400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Электр тізбегі және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Электр тізбегіне жалпы мәлімет, және оның жіктелуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1 Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжі













Мақала







Тақырыбы: Электр тізбегі және оның түрлері



Орындаған: Икрам Малика Қақыбекқызы























Шымкент 2023

Электр тізбегі деп электромагниттік процестер электр қозғаушы күш (ЭҚК), тоқ жəне кернеу туралы ұғымдардың көмегімен сипатталуы мүмкін жағдайда орын алады. Сонымен қатар электр тоғына арналған жолды түзетін, құрылғылар мен объектілердің сымдарымен қосылған жиынтықтыайтады. Электр тізбегінің схемасы — бұл оның элементтерінің жəне олардың қосылыстарының шартты белгілерінің көмегімен тізбектің графикалық көрінісі. Тұрақты тоқ тізбектері деп қазіргі техникада тоқ өзінің бағытын өзгертпейтін, яғни ЭҚК көзінің полярлығы тұрақты болатын тізбектерді айтады. Электр тізбегі міндеті бойынша үш топқа бөлуге болатын жеке құрылғылардан немесе элементтерден тұрады. Бірінші топ - электр энергиясын генерациялауға (өндіруге) арналған электр энергия элементтері (қуат көздері немесе ЭҚК көздері). Е к і н ш і т о п — электр энергиясын басқа энергия түрлеріне (механикалық, жылулық, жарықтық, химиялық жəне т.б.) айналдыратын элементтер. Бұл элементтер электр энергиясын қабылдағыштар немесе электр қабылдағыштар деп аталады. Ү ш і н ш і топ - бұл электр энергиясын қуат көзінен электр қабылдағышқа тасымалдайтын элементтер (кернеудің деңгейін жəне сапасын қамтамасыз ететін сымдар, құрылғылар жəне т.б.).

Тұрақты тоқ тізбегінің қуат көздері — бұл гальваникалық элементтер, электр генераторлары, термоэлектрлік генераторлар, фотоэлементтер жəне т.б. Барлық қуат көздерінің Л ішкі кедергісі бар, оның мəні электр тізбегініңбасқа элементтерінің кедергісімен салыстырғанда үлкен емес. Тұрақты тоқтың электр қабылдағыштары электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіретін электр қозғалтқыштар,

1.1-сурет. Электр тізбегінің ең 1.2-сурет. Көп контурлы электр

тізбегінің схемасы

қарапайым схемасы

жылыту жəне жарықтандыру аспаптары, электролиздік қондырғылар болып табылады. Барлық электр қабылдағыштар электрлік параметрлерімен сипатталады. Олардың ішінде негізгілері кернеу мен қуат болып табылады. Электр қабылдағыш дұрыс жұмыс істеу үшін оның қысқыштарында номиналды кернеуді сақтау керек.

Әр түрлі элементтердің кез келген санынан тұратын электр тізбегінің жұмысын есептеу жəне талдау үшін, бұл тізбекті графикалық түрде ұсыну ыңғайлы. ЭҚК көзінен Е жəне R кедергісі бар резистордан тұратын ең қарапайым электр тізбегінің схемасы (1.1-суретте) көрсетілген. Бойымен бірдей тоқ өтетін электр тізбегінің бөлігі тармақ деп аталады. Электр тізбегінің тармақтары қосылған жер түйін деп аталады. Электр схемаларында түйін нүктемен белгіленеді (1.2- сурет). Бірнеше тармақтан өтетін кез келген тұйық жол электр тізбегінің контуры деп аталады. Ең қарапайым электр тізбегінің бір контурлы схемасы бар (1.1-суретті қараңыз), күрделі электр

тізбектерінің бірнеше контуры бар (1.2-суретті қараңыз). Өткізгіште электр өрісін ұстап тұру үшін оған электр энергиясының көзін қосу керек. Өрістің күштерінің əсерінен өткізгіштің электр зарядталған бөлшектері өрістің кернеулік сызықтары бойымен реттеліп қозғала бастайды. Бос зарядталған бөлшектердің электр өрісінің əсерінен бағытталған қозғалысы электр өтімділік тоғы деп аталады. Әдетте электр тоғы оң зарядталған бөлшектердің қозғалысымен бағыттас, яғни электрондардың немесе теріс иондардың қозғалысына қарама-қарсы деп есептеледі. Электр тоғының қарқындылығы электр тоғының күші (немесе тоқ) деп аталатын физикалық шамамен бағаланады. Қандай да өткізгіштегі тоқ күші өткізгіштің көлденең қимасы арқылы уақыт бірлігі ішінде өтетін зарядқа тең. Егер Q — өткізгіш қимасынан t уақыт ішінде өткен заряд болса, онда тұрақты тоқ күші

I= Q/t. Тұрақты тоқ электролиз кезінде кеңінен қолданылады. (гальванопластика — оңай ажырайтын дəл металл көшірмелерді алу), қала көлігінде (электропоездар, трамвайлар, троллейбустар), жарықтандырғыш аспаптарда, автоматика, байланыс құрылғыларында, өнеркəсіптік электроника жəне есептегіш техника. СИ жүйесінде заряд кулонмен (Кл), уақыт — секундпен (с), тоқ күші — ампермен (А) белгіленеді. Тоқтың ірілеу бірлігі килоампер (1 кА = 103 А), ал ұсақ бірлігі — миллиампер (1 мА = = 10-3 А) мен

микроампер (1 мкА = 10-6А) болып табылады. Практикада ондаған килоамперден микроампер үлестеріне дейінгі тоқтар кездеседі. Ең таралған қыздыру шамдарының тоғы - 0,2…1,0 А, электр плитканың тоғы – 3…5 А, қуаты орташа электр қозғалтқыштардың тоғы – 5…25 А.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
716
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі