белгілі сөз зергерлері – қаламгер қауымын елең еткізген әнгіме авторымен танысу әркімге қуаныш болатын. Қилы пікір ,талай қисын тудырған әңгіменің авторы..Дулат Исабеков екен,-дейді. «Жусан иісі» деп аталатын Д.Исабеков шығармалығы туралы мақаланың авторлары Оралхан Бөкей мен Оралхан Жаңабай.Осылайша алғашқы тырнақалды әңгімесімен елді елең еткізіп, әдебиетшілерді таңғалдырған Д.Исабеков-бүгінгі ел ағасы болып, жазушы-драматург қауымның көшін ілгері бастап келе жатқан талант иесі.
2-тарау.Д.Исабекұлы «Әпке» драмасындағы қос сөздердің семантикалық сипаты
Қазақ тілінде қосарлану тәсілі-өзінше ерекшелігі мол құнарлы жүйе.Осыны жақсы ұққан драматургмыз қос сөздерді аса шеберлікпен қолданып,сөйлеу мен эмоциясын,сөз мағынасын аша түседі.Қос сөздердің ішіндегі ауқымдысы -қосарлама қос сөздер мәндес келіп, драматург ойын жинақтауға көп септігін тигізеді.Әсіресе,синоним сөздердің қосарлап қолданған тұстарында сөздері жатық әрі ұтымды естіледі.Оның сөз қолданысындағы дыбыс әуезділігінде өзіндік шеберлігі танылады.Оқиғаны құр баяндап беру –драматургия емес.
Нені айттың? Кімге айттың?Қалай айттың?Не үшін айттың?Міне,осы төрт сұраққа жауап бере алсаң ғана құнды.Ол көрерменді он минуттан кейін жалықтырып жібереді.Ұзын саны отыз шақты пьеса жазған Дулат Исабеков бір сұхбатында:
-Мысалы,Чеховтың «Апалы-сіңілі үшеу» пьесасында Розенбах сүйген қызымен қоштасып,дуэльге кетіп бара жатады.Жекпе-жекте өлетінін біледі.Қайта бұрылып келіп,қызға: «Мен ертеңгі кофемді ішпей кетіппін ғой,»-деп бір-ақ ауыз сөз айтады.Осы сөздердің астарында қандай трагедия жатыр.Ал біздің драматургтер болса, «Сені қайтып көремін бе, жоқ па?Сапарға кетіп барамын.Қош бол, жаным»,-деп жазды.Бұл түк те қызық емес.Драматургия асау жанр. Оны көндіріп,игеріп бас білгізу қиын.Драматург әрбір сөздің мағынасына кімде-кім өз ана тілінде сөйлеуді ойлауды тоқтатқан сәтте сол байланыс шорт үзіледі.Бір ғана гендік ақпараттық қос сөздері арқылы драматург тіл мәселесінің жауапкершілікті талап ететінін мысалдармен жеткізеді.
Мұндағы қос сөздердің құрамындағы екі компонетті де мағыналы,дербес сөздер болып келіп,жинақтау,топтау ұғымын білдіреді.Драматург шығармаларынан бір сыңарлы мағыналы, бір сыңары мағынасыз қосарлама қос сөздер де кездеседі.Соңғы кезде мағынасы жоқ осындай сыңарлар ерте заманда өзіне тән мағынасы бар дербес сөздер болған.Мысалы,шал-шауқанды,шал-шабан,шал-шапқыт Ақтөбе облыстары аумағында қолданылатын диалект сөзге жатады.Құл-құтандар.Зерттей келе «құтан» сөзі араб тіліндегі «құтуы»,яғни құл,малай мағынасында(құл-құл).Ағыл-тегіл.Ақ, төк сөздеріне ырықсыз етістің жұрнақтары қосылуы арқылы жасалған.Былайша айтқанда, бұл қос сөз о баста жеке-дара айтыла беретін ағыл және төгіл сөздерінен жасалған екен.Бірақ бертін келе бірінші компоненттің(ағыл) ауанымен екінші компоненттің (төгіл) өзгеріп жеке айтылмайтын тегіл формасына ауысқан.Сонда төгіл>тегіл болып,яғни төгіл сөзінің түбіріндегі ө дыбысының е-ге ауысуында мынадай фонетикалық заңдылық байқалады:
*Алдыңғы компоненттің (ағыл) екінші буынындағы қысаң езулік ы дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша өзімен іргелес төгіл сөзінің бірінші буынындағы ашық дауысты еріндік «ө» дыбысын «е» езулік дыбысына өзгерткен;
Ы-ның е-ге айналуына байланысты төгіл сөзінің екінші буынындағы дыбыс та қысаң езулік «і» болып естіледі.Сөйтіп, екі қысаң езулік дыбыстың ортасында келген ө дыбысының е дыбысына өтуі-заңдылық .
Қос сөзіміз ұшан-теңіз сөзіне талдау жасайық.Қазіргі тілімізде ұшан сөзі жеке айтылмайды,тек теңіз сөзіне тіркесіп,»көп,сан алуан,адам айтқысыз мол» деген мағынада жұмсалады.Бірақ түркі тілдерінің көне жазба ескерткіштерінен бұл сөздің жеке қолданылғандығы көрінеді.Мысалы,Махмуд Қашқаридің сөздігінде (қыпшақша)»екі желкенді кеме» немесе «кішкене қайық» деп көрсетілген.
П.М.Мелиоранский көпшілік түркі тілдерінде белгілі бұл сөз орыс тіліне Еділ бойындағы булгарлардың тілінен өте ерте заманда енгендігін айта келіп,бұл сөз тегінде үлкен кеменің аты болар деп жорамал айтады теңі.Ұшан сөзінің теңіз сөзімен тіркесіп, өз мағынасын жаюына араб тілінен енген умман «мұхит» сөзі себепкер болмады ма екен деген ой келеді.Өйткені орта ғасырларда «умман» сөзі «тенгиз» сөзімен тіркесіп,үлкен теңіз деген мағынаны білдірген.
Екі сөз қосарланып (я бір сөз қайталана қосарланып) бір лексикалық мағынада айтылған сөз тұлғасын қос сөз дейміз.Қос сөздің жеке сыңарлары кез келген сөзден жасала бермейді.Қос сөздің сыңарлары мағыналық байланысы бар синоним сөздерден,біртектес заттардың аттарынан,кейде антоним сөздерден жасалады.Драматург шығармасында кездесетін ыдыс-аяқ,ағалы-қарындасты,жиып-теріп, реніш-қайғы синонимдік сөздер болса, ұшып-қонып,жаманды-жақсылы т.б. антонимдік сөздер бар.
Түрі |
Қос сөздердің құранды бөлшектері |
Мысалдар(жазушы қолданысындағы қос сөздер) |
Қосарлама қос сөздер |
Екі түрлі түбір сөздің қосарлануынан |
Қас-қабағы,жол-жөнекей,ұшып-қона,реніш-қайғы,сылап-сипап,ағалы-қарындасты,асып-тасып,ыдыс-аяқ,жаманды-жақсылы,ұрыспай-таласпай,жан-жаққа,әуре-сарсаңға,ғылыми-техникалық т.б. |
Қайталама қос сөздер |
Бір түбір сөздің қайталануы,күшейтпелі буын арқылы бір сыңары ықшамдалуынан жасалған |
Салып-салып,қағып-қағып,біреу-міреу,боп-боз,бірде-біреуін,өзін-өзі,тып-тыныш т.б. |
Қосарлама қос сөздер |
Мағыналы,мағынасыз екі түбірдің қосарлануынан |
Ұйпа-тұйпа,шал-шауқан,құл-құтан,ұлан-ғайыр,ағыл-тегіл,ұшан-теңіз т.б. |
3-тарау.Драматург шығармасындағы кейбір күрделі сөздердің (біріккен,кіріккен) қолданылу ерекшеліктері
Біз біріккен,кіріккен сөздердің емлесі туралы сөз еткенде,олардың дыбыс үндестігіндегі орфография, орфоэпия заңдылықтарына тікелей байланысты екенін білеміз.
Жазушы-драматургтің шығармасында біріккен, кіріккен сөздердің мағыналық және тұлғалық ерекшеліктерін мына жүйеде көрсеттік:
Түрі |
мысалдар |
мағынасы |
Түбір тұлғаларын сақтап біріккен сөздер |
Таңертең Бәрібір Ешқайсысы Ешкім Жынойнақ Ойбай халықаралық маубас телестудия ештеңе |
Таңғы кез Еш нәрсе де емес Еш адам,біреуі де емес Ибай, үйбай таңғалғанда сасқанда айтылатын одағай сөздер Аралас-құралас Бұл жерде:мәңгіріп бей-жай жүретін адам Теле хабар тарататын мекеме Ештеме,еш нәрсе жоқ |
Кіріккен сөз(біріккен сөздің сыңарлары тұлғасын өзгертіп біріксе , оны кіріккен сөз дейміз ) |
Бүгін Әнеугүні Ендігәрі Әкел Әкет Апар |
Бұл +жыл Бұрынғы өткен күні Ендігіден әрі Алып кел Алып кет Алып бар |
Сөз маржандарын теруге көмектесетін ,ойлауға жетелейтін жазушы шығармаларының мазмұнын ашып, ойын нақтылауға біріккен сөздердің әсері мол.Біріккен сөздер тіркескен сөздердің мазмұнын аша түседі.Кез келген оқырман мен көрерменге шабыт пен күш беретін драматург Д.Исабековтің әлі зерттеуді қажет ететін тіркесті сөздермен қатар қысқарған сөздер тобы кездеседі.
Ал тілдің ерекшеліктерін сипаттайтын сөз таптары , соның ең күрделісі күрделі етістік десек , соның ішінде қазіргі қазақ тілінде ұлт тілі дәрежесіне жеткенше дейінгі етістіктің бойындағы азды – көпті сандық сапалық өзгерістер болғаны сөзсіз. Күрделі сөздердің біріне жататын тіркескен сөздер Д. Исабековтің шығармаларына көптеп кездестіруге болады .Екі немесе одан да көп сөздер тіркесіп келіп ,бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі – тіркескен сөздер.
Олар күрделі зат есім , күрделі сын есім , күрделі сан есім, күрделі үстеу , күрделі етістік болып 5 түрге бөлінеді .
Тіркескен сөздер |
Мысалдар |
Зат есім |
Алтын әпкесі |
Сан есім |
Он екі мүшесі |
Сын есім |
Жас баладай |
үстеу |
Күні бұрын, күні бойы |
Етістік |
Кешігіп жатыр , қарап қалған , ала берді , оқып шығар , бере салармын , тұрып қалады , таба алмай жүрген, болар едім , бұзғым келмей отыр , жүгіріп келіп , жаттайсың кеп |
Күрделі етістіктер сөйлемдегі ойды білдіруші сөздің бірі ретінде қолданылады , сөйлем мүшесі болады . Оны жеке алып , оның лексикалық мағынасын атауға , басқа тілге аударуға болады .
Алып бар-отнеси; алып кел-принеси;алып кет-забери ; шығып кет –выйди т.б |
Күрделі етістіктердің дербес лексикалық мағынасына барына олардың кейбірінің кіріккен нұсқалары да дәлел . Мысалы, алып бар –апар, алып кел-әкел,алып кет- әкет т. б
Мысалы, «Диалектикалық материализм тұрғысынан қарағанда қыз баланы үйіне апарып салу деген ...»(Телефон шырылдады.)(Д.Исабеков «Әпке» пьесасынан.) Сөйлемдегі ойды білдіруге дербес сөздер жұмсалады. Берілген мысалдарда - ып сал-у де-ген күрделенген етістіктер құрылысының белгілі заңдылығы . Тілдегі сөздердің құрамында әр қосымшаның өз орны болатыны белгілі. Бұл күрделенген аналитикалық форманттарға да қатысты.Күрделенген аналитикалық форманттарға етістіктің грамматикалық көрсеткіштерінің ішінде сөзде бірінші орында тұратын тілдік бірлік.Етістікке алдымен аналитикалық форманттар тіркеседі де, басқа қосымшалар аналитикалық форманттың , яғни күрделенген аналитикалық форманттың соңғы сыңарына жалғанады.
Мысалы, адам болып шықса екен –ып шық +са екен т. б бірінші қимылдың өту сипаты категориясының форматы , көмекші етістікке есімшенің жұрнағы арқылы жасалған .
Кезінде қазақ тіліндегі грамматикатанушы ғалымдар етістікке қатысты арнайы зерттеулер жүргізіп, монографияларын жариялаған.Етістікті әрі сөз табы ретінде ,әрі мағыналық сипатын қоса талдаған зерттеулерден А.Қалыбаева(Хасенова),Ы.Е.Маманов,А.Ысқақов,Н.Оралбаева еңбектерін ерекше атаған жөн.
А.Хасенова,Ы.Маманов қазақ тіліндегі етістік формаларын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай,ең алдымен,негізгі етістік және функ-циялық етістік деп екіге бөліп , одан кейін негізгі етістіктің өзін түбір етістіктер және модификациялы етістіктерге ажыратып, түбір етістіктерге етістіктің лексикалық мағынасына ие болатын сөздерді модификациялы етістіктерге белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық мағына білдіретін етістік формаларын жатқызады.Жоғарыдағы ғалымдардың пікірлерін ескере отырып , қазақ және қыпшақ тобы тілдеріндегі(татар,башқұрт, ноғай,құмайт,қарайым) етістіктерінде айтарлықтай өзгешелік кездеспейді.
Бүгінгі таңда тіліміздің лексикалық қабаты жинақталып ,әр алуан сөздіктер жасалды.Олардың дыбыстық құрылымы мен грамматикалық сипаты танылды,көптеген этимологиясы зерттелді.
Этимологиялық зерттеулер ,яғни тіліміздегі сөздердің төркінін табу арқылы қазақ халқының әр алуан дәуірде басқа халықтармен жасаған қарым-қатынасын немесе ертеректегі жай-күйін танимыз.Өйткені тіл лексикасының тарихынан сол халықтың өткендегі тұрмыс –тіршілігінің, салт-дәстүрінің, мәдени-рухани өмірінің , өзге ел-жұртпен аралас-құралас болғандығының ізі, сәулесі көрініп тұрады.
Дулат Исабеков шығармалары арқылы әлі де зерттеуді қажет ететін сөздер тобы кездеседі.Бұл күрделенген ұғымдағы сыңарлардың лексикалық құрамы, грамматикалық құрылысы,тұлғалануы,мағыналық бірлестігі өзіне назар аудармай қоятын сөздер емес.
Драмалық шығармасында адам өмірі,адам тағдыры ерекше суреттеледі десек, сол кейіпкердің өзі кездейсоқ алына бермейді. «Әпке» драмасындағы оқиға кейіпкер басыннан өзі өткерген,кешкен нәрсені шығармасына арқау еткен.Қаламгердің әкесі Исабек 1943жылы екіншідүниежүзілік соғыста,ал,анасы Күміскүл 1956жылы дүниеден өтеді.Қаламгер ағасы Набиял мен Пәрменнің қолында тәрбиеленген.Әпкелері Бибіхан мен Күлайна 1998жылы,1974 жылдары қайтыс болады.Болашақ жазушы жас кезінде әпкелерінің қамқорлығын көп көрген.Оның әйгілі «Әпке» атты пъесасының жазылуына осы екі әпкесінің тікелей әсері болған.
Оқырман ретінде айтар болсам, сан алуан сырға толы жазушы- драматург шығармалары мені қызықтырады . Әр оқырманның сүйікті қаламгері,сүйікті суреткері болары белгілі жайт. Мен Д.Исабеков шығармаларын қызыға оқитын оқушының бірімін.Драматург шығармаларын зерттеу мен үшін үлкен жауапкершілігі болды.Менде қалайда ұстаздарымның сенімін ақтап,үлкен жетістіктерге жету мақсаты тұрды.
Қорытынды
Қорыта келе,Дулат Исабеков көркем әдебиетегі негізгі объектісі-өмір предметі- адам,адамның рухани дүниесі деп біледі.Өзінің шығармаларында өмір шындығын терең ойлауға ,замандас бейнесін ашуға құрылған.Қай еңбегін алсақ та, адамның ішкі дүниесін ашуға құрылған.Кейіпкердің көбі сол ішкі дүниесі мен сыртқы әрекетімен көре тұрып, бітімді мінез-құлқымен,сыр-сандығымен көрінген.Шартты түрде бөліп қарасақ, жағымды,жағымсыз кейіпкерлердің бәрі де нанымды, шыншыл түрде бейнеленген.Дулат Исабековке не нәрсе тән болса, ол шығармашылық жұмысқа адалдықтың,шынайы көрінісін көрсете алды. Кейіпкерді жағымды , жағымсыз деп алдын ала белгілеп жағымдының бәрін жақсыға, жағымсыз атаулыны жаманға қарай қақпайлап,көрінер көзге бұрмалап, қуалап отыру әділет емес.
Талантты жазушының құдіреті суреткерлік шеберлігі ол жазған шығарманың көптігініне , қалыңдығына , тіпті жанр салмағына қарамайды .Біз реализм , реалистік шығарма дейміз . Өмір шындығын суреткер көзімен електен өткізіп ,бояу- реңктегі табиғилығын айтамыз . Суреткер осы драматургия саласы жайында былай дейді: «Драматург қатал хирург сияқты болу керек . Хирург адам организміндегі артық заттарды аямай кесіп алып тастайды . Драматург те тура солай болуы тиіс»
Дулат Исабековтің пьесасы әлемнің 26 елінде қойылып шыққан екен . Ұлыбритания театрының директоры Девид Папав қазақ жазушы- драматург шығармаларын ерекше бағалап:
- Кез-келген жазушының шығармасына пьеса қою қиын ...
Д. Исабековтің кез- келген пьесасынан өте тартымды сахналық туынды шығара аламыз . Станасловскиий тірі болса Д .Исабековтің туындысын еш ойланбастан таңдар еді ,- деп Дулат Исабековтың шығармашылығына зор баға берген еді .
«Хас сұлудың көз жасын дай мөлдір өнер – Театр» деп Ғ. Мүсірепов айтқандай сол өнердің төресі драматургия саласында бар күш-қайратымен , адалдығымен маңдай терін төгіп ,театр өнерінің сахналарына тамаша дүниелерді жазып , ел құрметіне бөленіп жүрген қаламгер – ағамызға берер дүниесінің көп болуын ,әрі де ізденуден талмаңыз дегіміз келеді . Алып ойдың абызындай Д. Исабеков шығармаларындағы қос сөздер мен біріккен,кіріккен сөздер айтар ойға көрік беріп, өзінше әрлей түскенін зерттеу барысында байқадық.
Кейде бүгінгі өмір, замандастар тіршілігінен жазылған шығармалар маусымдық киімдей келесі айналымға, тұтынуға жарамай қала беретіні болады.Бірақ мұндай шығармаларды Дулат Исабеков шығармаларынан кездестірмейміз. Дулат Исабеков өз замандастарының өмірін арқау етіп,заман талабына сай дүниелерді мақсат еткен жазушы-драматург .
Дуалыт Исабекұлы - өзінің замандастарының өмірін арқау етіп , уақыт талабына сай дүниелерді жазуды мақсат еткен жазушы. Қаламы қарымды драматургтің әлі талай еңбектерін оқып ,сахна төрінен талай көріністерін тамашалайтын боламыз.

