"Достықта жоқ шекара" шығарма.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Достықта жоқ шекара" шығарма.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Достықта жоқ шекара" шығарма достық,жолдастық туралы жазылған.Мұғалім мен тәрбиешілер сынып сағаттарында және жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтін,мазмұндама ретінде пайдалануға мүмкіндік болады.Шығармашылық жұмыс иесі - 6-сынып оқушысы Аманқос Ақниет Серікқызы.Адами қасиеттерге баулу,жолдастық,достықты дәріптеуге,құндылықтарды сіңіруге септігін тигізетін негіз болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Достықта жоқ шекара



Достық – табылмас бақыт

Достық... Бұл сөзді дүние жүзіндегі адамзаттың жүзі мен жүрегінен көруге болады.Нағыз достың болғаны өмірдегі қол жетпес бақыттың бірі. Ата-бабаларымыз айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Адам жүрген жерінде,яғни, сапарда, туған елде, қызметте,бөтен мемлекетте болсын, сыр ашып сөйлесетін, шер тарқататын, қиын жағдайда қол ұшын беретін,ұғынысып түсінетін жақын сырлас жан іздейді. Бұл - дос, оларды байланыстырушы күш – достық. Достық сөзі - мен үшін ең қымбат нәрсе. Адамдар арасындағы туыстық,ағайындар арасындағы ұлы достық отбасынан басталады деп ойлаймын.Отбасында татулық, достық,бірлік болмайынша,болашақ ұрпақ өз мемлекетіндегі достықты түсіне алмайды. Біздің ата-бабаларымыз ел тәуелсіздігін аңсап,елдің өзге елдермен татулықта, бірлікте болуын берік ту етіп ұстанған.Достық қарым-қатынас болмаған жағдайда ел арасында тірлік болмайды,алауыздық орнығады емес пе?! Біздің мемлекетіміз - көпұлтты мемлекет. Қазақ халқы өзге ұлтты жатсынбайды, қара ма, ақ па, сары ма бөлместен бірлікте, ынтымақта өмір сүріп келеді. Осының өзінен бала жүрегіммен халқымның қонақжай, мейірімді, парасатты,дархан екенін ұғынамын.Әріректен сөз қозғасам, Абай атам бастаған ақын – жазушыларымыз орыс білімін оқып,мәдениетінен үлгі алып, болашақ жастарды орыстардан білім-ғылым үйренуге, мәдениетін игеруге шақырды емес пе?! Бұл да ұлы достықтың бастауы деп білемін.Украинаның ұлы кобзары Т.Г.Шевченконың қазақ топырағына қоныстанғанын да айта кетпеске болмайды.Қазақ пен украина халқының достығын Тарас Шевченко байланыстырып тұр емес пе, оның айғағы өз туған жеріме кобзарь аты беріліп, қазіргі таңда Форт-Шевченко қаласы деп аталуын мақтанышпен айта аламын. Дана халқымыз әрқашанда өзінің даналығымен, дархандығымен, өзгені өз баласындай көріп,жатсынбайтын асыл қасиетімен ерекшеленеді. Екі елдің, екі рудың, екі халықтың достасуы – үлкен бақыт.Қазақ халқы халықаралық достыққа, туыстыққа ерекше мән берген. Оның дәлелі - «Қырғыз- қазақ бір туған», «Өзбек – өз ағам», «Түбі бір түркімен» деген халық мақалдары туыстықты айқындайтын дуалы сөздерде.Халқымыздың ұйымшылдығы,ауызбірлігі, басқа халықпен одақтасып достаса білуі – жеңіске жеткізіп, жеріміздің кеңдігін, еліміздің елдігін сақтап қалуға апаратын жол екені айқын. Тілі басқа болғанымен, тілегі бір, түрі басқа болғанымен жүрегі бір өзге ұлт өкілдерімен бауырластықта боп, қоян-қолтық араласып жүрудің өзі бір ғанибет. Кіндік қаным тамып, туып өскен атамекенімнің ауасымен тыныстап, жауырнынан қағып, төс қағыстырып, төрімізден орын алған, еңбегінің адал терімен нан тауып, елге елеулі, халыққа қалаулы боп жүрген өзге ұлт өкілдері, яғни, ақ жаулықты аналарымды атап айтпасам болмас. Олар: ұйғыр қызы Фабиян (Рая) Жолдыбаева, түрікпен қызы Зубайда Жұбаназарова мен Еліміздің достығы, тату-тәтті өмірі бұзылмасын, арқа сүйер достарымыз көбейе берсін! Ата-бабамыздан келе жатқан қатаң қағида, рухани өсиет – достыққа адалдық. Яғни адалдығымыз бұзылмасын! Мемлекеттер арасындағы шекара іргесі мықты болсын!





Аманқос Ақниет

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы Е.Өмірбаев орта мектебі 5-сынып оқушысы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
1489
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі