Материалдар / Ерболат Әбікенұлы "Пәтер іздеп жүр едік" әңгімесіне сюжеттік талдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерболат Әбікенұлы "Пәтер іздеп жүр едік" әңгімесіне сюжеттік талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерболат Әбікенұлы "Пәтер іздеп жүр едік" әңгімесіне сюжеттік талдау 1. Шығарма туралы жалпы ақпарат "Пәтер іздеп жүр едік" - Ерболат Әбікенұлының қаламынан туған, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді көтеретін әңгіме. Автор пәтер алу мәселесін, оның қиындықтарын және адамның психологиясын шеберлікпен суреттейді. 2. Негізгі идеясы Шығармада әлеуметтік жағдайлар мен адамдардың қарым-қатынасын көрсету арқылы, тұрғын үй мәселесінің адамдардың өміріне тигізетін әсері мен қиындықтарын ашып көрсету. 3. Сюжет құрылымы Кіріспе: Мәтінде кейіпкерлердің пәтер іздеп жүргендігі, олардың уайымдары мен үміттері баяндалады. Негізгі бөлім: Кейіпкерлердің пәтерді табу үшін жасаған әрекеттері, кездескен қиындықтары мен тосқауылдары. Пәтер іздеу барысында олар өзара қарым-қатынастарын, түрлі адамдармен кездесулерін және олардың мінез-құлықтарын көрсетеді. Көрсетілген кейіпкерлердің түрлі әлеуметтік топтардан келуі, олардың пәтер алу үшін қандай әрекеттерге баруға дайын екендігін сипаттайды. Қорытынды:
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

21 ғасырдың құзыреттілігін дамытуға бағытталған тиімді тәсілдер мен инновациялық технологиялар

"Ш.Уәлихан атындағы ЖОББМ"КММ бастауыш сынып мұғалімі Ибрагимова Нуржамал Азимхановна

Аңдатпа:

Инновациялық білім беру технологиясы педагогтің еңбек өнімділігін арттырады. Инновациялық технология үшін мақсат өте дәл анықталады, сондықтан бақылаудың объективті әдістерін қолдану бақылау кезінде субъективті фактордың рөлін төмендетуге мүмкіндік береді, оқытудың инновациялық технологияларын құру оқу нәтижесінің мұғалімнің біліктілік деңгейіне тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді. Технологияландыру мектептегі білім беру бағдарламаларының сабақтастығы проблемасын шешу үшін алғышарттар жасайды.
Аталмыш баяндамада педагог құзыреттілігін арттырудағы тиімді технологиялар туралы жазылған.
Кілт сөздер: инновация, педагог, заманауи білім, әдіс-тәсілдер

Аннотация:

Инновационные образовательные технологии повышают производительность труда педагога. Для инновационной технологии цель определяется очень точно, поэтому применение объективных методов контроля позволяет снизить роль субъективного фактора при контроле, создание инновационных технологий обучения позволяет снизить зависимость результата обучения от уровня квалификации учителя. Технологизация создает предпосылки для решения проблемы преемственности образовательных программ в школе.
В данном докладе изложены эффективные технологии повышения компетентности педагога.
Ключевые слова: инновации, педагог, современное образование, методы и приемы.

Annotation:

Innovative educational technologies increase the productivity of a teacher. For innovative technology, the goal is determined very precisely, therefore, the use of objective control methods reduces the role of the subjective factor in control, the creation of innovative learning technologies reduces the dependence of the learning outcome on the teacher's skill level. Technologization creates prerequisites for solving the problem of continuity of educational programs at school.
This report outlines effective technologies for improving the competence of a teacher.
Keywords: innovations, teacher, modern education, methods and techniques.







Бастауыш білім беру дегеніміз бұл оқушы санасының ең жылдам дамитын аса құнды, қайталанбас кезеңі болғандықтан да бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы екендігі сөзсіз.«Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ», «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы», «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөздер ел ертеңі болатын жас ұрпақтың жан-жақты сауатты болуы аса маңызды екендігін дәлелдеп келеді.
Яғни, санасын қалыптастырып, білімге деген құлшынысын оятатын, ертеңге сеніммен қараудың бастамасын беретін бастауыш мектептің мойнына артылған жауапкершілік өте үлкен. Сол бастауыш мектептің асқан жауапкершілігін жүзеге асырушы бірден бір тұлға мұғалімнің өз ісінде инновациялық технологияларды  қолдануы оқу үрдісінің сапасын арттырып, қай қырынан алса да тиімділігін танытады. Қазіргі уақыт талабына сай келетіндей инновациялық технологиялдармен жабдықталған мектеп жағдайында  білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны  игерген, педагогикалық жұмыста өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,  талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді, ал бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Жалпы оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу төрт кезеңнен тұрады:

  1. Жаңа идеяны іздеу (инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру);

  2. Жаңалықтарды ұйымдастыру;

  3. Жаңалықтарды енгізу (оқу — тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану);

  4. Жаңалықтарды бекіту
    Осы инновациялық технологиларды оқу үрдісіне енгізу нәтижесінде бүгінде мектептегі білім сапасын арттыру үшін:

  • әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;

  • әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

  • міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

  • инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу керек.

Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолдану

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологисы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білу тиіс.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» -деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі жаңаның өмірге келуі, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С Выгодский.

Метеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқытудың ЕРЕКШЕЛІГІ:

—оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;

—оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;

—білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

—оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;

—оқушыларға берілетін білімнің саралануы;

—оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда  ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының - тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1.Оқу мақсаттарының қойылуы

2.Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы

3.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин -В.В. Давыдов жасаған жүйенің негігі компоненттері.

Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асыралады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенімен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесім ен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден-дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден-дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып,, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден –оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден –дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік стиь бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйекткей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.

Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:

1.Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.

2.Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.

3.Бала іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

4.Бала қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

5.Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

6.Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді, жаңаны өздері табады, оқушыларға кеңеседі.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.

1.Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі. Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді қолдану.

2.Келесі сабақтың моделін жоспарлау.

Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этапында оқушының негізгі іс-әрекеттерін анықтау. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін  таңдау.

3.Сабақты жүргізу.

Әр сабақтағы баланың  іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым-қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.

4.Рефлексия.

Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.

Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:

-оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тіжірибесінде қолдануды үйрету.

Қорыта келгенде дамыта оқыту технологиясы оқушы құзіреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.


Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

       



Пайдаланған әдебиеттер:
 1.Бабаев С.Б.,Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика.Алматы,2007ж.
2.Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технология. Қазақстан мектебі-2012
3.Тілдік тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы.
Білім-Образование 2007 ж.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!