400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Егер мен Марстағы алғашқы тілші болсам....

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлем түрлі құпиялар мен сырларға толы. «Адам баласының шексіз мүмкіндігі — оның қиялында» деген сөз бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Егер мен Марстағы алғашқы тілші болсам....

Әлем түрлі құпиялар мен сырларға толы. «Адам баласының шексіз мүмкіндігі — оның қиялында» деген сөз бар. Расында да, біз әлі соңына дейін зерттемеген қаншама тың мекендер мен жұмбақ орындар бар. Мәселен, өзге ғаламшарлардағы тіршілік мені бұрыннан қызықтырады. Осындай сәттерде қиялыма ерік беріп, ішімді ерекше бір сезім билейді. Адам баласы ежелден ғарышты зерттеп, оның тылсым сырларын ашуға ұмтылып келеді. Ал ғаламшарлардың ішіндегі ең танымалы әрі қызықтысы — әлбетте, Марс. Кейде мен Марс туралы ойланған кезде өзімді сол ғаламшарда жүргендей сезінемін. Ендеше, егер мен Марстағы алғашқы тілші болсам, не істер едім? Ойланып көрелік…

Егер мен Марстағы алғашқы тілші болсам, бұл менің өмірімдегі ең ғажайып әрі жауапты сапар болар еді.Мысалы, Марстағы алғашқы күнімді былай елестетемін:«Марс атты қызыл ғаламшардың тылсым сырларын білуге асығып, өз сапарыма аттандым. Көз алдымда үш ұйықтасам да түсіме кірмеген көрініс. Марстың бейнесі, ғаламтордағы суреттерден де, менің қиялымнан да асып түсті. Алғашқы қадамымды басқанда, аяғымның астындағы топырақ қызыл шаң болып көтеріліп, күн сәулесіне шағылысып, ауада алтын ұнтақтай қалықтап кетті. Ең қуаныштысы — бұл жерде расымен де тұрғындар мекендейді екен! Әлемдегі ең таңғаларлық жаңалықты ашып, Марстан репортаж түсірдім»Бұл тек жаңалық емес, бұл — адамзат тарихындағы ең үлкен сенсация!Біріншіден, бәрімізге қызық өзгеғаламшарлықтардың өмірі жайлы репортаж түсірер едім. Олардың тіршілігін зерттеп, адамзатқа бұрын-соңды болмаған ашылу ұсынар едім. Менің қиялымдағы Марстың тұрғындары өте еңбекқор әрі бәрі ойлайтындай қорқынышты емес. Олар өз әлемін табиғатпен үйлесімді ұстайды, ешқашан жерді ластамайды. Олардың қалалары жарқыраған кристалдардан тұрғызылған, ал көліктері ауада қалқып жүреді. Мен олардан сұхбат алып, олардың тарихын, мәдениетін, дәстүрін үйренер едім.Екіншіден, мен Жер мен Марс арасында байланыс орнатар едім. Менің міндетім — екі әлем арасындағы көпір болу. Өз репортаждарым арқылы адамзатқа үміт пен сенім сыйлар едім. Мысалы, мен Жерден келген алғашқы хатты Марс тұрғындарына оқып беріп, олардың жауабын кері жеткізер едім. Ол кезде екі ғаламшар арасындағы достықтың алғашқы парағы ашылар еді.Үшіншіден, мен Марстың аспанын зерттеп, оның түнгі көрінісін Жерге көрсеткім келеді. Қызыл шөлдің үстінде тұрып, аспандағы көгілдір нүктеге — Жерге қараймын.Түн ортасында Марстың желі баяу гуілдеп, аспандағы жұлдыздар ерекше жарқырайды. Мен өз дәптеріме былай деп жазамын:

«Бүгін мен өзгеғаламшарлықтармен сөйлестім. Олар бізден мүлде бөлек, бірақ жүректері сондай жылы. Бәлкім, ғаламның ең үлкен құпиясы — өмірдің әртүрлілігі мен махаббаттың әмбебап тілі шығар…»

Марстағы алғашқы тілші болу — жай арман емес, бұл адам қиялының шегінен асып түсу. Егер мен осындай мүмкіндікті иеленсем, менің әрбір сөзім, әрбір репортажым адамдарға үміт пен сенім ұялатар еді.Өйткені адам баласының ең үлкен күші — оның арманы мен қиялы.Шынында да, «Арман – адамды алға жетелейтін жарық жұлдыз» десек, мен сол жұлдыздың соңынан еріп, ғаламның ең алыс нүктесіне дейін баруға дайынмын. Адам армандаудан тоқтамаса, ол міндетті түрде жетістікке жетеді. Қиял – қанат, ал талпыныс – сол қанатты көтеретін жел.Сондықтан мен әр адамға арманнан қорықпа, қиялдан қашпа, талпынысты тоқтатпа деп айтар едім.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 сәуір
13
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі