Елбасы мақаласы - жастарға бағдар беруде!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елбасы мақаласы - жастарға бағдар беруде!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала студенттерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елбасы мақаласы жастарға бағдар беруде!


21 қараша күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарияланды. Осыған орай, 29 қараша күні «Қорқыт Ата мемориалды музейі» МКҚМ мекемесінің ғылыми қызметкері Әлиев Мағауия Бердібекұлы «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжіне» келіп, студенттер мен білім мекемесі қызметкерлеріне мақаланы таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш мақала қазақ жұртшылығы үшін маңызды стратегиялық құжат. Мақала отанымыз, жеріміз, халқымыз үшін үлкен құрмет пен мақтаныш сезімін туғызып отыр. Қазақ даласы үлкен мәдениетті ұлы өркениет ордасы. Қазақ елі Орталық Азияның ғана емес, бүкіл Түркі әлемінің бесігіне айналары сөзсіз екенін Елбасы атап көрсетті. Егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі уақытта ұлттық тарихымызды зерделеп, ұлттық санамыздың өсуіне мақаланың ықпалы зор. Мақала Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мақаласының жалғасы екенін түсіндіре отырып, жас ұрпаққа тағылымы мен берері мол құжат екенін атап көрсетті. Киелі қазақ жеріндегі әдебиет, мәдениеттің дамуы, салт – дәстүр, әдет ғұрыптарымызды дәріптеуіміз керек.

Елбасы мақаласының ашық аспан астында мұражай құруы өте жақсы ой екенін айтып кетті. Осыған байланысты колледждегі «Туризм» мамандығының білімгерлері «Қорқыт Ата мемориалды музейіне» саяхаттап, Сыр елінің туристік бағыты жоғары дәрежеде дамығандығандығына көз жеткізді. Өздерінің мамандықтарына қызығушылықтары артып, жақсы жұмыс жасай алатынын білдірді.

Қорыта келе, сан ғасырлық тарихы бар Қорқыт Ата мемориалдық кешені соның жарқын көрінісі. Әлемнің түкпір – түкпірінен келіп жатқан туристтер еліміздің тарихымен танысып кетеді. Студенттер мақаланың маңыздылығын түсіне отырып, өздерінің ой – пікірлерін ортаға салды. Қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып отырды. Елбасы мақаласы әлемдік өркениеттен орын алуды – ұлттық бейнемізді, тарихымыз бен мәдениетімізді сақтауда үлкен игі бастамалардың бірі екені даусыз. Оны құрметтеу, біліп жүру барлық халықтың міндеті.


«Академик С.А.Джиенкулов

атындағы Байқоңыр колледжі»

білім мекемесінің

жалпы пәндер оқытушысы

Оспанов Еркебулан Акарысович



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2018
255
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі