«Дзюдодың тарихы және онымен айналысудың адам ағзасына әсері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дзюдодың тарихы және онымен айналысудың адам ағзасына әсері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дзюдодың тарихы және онымен айналысудың адам ағзасына әсері. Жоспар: 1.Кіріспе 2.Дзюдо даму тарихы 3.Қазақстандағы дзюдо 4.Дзюдо техникасы 5.Дзюдоның адам ағзасына әсері 6.Қортынды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақсан ииновациялық технологиялық университеті














Тақырыбы: «Дзюдодың тарихы және онымен айналысудың адам ағзасына әсері»













Жетекші:Мендигалиева Аягоз Сарсенбайқызы

Орындаған: 6В01401 - «Дене шынықтыру және спорт»

3 курс Онгарбаева Жазиар Адылқызы













Орал-2021жыл



Дзюдодың тарихы және онымен айналысудың адам ағзасына әсері.

Жоспар: 1.Кіріспе 2.Дзюдо даму тарихы 3.Қазақстандағы дзюдо 4.Дзюдо техникасы 5.Дзюдоның адам ағзасына әсері 6.Қортынды.



1.Кіріспе

Қазақстан дзюдо федерациясы 1973 жылы құрылған.Екі адам бір-бірне қарама-қарсы тұрып, күш қолданатын спорт түрлері Қазақстанда әлдеқашан танымал болып, өзінің ізбасарларын тез тапты.Қазақстанда дзюдо мектебін қалыптастыру жолында Анатолий Малкин,Тлеухан Әміржанов,Владимира Пака,Анатолий Сун,ӘбілхайырБайбұсынов,Батырбек Сейсенбаев, басқа да азаматтар үлкен жұмыс атқарды.Қазақстан дзюдошыларының бүкілодақтық жарыстарға қатысуы оларға өз жемісін бере бастады.Алғашқы халықаралық турнирлер біз үшін сәтті аяқталды,Марат Әзімбаев Еуропа чемпионы атанды. 70-жылдардың соңы,80-ші жылдардың басы отандық дзюдоның жаңа даму кезеңі, бұл уақыт КСРО жазғы спартакиадаларының, Одақ және Еуропа біріншіліктерінің жеңімпаздары және жүлдегерлері-Али Хамхоев,Қайрат Мысықбаев,Сергей Аширов,Ахат Аширов,Серік Шакимов,Асыланбек Омаров,Ирина Семенюк сияқты басқа да отандық спортшылармен байланысты.

1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап біздің еліміз халықаралық,құрлықаралық біріншіліктерге, әлем чемпионаттарына,Олимпиада және Азия ойындарына өзіміздің жеке құрамаларды шығаруға мүмкіндік алды.Отандық татми шеберлерінің алғашқы кездесулері көңілге қуаныш ұялататындай болды.1993 жыл Макаода өткенАзия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте осы спорт түрінің негізін қалаушы жапондықтарға ғана есе жіберіп, екінші орынды иеленді.[1.3]



2Дзюдо даму тарихы

Дзюдо жазғы Олимпиада ойындарына 1964 жылы Токиода өткен жазғы олимпиада ойындарында қосылды.Содан бастап 1968 жылы Мехикода өткен жазғы Олимпиадаойындарынан басқа барлық Олимпиада да дзюдо бойынша сайыстар тұрақты түрде өтеді.Бастапқыда Олимпида ойындарында дзюдо ерлер спорт түрі ретінде саналғанымен, 1992 жылы Барселонада өткен жазғы Олимпиада ойындарында әйелдер бойынша да сайыстар қосылды.Спорттың бұл түрі бойынша 14 медаль сарапқа салынады.Олимпиада тарихында Олимпиада алтыны мен жалпы жүлде қоры бойынша медаль кестесінде дзюдоның отаны саналатын Жапония спортшылары екш бастап келе жатыр.Дзюдо бойынша сайыстар татамиде,арнай формамен-кимономен қатысады. Кимоно шалбар және белбеуден тұрады.Белбеудің түсі спортшының техникалық дайындығын білдіреді. Дзюдода кез келген белдесу дзюдошылардың бір-біріне бас иіп сәлемдесумен басталып, бас иіп құрмет көрсетіп белдесуді аяқтайды.Белдесу төрешілердің «хаджимэ» деген пәрменімен басталады. Ал белдесу барысында төреші дзюдошылардың,белдесуді тоқтату үшін «матэ» деп пәрмен береді.Ерлерде белдесу уақыт 5 минут болса, әйелдерде 4 минутқа созылады. Бір дзюдошы қарсыласын арқасынан асыра лақтырғанда таза жеңіс беріледі.[2.6]



3.Қазақстандағы Дзюдо

1994 жылы Хиросимада (Жопония) өткен алғашқы Азия ойындарында Қазақстан командасы 5 медальға ие болды, оның ішінде 2 күміс (Иван Карезелиди және Серік Әлімжанов) және 3 қола бар (Серік Шакимов, Серік Адыгенов, Ибрагим Вешогуров).Келесі 1989 жылы Бангкокта (Тайланд) өткен Азия ойындарында ел спортшылары 6 медальді қанжығаларына байлады. Иван Баглаев пен Варвара Масягина күміс алқа тақса, Нұрбол Сүлейменов, Вячеслав Бердута, Руслан Сейілханов және Серік Шакимов қолаға ие болды.2002 жылы Бусанда(Оңтүстік Корея)өткенАзия ойындарында .4 марапатқа ие болды.Базарбек Донбай күміс алса, Асхат Жіткеев, Вячеслава Бердут және Шолпан Қалиева өз жанкүйерлеріне қола алып қуантты. 2006 жылы Дохода (Қатар) өткен Азия ойындары ел дзюдошылары үшін жемісті болды, біздің саңлақтар 6 медальді, оның 2 күміс(Максим Раков,АлмазАтаеев) және4 қола (Асхат Жіткеев екі марапатақа ие болды,100 келіден жоғары және абсолютті салмақ, Елдос Ихсанғалиев,Саламат Утарбаев). 2010 жылы Гуанчжоуда(Қытай) өткен Азия ойындарында Қазақстан 4 медальді қоржынға салды,Ислама Бозбаев күміс, ал Макисма Ракова, Гүлжан Исанова және Ғалия Өлментаева қоладан алқа тақты.

2001 жылы еліміздің татами шеберлері Қазақстан дзюдо тарихында алғаш рет жаңа деңгейге көтеріледі.Ересектер арасындағы әлем чемпионатында Асхат Шахаров пен Асхат Жіткеев қола жүлдегерлер атанады.

2004 жылыАлматы алғаш рет Азия біріншілігін өткізеді, бұл жарыс біздің спортшылар 3 алтын жеңіп алады.(Асхат Жіткеев,Мұратбек Қыпшақбаев,Базарбек Донбек). Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионаттарында да сәтті өнер көрсетіп жүргенін айта кеткен жөн (ерлер, жастар және жасөспірімдер).

1998 жылы Мәскеуде өткен дүниежүзілік жасөспіпірмдер арасындағы ойындарда Ерлан Слямбаев алтын алып куантты.

Әр түрлі жылдары жастар арасындағы әлем біріншіліктерде Марта Мықтыбеков,Әсет Түсіпов,Коныспай Шпанов,Максим Раков,Ілияс Измагилов,Наурвзбек Майлашев,Виктор Демьяненка, Серіктай Закетаев,Азиз Қалқамаанұлы,Хаванбай Ховдал және Елдос Сметов сияқты саңлақтарымыз жүлдегер атанып жүрді.

Қазақстан дзюдошыларына Олимпидадағы алғашқы ірі жеңіс 2008 жылы келді,Бейжіңде өткен Олимпида ойындарында Асхат Жіткев ақтық мәреде Монғолияда келген қарсыласына есе жіберіп, Олимпиданың күміс жүлдесін қанжығасына байлады.Оыс күміс жүлде алғаннан соң үш мәрте Азия чемпионны және әлем біріншілігінің қола жүлдегері спорттық карьерасын мақтанышпен аяқтады.[3.8]



4.Дзюдоның адам ағзасына әсері

Алдыңғы ұсыныстарға қарағанда, күрестің әр түрі- байланысқа түсетін спорт түрі болғандықтан, мұнда жарақат алу кемшілігі бар.Дегенмен соған бола күрестен бас тартудың қажеті жоқ. Өиткені күрес, бокс, қоян-қолтық күрес, дзюдо, қазақша күрес және тағы басқа жекпе-жектер дененің бұлшық етін берік етіп, төзімділікті шындап, әрдайын жинақы жүруге ынталандырады. Дүниежүзінде жанкүйері бар жерлесіміз Геннадин Головкин өмірінде бір жеңіліс таппаған боксшы, оның жетістігі спортқа бейқам адамның шабытын оятады.Гена тек спортта ғана емес,өмірде де жеңіске жетуге болатының дәлелдеп берді.Айта кетсек, 6 сәуір Бұұ Бас Ассамблеясының 2013 жылғы карарымен бейбітшілікті сақтау жолында Халықаралық спорт күн ретінде бекітілді.ҚарағаҚазақстан, Беларусь,Грузия, Македония, Ресей, Румыния, және Сербия демеушілік жасады.Халықаралық спорт күнтінде 6 сәуірдің таңдалуы кездейсоқ емес.Алғашқы Олимпиада ойындары 1986 жылы 6 сәуірде басталып, 15 сәуірге дейін жалғасқа болатын.Белсенді және салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың қатарына қосылыңыз.Әлі де кеш емес.Балаңызды спортқа баулыңыз.Спорт сізді жақсылыққа жетелеп, қуанышқа бөлесін демекпін.

Ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану.Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде руқсат етіледі.[4.1]



5.Дзюдо техникасы

Дзюдо жапондық жауынгерлік өнердің бір түрі. Бүгінде бүкіл әлемге тараған бұл күрес жапон тілінен аударғанда «жұмсақ жол» дегенді білдіреді.Бұл өнердің авторы Күншығыс елінің даңқты ағартушысы Дзигоро Кано.Аталмыш жаңалықтың мақсаты- өзін өзі қорғауда дене қимылдарына аяқ-қол әрекеттерін қосып,партерде қарсыластың тепе-теңдігіне тежеу қойып, нәтижесінде тырп өткізбей қою. Дзюдока (іс-тәжірибелік дзюдо) бүкіл дененің толықтай иілуін қамтамасыз етеді.Тепе-теңдікті сақтау ,дұрыс тыныс алуды басқарады.Оқушы үнемі қырағы болып, «өлі қимылдарды» назардан тыс жібермеуі тиіс.

Дзюдоның техникасын оқып-үйрену дұрыс құлауды (укэми) білуден басталады.

Жарақат алмаудың маңызды тетіктерінің бірі- татамиде қолмен амортизациялық алдын-ала соққа болып табылады. Алға қарай құрау кезінде қолдың иілген бөлігін алға қарай бұрылады.Арқамен құлау кезінде шынтақ түзеліп, денеден 45-60 градсқа алшақтайды.Бүйірмен құлауда бір қолдың шынтағы түзеліп, екінші қол корпустан бөлініп, жоғары көтеріледі.Барлық жағдайдайларда шынтақ татамиге бағытталып ,ал саусақтар бір-біріне нығыздалған күйінде сақталуы тиіс.

Алға қарай құлаған қорғаныс құлаудың екінші нұсқасы бар.Қолды шынтақтан сәл бүгеді, саусақтарды ашады.Басты шалқайтады және бұрады.Одан кейін, саусақтар татамиге тиген кезде, біртіндеп алдымен кеуде, одан кейін қарын, ең соңғында жамбас жерге тиеді.

Арқамен құлаған кезде, иекті кеуде тигізіп, тізелерді де барынша бүгіп құлау керек.

Бір қырмен құлаған кезде де иык кеудеге тигізіледі, аяқ бүгіліп тізелердің арасы ашылады.

Тұрыс.

Кез –келген техникалық тәсілдің негізі тұрыс болып табылады немесе «сисэй».Дегенің қалыпты тұрысында (сисэй хонтай)- аяқ иықтың деңгейінде болады, дененің салмағы аяқтың ұшына түседі, тізе мен иық бос ұсталады.

Қорғаныс жағдайында (сиго хонтай) аяқтың арасы алшақ болады,салмақ ортаға түседі,тізе бүгіліп, дене алға қарай сәл еңкейеді.

Дзюдода сондай-ақ қозғалу техникасы немесе «синтай» үлкен роль атқарады.Негізгі тұрыс- «цуги-аси» -табанмен жқмсақ қозғалуға негізделеді.Табандардың арасындағы ара қашықтық өзгермеуі тиіс.

Мамандардың айтуынша, нағыз дзюдо дұрыс ұстасу әдісінен (кумиката) басталады.Дзюдошының күртешесі самбошынікіне қарағанда, эластикалық материалдан тілігеді, белбеуге арналған тесігі болмайды.Егер самбошының күртешесінен ұстаған кезде, оны өзіңе қарай тарту оңай екенін байқауға болады.

Ұстап алу

Осы әдісті дзюдошыға қарсы қолданған кезде, ең алдымен күртеше созылады, ал қарсыласты құлату үшін, «бос аралық» толық аяқталуы керек.

Дзюдо техникасының тағы бір маңызды элементтері бұрылу және айналу әдістері (тайсабаки) мен қарсыласты құлату әдістері (кудзуси).

Дзюдо техникасы үш бөлімге бөлінеді:

-лақтыру техникасы (нагэ-вадза)

-қапсыру техникасы (катамэ-вадза) және

-осал жерлерге соққы беру техникасы (атэми-вадза)

Дзюдодағы лақтыру тәсілдерін аяқтан шалу, жұлқа тарту, т.б. әдістермен қоса орындауға болады және олар екіге жіктеледі:

-тік тұрып жасалатын әдістер (тати-вадза) және

-құлап бара жатып жасалатын әдістер (сутэми-вадза)

Тік тұрып жасалатын лақтыру тәсілдері де бірнеше топқа жіктеледі:

-қолмен жасалатын тәсілдер (тэ-вадза)

-жамбас буынымен жасалатын тәсілдер (коси-вадза) және

-аяқпен жасалатын тәсілдер (асивадза).

Құлап барып жасалатын тәсілдер:

-арқамен құлап бара жатып жасалатын лақтыру тәсілдері (масутэми-вадза) және

-бір қырмен құлап бара жатып, жасалатын лақтыру тәсілдері (екосутэми-вадза).

Қапсыру техникасы (катамэ-вадза):

  • Қапсыра құшақтау (осаэкоми-вадза),

-қылғындыру (симэ-вадза) және

-жанға батыру тәсілдері (кансэцу-вадза).

Дененің сал нүктелеріне соққы беру тхеникасы (атэми-вадза) үшке бөлінеді:

-қолмен соққылау (удэ-атэ)

-аяқпен тебу (аси-атэ)и

-баспен соғу (атама-атэ)

Спорттық дзюдода соққы беруге тыйым салынған. Сондай-ақ қолмен аяқтан қапсырып ұстау ,көзді шұқу, жақты ауырту, қылғындыру сияқты әдістерге де тыйым салынған. Партердегі күресте тек шыныққа ғана ауырту тәсілдері рұқсат етілген.[5.7]



6.Қортынды

Спорт денсаулықтың жақсаруына, жақсы дене пішінін және белсенділікті қолдап отыруға жағдай жасайды. Бірақ спорт дегеніміз- ағзаға түсетін жүксалмақ пен қатерді де білдіреді, ал бұл- мысалы, өмірінде бір рет болса да бұлшықет ауыруын сезінген, сіңірі созылған немесе соғылған әрбір адамға мәлім.Ферменттер мұндай жүксалмақтар мен жарақаттардың салдарын барынша азайтуға көмектеседі және бұл ретте қабыну үдерістері мен шағын жарақаттарды бақылауға сондай-ақ иммундық жүйені табиғи жолмен басқаруға мүмкіндік береді.

Спорттың күш қолданылатын түрлерінде ағзаға қалыпына келу үшін берілген уақыт маңызды рөл ойнайды.Жеткілікті деңгейде қалыпқа келу- спорттың күш қолданылатын түрлерінде сәтті және салауатты жаттығулардың кілті болып табылады.Егер жүксалмақ ағзаның дене мүмкіншіліктерінен артық болса немесе ағзаның қалыпқа келуі мен демалуы үшін жеткілті уақыт берілмеген болса, онда шектен тыс жүксалмақтың салдарынан ауырудың, жарақаттанудың және зақымданудың қаупі едәуір артады. Сонымен қатар, ферменттер жаттығуларға мүмкіндігінше тезірек оралуға көмектеседі.

Бұлшықет, буын ауыруы туралы айылса да, я болмаса сіңірі созылу кезіндегі ауыру туралы айтылса да :сырқаттың себебі әрдайым қабыну болып табылады және оыс арқылы иммундық жүйе жарақатқа орай әрекет етеді. Вобэнзим плюс құрамындағы энзимдер (ферменттер) мұндай қабынуды басады және тезірек жазылуына жағдай жасайды.Белгілерін жоюдың орнына,вобэнзим плюс сауығуды жылдамдатады және осы арқылы ауырудың себебін жояды.



7.Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



1.Е.М.Чумаков 100 уроков Самбо Под.ред.С.Е.Табакова 2.Спортивная слава РК.Алматы, Рауан 1997ж 3.Казахстан 1990ж-301-304 стр.Спортивная борьба.Учебн.Пособие для техн.и институтов. 4.ФК.Под.Ред.Г.С.Туманяна. Москва ФиС 1985ж 5.М.Ф.Шабето.Боевое самбо.Современное слова. Минск 2000ж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2021
397
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі