«Дулат Исабеков
Ыбыштың мінез-құлқы, кескін-келбеті, аузындағы сөзі мен күлкісіне шейін әкемнен аумай қалған, сойып қаптағандай дерсің. Екі иығы қақпақтай, менен екі есе бар. Шешінгенде білегіндегі білем-білем бұлшық еттер арасында шортан жүргендей бұлт-бұлт етіп ойнап шыға келеді. Ол асығу дегенді әсте білген жан емес. “Ойбай, тұр, қойға қасқыр шапты!” — десең де орнынан жайбарақат көтеріліп, маймаң-маймаң басып барып жарбиған жаман кепеден ер-тоқымын алады, сонан соң үйде қалған қамшысына қайта келеді. Содан кейін барып байлаудағы күрең қасқаны асықпай ерттей бастайды. Оған шейін кеудесінде жаны бар қасқыр қойды қырып бітеді ғой, сондықтан ол сайланып шыққанша қой соңынан мен кете тұрамын. Әкем Ыбыштың осы жайбарақаттығын ғана жаратпайды. Басқа жағынан Ыбыш ол үшін жігіттің сұлтаны, нағыз еркек. Күш дегеніңіз оның бойына сыймай, асып-төгіліп жатыр. Аузын шымшып тіккен екі орыс қабың Ыбыш үшін түк емес. Қауын көтергендей екеуін екі қолтығына қысып алады да алдында кездесе қалған анау-мынау арық-атызыңнан аттап-бұттап жүре береді. Сондықтан да біздің үй ақ қапшық дегенді ұстамайды. Анау азық кепедегі маса қонса жарылғалы тұрған ала қап, қара қап, шұбар қап дегендердің бәрін апамның өзі тоқыған.
Ыбыштың айрықша бір мінезі — көкпар құмарлығында.
Көкпар хабары шықса Ыбышты тану мүмкін емес. Жалпақ танауы балықтың
желбезегіндей[…]»
«қаламын. Бірақ әкем бір саусағын ғана қимылдатып мені өзіне
шақырып алады да: “Қойға бар, қиналсаң суды өзім-ақ әкелемін”, —
дейді ақырын ғана. Ыбыштың атқұмарлығы мен шабандоздығына әкем
қашан да разы. Көкпар болады деген хабарды да алдымен өзі айтып
келеді. Үлкен баласының мен сияқты емес, қайратты, шабандоз, көп
сөйлемейтіндігін ол мақтаныш тұтады. Сондықтан, көкпар хабары сонау
Қазықұрттың бауырынан шықса да, Ыбыштың баруын әкем іштей тілеп
отырады. Мұндай кездерде ол оған ерекше мейірімді де, шешіліп
сөйлегіш. Өйткені, көкпар –ата мен бабаның атын шығаратын, даңққа
бөлейтін қасиетті бәйге. Ал, көкпар болмайтын күндері ол Ыбышты
уысынан шығармай берік ұстайды. Біз бәріміз де оның ызғарлы жүзінен
ығысып жүре береміз. Тау қопарар еңгезердей Ыбышың да оның алдында
бір уыс мақтадай бола қалады. Сондықтан, мен өзім шаппасам да
көкпар хабары шықса екен деп тілеп жүремін. Онда, үй ішіне жылылық,
көңілділік енеді.
Әкем де, Ыбыш та осы кезге шейін бетімнен бір сүйген емес, тіпті, айналайын деген сөзді айтқан-айтпағандары да есімде жоқ. “Баланы айналып-толғана берсең әйел тәрізді сынық, жасық боп кетеді” деген әкемнің сөзін әлденеше рет естігенмін.
Міне, бүгін де үнсізбіз. Анадай жердегі сықырлауық ағаш кереуеттің үстінде бәтес көрпені айқара жамылып Ыбыш жатыр. Ойына ешнәрсе кіріп шығар емес. Мен ертең оқуға жүремін. Алысқа, Алматыға кетемін. Апам[…]»
«алдында таңертең ерте тұрып, мені теміржол станциясына шейін күрең қасқамен апарып тастауға келіскен. Ол осының өзіне әрең көнді. «Ат шаршайды. Есекпен-ақ барсаңшы. Жеткен соң есекті Сопыбектің бастырмасына байлап кете сал, бір барғанда әкелерміз!” — деп күңгірлеген. Бірақ, араға апам араласып: “Мейірімсіз, олай деуге қалай дәтің барады? Қарғадай балаға жаның ашыса қайтеді. Өліп қалмас атың. Бөтен емес, інің ғой әйтеуір” — деген соң біраз үндемей отырып келіскен рай білдіріп жантая кеткен. Әне, сол бойы ұйықтап кетіпті. Көнетоз қара шабаданға бар тапқан-таянғанын салып, апам байғұс қана көбелектей шарқ ұрып жүр. “Әдірә қалғыр, мейірім бар дейсің бе бұларда. Бауыр еті жалғыз інісі алысқа кетіп бара жатқанда қайтіп қана ұйықтайды екен”… — деп, анда-санда қапалана сөйлеп қояды. Сонан соң төсекте жатқан менің қасыма келіп шашымнан сипап, бетімнен қайта-қайта сүйе береді. Сол сәтте оның көзінен жып-жылы жас бетіме тамып кетеді. Менің де көңілім босайды. Бұл — әкем айтқандай жасықтықтан емес, мен кеткен соң апама мына үйдің ішінде көңілсіз болатынын ойлағандықтан еді.
Бір кезде тігулі үйдің алдынан ат дүбірі естілді. Сәлден соң үйге әкем кіріп келді.
— Жатпағансындар ма? — деді ол қамшысын керегенің басына іліп жатып. Үнінде бір жылылық бар секілді. Мен қуанып кеттім. Тым болмаса, оқуға жүрер кезімде мейірімді болса екен.
— Жоқ, — деп апам[…]»
«отырды. Апам да үнсіз, мен де үнсіз. Әкемнің әлдеқалай айтар жаңалығы бар секілді. Сондай кездерде ылғи осылай ұзақ уақыт тіс жармай отырады.
— Дудар бас, — деді ол бір кезде салмақты қоңыр үнмен. Мен селт ете түстім.
— Әу, көке.
— Далаға шығып, қойларды көріп кел. Шарбақ қораны бұзып, шығып кететін жындары бар еді.
Ішім әлденені сезіп, басқа бір сөзге келместен орнымнан тұрдым да, аяғыма апамның кебісін сұға салып сыртқа шықтым. Жұлдыздар жайнап тұр екен. Ай қып-қызыл боп сонау Қаратаудың ар жағынан енді көтеріліп келе жатыр. Оты сөнген ошақ басында Байқаншық жатыр. Әріде, қарауытқан төбенің бергі етегінен Сырттанның «әуп-әуп» үргені естіледі. Ойпаңдағы қамаулы қойлар мамыражай күйсеп жатыр. Қораны бұзып шығу түгілі айдасаң да қозғалар түрі жоқ. Қанша шаруақор, малжанды болса да, дәл осы жолы әкем мені шын ниетімен қойды көруге жібермегенін сол жерден-ақ білгенмін. Сондықтан, шошаң етіп үйге қайта кіруді жөн көрмей, әбден әңгімелесіп болды-ау дегенше далада жүрдім. Және ол ешқашан сары езулікке салынып отырмайды, айтарын қысқа-қысқа етіп ақтарып салуға әдеттенген.
Бір кезде үйге беттедім. Келе жатқанымды білдіріп, тамағымды бір кенеп алдым да, киіз үйдің алаша есігін айқара ашып ішке кірдім. “Не сөйлесті екен? Мен естімеуге тиісті қандай сөз болды ол?”
Табалдырықтан аттай бергенде әкемнің қарсы
алдында малдас[…]»
«Қайтеміз, мейлі енді” деп күңк етіп орнынан тұрды да, төсегіне
барып жатып қалды. Маған бәрі жұмбақ. “Ол не?” — деп сұрауға
батылым жетпеді. Сол жұмбақ әкем мен Ыбыш ұйықтаған соң ғана
шешілді. Түн жарымы ауғанда апам қасыма келіп, болған жайдың бәрін
сыбырлап айтып берді.
…Сонымен Ыбыш үйленетін болыпты. Бұл мен ешқашан күтпеген, тіпті үш ұйықтасам ойыма кіріп шықпаған жаңалық еді. Әрине, Ыбыштың ерте ме, кеш пе әйтеуір бір кезде әйел алып, отау тігетінін білетінмін. Бірақ оның үйленетіндігі туралы хабар дәл осылай аяқ астынан шығып, мен даладан үйге кіргенше, барлық мәселе шешіліп бітерін күтпеп едім. Және оның: “Қайтеміз, мейлі енді” деуі құлағымнан таң атқанша ызыңдап кетпей қойды. “Сұмдық-ай, неткен мінез? Адамда толқу, тебірену деген болмай ма, деймін ішімнен аспандағы ақырын ғана жылжып бара жатқан жұлдыздарға ашық түндіктен қарап жатып. — Ол үйленеді ғой. Ғұмырлық жар сүйеді, оған жас өміріндегі осындай ұлы өзгерістің өзі қой жоғалғандай әсер етпегені ме? Былтыр қыста екі саулықты қасқыр жеп кеткенде бұдан гөрі қаттырақ толғанып еді ғой. Қарашы әне, ештеңе болмағандай бейғам жатыр. Япырмай, шынымен ұйықтап кетті ме екен ол?”
Мен жеңешемнің болуын армандайтынмын. Табан астынан бола кеткен бұл тілек алғашында қатты таңдандырса да дәл қазір даладағы мүлгіген тыныштыққа құлақ тігіп, кірпік қақпай жатқан шағымда маған тәтті[…]»
«Мен осыны ойлап қуандым. Сол қуаныш босағаны аттап кірумен бірге менің ертеңгі алыс сапарымның тас-талқанын шығарды. Ыбыштың үйленуіне байланысты әкем: “Дудар бас оқуды биылша қоя тұрсын. Келім-кетім кісі бар, күтіп алар қонақ бар, ол кеткен соң мына малды кім бағады. Келін түскен соң келесі жазда барар оқуына. Бір жыл кейін ояз болса да кештік қылмас”, — депті.
Мен әкемнің бұл шешіміне қарсы бола қойған жоқпын. Абыр-сабыр кезеңде айдаладағы жалғыз үй қойшыға адам қолы аса қажет болатынын түсінсем, жаман болсын, жақсы болсын, туған ағамның үш күннен кейін келіншек әкелетінін біле тұра, сол қуанышқа ортақтаспай, өз жөніммен аттанып кете беруім бүйрексіздік болар деп түйдім. Биылша оқуды қоя тұруға келіскенімді естігенде апам қатты қуанды. Оның ойынша “биыл мен әлі тым жаспын. Келесі жылы буыным қатаяды. Оң қол, сол қолымды анық танимын, сол кезде алыста жүрген мені уайымдап апам да қатты қинала бермейтін болады”.
Ұядағы жұмыртқа пісіп, қарғаның миы қайнайтын жаз айының от шашқан бір күнінде Ыбыш қасына екі жігіт пен тағы бір екі ақсақалды ертіп Тоғансайға жол тартты. Әдетте, әке тәрбиесінен өзгені көрмеген Ыбыш тәрізді жас жігіттерге: “Үйленесің бе?” деп сауал салғанда, көкей деген құрғырдың: “Енді ше, осы күнді сарғая күткен жоқпын ба?” деп түрткілеп тұрса да “қойыңызшы, көке” деп[…]»
«астынан басын көтеріп маған танымай тұрғандай ажырайып бір қарады да: “Ертең емес пе еді?” —деді. “Жоқ, бүгін”. “Е-е, мен ертең деп жүрсем” — деп шартақ астынан еңкейіп шықты да қолымдағы қабақты алып, салқын шалаптан қылқылдата жұтты. Ыдысты ортасына шейін еңсеріп барып, өзіме қайтарып берді. Сонан соң шылбыры шұбатылып жайылып жүрген күрең қасқаның ауыздығын салды, тартпасын тартты. Сөйтті де, атына асықпай отырып: “Байқа, қойлар шашырап кетпесін… і-і, менімен бірге тағы кімдер баратын болыпты?” — деді. — “Білмеймін”.
Ол үзеңгісін тебініп қалып, үйге қарай беттеді. Сол бойы артына қараған жоқ. Мен оның ат үстіндегі алып тұлғасы қыр астына тасаланғанша соңынан көз алмай қарап тұрдым.
Ыбыштар екі күннен кейін күн бата бергенде келді. Біздің үй Аршабай деген өзеннің жиегіне тігілген. Өзен дегенде бұл шалқып жатқан сулы өзен емес. Ені жарты шақырымдай келетін үлкен арна. Басы сонау Қазығұрттан шығады. Аяғы бірте-бірте жайпауыттанып барып Арысқа жетеді де теп-тегіс жазыққа айналып кетеді. Бір заманда бұл жерде суы мол өзен болған деседі. Оған осы арнаның қатпар-қатпар тастары мен ұлтанын кіндік бойы қазсаң шыға келетін қиыршық құмдары куә. Қазір арнаның бойы малға таптырмайтын жайылым. Құлқайыр, шағыр, бетеге, кеурек, сасыр дегендерің ұйыса өскен. Арасына кірген мал шүйгін шөпке кенедей жабысып, бас көтермей қалады. Арнаның қақ ортасындағы[…]»
«Мен де, апам да солармен бірге кеттік. Апам қуаныштан күліп жүр, жылап жүр. Көзінен аққан жасты байқайтын емес. Қара баласынан да, келінінен де “айнала” береді.
Олар мінген машина бізге әбден жақындады. Бұл орталықган бізге жиі келіп, кино көрсетіп кететін шофер Амангелдінің автоклубы болатын. Әкем ол бір келгенде жалынып-жалпайып жүріп әзер көндірген.
Машинадан түскенде Ыбышты танымай қалдым. Екі күннің ішінде өзі күрт өзгеріп кеткен секілді ме, қалай? Күнге күйіп май сіңген топырақтай болған қоңырқай жүзіне қан теуіп, қоңқақ мұрны делдие қапты. Басындағы сабан шляпасы мен үстіндегі көк бешпеті сом денесіне жабысып, өзін мүсіндендіре түскен. Ол ешқайсымызға сәлем берген жоқ. Ешқайсымызға бұрылып та қарамады. Тек апама жеткенде ғана аздап кідіріп бетінен сүйгізді де, одан алыста, дөң басында бес-алты шалмен мәслихаттасып тұрған әкеме қарай кетті. “Ыбыш!” деп соңынан ентелей бергенімде ол артына бұрылып та қарамаған бойы “қал” дегендей күректей алақанын жай бір сілтей салды. Не болса да мен осы сәтте оның аршынды адымы мен ұстамды жүзіне, алып тұлғасына, туа қалыптасқан қаталдығы мен әкеме шексіз ұнайтын асқан сабырлылығына сүйсінгендей болдым.
…Той қызығы үш күнге созылды. Жастар жағы екі күн бойы сауық құрды.
Кең жайлау, кең дала. Аршабай өзенінің көгілдір аспанын жастар әні кеулеп жатыр. Туған дала ерке ұлдарын құшағына ап, солармен[…]»
«қайнысымен шаршағанша алысты, кейбір жас бойжеткендердің жігітке деген нәзік сезімі осы айлы түндерде алғаш оянды.
Кісілерді күту қамымен жүріп, мен ол сауық-сайранның біріне де түгел қатыса алмадым. Күндіз қой соңына кезек-кезек салып қойған жас балаларға сене бермей мал жаюға кетсем, үйге жеткенде самаурын қою, ботқа тарату, ат байлау дегендерден-ақ қолым тимейді.
Үшінші күні түс ауа мал соңында жүргенде бір бала ентігіп жетіп келді. “Қайыркен көке, мен осында қалам, сізді тез жетсін деп жатыр, келіншектің бетін ашасыз”, деді
Міне саған! Тапқан екен бет ашатын кісіні! Япыр-ау, анау сайдың тасындай сақырлап жүрген жігіттердің арасынан біреуі табылмағаны ма сонда? Туған қайнысына бет аштыру ерсі емес пе?!
Үйге жеткенде, жұрт арнайы салған ши бастырманың астында гу-гу сөйлесіп отыр екен. Шынында, жайшылықта ауыз жаппайтын кейбір жігіттер жеме-жемге келгенде сөз таба алмай, ортаға сүйресе де шықпай отырса керек.
“Ай, үнің өшпейтін теміржақ едің, қане, көрсетші сол өнеріңді” — деп қояды әйелдер жағы екі күн бойы жеңгелерге қырғидай тиіп жүрген ұзын бойлы бұйра бас жігітке қарап. Ол болса: “Түу, өстіп ескілікке салынудың керегі қанша. Комсомольская свадьба жасау керек еді ғой”, — деп тыржиып қояды. “Немене қыл дейді, ей, мына сорайған неме, — деп отырған кемпірлердің бірі оның сөзін жақтырмай қалды. — Сонда той қызығын[…]»
«айналайын, мыналардан күн шыққалы түк шығатын емес. Туған қайнысы болса қайтеді дейсің. Кәзитке өлеңің шығып жүруші еді ғой, селтеңдеп күлуден басқаны білмейтін мына өңшең ынжық немелердің аузына құм құйып кетші. Әй, қара келін, үйден жіңішке оқтауды алып шық”, — деп ол орнынан тұрып келіп қолындағы ақ шаршысын маған ұстатты.
Мен не істерімді білмей аңырып қалдым. Соншалықты сеніммен бастырмалатып келіп қолыма ақ шаршысын ұстатқан соң бас тартуға мұршам болмай қалды. Ана жастар жағы болса: “Ұялма, қысылма, давай-давай” деп отқа май құйып жатыр. Бет ашуға да үлкен қабілет керек. Тіліп түсетін өткір сөзді аяқ астынан тауып, осы отырғандардың бір кемшілігін уытты сынға алу керек. Ол арға тиетін жалаң сын емес, жұрт күлетін, әзілмен астасып жатқан сын болуы керек. Осы сын садағына кісілердің үлкен-кішісі, ақ сақалы мен қара сақалы жаппай іліге береді және бет ашушыға ешкім ренжімеуі керек. Не болса да ішінде кетсін. Әрине, кейбір шыныдай шырт ете қалатындар шыдай алмай әлденені айтып салады. Бірақ жұрт оны одан бетер күлкіге айналдырып, көпке шейін сөз етіп жүретін болады.
Менің өлең жазатын жыным бар екені рас еді. Бірақ, жұрт алдына ешқашан шығып көрген емен. Оның үстіне, қапелімде қойылған талап дегбірімді кетіріп, есімді алды! Қолыма оқтауды қалай ұстап, оған ақ шаршыны қалай байлағанымды да[…]»
«сияқты. Кеудесі мен екі иығының қозғалғаны байқалар емес. Кеше кісілердің атын отқа қойып келе жатқанымда, бірнеше қыз-келіншектермен бірге жеңешемнің анау дөң астында әңгімелесіп отырғанын көргенмін. Күн енді ғана көтеріліп, көкпеңбек Аршабай өзенінің аңғары алтын нұрға шомылып жатқан шағы еді. Жеңешем орамалын иығына салып, қыз-келіншектермен сөйлесіп отыр екен. Қасындағы Балакүл деген жас әйел саусағымен мен жақты нұсқап, әлдене деп жатқанын байқап қалдым. Сол сәтте оның мені жеңешеме сырттай таныстырып: “Анау сенің туған қайның болады” деп түсіндіріп жатқанын сездім де, оларға бұдан әрі жақындауға батылым жетпей үйге қарай қиғаштай тарттым. Сол кезде Балакүл: “Әй, Қайыркен, мұнда кел, мұнда кел”, — деп қол бұлғады. Күнге шағылысқан білезігімен көңілді күлкісінің сыңғырлағаны қоса естілді. Олардың қасына барсам жеңешем қолайсызданар дедім де: “Балакүл, қолым тимей жүр” деп айқайладым. Таңғы дауысым хош иісі аңқыған кең алқапқа сіңіп кетті. Ол дауысым тына бергенде Балакүлдің: “Өй, ұялшақ, келіп таныспай ма екен-ей қайта”, — деп соңғы жағын күлкі көмген ашық үнін естіп қалдым.
Қазір соным үшін де қысыламын. Сонда да болса тершіген маңдайымды алақаныммен сүртіп, тамағымды бір кенеп алдым да, алғаш аузыма түскен салтанатты екі-үш шумақты шұбырта жөнелдім. Сонан соң ең негізі жауапты бөлімге көштім. Тойға келген адамдардың бәрі маған таныс. Демек, олардың әрқайсысының бір міндері бар[…]»
«қанаты тәрізді қиылған қастары ұйқысынан жаңа оянған жас баладай бейкүнә, пәк жүзіне ерекше бір сұлулық пен нәзіктік сеуіп тұр. Үлбіреген еріндері қатты ыңғайсызданғандықтан болар-болмас дір-дір етеді
Мен жіңішке оқтауды қасымдағы біреуге ұстата салып екі адым кейін шегіндім. Сол жағымда отырған екі-үш әйелдің: “О, реңді екен, сабазың. Үндемей жүріп мына Ыбыш бәрінен озды. Құдай кейбіреулерге өстіп бере салады. Анау Рысбектің Тәшкеннен оқу бітіріп келген баласының әйелі… ойбүй, шешей-ау, несін айтасың, мына келіннің тырнағына да тұрмайды. Мұрны біздей, көзі тұздай…” — деп пыш-пыш сөйлесіп жатқандарын құлағым шалып қалды.
Иә, менің жеңешем айтса айтқандай көрікті еді. Әлгі әйелдердің сөзіне мен іштей масаттандым. Сөйтіп тұрып, жұрттан шеткері, тойдан қалған күрішке толы ала қаптың үстінде жалтыр басын ауық-ауық бір сипап қойып, қою шай ұрттап отырған Ыбышқа қарадым. Егер жеңешемнің ақылы көркіне сай боп келсе, шындығында ол жар сүюден бақытты жан еді. Бірақ, өзінің осындай бақыттылығына ой жіберіп жатқан Ыбыш жоқ. Жейдесінің түймесін түгел ағытып тастап, бәз-баяғы қалпынша әлдене жайлы әкеммен сөйлесіп қойып жайбарақат отыр. Осы сәтте мен Ыбышты емес әкемді кінәладым. Оны уысынан шығармай осылай тәрбиелеген сол емес пе? Ол Ыбыштың осы мінезіне сүйсінеді. Мақтан етеді. «Оқу-оқу» деп жүріп өзінің тәк-тәгінен қағажу қалып, еркіндеу ер жеткен[…]»
«жұмбақ. Әсте, өзімен кей сәттерде бетке келіп, тіпті Ыбышқа да: “Әй, тілің бар ма, жазығым жоқ деп айтсаңшы”, — дейтінім үшін жек көретін болар.
Ертең той тарқаған соң көкпар беріледі. Жұмыстан қолы босап жиналатын аттылар болса, Аршабай нағыз көкпардың мекені. Қауіптенетін жыра-апан жоқ, ұзыннан-ұзақ созылып жатқан мидай тегіс ойпаң. Алысқа шабар жүйрік аттың тізгінін бос тастап, армансыз ағызатын-ақ жер. Қазір Ыбыш пен әкем, сөз жоқ, көкпар жайын сөз етіп отыр. Әні, ЬІбыштың сыпыра құлағы қалқиып, көзі ежірейіп кетіпті. Шай ішуді мүлде ұмытқан. Япыр-ау, сонда ол өзгенің емес, өз тойында көкпар шаппақшы ма?
Келіншектің беті ашылған соң барлық адамға желік берген думан қызығы бірден сылқ түсіп, арада бірер сағат өткеннен кейін жиналғандар той иесімен қош айтыса бастады. Кешке қарай ертеңгі көкпарға қалған жұмысы жоқ шалдар жағы болмаса, қыз-келіншек, бала-шаға, жігіт-желең, кемпір-кешектердің бәрі бірі атқа, бірі есекке мінгесіп, енді бір тобы Амангелдінің автоклубына сыйғанынша отырып, ырду-дырду, у-шумен үйді-үйіне тарасты.
* * *
Той да өтті, Ыбыштың есін алған көкпар да өтті. Аршабай алқабындағы біздің үй тағы да жалғыз қалып, ың-шыңсыз бір қалыпты өміріне қайта кірісті. Екі-үш күнге созылған той-думанына әбден үйреніп-ақ қалған екенмін, көпке шейін жаным құлазып, айдалада жалғыз өзім[…]»
«Түу, көз ұшында, қақ маңдайыңның үстінде ноқаттай боп бозторғай қалықтай ән салып жүреді. Жер иісі, жусан иісі, қурай мен құлқайыр иісі кеудеңді кернеп, жан сарайыңа жаңа сезім, жаңа қуаныш толтырады, алпыс екі тамырыңды түгел матап, еліктіріп, еліттіріп әкетеді. Бойыңдағы енжарлық пен көңілсіздік кенет ғайып болып, күллі денең ду-ду ете түседі де, жүрегіңді белгісіз бір қуаныш билей жөнеледі.
Сол кезде мен әндетемін. Әлгі көкірегімдегі шаттық сыртқа шығар саңылау іздеп, ішкі дүниеңді мың саусағымен түрткілеп жатады. Әнге мейірімім қанбайды. Сонан соң өлең жазамын. Осы кезге шейін қанша дәптер толтырдым мен! Бірақ, бірі маған ұнаған емес. Төбемдегі көгілдір аспан, шырылдаған бозторғай, кешкілік жұмақ боп кететін Аршабай алқабы, тамылжыған айлы түні — бәрі-бәрі де кей сәтте маған ренжіп тұрғандай боп көрінеді. Өйткені, менің өлеңімдегі сұлулық, сол сұлулықтардың бір-ақ ұшқыны тәрізді. Кейде өзіммен-өзім арпалысып отырып қойлардың қалың бүрген арасына шашырап кеткенін, я болмаса алтын күннің қызарып ұясына еніп бара жатқанын байқамай қаламын. Кешкілік қойды айдасып кетуге не әкем, не Ыбыш келеді. Әкем келсе менің адам болуымның қиын екенін тағы бір есіме салып, ұрысып жүріп қойларды жинайды, ЬІбыш келсе менімен ісі де болмай үндемеген бойы малды топтап қораға айдайды.
Оның үйленгеніне де жиырма шақты күн болып қалды. Әйтсе де, бәз-баяғы қалпы[…]»
«Салтанаттың мінез-құлқы мен армандағандай боп шықты. Ол той өткен соң-ақ үй-ішінің тірлігіне араласып кетті. Апам алғашқы кезде: “Ойбүй, қарағым, өзім-ақ істеймін. Бұл тірлік біткен бе, кейін де жетер, әлден не қыласың”, — деп шыр-шыр етіп оны ауыр жұмысқа жолатпайды. Бірақ ол: “Кейін тірлік болса бола жатар, апа. Жұмыссыз қайтіп отырамын, маған беріңіз”, — деп апамның иығынан әкпішін алып сонау құдықтағы суға кетеді, не нәкәлай заманынан қалған нән сары самауырды майыса көтеріп далаға ап шығады.
Міне, қазір де ол төрт құлақты қара қазанды жер ошаққа асып, ішіне ернеулете су құйып жатыр. Күн батып, қызылы сөнген шақ. Бүгін желкем жоқ болған соң қойларды есік алдына иіріп тастағанбыз. Салтанат бір құшақ кепкен қурай әкеп отқа салды да, сіріңке шағып от жақты. Сұйық көкшіл түтін қазан үстінен созамықтанып барды да тілдей жалын бұрқ ете қалды. Сәлден соң түтін жойылды да, ол үлкен жалынға айналып, қурайлар шытырлай жөнелді. Қызыл жалқын от жарығымен Салтанаттың сұлу тұлғасы, қыр мұрыны мен дөңгелек жүзі ап-анық көрінеді.
— Қайыркен, — деді ол бір кезде жалын тасасынан шығып.
— Әу.
— Сен ошақ қаза аласың ба?
— Қайдам… Бірақ, несі бар дейсің.
— Онда, басқа жерден жақсылап жаңасын қазып берші. Мынау тым терең екен, оттың қызуы қазанға аз барады. Ыбышқа айтып ем[…]»
«– Жарайды, жарайды, қарап отырмын ғой. Қазір-ақ қазып берейін.
— Жо-жоқ, қазір шаршап келдің, әрі қараңғы. Ертең қолың босаған кезде, мақұл ма? — Ол жас бала секілді түтін кірген көзін екі қолымен құшырлана уқалап бері қарай жүрді. Есік алдындағы ер-тоқымның үстінде домбыра шертіп отырған менің қасыма келіп тоқтады да:
— “Гауһар тасты” сала аласың ба? — деді еңкейіп.
— “Гауһар тас?” Ән бе?
— Иә, ән. Бірінші рет естіп отырсың ба?
— Жоқ, ә… Домбыраға ән жақсы келмейді дегенім ғой. Одан да күй тартып берейін.
— Жоқ, — деді ол кеудесін тез жоғары көтеріп алып. — Күй өз жөнімен, ал домбыраға ән де жақсы келеді. Бірақ, сен тарта алмайсың. — Салтанат осыны айтты да үйге кіріп кетті. Мен қатты қысылып қалдым. Оның күлкісі құлағымнан біразға дейін кетпей қойды.
Салтанат апам мен маған өте тез үйреніп кетті. Үйде әкем мен Ыбыш жоқта ол апамды өзіне жақ қып алып мені мазақтайтын да болды. “Дұрыс қой, апа, ә?”, “апа, сіз айтыңызшы, солай емес пе?”, “апа, оны сіз де білесіз ғой” деп мен жасаған кейбір оғаштықтарымды күлкіге айналдырады. Апам болса: “Е, әрине қарағым, білемін ғой” деп оны бас изеп қостайды да, Салтанатқа одан бетер желік бітіріп қояды. Ара-арасында өзі де ықыластана күліп, мәз-мәйрам боп жадырап қалады. Салтанаттың жеңіл әзілдері кейде[…]»
«домбыра тартамын. Әрқайсысымен кезек-кезек алтыбақан тебемін. Сөйтіп жүріп, осы қыздардың ішіндегі ең бір сұлуына ғашық болыппын-ау деймін. Ол да мені құлай сүйеді. Ал, қалған қыздар бізді көре алмай теңізге батырмақ болады. Екеуміз қайыққа мініп қашамыз. Олар үлкен-үлкен самұрыққа айналып қуады. Қасымдағы қыз ақ шабаққа айналып, мен шортан боламын да, теңіз түбімен жүзіп отырып белгісіз бір жағадан шығады екенбіз. Жағаға жеткенде мен есімнен танып қаламын. Қасымдағы қыз есімді жидырмақ боп теңіз суынан бүркеді. Селт етіп көзімді ашамын…
Осы кезде оянып кетіппін. Мен бүрген арасында кітап оқып жатып мызғып кетсем керек. Осы түсімді айтып бергенімде Салтанат еріндерін сәл ғана ашып ықыластана тыңдады. Соңғы жағында қыздан бұрын талып қалғанымды келеке етіп рахаттана күлді. Сонан соң менің сұлу әйел алатынымды, өмір жасымның ұзақ болатынын айтып, әлгі түсімді өзінше жорып жатты. Ал, ертесіне мен әлгі түсіме сәйкес екі шумақ өлең жазған болатынмын. Мені мазақтап күліп отырған бір күні ол көзімді бақырайтып қойып әлгінің бәрін апама айтып бермесі бар ма? Жерге кіріп кете жаздадым. “Айтпа” деп ернімді тістеп, басымды шайқасам да тыңдар ол жоқ, қайта, “Әні, қараңызшы, айтпа деп маған жұдырығын түйіп тұр. Нанбасаңыз бар ғой, сол қызға арнап жазған өлеңі бар, оқып берейін бе?” — деді.
— Е, оқи қойшы.
— Міне, тыңдаңыз.
Айналам[…]»
«Өңім боп кетсе, дариға-ай!
— Қараңызшы, өзі әжептәуір ақын, апа, ә?
Апам не десін, үндеген жоқ. Тұсау есіп отырған бойы ақырын езу тартты да қойды. Бұл күлкіден одан бетер қысылдым. Өлеңді Салтанатқа бір-ақ рет оқып беріп едім, оны қалай тез жаттап ала қойғанына қайран қалдым.
Апамның алдында мені қатты қолайсыздандырғанын енді ғана байқаған кісіше ол “ештеңе етпейді” дегенді аңғартып, сәл басын изеп көзін жұмды да, далаға шығып кетті.
Тамақ ішіп болған соң сыртқа шықсам, сонау ойпаңдағы құдықтан Ыбыш екеуі қауға тартып жатыр екен. Одан алысырақта жердің ақ тозаңын аспанға көтеріп, суға қарай әкем қой айдап келе жатыр. Мен солай қарай жүрдім. Ми айналдырар шаңқай түс. Күздің келгенін білдіріп, сары даламен мизамдар шұбатыла ұшып барады. Олардың бірі құлқайырларға, бірі бүргендерге ілініп, енді біреулері тура бетіңе келіп желімдей жабысады. Ыстық топыраққа бауыры күйген кішкене кесірткелер мен білезіктер зу-зу етіп жолды кесіп өтіп жатыр. Анадай жердегі жусан түбінде ыстықтаған бозторғай аузын ашып, жан-жағына жалт-жалт қарап қояды. Келе жатқан жүргіншіден қауіптеніп, кішкене қанатын қомдап ұшуға әзір отыр.
— Мен құдық басына жеткенімде Ыбыш: Неге келдің? — деді бетінің терін жеңімен бір тартып.
— Негесі қалай? Жәрдем бермеймін бе? Өзің түйе жетектеп, қауғаны Салтанатқа тартқызып қойғаның қалай?
Ыбыш Салтанат жаққа жай бір қарады[…]»
«Мына сөз жүрегіме тікендей қадалды. Және “бұл сөзім Салтанаттың көңіліне келеді-ау, ренжиді-ау” деп ойлап тұрған ол жоқ, келіншегіне назар да аудармастан түйесін жетектей берді. Түйе ана басқа жеткенде қауға да құдық аузына кеп кептелді. “Тарт-ай!” деді ана жақтан Ыбыш. Салтанат қауғаның жібінен ұстап, нәзік қолымен дірілдей көтерді де, суын астауға ақтарып жіберіп, бос ыдысты құдыққа қайта тастады. Ол кеудесін көтеріп, маңдайының терін сүрткенде, сүйкімді жүзінен Ыбышқа деген ешқандай реніштің ізін байқай алмадым. Ыстық күннен екі беті алауланып, құлпыра түсіпті. Мені көрген бетте күлімсірей қарады да: “Ауыр-ей әжептәуір”, — деді бетінің терін сүртіп. Мен оның ренжімегендігі үшін іштей қатты қуандым.
Сәлден соң Ыбыш біздің қасымызға келіп: “Ақыры келуін келдің, түйені сен жетекте, мен ат суарайын, таң атқалы су ішкен жоқ”, — деп қара нардың бұйдасын маған ұстатты да өзі сонау қара тұмсықтың бергі бауырында тұсаулы жүрген күрең қасқасына қарай кетті.
Біз екеуміз қалдық. Ыбыш ұзаған соң Салтанат: “Әй, осы мені аямайды-әй, — деді күліп, — онысы несі екен. Мені өзі сияқты палуан деп ойлайды ғой деймін бір. Құдыққа келген сайын қауғаны ылғи маған тартқызып, өзі түйе жетектейді. Сөйтіп жүріп жөндеп тартпайсың деп ұрсатыны бар тағы да, астапыралла!..”
Салтанаттың бұл үнінде реніш те, зіл де жоқ, керісінше, нәзік әйелдің қатал[…]»
«салбыратып құдық түбіне қарап отыр. Менің ренжігенімді байқаған жоқ. Бір кезде: “Қайыркен, Қайыркен! Ана қарашы, құдық түбінен менің суретім көрініп тұр, — деді. Әлгі сөзіне ренжігенімді білдірмек боп үнсіз тұра бердім. Сол сәтте ол басын көтеріп күлімсіреген қарақаттай жанарын маған қадады да “кел енді” дегендей басын изеді. Мен жай-жай басып оның жанына жақындадым. Оның көңілді сәттерін бұзғым келмеді.
— Қане?
— Әні, қарашы. — Мен құдық түбіне көз тастадым. Шыңыраудың сонау түбінен бізге де өзіміз сияқты екі адам қарап тұрды. Олардың да ар жағында көгілдір тұнық аспан. Біз күлсек олар да күледі, қол шошайтсақ олар да шошайтады. Салтанат кенет тағы сөз бастады.
— Алдың күні мен дәл осы суретті Ыбышқа да көрсеттім…
— Е, ол не деді? — Мен елең ете түстім. Ол мөлдір суға маржан сепкендей сылдырап тағы бір күліп алды да:
— Ол не деуші еді. Ұрсып берді. Денің сау емес сенің, —деді.
Мен еріксіз күліп жібердім. Оған деген әлгі ренішім бір шөкім жазғы бұлттай лезде ыдырап кетті. Содан соң екеулеп жұмысқа кірістік. Ол түйе жетектеді, мен қауға тарттым. Сәлден соң қойлар да келіп, үлкен астауға лап қойды. Бірі су ішіп, енді бірі қанатын сулап отырған бозторғайлар тоз-тоз болды.
* * *
Күзгі қырқын маусымы да келіп жетті. Аз күнге созылса да бұл қойшыларды едәуір аласапыранға[…]»
«деген сөз емес. Тұс-тұстан қайшыларын сырылдатып, жалаңдатып тұрған қырықтықшылар бір отарыңды түске дейін жалаңаштап қоя береді.
Алыс жолға жүре алмайтын ауру-сырқау, арық-тұрақ саулықтарды қорада қалдырып, әкем мен Ыбыш таң алакеуімнен малды айдап кетті. Жүретін күнге дейін қой қырқымға әкем екеуміз баратын боп отырғанбыз, бірақ, бір күн бұрын кешке колхоздан Амангелдінің автоклубы жау қуғандай жетіп келіп, құдық басына су тартатын мотор тастап кетті. Колхоз бастығының «моторды құрып беріп қайт» деп жіберген Әскербек деген тракторшы жігіт: “Мотор құру — айт-шу деп қой айдау емес, сондықтан, гайканың астын ұстап тұруға жарайтын бір көмекші қалсын” деп жер-дүниені топан су алдырған соң әкем
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дулат Исабеков Гауһартас кітап

шағым қалдыра аласыз