Мектебі:
|
Маңғыстау аудандық Балалар
өнер мектебі
|
Күні:31.03.2021
|
Пәні:домбыра
сыныбы
|
Сыныбы:1
|
Тақырыбы: «Домбыра аспабын
үйретудегі басты
қағидалар»
|
Мұғалімнің
есімі:Алдабергенова С.Е.
|
Оқу мақсаты:Оқушыны үйрету
бағытын анықтау-нота сауаты,оң және сол қолдардың
қойылымы.
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Домбыра аспабын дұрыс меңгеру
үшін музыкалық және орындаушылық қабілеттерді дамыту . Ұстаз өз
шәкіртіне орындаушылық шеберліктің қыр сырын бере
білу.
Қазақтың төл аспабын үйретуде
негізгі қағидаларды әдіс тәсілдерді
сақтау.
|
Тілдік
мақсат/
негізгі ұғымдар мен
терминдер
|
Аппликатура-(ит.Appliko-басу,орналастыру)- музыка аспабын
тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасу алмасу тәртібі
немесе оардың нотадағы
белгісі.
Позиция -берілген дыбыс
қатарын саусақтарды жылжытпай орындауға мүмкіндік беретін сол қол
саусақтарының перне үстінде
орналасуы.
|
Құндылықтармен
байланыс
|
Ұстаз өз шәкіртінің өнерге
деген сүйіспеншілігін арттырады.Көшбасшылық,жауапкершілік сезімдері
дамиды,белсенділігі артады,сыни тұрғыдан ойлау қабілеті
қалыптасады.Уақытты тиімді пайдалануға
тәрбиеленеді.
|
Алдыңғы
білім
(меңгерген
дағдылар)
|
Оқушының орнықты, ыңғайлы әрі
еркін отыруын қадағалау. Оң аяқты сол тізенің үстіне қойып, сол
аяқтың 90 градус тіке еденге тік орналасуы. Екі иық тең қалпында,
домбыраның басы иықпен бірдей немесе сәл-пәл төмен, арқа, омыртқа
жоны тіке ұсталады.
Қағыс қағу кезінде білезік
буыны ішке бүгіліп,сұқ саусақ бірінші буыны арқылы қағылады.
Қағысты қаққанда білезік буынның өз салмағымен еркін қағу
керек.
|
Сабақ құрылымы және
жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған
тапсырмалар
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың
басы
Ақпараттық
блог
7
минут
|
I.Ұйымдастыру.
А)Сәлемдесу. Құрал-жабдықтарын
түгендеу.
Оқушының көңіл-күйін біліп,
зейінін сабаққа аудару.
Ә)Үй жұмысын
тексеру;
Б)Оқушы сабақтың мақсатын
анықтайды(экранда
көрсетіледі)
|
Кітап
Нота
дәптер
Слайд
|
|
3
минут
|
Жаңа тақырыпты
меңгеру-ге қажетті білімдерін еске түсіріп,
жинақтау. («Миға шабуыл стратегиясы»
)
|
Тапсырмалар жазылған
парақшалар
|
|
Сабақтың
ортасы.
Аспапты
меңгерудегі тапсырмалар
блогы
15
минут
|
Аспапты ұстап отырған кезде
домбыра басының биіктігі сол жақ иық деңгейімен бірдей
болып,саусақтар пернелер үстіне тізбектеле еркін орналасады.Бас
бармақ сұқ саусаққа қарап көтеріліп қиғаштау тұрады.Алақанды
домбыра мойнына тіремей, алақанда теннистің кішкене шаригі
тұрғандай иілтіп ұстауы керек. Таза дыбыс шығу үшін перненің
астыңғы шетінен, саусақтың кіші буынын бугіп, саусақ ұштарының
ұшымен басу қажет. Осы қағидаларды сақтайтын болса домбырашыда
қиындықтар туындамайды.
|
Сурет
Видео
Слайд
|
|
Жаттықтыру және
білімді есепке алу блогы
7
минут
|
Деңгейлік жұмыстар
орындалады:
Тапсырма: №1.Оң қолда және сол
қолда көрсетілген техникаларды оқушымен бірігіп
орындау.
№2. «Еркем-ай» шығармасын 4такт
орындау.
I.Таза дыбыс
шығару.
II.Аппликатура,позицияны
сақтау.
III.Оң қолда кистті
шығару.
|
Аспап
Сурет
Дәптерге
жазылады
|
|
Интелектуал-дылық
трейнинг блогы
5
минут
|
Шығармашылық
жұмыс:
Оқушының аспапқа деген
құлшынысын арттыру мақса-тында домбыра туралы аңыздарды әңгімелеп
беру. Күйшілер туралы қызықты деректер
айту.
|
|
|
Сабақтың
соңы:
3
минут
|
Қорытынды
баға:
Үйге
тапсырма:
Кері
байланыс:
Оқушы сабақ барысында қандай
тапсырмада қиындық келтір-генін және жеңіл үйренгенін
айтады.
«Қатысқандарыңызға
рахмет»
|
|
|
|
Қосымша
ақпарат
|
|
Саралау-сіз қосымша көмек
(қолдау) көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Анағұрлым қабілетті
оқушыларға жаттығулар-ды күрделендіруді қалай
жасайсыз?
|
Бағалау
(қалыптастырушы)-оқушылардың үйренгенін қалай
жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық
байланыс.
|
|
Саралау-оқушының деңгейіне
қарай тапсырма беру. Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырмалар
дайындаймын.
|
Әр сабақ барысында оқушыдан
өткен тақырып-тарды сұрап отырамын. Аспапта дайындығын шығарманы
ойнату арқылы бақылаймын. Әркез оқушымен кері байланыс жасап
отырамын.
|
Домбыра сабағы қазақ музыка
әдебиетімен тығыз
байланысты.
|
|
Рефлекция
Сабақ /оқу мақсаттары
қолжетімді ме?
Бүгін оқушы не
білді?
Сыныптағы ахуал қандай
болды?
Мен жоспарлаған саралау
шаралары сәтті болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде
үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай
түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Өз сабағыңыз туралы
рефлекцияны бос орынға
жазыңыз.
(Сол жақтағы
келтірілген сұрақтар арасында Сіздің сабағыңызға сәйкес келетін
сұрақтарға жауап беріңіз.)
Сабақ мақсаты оқу
мақсатына сәйкес түзілді,қолжетімді
болды.
Оқушы бүгін домбыра
аспабы туралы аңыздарды, қызықты мәліметтерді білді. Домбыра
аспабын меңгеруде алғашқы басты қағидаларды
үйренді.
Сабақ барысында
оқушының аспапқа деген қызығушылығы
артты.
Мен саралаған
саралау шарасы өте сәтті болды.Оқушы өз деңгейінде білім
алды.
Сабақ жүйелі
түрде,рет-ретімен берілген уақытта
өтілді.
Мен сабақ барысында
оқушының психологиялық деңгейін анықтап сабақ жоспарлауды
ұқтым.
|
|
Қорытынды
бағамдау:
|
Қандай екі нәрсе
табысты болды (оқытуды да,оқуды да
ескеріңіз)?
1)Қолданылған
әдіс-тәсілдерім тиімді
болды;
2)Қалыптастырушы
бағалау мүмкіндіктерін жақсы
пайдаландым.
Қандай екі нәрсе
сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да
ескеріңіз)?
1)Уақытты тиімді
пайдалану;
2)Оқушының
мүмкіндігін ескере отырып тапсырма
беру.
Сабақ барысында мен
жеке оқушы туралы келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетін не
білдім?
1)Оқушының
көңіл-күйіне, үлгерім деңгейіне қарай сабақ өтіп және оқушыға
сыныпта ойын ашық жеткізуге, өзін еркін ұстауға
бағыттау.
|