Материалдар / «Ер есімі- ел есінде»

«Ер есімі- ел есінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ер есімі- ел есінде» Тарих тағлымында ойып тұрып алған орны 100 жылдам астам мерейтойы бар -«Айқап». Алайда Айқаптың өшпес орнын шегелеген, «жұлдыздай жарқыратқан »-кімдер? Құнын жоғалтпаған жәдігердің артында тұрған тұлға несімен ерекше? «Айқап» деген сөзді ести сала ойыңа кешегі қалың қазақтың қамын жеген есіл ер-Мұхаммеджан Сералин түседі. М. Сералин жанына бірқатар қазақ қоғам қайраткерлерін , өзі сияқты халықтың жанашырларының басын қосып , 1911 — 1918 жылдары Троицкіде “Айқап” журналын шығарды және редакторлық қызметті мойнына жүктеді. Дәл осы аталған журналда ұйқыда жатқан отар халықты оятуға, салт-санасын жаңғыртуға, оқу-білімін жетілдіріп, құқықтарын айшықтауға бағытталған 40-қа жуық мақаласы жарық көрген. Яғни бір сөзбен «қазақ баспасөзінің» басы болған «Айқап»- болса, оның бұқаралық ақпарат өкілі «журналисті»-өзі болған десек артық айтпаспыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2022
290
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ер есімі- ел есінде»

 Тарих тағлымында ойып тұрып алған орны 100  жылдам астам мерейтойы бар -«Айқап». Алайда  Айқаптың өшпес орнын шегелеген, «жұлдыздай жарқыратқан »-кімдер? Құнын  жоғалтпаған жәдігердің артында тұрған тұлға несімен ерекше?


«Айқап» деген сөзді ести сала ойыңа кешегі қалың қазақтың қамын жеген есіл ер-Мұхаммеджан Сералин түседі. М. Сералин жанына  бірқатар қазақ қоғам қайраткерлерін , өзі сияқты халықтың жанашырларының басын қосып , 1911 — 1918 жылдары Троицкіде “Айқап” журналын шығарды және редакторлық қызметті мойнына жүктеді. Дәл осы аталған журналда ұйқыда жатқан отар халықты оятуға, салт-санасын жаңғыртуға, оқу-білімін жетілдіріп, құқықтарын айшықтауға бағытталған 40-қа жуық мақаласы жарық көрген. Яғни бір сөзбен «қазақ баспасөзінің» басы болған «Айқап»- болса, оның бұқаралық ақпарат өкілі «журналисті»-өзі болған десек артық айтпаспыз. 


«Айқап» журналы – отар халық үшін ерекше құбылыс. Әлеуметтік теңсіздік жанын жегендігі соншалықты, соңғы  белең алған жағдайлар ауыр әсер еткен еді. Бұл көп адамдардың көкейінде жүрсе де, ештеңе өзгерте алмайтынын түсінген халықтың көзіне сәл де болса үміт сыйлағандай еді. Осындай мәселерден кейін журналдың басында көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың тұрғаны-халық үшін үлкен бір шырақ болатын. Егер «Айқапты” тереңірек зерттеп, ішіндегі тоқталған мәселелеріне көз жеткізер болсақ, әрбір басылымының өте сапалы, өзекті тақырыптарға арқау болғанын байқаймыз. Мұнда әрине, көшбасшы рөлі басымырақ секілді. Себебі қазақта:«Алдыңғы арба қайда жүрсе , соңғы арба сонда жүреді»-деген сөз бар. Осы тұжырымнан соң қасына жиылған жолдастарына қарап, Сералиннің лидерлік қасиеттерінде мін жоқ деуге келетін сияқты. 

 Дегенмен оның бізге жеткен еңбектері аса көп емес. Ақынның алғашқы туындысы 1900 жылы жарық көрген «Топжорған поэмасы». Троицкіде кітап болып басылған бұл туынды 19 ғ. тарихи маңызды тақырыптарын арқау етеді, дәлірек айтсақ, Кенесары, Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа негізделеді. Шығарманы жазуда барынша сауаттылықпен қоса, дін жағын қатаң ұстанып, орыс-татар тілдеріндегі сөздерді белгілі бір межеде қолдану арқылы , реалистік көзқарас ұстану бағытында жазылған. Мұндағы мақсат- қара халықтың да оқып, хабардар болуында секілді. Поэмада адай жігіттің тағдыры суреттеледі, оқушы кезінде тартып әкеткен жігіттің алдағы ғұмырын соңына дейін жұмбақ күйде ,тез өрбітіп , бастан кешкен қияметін реалисті түрде сипаттайды.

   Екінші бір төл туындысы: әйел теңсіздігін айқын аңғартуға арналғандай. 1903 жылы жарық көрген ақынның «Гүлқашима» атты поэмасы сол заман әйелдерінің дәл суреттемесі, өмірден алынған ащы шындықтың көрінісі. Әйелдің теңсіздігі, тілегінің , шырыл қаққан үнінің жетпеуі. Қос ғашықтың бақыт үшін күресі , яғни ,  ғашық Гүлқашима мен Баймағамбеттің мызғымас махаббаты. Поэма үш бөлімнен: бірінші бөлім - жазушының көрген-білген бір оқиғасы, екінші бөлім қос ғашықтың ілтипат әңгімесі болса,үшінші бөлім - автордың қорытындысына арналған. . Өзі көрген оқиғаларды бүкпесіз баяндау арқылы жастарға ескіден жирен, қарсы күрес, өнер-білмді үйрен, халқыңа қызмет ет-деген нәрселерді жеткізбек болғандай еді. Гүлқашиманың түр-әлпет, болмысын әдемі суреттеу арқылы, өте көркем адам екенін байқатты. Баймағамбеттің қызға деген ынтызарлығын жеткізгені барлық ғашықтарға үлгі болардай-ақ. 

 Төңкерілістен соң да жазған біраз мақалалары болды. Атап айтар болсақ, «Ленин», «Қайғылы қара күн», «Жоқтау». Мұның бәрі жер мәселесі, халықтың отар болуы, оқу-білім, өнер, дінге арқау болды. 

  Сералин қазақтың тұңғыш журналисі, қазаққа«Айқапты» сыйға тартқан ұлы тұлға. Ол кісі «Айқаптан соң »еңбек жолын тоқтатқан жоқ, ары қарай да бар ғұмырын газетке арнады. Дәлірек негіз келтірсек: "Ұшқын", "Еңбекші қазақ" газеттерінің журналистік ісіне араласты. 1921-26 жылдары "Ауыл" газетінің редакторы болып қызмет етті. Мұның өзі ардақты ұлдың қазақ баспасөзіне деген үлкен құрметі, жан-тәнімен берілгендігі емес пе?

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика 101 топ студенті: Бақберген Дилназ Сәуірбекқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ