Материалдар / ЕСКІ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЕСКІ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Азия туралы зерттеулер» деген диссертациялық жұмысына қоса әңгiме болып отырған қолжазбаны «Ф.Петрарка кiтапханасынан алынған латынша - парсыша - куманша сөздiк» деген атпен жариялады. «Кодекс куманикустi» екiншi рет түгелдей (екi бөлiмiн де) латын тiлiне аударып, 1880 жылы Р.Кун Будапешт қаласында бастырды. Баспа 3 бөлiмнен тұрады. 1. «Алғы сөз» бен үлкен «Кiрiспе» бар. Кiрiспеде кумандардың тарихы, олардың басқа түрлi халық тарихымен (хазарлармен, печенегтермен, массагеттермен, Туран ойпатын жайлайтын тағы басқа тайпалармен, орыстармен қарым-қатынасы, ру – тайпалық құрылысы, тiлдiк (аномастика мен топономика бойынша) ерекшелiктерi, дiни, саяси-әлеуметтiк құрылысы сияқты мәселелер сөз болады.
Авторы:
24 Мамыр 2024
168
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕСКІ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ «КОДЕКС КУМАНИКУС» ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.


М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

Мырзаханова.Н.Р аға оқытушы

ХІІІ – ХІV ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштері - біздің заманымызға келіп жеткен жәдігерліктердің бір бөлігі ғана. Ұмыт болып бара жатқан жазба ескерткіштеріміздің зерттелу тарихнамасын зерделеу,лингвистикалық және тарихи тұрғыдан алғандағы маңызды мәселелердің бірі болып қала бермек.Олардың ішіндегі қыпшақтардың «Кодекс Куманикусы» түптеп келгенде қазақ халқына ортақ дүние. Осы еңбекті талдап,тарихнамасын қалыптастыруда өз үлестерін қосып кеткен,әлі күнге дейін қосып жүрген ғалымдарымыздың еңбектерінің маңызы зор. Олардың ішінде әдеби тіл тарихының тереңдігін көрсететін бірден - бір айғақ көне жазба ескерткіштеріміз болып табылады. Қазақ тіл білімі саласында осы бағытта Ә.Қайдар, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, А.Аманжолов, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, Б.Қалиұлы, Ә.Төлеуов, М.Серғалиев, Б.Сағындықұлы сынды ғалымдарымыздың ықпалымен біршама жұмыстар атқарылып жүр. Жалпы ең алғаш көне қыпшақ тiлi туралы мәлiмет берген автор – М.Қашқари болып табылады. Ол өзiнiң белгiлi еңбегiнде қыпшақ тiлiнiң кейбiр грамматикалық ерекшелiктерiн талдап, көптеген лексикалық мысалдар келтiрiп отырады. Қыпшақ тiлiн ол әрдайым атай отырып, заманындағы көп тараған көрнектi тiлдердiң қатарына жатқызады[1]. Қолжазба осы күнгi Венециядағы Марк әулиенiң шiркеуiнде сақтаулы. Сырты былғарымен қапталған. Түпнұсқа бiр-ақ дана, ол 164 беттен тұрады.Қолжазбаның жазылған жерi мен жазылу мақсаты туралы мәселенiң түркология ғылымында күнi бүгiнге дейiн басы ашылған емес. Қолжазба 2 бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiм бес түрлi қолтаңбамен жазылған. Оны жазған итальяндықтар болса керек. Екiншi бөлiм (14 түрлi қолтаңбамен жазылған) немiстердiң қолынан шыққан. Осыдан барып, әдетте бiрiншi бөлiмді «итальяндық кодекс» немесе «итальяндық бөлiм», екiншi бөлiмдi «немiс бөлiмi» деп атайды.

Европа бiлiмпаздары (әсiресе, Италия жерiнде кiтапқұмар адамдар) «Кодекс» туралы ертеден берi-ақ хабардар болған. Томазиус деген кiсiнiң жазып кеткен мәлiметiне қарағанда, 1362 жылы Италияның атақты ақыны Ф.Петрарка бұл жазбаны басқа кiтаптармен қоса Венеция республикасына сыйға тартқан. Ұлы ақынның шығыс елдерiн көп аралап, елшiлiк қызметтер атқарғаны мәлiм. Бiрақ «Кодекстi» оның қайдан қолға түсiрiп алғаны осы уақытқа дейiн белгiсiз болып келедi. Немiс халқының әйгiлi математик ғалымы, философ ойшылы Г.В.Лейбниц - тарих мәселелерiмен де көп шұғылданған адам. Ол тарихи қолжазбаларды жинап, жариялауға зор мән берiп, көңiл аударып отырған. Сол В.Лейбниц «Кодекс» туралы былай деп жазады: «Мен Петрарка кiтаптарының каталогын көрдiм. Ондағы кiтаптардың iшiнде көбiрек көңiл аударғаным «Куман тiлiнiң сөздiгi» болды. Бiрақ мен қанша әуреленсем де, оны оқып, ештеңе шығара алмадым».

«Кодекстiң» I-бөлiмiн ең алғаш француз тiлiне аударып, бастырып шығарған көрнектi ориенталист, синолог, академик Генрих Юлий Клапорт (1783-1835) болды. Ол өзiнiң «Азия туралы зерттеулер» деген диссертациялық жұмысына қоса әңгiме болып отырған қолжазбаны «Ф.Петрарка кiтапханасынан алынған латынша - парсыша - куманша сөздiк» деген атпен жариялады. «Кодекс куманикустi» екiншi рет түгелдей (екi бөлiмiн де) латын тiлiне аударып, 1880 жылы Р.Кун Будапешт қаласында бастырды. Баспа 3 бөлiмнен тұрады. 1. «Алғы сөз» бен үлкен «Кiрiспе» бар. Кiрiспеде кумандардың тарихы, олардың басқа түрлi халық тарихымен (хазарлармен, печенегтермен, массагеттермен, Туран ойпатын жайлайтын тағы басқа тайпалармен, орыстармен қарым-қатынасы, ру – тайпалық құрылысы, тiлдiк (аномастика мен топономика бойынша) ерекшелiктерi, дiни, саяси-әлеуметтiк құрылысы сияқты мәселелер сөз болады. 2. «Кодекстiң» текстерi мен олардың латын тiлiндегi аудармалары келтiрiлген. 3. Куманша - латынша, парсыша-латынша, немiсше-латынша сөздiктерге арналған. Оның үстiне, баспада қосымшалар, түзетулер және әдебиет көрсеткiштерi де бар.Г.Кун баспасы түпнұсқасының әрi дәл, әрi толық көшiрмесi тәрiздi. Онда әр сөз латын алфавитiмен қайта таңбаланып, латын тiлiне аударылып берiлген. Көптеген сөздер басқа түркi тiлдерiндегi (әсiресе, шағатай, ұйғыр, татар тiлдерiндегi) өзi тектес сөздермен салыстырыла қаралып отырады.Г. Кун баспасының маңызы – бұрын жарық көрмеген «Кодекстiң» екiншi бөлiмiн басып шығарып, «Кодекстiң» Г.Ю. Клапрот айтқандай сөздiктен ғана емес, екi бөлiмнен тұратын қолжазба екендiгiн әйгiлi еткендiгi, сондай-ақ ол «Кодекстi» халықаралық ғылым тiлi болып саналатын латын тiлiне аударып, оның даңқын барлық әлемге жаюы.

«Кодекс куманикус» үшiншi рет В. В. Радловтың аудармасымен Санк-Петербургте басылып шықты (1887). Бiрақ бұл толық аударма емес: Р. Кун баспасының әр жерiнен бiр үзiндi алған да, оны орыс алфавитiнiң үлгiсiмен транскрипциялап, немiс тiлiне аударып берген. Орыс жазуының негiзiнде жасалғандықтан, В.В.Радлов транскрипциясы қазiргi оқушылар пайдалану үшiн қолайлы болып табылады. Бiрақ бiраз сөздердiң грамматикалық тұлғасы мен семантикалық аудармалары көп жерде-ақ көңiлден шықпай жатады. 1936 жылы Дания ғалымы К.Гренбек қолжазбаларының түпнұсқасын басып шығарды. Бұл «Кодекстiң» 4 рет басылуы едi. Мұны өзi ескерткiштiң кейiнгi зерттеушiлерiне түпнұсқамен жұмыс iстеуге мүмкiндiк туғызып, кейбiр сөздiң дұрыс - бұрыстығы туралы осыған дейiн болып отырған айтыс – тартыстан құтқарды. «Кодекс куманикустың» соңғы, бесiншi баспасы да К.Гренбектiң қолынан жарық көрдi. Ол куманша-немiсше сөздiк есебiнде арнаулы алғы сөзiмен қоса жарияланды (1942 жылы, Копенгаген, 2728 сөз). Онда алғы сөзден басқа куман сөздерiнiң орфографиясы мен орфограммасы куман тiлiндегi дыбыстардың айтылуы ерекшелiктерi, сөз жасау тәсiлдерi жайында әңгiме болады. Мұндағы куман сөздерi латын әрiптерiнiң негiзiнде жасалған ғылыми транскрипциялық жүйемен берiлген. Әр сөздiң түпнұсқасы қолжазба бойынша дәл көрсетiп отырылды. Сөйтiп, К.Гренбек баспасының арқасында куман сөздерiнiң оқылу принциптерi бiр iзге түсiп, көп жеңiлдiк тапты. Аударма жағы да ойдағыдай жақсартыла түстi. Куман тiлiн зерттеу жұмыстарының iшiндегi аса бiр бағалы еңбек – В.В.Радловтың «Куман тiлi туралы» деген кiтабы. Ол «Кодекстiң» Р.Кун басып, фонетикалық құрылымын зерттеп, «Кодекстiң» орфография ережелерiнен ауытқып жазылған жерлерiн анықтау – осы еңбектiң өз алдына қойған негiзгi мiндетi болып табылады.

Х.Сүйіншалиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» еңбегінде «Кодексте» алғаш рет кейбір музыкалық жазбалар нұсқасының кездесетіні жайлы және онда христиандардың Иисуске аяныш білдіретін жоқтау-толғауларының куманша текстеріне нота берілгендігі айтылады.[2,103б] Ескі қыпшақ тілінің ең іргелісі де, сүбелісі де, готикалық көне курсивпен жазылған қолжазба «Кодекс куманикус» («Қыпшақтардың кітабы») еді. Бұл жазба жәдігерліктің тілін зерттеу Ә.Құрышжанұлының зерттеу еңбектерінен басталады. «Кодекс куманикустың» өзі мен оның тілдік ерекшеліктері туралы Ә.Құрышжанұлы бірқатар еңбектер жазып шығарды. Мысалы, «К изучению куманских загадок» (1960); «Арабо – персидские элементы в куманском языке»; «К вопросу об уйгурской письменности куманов» (1962); «О графике одного слова в памятнике куманского языка «Кодекс куманикус»(1963); «Көне қыпшақ тіліндегі ай, күн аттары» (1969) т.б.

Ескі қыпшақ тілінің жазба жәдігерліктері, біз айтып өткендей, тек қана «Кодекс куманикуспен» ғана шектелмейді, қыпшақ тілін оқып – үйренудің жазылып қалған көздері толып жатыр, ол туралы Ә.Құрышжанұлының «Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер» деген еңбегінде тиісті мәліметтер келтірілген [3,44-65].

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қашқари М., Түрік сөздігі. А., Хан – І том, 1997-590 б.

2. Х.Сүйіншалиев Қазақ әдебиетінің тарихы, Алматы 1997ж.

3.Құрышжанұлы Ә. Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер.1975ж.44-65 б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!