Материалдар / Дөңгелек үстел: "Ерлік пен махаббат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дөңгелек үстел: "Ерлік пен махаббат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Ерлік пен махаббат». Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру. Тәрбиелік: Оқушыларды батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Шығармаларындағы кейіпкердің ұлағатты өмірін аша білуге және ерлік тұлғасын мүсіндей білуге бағыттау. Сабақтың түрі: дөңгелек үстел, әңгімелесу Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Әзілхан Нұршайықовтың кітаптары, бейне материалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2022
394
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №12 мектеп-интернатында

10 «Б» сыныбымен

Ә.Нұршайықов «Ерлік пен махаббат» тақырыбында өтілген дөңгелек үстел жоспары

Тәрбиеші А.А.Баймуратова


Тақырыбы: «Ерлік пен махаббат».

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды батырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармаларындағы кейіпкердің ұлағатты өмірін аша білуге және ерлік тұлғасын мүсіндей білуге бағыттау.



Сабақтың түрі: дөңгелек үстел, әңгімелесу, пікірталас

Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Әзілхан Нұршайықовтың кітаптары, бейне материалдар


Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі



  • Дәуірдің кемеңгер қаламгері, әдебиет атты мұхиттың буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейінен әлемнің назарын өзіне аудартқан шебер жазушы болады.

  • Әзілхан Нұршайықов  табиғи талантынан бастау алған әлемдік әдебиеттің небір інжу-маржанынан сыр арқауын тартқан шығармасымен, елінің ертеңіне сарабдал ой тастап, бүгінгісіне шеберлікпен талдау жасаған саясаткерлік, қайраткерлік, азаматтық парызы биік, телегей талант иесі екендігімен мәлім.


Сұрақ: Ә.Нұршайықов туралы не білеміз?


  • Қазақ әдебиетінде елеулі орын алатын белгілі қаламгер, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15-желтоқсанында Жарма ауданының Келінсүйегі деген жерінде дүниеге келген. Ауылдағы орталау мектепті бітірген соң Алматыдағы тау - кен институтын, Семейдің педагогикалық училищесі мен педагогикалық институтын бітірді.

  • Жазушы 1941-1945 жылдары Қызыл Армия қатарында қызмет етті. Соғыстан кейін 1949 жылы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.

  • Бала күнінде ауыл тілшісі болды. "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан"), "Социалистік Қазақстан", "Екпінді", "Қазақ әдебиеті", Павлодар облыстық "Қызыл ту" газеттерінде қызмет істеді.

  • Қазақ Совет Энциклопедиясы, Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми қызметкері болды.

  • 1956 жылы тың игерушілерге арналған «Алыс ауданда» деген очерктер жинағы басылып шықты. 1957 жылы «Тың астығы» атты очерктердің екінші жинағы жарық көрді.

  • Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» романы мен «Ескі дәптер», «Әсем», «Ботагөз» повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген.

  • Қаһармандық рухтағы «Ақиқат пен аңыз» романы мен «Тоғыз толғау», «Махаббат жыры», «Ғажап адам», «Невель түбінде», «Великие Луки ұрыстары», т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. Нұршайықов 2-дәрежелі «Даңқ», «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980), А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық - күміс медалінің (1987) иегері. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» (1957), «Халықтар достығы» (1984), 3-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен «Ерен еңбегі үшін» (1995) медалімен марапатталған. Жұбайы - Өзбақанова-Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы (1922-2001), оқытушы, әдеби серігі болған.


  • Жарайсыңдар!

Енді жазушының «Ақиқат пен Аңыз» және «Махаббат, қызық мол жылдар» романдарындағы кейіпкерлер туралы әңгімелейік, сонымен қатар кейіпкерлерге мінездеме берейік.

(Сұрақ –жауап, ой бөлісу, пікірлесу)



  1. Зымырап келе жатқан поездың есігінен етектегі елге қарап отырған менің есіме данышпан Жиренше түсті. Хан қасында көп жүріп, ел аралап, орда, сарайларда ұзақ-ұзак қонақ болып, үйіне қайтқан кедей Жиреншенің сирағы жаман лашығына сыймай, сыртқа шығып жатса керек. Хан ордасындағыдай мамық төсекте емес, лашық ішіне төселген өлең шөптің үстінде рақаттана керіліп жатып, Шіркін, менің өз үйім, кең сарайдай бөз үйім деген екен дейді. Мен жолдасымның бетіне қарадым.

-Тәкең, үйіңе жетуге асығып келесің бе? - дедім.

- Е, үйіне жетуге кім асықпаушы еді, - деді ол.

Мен ауылға баруға асықпайтынымды, Алматыда қалып, оқуға түсетінімді айттым.

- Сенің оқуыңа болады. Ал менің басыма ешбір оқу қонбайды, - деп ол

өз басын жұдырығымен тоқылдатып қойды.

- Мен барамын да елдегі бір жақсы қызға құлындай шыңғыртып құрық

саламын. Маған одан басқа оқудың керегі жоқ. Мен күлдім.

- Күлме, - деді ол. - Оқуда да жақсы қыздар көп болады. Аузыңды

ашып, босқа қарап жүрмей, сен де солардың бір тәуірін нысанаңа ал. Сөйтіп, мен кеше ғана эшелоннан түстім, қыздар. Бүгін міне сендердің орталарыңа келдім. Мен сендердің ағаңмын, досыңмын, қыздар. Мен сендердің бәріңді де жақсы көремін…


  1. Көңілді бес жүзінші поезд деп аталатын әскерден қайтқан солдаттар тиелген қызыл вагонды ұзын составтын Қазақстанның шеткі, шағын станцияларының біріне келіп тоқтағаны көз алдыма елестеді. Тәкен деген жолдасым вагонган қарғып түсті де, поезға сүт, айран, жұмыртқа алып шыққан әйелдердің қасына барды одыраңдап.

- Апалар, амансындар ма, бәріңізге мың сәлем - деді ол бас иіп.

- Айран бар ма?

- Бар, шырағым, бар, - десті әйелдер.

Жолдасым бір банка айранды басына бірақ кетерді. Содан соң түбінде

қалған жұғынын жинап алып, бетіне жақты. Кап-қара жігіттің беті

алабажақ боп шыға келді.

- Мұның не, шырағым, - деді айран иесі қартаң әйел танданып.

- Мұным - қуанғаным, апа. Сұрапыл соғыстан аман келіп, туған жерге

табаным тиіп, сіздей апамның қолынан айран ішкеніме қуанғаным.

Туған елдің дәмін татқаныма қуанғаным, айранның қалғанын бетіме

жаққаным - балалық күнім есіме түсіп, еркелегенім, апа. Сізге

еркелегенім, Қазақстанға, халқыма еркелегенім. Әшейінде сөзге олақ,

кеудесі орден мен медальға толы, аңқылдақ, батыр жолдасымның сол

бір сөзі керемет шешендік болып шықты.

1943 жылдың жазында біздің құрамамыз - 100-Дербес атқыштар

бригадасы 2- Балтық майданыньщ бір шетінен екінші шетіне

ауыстырылды. Атап айтқанда Великие Луки қаласының түбінен Ловать өзенінің жағасына барып жайғастық. Жорықпен жолда кетіп бара жатқанымда менің қолыма «Знамя» журналының сол жылғы 5-номері тиді. Сол журналда Александр Бек деген автордың «Панфиловшылар алғы шепте» атты повесінің басы жария- ланған екен. Мен онда Бек дегеннің кім екенін білмейтінмін, ондай жазушы барын да естімеген болатынмын. Бірақ Панфилов дивизиясын, одан шыққан 28 батыр есімдерін, Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаров сол дивизияның түлектері екенін жақсы білетінмін. Сондықтан болар, мен бұл повестен бас алмадым. Күндіз тоқтай қалғанда күннің жарығымен, түнде қонған жерде ай сәулесімен оқыдым. Оқыған тарауларды жол- жөнекей жауынгер серіктеріме баяндап та отырдым. Содан соң, алғы шепке сол журналдың 6-номері және келді. Панфиловшылар туралы повестің жалғасын түнде, ай қараңғы болғандықтан, зеңбірек касына келіп отырып, аккумулятордың жарығымен оқыдым. Повесть те бітті, аккумулятордың да жарығы таусылды. Әрине, менің мұным тәртіп бұзғандық, тіпті қылмыс еді.

 

  • Балалар, енді 3-топқа бөлініп Әзілхан Нұршайықовтың жастарға арнаған өсиетімен бөлісейік.


І-топ:

  • Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

  • Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта: “Есті қыз етегін қымтап ұстар” деген мақал бар.

  • Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды.

  • Ешкіммен барқылдап  ұрыспа, бағыңды жоясың.

  • Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу – дарақылық белгісі.

  • Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көрудің оңайы жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзеуге көмектес.

  • Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр.

  • Ауыз екі шешендік әркімде болады. Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал. Өйткені қыздың күлкісі, жымиуы, бас изеуі көзқарасы, жүріс-тұрысы – барі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны дұрыс.

  • Шошаңдаған қыз шешесінің атына кір келтіреді.

  • Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

  • Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы.

  • Ақ көңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс, әдемі болса да – жиіркенішті.

  • Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жату қымбат, ал жеткен жеңісті баянды ету – одан да қымбат!

  • Көшеде көлденең тұра қалып бірінің ернін бірі жұлып жердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды. Ондай әдеттен без, ондай құрбыдан аулақ бол.

  • Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол жас балаға, сұлу әйелге және ұлы адамға ғана жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық – қырсықпен тең.

  • Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады.

  • Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.

  • Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.

  • Жақсы адам – магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң – айналаңда досың көп; жаман болсаң- жалғыз жүресің; орташа болсаң- сенде бір жақсының жанын жағалайсың.


ІІ-топ:

Бірінші сөз (Ұлдарға өсиет):

  • Ұлдар! Алдымен сөзімді сендерге арнаймын. Менің сендерден тілегім мынадай:

  • Арақ ішпендер айналайындар! Арақ – азаматтың жауы: халықтың, қоғамның дұшпаны…

  • Адам арақ ішпегенен өлмейді, араны ашылып арақ ішкенен өледі. Әрбір арақ ішкен адамның өмірі аз, ғұмыры қысқа болады. Оның үстіне маскүнемнің өмірі мәнсіз болады. Адамның өмірі онсыз да қысқа. Ендеше аз өмірді ардақтап, шамаң келгенше мағыналы, мәнді етіп өткізгенге не жетсін, шіркін.

  • Жігіттер, қастарыңда отырған қыздарды құрметтеңдер, мәпелеңдер. Алақандарыңа салып әлпештеңдер. Қыздың жанын қинамаңдар! Қыз- болашақтың анасы. Қыз-алдағы ұрпақтың әжесі. Анаңды ардақтап, әжеңді құрметтесең – қызды сыйла, қарағым.

  • Қыздар!Жаңдарында жүрген жігіттерді ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттердің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалап алып, оларға айтқандарыңды істетіндер: арақ ішкізбеңдер,айқайға жуытпаңдар. Оларды түнгі он екіде мас боп рестораннан қайтып, тынымдап жатқан жұрттың шырқын бұзып, терезесінің түбінен текедей бақылдап өлең айтып өтпейтін етіңдер. Өйткені қыз жетектесе ілеспейтін, қыз қиылса көнбейтін жігіт жоқ бұл дүниеде. Өйткені ақыл анадан тарайды, адамгершілік әйелден басталады, қыздан – қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Өздеріңе табиғат сыйлаған осы бір өзгеше өнерлеріңді қастарыңда қаумалап жүрген жігіттерге игі әсер етуге жұмсаңдар. Жігіт – жаныңда жүрсе жолдасың, жауға жұмсасаң – жолбарысың. Жігіт – ортада жүрсе орманың, шетке шықса қорғаның. Қорғаның, қормалың сенін! Жігіттерден жылы күлкі, жұмсақ әзілдеріңді аямаңдар. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп, сүйкенісіп тұруға үйретпеңдер! Оларды жарбаңдатып, жабыса құшақтатпаңдар. Адамның асыл махаббат сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар. Оларды нәпсісін тыйып, намысын биік ұстауға тәрбиелеңдер. Сөйтіп, олармен тату, дос, қимас құрбы болып өсіңдер, шырақтарым!

  • Өмірдің қызық ләззаты – адал достық, айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін әрқашан да естеріңде сақтаңдар.

 

3-топ:

2-ші өсиет (Қыздарға кеңес):

Қыздар!
1) Егер сүйген жігіттеріңе сүйікті жар боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
2) Егер ата-енеге қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
3) Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
4) Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған қоғамға адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

5) Егер ертең, егде тартқанда, келісті ана, кемеңгер әже боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!

Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!

Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам – ең ардақты адам.

Дүниеде ең сұлу әйел – еңбекшіл әйел. Еңбекшіл әйел – ерге сүйікті, елге сүйкімді, отбасыға сыйлы.

Өңді қыз өтімді қыз болғанымен, түптің түбінде есті, еңбекшіл қыз ғана жақсы жігітті өкіндірмей ең асыл жар, жан серік бола алады.
Қыздар!
Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар!
Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!
… Апиын ішкендей елтіп, сәнге еліктей бермеңдер. “Жылтырағанның бәрі алтын емес” дегендей,жарқырағанның бәрі бірдей сән емес. Олардың ішінен тек өз бойыңа қонымдысын, өз денеңе жарасымдысың, сырт көзге де оғаш көрінбейтін ұнамдысы ғана сән. Ендеше, өздеріңе не жарасып, не жараспайтынын біліңдер.

Көрсе қызар болмаңдар!

Қол жетпеске тыраштанбаңдар!

Құр сәнқойлықтан сақтаныңдар. Сананы сәнге емес, сәнді санаға бағыныңдар.
Қыздар!
Желкілдеген жеңілтек болмаңдар! Желпілдек қызды жебір жігіттер жентектеп ауыздарына бір-ақ құлғыта салуға құмар келетінін ұғыңдар, ұмытпаңдар… Сабырлы болыңдар, салиқалы болыңдар, салауатты болыңдар, қарақтарым!

Қыздар!
Сұқ көзден сақтаныңдар. Сұлу сөзден сақтаныңдар. Шынайы махаббат мақтауды қажет қылмайды. Орынсыз мақтаудын сақтаныңдар, абыройдан аттаудан сақтаныңдар!

Пәк болыңдар!

Пәк болу үшін сақ болыңдар бауырларым!

Алайда, қазір сендердің жігіттерден көз алмайтын, жігіт жаққа қарайлап көп қарайтын шақтарың ғой бұл кез. Қарағанда олардың сыр сиқына, киген киіміне, ресторанда қалталарынан шытырлатып шығарған ақшаларына қарамаңдар, қарақтарым. Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейті сияқты, жылтырағанның, жымыңдағанның, жылпылдағанның бәрі бірдей жақсы жігіт бола бермейді. Жаман жігіт болғанымен, жақсы жар бола бермейді. Сондықтаң жігіттерге қарағанда олардың ішкі дүниесіне үңіліңдер, адамгершілік, азаматтық сапасына көз жүгіртіңдер…

Жігіт таңдағанда көңіліңнің қос қанаты ақыл мен сезімді тең ұста. Тек сүйген жанға ғана қосылу қажет, қосылған жігітіңді өмір бойы сүйіп өтетініңе кәміл сенімің болсын. Өзімшіл, өркөкірек жігіттердің өкінішке ұрындыратынын ұмытпаңдар. Жаман жолдастан жалғыздық жақсы…

 

Қорытынды

Әзілхан Нұршайықовтың сөзімен аяқтау (бейнематериал)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!