Дойбы ойыны

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дойбы ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс дойбы үйірмесінің жұмысын жүргізуге арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ






БЕКІТЕМІН























Оқу бағдарламасы

«Дойбы» үйірмесі

Мерзімі -1 жыл

Балалардың жас мөлшері – 10-17 жас





















Шымкент-2024ж.

Түсіндірме жазба

Дойбы— спорт түрі. Дойбыны алпыс төрт (орыс дойбысы) не жүз (халықаралық дойбы) шаршыға бөлінген тақтада он екі (орыс дойбысы) не жиырма (халықаралық дойбы) таспен екі адам ойнайды.[1]

Ойынның мақсаты — қарсыласының тастарын түгел жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау. Дүниежүзілік дойбы федерациясы (FMJD) 1947 ж. құрылған. Оған отыздан астам ел мүше. Дойбы – бір жағынан ежелгі, екіншіден жас ойын. Ежелгі болатын себебі, ойынға арналған құралдар сонау ерте заманда Мысыр пен Русьтегі Киев аймақтарындағы қазба жұмыстары кезінде табылған. Сонымен бірге ежелгі болатын себебі, қазіргі заманғы зерттеушілер дойбының таратылу тарихы мен жолдарын әлі күнге дейін тапқан жоқ – олар ғасырлар қойнауында жасырын жатыр.

Жас болатын себебі, ойын тәртібі уақыт ағысымен өзгерістерге ұшырап, тұрақтандырылды, ол осы ғасырдың орта тұсына таман қазіргі заманға лайықталды. Ежелгі Римде дойбы ойыны «латрункул» деген атауға ие. Бұл латын сөзі «латро», яғни қазақшаға аударғанда – сарбаз, жауынгер, т.с.с. мағына береді.

Қазақстанда дойбыдан ресми жарыстар 1935 жылдан бері өтіп келеді. Кейбір деректерге қарағанда дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар шамасында келген. Абайдың атасы Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты Кемпірбай ақын және олардың көптеген замандастары дойбыны құмарта ойнаған. Абайдың Жидебайдағы мұражайында ұлы ақынның дойбысы әлі күнге дейін сақтаулы тұр. 1956 жылдан бастап жүз шаршылы дойбыдан Қазақстан чемпионаты өтіп келеді.

Алматы облысы Есік қаласының мағынан табылған «Алтын адамға» қазба жұмыстарын жүргізу барысында «Хан дойбысы» ойынының тастары табылған. Мұның өзі дойбы ойынының ежелден қолданылғанын нақтылай түседі. Қазіргі таңда бұл ойынның балалардың жан-жақты дамуына өзіндік үлесі мол.

Дойбы − бұл әлемдегі танымал логикалық ойындардың бірі және бұл ойын адамның ойлау қабілетін, тактикасын және зияткерлік қабілетін дамытады. Сонымен қатар баланың ойлау қабілетін дамытуға өз септігін тигізеді. Дойбы шапшаңдықты және шыдамдылықты талап етеді. Дойбы ойнаған адам бір түйіннің шешімін табу үшін тез әрі дұрыс шешім қабылдай біледі. Ал дойбы адамды шыдамдылыққа үйрететін бірден бір құрал болып табылады.

Дойбы ойынын ойнау барысында балалардың аналитикалық ойлау қабілеті қоса дамиды. Аналитикалық ойлау қабілетінің жоғары болуы адамның қаншалықты жүйрік екенін көрсетеді. Дойбы- миға арналған спорт түрі.Дойбы ойлау, есте сақтау қабілетін жақсартумен қатар оқу қабілетіне әсер етеді. Дойбы ойыны инсульттан айығуға көмектеседі. Дойбы ойыны арқылы шығармашылық қасиеттер дамиды.



«Дойбы» үйірмесінің басты мақсаты:

  • Оқушыларға дойбы ойыны туралы мағұламаттар беру, үйрету. Балалардың жылдам ойлау, есептеу, есте сақтау, шапшаңдық қабілетін дамыту. Балалардың салауатты өмір салтын ұстануға,ақыл ой-өрісін дамытуға, дойбы ойынын ойнап үйренуге тәрбиелеу.



«Дойбы» үйірмесінің міндеті:

  • Дойбы ойынын дамыту. Бір қалыпты жаттығушыларды спортқа үйрету. Талантты балаларды жарыстарға қатыстыру және дарындылықты анықтау.


Күтілетін нәтиже:


  • Жарыстарға қатысып жүлделі орынға ие болу. Талапты, мықты дойбы командасы құрылады. Балалардың бос уакытын тиімді ұйымдастыру, жеке тұлғалық қабілеттері дамиды.


Дойбы секциясының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Сағат саны

Күні

1

Кіріспе. Қауіпсіздік ережелері.

2


2

Дойбы ойынның тарихы мен ережелері

2


2

Екі жақты ойын

2


3

Ойын жүрісінің әдіс тәсілдерін үйрету

2


4

Екі жақты ойын

2


5

Ойын барысында қорғана білуді үйрету

2


6

Екі жақты ойын

2


7

Ойын кезінде бір жүріспен шек қоюды үйрену

2


8

Екі жақты ойын

2


9

Дойбы комбинациялары

2


10

Дойбы тақтасы.

2


11

Фигуралардың бастапқы тұрысы

2


12

Дойбы ойынның стратегиялық жоспары

2


13

Дойбы ойынның ережелері.

2


14

Ойынның негізгі приемдары

2


15

Партиялардың басталуы.

2


16

Оппозиция

2


17

Оппозиция

2


18

Дамкаға өту

2


19

Дамкаға өту

2


20

Қарапайымдылар күресінің математикалық негіздері

2


21

Дамканың күші

2


22

Дамканың күші

2


23

Дойбы жалғаулары. Төрт дамка біреуге қарсы

2


24

Дойбы жалғаулары. Үш дамка біреуге қарсы

2


25

Дойбы жалғаулары. Үш дамка біреуге қарсы

2


26

Орталық және оның мәні

2


27

Белсенді дойбылар

2


28

Фланг туралы түсінік

2


29

Қорғаныстағы шабуыл

2


30

Күштердің өзара іс-қимылы

2


31

Орталықты алу

2


32

Жүрістердің есебі. Жүрісті таңдау және жалғасуды таңдау

2


33

Жылдамдыққа уақытқа ойнау

2


34

Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру

2


35

Оқу ойыны (әр сабақта)

2


36

Ойын кезінде бір жүріспен шек қоюды үйрену

2


37

Оң жақ сол жақ қорғаныс қоя білу

2


38

Шабуыл жасау тактикасын үйрену

2


39

Алға шығу дамкаға шығу

2


40

Дамкаға қалай іске асуын үйрену

2


41

Жүріс кезінде екі тас жеуді үйрену

2


42

Жүріс кезінде үш тас жеуді үйрену

2


43

Жүрістерді қайталап үйрену

2


44

Топқа бөлініп команда бойынша жарысу

2


45

Ойын барысында қорғана білуді үйрету

2


46

Ойын кезінде бір жүріспен шек қоюды үйрену

2


47

Есептеу жолдары

2


48

Екі жақты ойын жарысын өткізу

2



Жалпы сағат саны

96






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Барский Ю.П., Городецкий В.Б. Сеня, Храбрик и шашки. Правила шашек. 

Книга для детей младшего возраста. М.: Владос,1998

2. Гришин В.Г. Малыши играют в шахматы. – М.: Просвещение,2007

3. М.Бодров, В.М. Высоцкий. Центральная партия.М. Валдос,1999



«Дойбы» үйірмесінің техникалық жабдықталуы:

  • ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 119 бұйрығына сәйкес, «Дойбы» үйірмесі талапқа сай жабдықталған;

  • Сабақтар өткізуге арналған санитарлық тораппен жабдықталған, жарықтандырылған бөлмелер;

  • Үйірмеге қажетті құралдар;

  • Стол, үстелдер;

  • Дойбы тақталары;

  • Сабақтарды өткізуге арналған барлық құрал-жабдықтар.



«Дойбы» үйірмесінің оқу бағдарламасы бойынша сабақ кестесі



  • Үйірмесіне қатысатын балалар саны-12

  • Балалардың жас еркешелігіне байланысты 1 топқа жинақталған.

  • Оқу түрі: топтық

  • Кезеңі: аптасына 2 рет

  • Сабақ уакыты: 60 минут









Дойбы үйірмесінің кестесі

Топ №

Күні

Уақыты

Жаттықтырушы

1


І топ

Сейсенбі

Бейсенбі


14:00-15:00

14:00-15:00


Е.Б.Өміров



Өткізілетін іс-шаралар кестесі

Іс-шаралар атауы

Мерзімі

1

Топтық алғашқы екі жақты ойындар

ақпан

2

Топқа бөлініп команда бойынша жарысу

наурыз

3

Дойбы жарыстарына дайындалу

мамыр

4

Топішілік сайыстар өткізу

тамыз

5

Спартакиада өткізу

қазан

6

Жыл жеңімпаздарды марапаттау

желтоқсан



Дойбы үйірмесінің қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • Спорт секциясының қойылған талаптарын сақтау;

  • Әрбір қатысушының дәрігердің қолымен және мөрімен расталған спорттық сабақтарға қатысуға рұқсат беретін дәрігердің анықтамасы болуы тиіс;

  • Сабаққа тек сабақ кестесіне сәйкес келетін күндер мен сағаттарда келуге;

  • Сабақтан себепсіз қалмауға;

  • Үйірме сабақтарында тәртіп сақтауға.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2025
195
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі