ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Кузембаева Меруерт Каирбековна
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы Қ. Смайылов атындағы ЖББ №43 тірек мектебі (РО) жанындағы интернат КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Баланың қабілеттілігі мен дарындылығы – олардың саусақтарының ұштарында. Ұлы ғалым В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда , саусақтардан шығармашылық ойдың қайнар көзі сусындап, аса нәзік жылғалар бастау алады. Сондықтан , баланың қол моторикасын дамыту – бастаулардың бастауы. Қол моторикасын баланың сәби шағынан бастаған дұрыс. Баланың саусақтарының қимылы мен қол моторикасының жақсы жетілуі , ол тікелей мидың мен тілдің дамуымен байланысты. Баланың моторикасын дамыта отырып біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз.
Баланың даму кезеңіндегі ең күрделі физиологиялық және психикалық процестердің бірі- ауызша сөйлеу дағдыларын игеруі. Оның мәні сөздерді дыбыстап айту қабілетін дамытуда ғана емес, сонымен қатар олардың мағынасын түсінуде, сөйлеу аппаратының көмегімен өз эмоцияларын, ойлары мен қалауларын білдіруден тұрады. Баланың сөйлеу дағдыларының дамуына денсаулық жағдайы, қоршаған орта, отбасындағы және білім беру мекемесіндегі білім беру ерекшеліктері әсер етеді.
Соңғы жылдары біздің елімізде сөйлеу дамуында ауытқулары бар балалар санының өсу деңгейі байқалуда. Бұл ауытқулар, ең алдымен, қолайсыз экологиялық жағдайлармен, әртүрлі инфекциялармен, сондай-ақ ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау үлгісіне тікелей байланысты. Қазіргі уақытта сөйлеу дағдыларын дамыту немесе сөйлеудегі ақауларды түзету мәселесі өзекті. Сөйлеу ауытқулары ерте жаста пайда болатындығын ескере отырып, оларды уақтылы анықтап, уақытылы түзету маңызды. Сондықтан, бүгінде ата-аналардың басым көпшілігі балаларының сауатты сөйлеуін дамытуға мүдделі. Онысы дұрыс-ақ, себебі сөйлеу қабілеті мен қарым-қатынас дағдылары баланың дамуы, оның сәтті оқуы және одан әрі әлеуметтенуінің басты қағидасы.
Тілдің дамуының алғашқы кезеңдерінде сәбидің миы сөйлеу дыбыстарын қабылдауға және оларға еліктеуге бағытталады. Тіпті, туылғаннан екі айлық кезеңінде нәресте күбірлеп дыбыс шығара бастаса, кейінірек естігіген дыбыстарын қайталауға машықтана бастайды. Бұл уақытта балалардың айналасында дыбыстық фонның мол болуы өте маңызды: ата-ананың баламен үнемі сөйлесуі, сәбидің дыбыстарға еліктеуін дамытады. Дегенмен, теледидар, электронды ойыншықтар мен гаджеттер дыбыстық фон қатарына кірсе де, сөйлеудің дамуына ықпал етпейді, керісінше, баланың сөйлеу дағдысын кешеуілдетеді.
Ми мен балалардың психикалық дамуын зерттеумен айналысатын нейробиологтар мен психологтар қолдың ұсақ моторикасы мен сөйлеудің дамуы арасындағы байланысты ұзақ уақыт зерттеу арқылы дәлелдеген. Саусақ қимылдарына икемді балалардың миының сөйлеу үшін жауап беретін бөлімдері жақсырақ дамиды.
Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты. Ақыл — ойы кем дамығаң балалармен ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойындарын ойнап тұрған жөн. Бұл жөнінде ең алғаш Қытайда IX – X ғасырларда анықтап, қолөнерді дамытуға, оның адамға пайдасы жайында кеңінен таратылды, саусақпен істейтін жұмыстарға көп көңіл бөлген.
Қол моториканы дамытудың маңызы :
Ми қыртысының тонусын жоғарлатады ;
Ми қыртысының сөйлеу орталықтарын дамытады ;
Баланың сөйлеу дамуын ынталандырады ;
Сөйлеудің орталықтарының жұмысын үйлестіреді ;
Ырғақ сезімін және қимылдарды үйлестіруді дамытады ;
Қолды хат жазуға дайындайды;
Баланың көңіл-күйін көтереді ;
Баланың қиялын шыңдайды;
Ойлау шапшаңдығын арттырады;
Қолдағы ұсақ моториканы ,
Көздің көруін,
Мидың ойлау қабілетін дамытады ;
Қимыл қозғалысы артады.
2.2 Әртүрлі материалдарды пайдалану арқылы қол моторикасын дамыту
Ұсақ қол моторикасын дамытудың тағы бір әдісі – саусақ ойыны әдісі.

Ұсақ қол саусақтарын дамытуға арналған тағы бір әдіс - бірлескен және өзіндік әрекет кезінде саусақ театр қозғалыстарын қолдану.

Ол балаға бір мезетте сценарист, режиссер-постановщик болуға мүмкіндік береді. Театрландырылған қойылым шығармашылық потеницалды ғана емес сөйлеуді және оған саусақ белсенділігін дамытуға көмектеседі. Саусақ театрының тағы бір жағымды жағы – бала ойын нысанында кеңістік және санау түсінігіне үйренеді. Саусақ театрына арнап ертегілер кейіпкерлері бойынша қуыршақтар әзірлеуге болады : «Қоян мен түлкі», «Бауырсақ» және т.б.
Жапсыру ісімен айналысу қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы қол моторикасын дамытуда маңызы зор. Жапсыру ісімен айналысу баланың сенсорлы және кеңістікті сезіну, қабылдауын дамытуға қажетті. Өзім жапсыру ісімен айналысуда ермексаз, тұздалған ұн, тұқымнан және ұлу қабыршығынан жасалған оюларды жиі жасаймын. Бұл еңбекті көп қажет ететін, қызықты жұмыс болғандықтан баланың назарын, көз бен қолдың өзара қозғалыс үйлесімділігін , анықтылығын жән келісілген сенсомоториканы дамытады .

Қағаздан бұйымдар жасау - қол мойын буынының кіші бұлшық етін дамытуға әсер етеді. Мұндай жұмыстар баланы қызықтырады, қиялдарының дамуына, сындарлы ойлауына септігін тигізеді. Қағазбен жұмыстың бірі ретінде жыртылған қағаздар қолданылды. Қағазды ұсақтап жырту саусақ күші мен ұсақ қимылын басқару дағдысын дамыту жаттығу болып та есептеледі.

Элементарлы математикалық түсінікті қалыптастыру бойынша бірлескен қызметте жазықтық үлгілеу әдісі (жазық геометриялық фигуралардан шекті мөлшерде жасалған суреттер) , есептеуіш таяқшамен жаттығулар әдістерін қолдану. Қызметтің осы түрлері балалардың байқағыштық , зерделілік , ойлау және қиялдау, ұғыну қабілеттері дамиды. Балаларды құрастыру ойыны өте қызықтырады . (ЛЕГО базасындағы конструкторлар) .

Балалар көптеген және түрлі құрылыстар тұрғызды . Коонструктордың ұсақ детальдарымен жұмыс жасау барысында қол саусағының кіші бұлшық еттері, қиялдау, шығармашылық белсенділік қабілеттері дамиды.
Тоқыма жұмысы – баланың ұсақ қол моторикасын дамытатын таптырмас жұмыс түрі. Тоқыма – бұл жіпті шалып алып және сол шалуларды бір – бірімен біріктіре отырып бұйым жасау барысы.

Сипап сезу арқылы шарлар ішінде жасырылған дәнді – дақылдарды ажырату. Бұл баланың қол моторикасымен қоса ойлау дағдыларын дамытады. Бұл жұмыс барысында бала шарларды сипай отырып, дәнді – дақыл атауларын дұрыс табуы керек.
Көрнекті ғалым - Мария Монтессори: «Жұмыс жасамас бұрын баланы үйреудің амалын табу, қайталама жатығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет деп айтқан. Бала затты алғанда жаман қылық жасағанын байқаса , өзін жеке қателік жасадым деген сезімге бой алдырады, сонымен қоса баланың алғашқы әсері немесе ойы – өте анық және күшті» екенін естен шығармау керек деп жазған. Міне, сондықтан да шығармашылық процесстен, өзі жасаған істен, әр жұмысты немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйреткен жөн .
Қорытынды
Уақытында жасалған барлық алдын алу шаралары сөйлеу мен жазуды дамытуға көмектеседі. Өйткені, ұсақ моториканы жетілдіру мидың моторлы сөйлеу аймақтарын белсендіруге және нәтижесінде сөйлеу функциясын дамытуға көмектеседі.
Балалардың ауызша және жазбаша сөйлеуіндегі ерекше бұзылыстарды ерте анықтау, алдын алу және түзету мәселелеріне қызығушылық олардың адам өмірінде маңызды рөл атқаратындығына байланысты: оның психикалық дамуын ынталандырады, жалпы тәрбиелік дайындығын қамтамасыз етеді және тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
Өздеріңіз білетіндей, кез келген ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңай. Мектеп жасында ұсақ моториканы дамыту бойынша профилактикалық жұмыстарды енгізу қажеттілігі бүгінде баршаға аян.
Сондықтан балалардың сөйлеу тілін қалыптастыруға, оның тазалығы мен дұрыстығына, әртүрлі бұзушылықтардың алдын алу және түзетуге қамқорлық жасау өте маңызды.
Көбінесе «ептілік» термині ұсақ моторика үшін қолданылады. Сондықтан әлі ойланбағандардың барлығына «Бала – бұл қамыр: илеген сайын өседі» деген сөзді есте ұстауға кеңес беремін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз