Ерлік мәнгі есімізде.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерлік мәнгі есімізде.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздігіміз ерлердің ерлігі мен жан кешті қиыншылығымен келген жақсы түсінеміз. Олардың ерлік бейнесі біздің есімізден ешқашан кетпейді. Соғыста миллиондаған адамдардың қаны төгілді, құрбан болды. Жеңістегі басты жетістік ортақ Отанымыз болған елдегі бүкіл халықтың ынтымағы, достық бауырластығы, әр бір азаматтың Отанға деген патриоттық сезім еді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерлік мәнгі есімізде


Дүниені дүр сілкіндірген кешегі соғыстың адамзат баласына алып келген азабы мен тозағын айтып тауысу да қиын ау! Соғыстың арқасында мұз болып қатқан аяз болып қалтыратқан жылдарындағы көрністі тілге тиек етсек жүрегіміз сыздап сала береді.

Отанды қорғау жолында қанша боздақ ажал құшты, ал қаншасы жанын шүберекке түйіп жүріп әйтеуір аман қайтқандарына «тәубә» десті. Бірақ олардың жаны жаралы, көңілі қаралы емес деп қалай айта аламыз. Осы күнге жеткеннің өзі соғысты ойласа жүрегі сыздап, денесі мұздап өмір кешіп келеді.

Халқымыздың басына ауыр күндерді әкелген Ұлы Отан соғысы тарих бетінен ешқашан түспейді. Қаншама қиындықтарды халқымыз мызғымайтын бірлігінің арқасында жеңіп шықты. Ер жүрек жауынгерлеріміз жаудың тас талқанын шығарды.

Тәуелсіздігіміз ерлердің ерлігі мен жан кешті қиыншылығымен келген жақсы түсінеміз. Олардың ерлік бейнесі біздің есімізден ешқашан кетпейді. Соғыста миллиондаған адамдардың қаны төгілді, құрбан болды. Жеңістегі басты жетістік ортақ Отанымыз болған елдегі бүкіл халықтың ынтымағы, достық бауырластығы, әр бір азаматтың Отанға деген патриоттық сезім еді.

Көпшіліктің тағаттары таусылып, қуанышпен күтіп жүрген ұлы мейрам, халқымыздың мерейі болған мереке Ұлы Жеңіске де 76 жыл! Осыдан 76 жыл бұрынғы жеңістің алғашқы қуанышы осы жылдар ішінде әліде басылмады, басылмақта емес. Керісінше жыл өткен сайын жемісінің дәмін тәттілігін сездіре түскендей. Ауылымыздың майданға аттанған қанша жас жастықтың жалынды жылдарын отанның амандығы үшін құрбан етті. Ер жетіп, есейдім деген шағында ел қорғау мақсатымен сұрапыл соғысқа аттынып, жаумен қиян- кесті шайқаста жан аямай күресе жүріп жарқын өмір үшін қасық қаны қалғанша арпалысқан кейінгі ұрпақ бізге аян. Олар қанша қиындық көрседе, қанына сінген қайсарлығынан қайтпады. Ақыры жеңістің жалауын желбірегенін көріп көңілі шалқыған сәттерде жаратқанға мың мәрте тәуба айтып шүкірлік етті.

Ұлы Жеңіс мерекесі бейбіт күннің бастауы. Жеңістің туын желбіреткен ұрпақ қашанда тәуелсіздікті мәңгі сақтауға міндетті. Осы орайда жеңіс мерекесі қарсаңында Әулиеағаш орта мектебінің оқушылары қашықтықтан түрлі іс -шаралар өткізіп Жеңістің мерей тойына орай «Бейбіт күннің батырлары», « Жеңіске мың тағызым», « Менің атам майдангер», «Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды», « Жеңіс туын желбіреткен», «Ауыл ардагерлеріне тағзым» тақырыбында тәрбие сағаттары, эссе байқаулар, бейнероликтр көрсетіліп бейбіт күннің жарқын тағылымы оқушы жүрегіне жол тартты.

Жеңіс күні бейбітшілік сүйетін әрбір азаматтың қадірлі мерекесі.

Ешкімде, ештеңеде ұмытылмайды! Жеңіс мәңгілік!


Панфилов ауданы, «Әулиеағаш орта мектебі»

мектеп кітапханашысы Г.З.Нартбаева


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2021
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі