Материалдар / Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1759
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары

 

 

Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру саласында қол жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде  болып жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық, рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай оқушылардың жас ерекшелігіне сай бағытталып, қоғамдық ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен тығыз байланысты  шешілуі керек екені айғақты. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен кез келген азаматтың өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылым мен техниканың, өнердің, мемлекеттік  және  жекеменшік тұрғыдағы өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың  іс-әрекеті мен  байланысты   анықталады деп атап көрсеткен [1].

Демек, болашақ ұрпақтардың ертеңгі күнгі  күш қайраты, білімді болуы, өзінің ісіне жауапкершілікпен қарауы бүгіннен басталмақ. Сондықтан да әрбір оқушының әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған ретінде  еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі  бүгінгі таңда өзекті де көкейтесті мәселенің бірі  болып отыр. Сондықтан, біз  орындаған зерттеу жұмысымыздың тақырыбына орай, алдымен шығармашылық ұғымының мән мағынасына түсініктеме беріп кетуді  жөн көрдік.

Шығармашылық – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі және еңбек етуге құлшынысы деп білеміз. Демек, әрбір адам  өмірге дұрыс жол табу үшін  өздігінше дұрыс ой түйіп, саналы да сапалы және дәлелді шешімдер қабыл дай білуге үйренуі керек. Демек, шығармашылық қабілет тек адамға ғана тән нәрсе деп білеміз. Адам   бойындағы  қабілетті  үнемі дамытып отқанда ғана, олардың   өшуіне  жол   бермеуге, адамның рухани күшін нығайтып отыруына және де өзін-өзі танып білуіне  көмектеседі деп білеміз[2].

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда  еңбекке баулу (технология) пәнінің алатын орны ерекше. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке  баулу (технология) пәнінде бастауыш мектеп оқушылары алғашқы рет еңбек әліппесімен танысып отырып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі,  олардың эстетикалық тұрғыдан көркем шығармашылық белгілері артып отырса, одан ары қарай жоғары сыныптарда олардың ақыл-ой жүйесі дами түсіп олардың шығармашылыққа деген ұмтылыстары  дами түседі деп түсінідіреді [3].

Сондықтан еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда бүгінгі мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде бүгінге дейін өтіліп келе жатқан мектептегі  еңбекке баулу  сабағы, қатардағы өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болып саналынады.  Демек еңбек тәрбиесіне баулу технология пәні арқылы   жүзеге асырылып отырылады.

Жалпы еңбек тәрбиесі - қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке адамгершілік қатынастарын қалыптастырған, белгілі мақсатқа бағытталған процес. Сонымен еңбек тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің біртұтас бөлігі. Еңбек тәрбиесінің міндеті - жасөспірімдерді еңбексүйгіштікке, еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру.

Еңбек — материалдық және рухани байлықтардың көзі, сонымен бірге, ол адам өмірінің ең бірінші шарты. Бір жағынан ол адамның өмір құралдарын табудағы өзара әрекеттесу процесі. Адамдардың бірге жүргізетін еңбек процесінде олардың еңбекке көзқарасы қалыптасады.

Бүгінге дейін адамзат баласының еселі еңбегінің арқасында ғылым мен техника қарқынды даму үстінде. Білім мен ғылымға ұмтылған жас жеткіншектерді күн сайын жаңалыққа толы дүниелерге құштар етуге бағыттап олардың ғылыми шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу керек.

Сондықтан қазіргі кезде елімізде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен баулудың мәні одан сайын арта түсуде. Шәкірттерді еңбекке тәрбиелеу мен баулу, олардың бүкіл еңбек әрекетінің, ең алдымен оқушылардың жетекші еңбегінің ғылыми негіздерін игерудің бірілігі ретінде қарастырылады[4].

Тәрбие процесінде еңбек тәрбиесінің өзіндік ерекшілігі бар. Адам баласы тарихында алғаш рет мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері қоғамның обьективтік талаптарын көрсетеді. Сонымен бірге ол әрбір баланың жан-жақты даму мүддесімен сәйкес келеді.

Жас өспірімдерді еңбекке әзірлеу мектептегі барлық оқу жылдарында жүргізіледі, ал мұнан кейін арнаулы орта дәрежелі және жоғарғы оқу орындарында жалғастырылуы қажет.

Мектептегі еңбек тәрбиесінің ерекшілігінің бірі өсіп келе жатқан  баланың  адамгершілік  сапаларын, еңбекке  көзқарасын тәрбиелеу көзделеді.

Адамгершіліктің бастамасы қоғамдық пайдалы еңбектің барлық саласында еңбек адамдарын құрметтеуден басталады. Еңбек әрекеттеріне психологиялық әзірлік балаларда коғамға пайдалы мүше   болуға   ұмытылуды, даярлықты   қалыптастыру нышаны пайда болады.

Ал оқу еңбегінің барысында еңбекке әдеттену, еңбек дағдылары мен іскерліктері кейінгі еңбек әрекеттерінің басқа салаларының дамуына әсер етеді.Оқу еңбегінің ерекшілігі оңың нәтижелері оқушьшардың өздеріне бірден білінбейді. Оқу еңбегі негізінен интеллектуальды (ақыл-ой) еңбек.

Еңбек тәрбиесінде еңбек сабақтарының мәні ете зор, оларда оқушылар еңбек операцияларын меңгереді. Бұл сабақтарда оқушылар өздері үшін керекті және басқа нәрселерді даярлайды, еңбек дағдыларын меңгереді, техникалық және технологиялық білімдерімен қаруланады. Оқушылардың еңбеккерлік сезімдері әсіресе жоғарғы сыньштарда еңбек тәрбиесінің ғылыми  білімдерімен  беки түседі. Оқушылардың еңбек ету әрекеттері дами түсіп, олардың еңбекке деген қызығушылықтары артып, олар әрбір істі саналы орындауға ұмтылыс жасай білуге әрекет етеді. Еңбек сабағында орындайтын тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға талпына бастайды. Ондай кезде мектеп оқушыларының шығармашылыққа бет бұру ниетін сөндіріп алмау керек.

Мектепте өтілетін пәндердің бірі ретінде технология пәнінде мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулуда кластан тыс жұмыстардың мүмкіншілігі мол. Атап айтқанда оқудан тыс уакыттағы «Шебер қолдар» үйірмелеріндегі жұмыстар, еңбек әрекетін қамтиды, оқушылардың творчестволық ойларын дамытады. Үйірмелерде әрбір оқушылар тек кана сабақтарда алған практикалық дағдыларын ғана дамытып жетілдірмейді, сонымен бірге өз істерінің-әрекеттерінің түрлері мен әдістерін тыңдауда инициатива көрсетеді, өз еңбегін тиімді етудің жолдарын іздестіреді, еңбекке творчествоны енгізеді. 

Көптеген жоғарғы класс оқушылары техникамен әуестенеді, бұған еліміздегі техникалық прогресстің өрістеуі, мектептің өмірге, өндіріске жақындай түсуі, оның материалдық-техникалық базасының нығаюы себеп болады. Осыған байланысты кейінгі кезде мектептерде және мектептен тыс тәрбие орындарында техникалық үйірмелер жүйесі кеңейе түсті. 

Кең түрде ұйымдастырылған пән үйірмелері де (химия, математика, физика т.б.) кеңінен дамыған. Бұндай үйірмелерде оқушылардың ақыл-ой жұмыстары дене, қол еңбектері мен ұштасып отырады. Оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін және творчествосын дамытады.

Үйірмелерге  қатынасушылар оның жұмысына көптеген жаңалықтар мен зерттеулер енгізеді. Бірақ үйірмелер барлық балаларды қамти алмайды. Сондықтан олардың жұмыстары жалпы бұқаралық істермен толықтырылып отырылады. Мектептерде ғылым мен техникаға арналған арнайы кештерде өткізіледі, оқушылардың өндіріс озаттарымен кездесулерінде мектеп оқушыларының үйірме жұмыстарына қызығушылықтары арта отырып шығармашышыққа бет бұра бастайды.  

Барлық сыныптағы оқушылар іс-әрекетке құштар. Жалқаулық, жұмыссыздық, кертартпалық балалар табиғатына жат. Ал мұндай ерекшеліктердің кейбір оқушыларда кездесуі - бұл теріс тәрбиенің, еңбек әрекеттерінен алшақ ұстаудың, ақсаусақ етудің нәтижесі. Өз әдетіне сәйкес еңбек үстінде балалардың өзіндік іс-әрекеттері кеңейе түседі. Қоғамдық пайдалы еңбек процесінде оқушьшар өз жолдастарымен еңбек қарым-қатысына тартылады (сынып, мектеп, ересектер ұжымына), еңбек сабақтарында және кластан тыс жұмыстарда тәрбиеленетін қасиеттер, сапалары беки түседі; өз еңбегіне жеке басының жауапкершілігі, іске тврочестволық қатынасқа тәрбиелейд деп атап өтеді [5].

Жастар  тартымды, қоғамдық мәнді іс-әрекеттерге құштар. Сондықтан күн сайын қайталап отыратын тек кана төзімділікті, ептілікті талап ететін бір сарынды күнделікті еңбек оларды әрдайым қызықтыра бермейді. Оқушылар орындайтын жұмыстарының мәніне түсінгеннен кейін ғана жемісті жұмыс істеуге үйренеді, олардың еңбекке көзқарасы өзгереді, жұмыста ұйымшылдық көрсетеді.

Мектеп оқушыларының еңбек процесін дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Еңбектің бір саласының өзі әр түрлі жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін. Жұмыстың ұйымдастырылуының әдісіне қарай оқушылардың сол жұмысқа көзқарасы да, оны орындауы да әртүрлі болады.

Еңбек процесінің ретті кұрылуы үшін оқушьшардың бір тобының еңбегі басқалардың еңбегімен байланысты болғаны жөн.

Мұндай жағдайда әр ұжымдардың арасында еңбек байланыстары құрылады. Оқушылар өздерін үй және маңызды істі, қоғамдық мәнді істі орындаушылар деп санайды. Демек, еңбектің қоғамдық әсерлілігі, тиімділілігі сол еңбектің мазмұнына ғана емес оның ұйымдастырылуы тәсіліне де байланысты. Оқушылардың еңбек әрекеттерінің тиімділігі жарыс ұйымдастырылған жағдайда едәуір арта түседі. Класс активі жарыстың көрсеткіштерін алдын-ала ойластыра белгілейді, онымен барлық оқушыларды таныстырады.    

Жарыс оқушыларды жұмыстың алғашқы басталу кезеңінде-ақ кызықтырады, әуестендіреді. Жарыстың бір түрі - конкурстар, бұлар класс ұжымын немесе бүкіл мектеп ұжымын қамтиды.  Оқушыларда қуаныш ар-намыс сезімдерінің тууының мәні зор балаларды жолдастарына көмектесу, жалпы істің жемісті болуына тәрбиелеу керек.   

Оқушылардың білім алуында шығармашылық әрекетін белсендіруге, олардың интеллектуалдық, рухани-адамгершілік дамуын арттыруға байланысты мәселені шешу дидактикалық тәсілдерді өзгертуді және мұғалім ақпаратына берілетін уақыт бөлігін азайтып, оқушының өзіндік танымдық, шығармашылық іс-әрекет уақытын көбейтуге әкелетін, оқу уақытын қайта бөлуге орай қажетті жаңартулар жүргізуді талап етеді

Мұғалім тарапынан берілетін ақпарат оқушылардың қызығушылықтарын, жаңа мазмұнды зерттеуге деген құлшыныстарын арттыру мақсатында, өзекті мәселе туындату үшін қолданылады. 

Қорыта келгенде әлемдік бәсекелестік заманда әр адамның білім санасы, қабілет деңгейін іскерлік деңгейін, іскерлік мүмкіндіктерін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіндегі өткір қойылып отырған мәселелерінің бірі. Демек, бәсекеге қабілетті интелектуалдық күші жеткілікті маман кадрлар әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономикасы дамымайтыны белгілі.

Сондықтан адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік қабілеттілігі оның үстіне қазіргі кездегі бизнеспен айналыса білетін кәсіптілікті дамыта білетін жаңашыл тұлғалық шығармашылық ойлауына қатысты анықталатыны белгілі. Жалпы мектеп оқушыларын еңбекке баулу негізінде оқушыларды шығармашылыққа баули білу мектептерде өтілетін еңбек пәнінің негізгі міндеттері толып саналады. Өйткені оқушыларға өндірістік білім негізін қалыптастыратын негізгі пәннің бірі еңбек пәні арқылы мектеп оқушыларының  шығармашылық белсенділіктерін дамытуда көптеген мүмкіндіктер бар деп толық айта аламыз.  Ал, тұлға тәрбиелеудің ең негізгі алғы шарттары – шығармашылыққа ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!