Материалдар / Дыбыстық талдау - теориялық білімді жетілдірудің негізі

Дыбыстық талдау - теориялық білімді жетілдірудің негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыстық талдауды - басынан бастап белсенділік пен ерікті талап ететін операцияның құрылымы бойынша жайылған күрделі үдеріс деп қарастыру керек . Д. Б. Элькониннің анықтамасы бойынша дыбыстық талдау дегеніміз- сөздегі дыбыстың орнын, кезектілігін, санын анықтауға бағытталған ойлау іс- әрекеті. Арнайы әдебиеттерде сөздің дыбыстық құрамы туралы түсініктің толық қалыптаспауы, көп жағдайда жазу мен оқу дағдысын меңгеруде тұрақты қиындыққа әкеліп соғатыны айтылады. Алдымен оқушының дыбыстық талдау қабілеті қандай денгейде екенін анықтап алу қажет. Ол үшін әр түрлі тапсырмаларды ретімен жас ерекшелігін ескеріп пайдаланады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
1037
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дыбыстық талдау - теориялық білімді жетілдірудің негізі Кіріспе. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін

тілдік құбылысты дыбыс дейді. Дыбыс – сөздің материалы. Дыбыс, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп – бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар: 1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді. 2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.

Негізгі бөлім. Дыбысты қарастырудың 3 обьектісі.

Біздің дыбыстық тіліміз - өте күрделі құбылыс, сондықтан да оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек.

Анатомиялық –физиологиялық аспект: Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б

Акустикалық аспект: Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты акустикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір – біріне ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді.

Лингвистикалық аспект: Тіл дыбыстары адамзаттың қарым – қатынас жасау құралы болып табылатын тілдің ең кішкене бөлшегі ретінде қоғамдық мәнге ие. Осы қасиеті негізгі аспект болып табылады.

Біздің ана тілімізде тілдің дыбыстық элементтерін сезіну ерте жастан дамиды. Көптеген зерттеулерде қалыпты дамыған кіщкентай бала мектеп алды кезде ана тіліндегі дыбыстарды ажырата алады, басқалар айтқанда

естиді, өздері де айтады, яғни дыбыстарды ажаратады, бірақ, сөздің дыбыстық құрамын меңгермейді. Бала дыбыстың сөздегі орнын, кезектілігін айта алмайды деп көрсетеді. Тілдің дыбыстық жағымен әрекет жасау, оның элементтерін саналы түрде меңгеру мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барсында қалыптасады.

Дыбыстық талдауды - басынан бастап белсенділік пен ерікті талап ететін операцияның құрылымы бойынша жайылған күрделі үдеріс деп қарастыру керек . Д. Б. Элькониннің анықтамасы бойынша дыбыстық талдау дегеніміз- сөздегі дыбыстың орнын, кезектілігін, санын анықтауға бағытталған ойлау іс- әрекеті. Арнайы әдебиеттерде сөздің дыбыстық құрамы туралы түсініктің толық қалыптаспауы, көп жағдайда жазу мен оқу дағдысын меңгеруде тұрақты қиындыққа әкеліп соғатыны айтылады. Алдымен оқушының дыбыстық талдау қабілеті қандай денгейде екенін анықтап алу қажет. Ол үшін әр түрлі тапсырмаларды ретімен жас ерекшелігін ескеріп пайдаланады.

Ал, дыбыстық талдау – жинақтау әдісінің негізін қалаған - орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский. Бұл әдіс – сауат ашу жұмысының негізгі мақсатын көздей отырып жасаған. Дыбыстық талдау – жинақтау әдісін жетілдірудегі басшылыққа алынған жағдайлар – педагогика, психология ғылымдарының, тіл ғылымының жетістіктері мен уақыт талабы.

Жалпы сауат ашу тарихында түрлі тәсілдер қолданылған. Олар мыналар:

Әріп теріп оқыту;

Буынға бөліп оқыту; Сөзді оқыту;

Дауысты талдай оқыту; Дыбыстық жинақтау; Талдау жинақтау әдістері.

Бұл әдістер негізгі талдаудан және жинақтаудан тұрады. Талдау мен жинақтау әдістерін жеке сөз етуге болғанымен, оқушыларды сауаттандыру жұмысында екеуі де қолданылады, бірін – бірі ауыстырып, бірін – бірі толықтырып отырады. Көбіне алдымен талдау, содан кейін жинақтау әдісі қолданылады. Бірақ «әліппе» кезеңіне байланысты жинақтау әдісі бұрын, талдау әдісі аралығында ғана қолданылуы мүмкін. Тек осы екі әдісті ұштастыру арқылы ғана сауаттану жұмысын ойдағыдай жүргізуге болатынын біздер мектепте оқып – үйрену тәжірибесі көрсетуде.

Дыбыстармен таныстыру үшін әуелі оларды сөз ішінен бөліп, жеке дыбыстау қажет. Ал сөзді дыбысқа бөліп, тұтас дыбыстан машықтанған балалар алғашқы кезде сөздің жекеленген дыбыстардан құралатынын тез меңгере қоймайды. Сондықтан сөз ішінен жеке дыбыстарды ерекшелеп бөлудің түрлі жолын іздестіруге тапсырма алады. Әрбір сөздің өзіндік буындық және дыбыстық ерекшелігіне байланысты талдау жолы да түрліше болады.

Мақсат – сол жолдардың кейбір негізгілеріне тоқталат отырып, оқытушылардың ізденуіне жол сілтейді. Мысалы, дауысты дыбыстарды бір буынды сөздерден созып айту арқылы оңай бөліп алуға болады. Айталық, ал деген сөздің бірінші дыбысын а-а-а-ал деп созу арқылы а дыбысы анық естіледі. Дауысты дыбыстың жеке өзі буын құрып отырған сөздерді теріп

алып, оны буын жігіне білдіріп, жеке дыбысты танытуға болады: а- ла,о-ра, а- ра.

Дауыссыз дыбыстардың бір қатарын тұйық және бітеу буынды сөздерден

оңай танытуға болады. Олар: м,н,р,ш,т дыбыстары. Бұл дауыссыздардың да кейбіреуін созып айту арқылы бөлдіре отырып, түсіне аламыз. Сөзді жартылай айтқызу арқылы т сияқты шұғыл дыбыстарды ажыратуға болады. Аттың суретін көрсетіп, ат деген сөзді хормен айтқызғанда, оқушылар а-а-а-а деп айта бастағанда сөзді аяқтатпай тоқтатып қойса оқушылар ат деген сөздің соңғы т деген дыбысты айтып үлгере алмайды.Бұдан кейін мұғалім ат деген сөздің қай дыбысы айтылмай қалғанын оқушылардан сұрайды. Бұлай еткенде оқушылар ат деген сөзбен а деген дыбысты салыстыру арқылы т дыбысын сөзден өздері ажыратады.Қысаң ы дыбысы мен і дыбысын қосымшадан немесе жалаң буыннан ажыратуға болады. Жіңішке дауыстылар жуан сыңарларымен салыстыру арқылы оңай танылады: ал- әл, ор өр деген сөздерді салыстыру арқылы оқушылар соңғы екі сөздігі ә, ө дыбыстарының а мен о дыбыстарынан ерекшеленетінін білетін болады.

Жоғарыда біз сөз ішінен жеке дыбыстарды ажыратып алу жолдарына тоқталдық. Бұл мақсат жүзеге асып, жеке дыбыс сөз ішінен бөлініп алынғаннан кейін, сол дыбыстың таңбасы – әріп көрсетіледі. Қазақ тілінде оқушылар екі әріпті танығаннан кейін – ақ, білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту мүмкіндігі туады. Яғни, екі әріптің өзінен - ақ сөз құрай алады. Бұл арада талдау үрдісі жинақтау үрдісіне ауысады. Талдау әдісінің өзінше қиындысы болса, жинақтаудан да өзіне тән қиындығы бар. Мұнда бұрын жеке дыбыстап оқып,үйренген әріптерден сөз құрап, ол сөзді тұтас әріптерін бір – бірімен үзбей оқу үшін арнаулы машықтану қажет. Түрлі әдістер арқылы, біртіндеп машықтанатын болады.

Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған екі дыбысты, тұйық буынды ал, ат, аш сияқты сөздерді тұтас оқыту онша қиын болмайды. Ол қиындық туғызған жағдайда жинақтауды талдаумен ұштастыра жүргізу арқылы үйренуге болады.

Мысалы, тақтаға аттың суретін іліп қойып, оны ататқаннан кейін, ат сөзінің бірінші, екінші дыбыстарын талдаймыз: а және т таңбаларын танытып, сөз ішінен а және т әріптерінің орнын табамыз.

Сөйтіп, екі әріптен ат деген сөзді құрап оқимыз. Бұл арада әріптерден сөз құрау жинақтау жолы, жинақтау талдаудың ізімен жүргізіліп отыр. Сондықтан оқушылардың көз алдарынан суреттен көрген ат та естерінде және бірінші дыбысы мен екінші дыбысын ажыратып танып алғаннан кейін, екі- ақ әріптен тұратын шағын сөзді оңай қосып оқиды.

Оқушыларға дыбыстарды бір – бірімен жымдастырып оқуға машықтандырудың тағы бір әдісі – созып дыбыстануға келетін дыбыстарды созып барып, бір – біріне қосу. Мұндайда, бірінші әріпті созып оқып тұрғанда, оқушылар оған жалғас екінші әріпті танып үлгіреді. Бұл әдіс арқылы да оқушылар әріптерді қосып оқуға үйренеді. Мысалы: ала деген сөздерді дұрыс оқуға үйрету үшін әуелі сөздерді буынға бөлеміз, а- ла болады. Әрине, жалаң буынды оқушылар қиналмай оқиды. Ал ла деген буынды бірден өздері тұтас

оқып кете алмайды. Сондықтан бірінші тұрған л әрпін создырып, ллл деп оқытып, оған ааа деп қостырамыз.

Біздің ана тілімізде тілдің дыбыстық элементтерін сезіну ерте жастан дамиды. Көптеген зерттеулерде қалыпты дамыған кіщкентай бала мектеп алды кезде ана тіліндегі дыбыстарды ажырата алады, басқалар айтқанда естиді, өздері де айтады, яғни дыбыстарды ажаратады, бірақ, сөздің дыбыстық құрамын меңгермейді. Бала дыбыстың сөздегі орнын, кезектілігін айта алмайды деп көрсетеді. Тілдің дыбыстық жағымен әрекет жасау, оның элементтерін саналы түрде меңгеру оқыту барсында қалыптасады.

Дыбыстық талдаудың жалпы үлгісі.

Дыбыстық (фонетикалық талдау) - сөздерді дыбыс, буын түрлеріне қарай талдау.

  1. Дауысты дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі: а - жуан, ашық, езулік дауысты;

ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты; о – жуан, ашық, еріндік дауысты;

ө - жіңішке, ашық, еріндік дауысты; е - жіңішке, ашық, езулік дауысты; ұ – жуан, қысаң, еріндік дауысты;

ү - жіңішке, қысаң, еріндік дауысты; ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;

і - жіңішке, қысаң, езулік дауысты; у - жуан, қысаң, еріндік дауысты;

и - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;

э – ашық, езулік дауысты; (орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі).

  1. Дауыссыз дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі: б – ұяң дауыссыз;

в - ұяң дауыссыз; ғ - ұяң дауыссыз; д - ұяң дауыссыз; ж - ұяң дауыссыз; з - ұяң дауыссыз; й – үнді дауыссыз;

к – қатаң дауыссыз; л – үнді дауыссыз; м - үнді дауыссыз;

н - үнді дауыссыз; ң - үнді дауыссыз; п - қатаң дауыссыз; р - үнді дауыссыз;

с - қатаң дауыссыз; т - қатаң дауыссыз; у - үнді дауыссыз;

ф - қатаң дауыссыз; х - қатаң дауыссыз; ц - қатаң дауыссыз;

ш - қатаң дауыссыз;

щ - қатаң дауыссыз (орыс тілінен енген сөздерде кездеседі, бірді – екілі қазақ сөздерінде ұшырайды. Ащы, тұщы)

Мысалы, "шығарма" сөзіне фонетикалық талдау жасап көрейік:

Ең алдымен дауысты дыбыстарды тауып, астын бір сызады, содан кейін дауыссыздарын тауып, астын екі сызу керек. Осыдан соң оларды бір дыбыс екі қайталанбайтын етіп, жеке – жеке тізіп жазамыз:

шығарма: шы – ашық буын, ғар – бітеу буын, ма - ашық буын. ш – қатаң дауыссыз;

ы – жуан, қысаң, езулік дауысты; ғ – ұяң дауыссыз;

а – жуан, ашық, езулік дауысты; р – үнді дауыссыз;

м – үнді дауыссыз;

а – жуан, ашық, езулік дауысты; 7 әріп, 7 дыбыс бар.


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;

  • Оқушы тілдің әрбір саласы бойынша теориялық материалды жан жақты меңгереді;

  • Дыбыстық талдаудың жүйесін үйрене отырып, ауызша және жазбаша баяндау дағдысы қалыптасады;

  • Әрбір тілдік формалардың мағыналарын жете білуге машықтанады;

  • Дыбыстық талдау барысында қажетті білімді еске түсіре отырып, пәндік байланыстың қажеттілігін сезінеді.


Әдебиеттер:

    1. Дыбыстық талдау жинақтық әдіс. Совет Назерке. Семей. 2016.

    2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары.

    3. Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007

    4. Дыбыстық талдау үлгілері. Байбахтиева Баршагүл. 2018

    5. Жапбаров А. Оқушылардың орфографиялық икемділіктері мен дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері – Шымкент «ИП Валиев» баспасы. 2011.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ