Материалдар / Эссе "Ахмет - ұлт ұстазы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Ахмет - ұлт ұстазы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эсседе Ахмет туралы өте терең жазылған
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ үшін қасиетті есім.
Ол өз ұлтының бағы жану үшін өмірдің барлық саласына араласты. Бұған оның атақ-даңқы дәлел. Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы… ретінде жақсы біледі.

Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ үшін қасиетті есім.
Ол өз ұлтының бағы жану үшін өмірдің барлық саласына араласты. Бұған оның атақ-даңқы дәлел. Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы… ретінде жақсы біледі.

Биыл еліміз Ахмет Байтұрсынұлы­ның 140 жылдығын атап өтуде. Жұртшы­лық жақсы білуі тиіс, Байтұрсынұлы әйгілі Қарқаралы петициясы авторларының бірі болды. Осы арыз-тілекте жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне Қазақ елінің мүддесіне сай өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстау еркіндігі, күні өткен Дала ережесін қазақ мүддесіне сай заңмен ауыстыру және басқа да мәселелер көтерілді. Дәл осы кезден Байтұрсынұлының саяси қызметі басталды деуге болады.
Оның алғашқы кітабы — «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Осы кітаптың өзінде отаршылдықтың зорлық-зомбылық, елдің тұралаған халін тұспал­дап болса да жеткізді.
Ол қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап жаңа үлгі ұсынған реформатор. Оның «Оқу құралы» қазақ жазуының тұңғыш әліппелерінің бірі. Ал «Тіл — құралы» қазақ тілінің тұңғыш оқулығы.
Ол ұлтына, қазақ халқына қызмет етті. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин кезінде былай деген болатын: «…Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен, Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл».
Ол шын мәнінде ұлт ұстазы, халқы­мыздың рухани көсемі бола білді.

































ҰЛТ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

            Aхмет Байтұрсынұлының есімі барша оқырман қауымға таныс болғанымен, оның өмірі, ағартушылық жол туралы кей деректерді біле бермеуі мүмкін. Студенттік уақытымыздың соңғы жылында университет тарапынан А.Байтұрсынұлы атындағы «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығынан өндірістік тәжірибеге бардық. Тәжірибе жетекшісі Имаханбет Райхан Сахыбекқызы, Мекебаева Лейла Адамқызы сияқты оқытушыларымыз болды. Осы тәжірибе арқылы бізге, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттеріне ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын тереңірек тануға мүмкіндік туды.

Оны қазақ даласының "Сегіз қырлы, бір сырлы" деп аталатын атақты адамдарына жатқызуға болады. Ол талантты әдебиеттанушы, терең ойшыл, жарқыраған публицист, жанқияр саясаткер, ізденуші ғалым, керемет ұйымдастырушы және өз халқының дамуына қызығушылық танытқан қоғам қайраткері болды. Ол энциклопедиялық ақыл мен ерекше қабілеті бар, өмірді жақсы көретін және айналасындағы адамдардың тағдырына бей-жай қарамайтын адам. Ол айналасындағылардың барлығын өзінің таусылмайтын  қуатымен терең мағыналы тіршілігімен тарта білді. Ахмет Байтұрсынұлының сан қилы оқиғаға толы өмірі бүгінгі күні де адамдарды таңғалдырады және өмір сүруге, жасампаздыққа деген ұмтылысын оятады!

            Халқымыздың өмірінде және бүкіл Еуразия кеңістігінде болып жатқан "өзгерістер дәуірінің" драмалық оқиғаларына қарамастан, оның өмірін конъюнктуралық деп айту қиын, дегенмен ол әрқашан ең өзекті әлеуметтік проблемалардың басында жүрді. Сонымен қатар, оның қоғамдық өмірге ат салысуындағы әрекетін өте дәйекті және мұқият деп айта аламыз. Ахаң басы қасында болған жобалардың әрқайсысын кемелдіктің шекті деңгейіне жеткізді.Қазақтың Ахметі халқы үшін, - " түнгі аспанның төрінде жарқырап тұрған шоқ жұлдыз!»

            Ахаңның өміріндегі ең маңызды істер қатарына үш ірі бастамасын жатқызуға болады: Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен бірлесе отырып, өз заманы мен бүкіл қазақ халқы үшін тұтас ұлттың сауаты мен білім айнасына айналған "Қазақ" газетін басып шығару; Араб графикасын қолдану  арқылы "Төте жазу" жасау және "Алаш-Орда" үкіметінің қызметіне қатысу. Әрине, Ахмет Байтұрсыновтың өмірінде өзгеде айтулы оқиғалар болды, алайда дәл осы оқиғалар қазақ халқының өмірінде терең із қалдырды, оны өз елінің көрнекті ұлы етті, оның тәуелсіздігі туралы арманын асқақ етті.

            "Қазақ" газетінде сол кездегі  қайта өркендеген қазақ қоғамы үшін танымның кең көкжиегін ашқан мазмұны терең және тақырып бойынша алуан түрлі материалдар басылып шықты. Осы басылымның арқасында қазақтар қазіргі өркениетті ұлттың қалыптасуы жолында өте маңызды қадам жасады деп айтуға болады.

            Дәстүрлі көшпелі қазақтың "ұзын құлағы" осы газеттің арқасында ақпарат беру құралынан ұлтты тәрбиелеу және кеңінен ағарту құралына айналды. Қазақ зиялыларының айтуынша, бұл  белгі қазақтар арасында Еуропалық ғылым мен өнердің таралуын,  "Қазақ" газетінің қазақ халқы үшін мәдениеттің терезесіне айналуын және өзгелердің зиянынан қорғаушысы  болу ниетін білдірді.

            Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Бауыржан Момышұлы Қазақ тілі туралы былай деп жазады: "біздің ана тіліміз – біздің халықтық қадір-қасиетіміз бен мемлекеттілігіміздің мәні, тот баспайтын өзегі. Ана сүтімен сіңірген ана тілімізді білмеу - барлық ата-бабаларымызды, бүкіл тарихымызды ұмыту дегенді білдіреді".

Біздің кім екенімізді, қайдан шыққанымызды, ана тіліміздің қай тілі екенін және осындай жаңа Тәуелсіз Қазақстандағы әл-ауқатымыз қандай тұлғалардың арқасында екенін мәңгі есте сақтауымыз шарт.

































































Эссе

Ахмет Байтұрсынұлы - Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы.

Адамдық диқаншысы қырға шықтым;

Көл жоқ, көгалы жоқ - қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

А. Байтұрсынов

Торғай өлкесі - ерлерімен аты шыққан, елдік ар- намысымен алыс – қияндарға үлгі берген, сәуле шашқан өлке. Торғай ұлы перзенттер туғызып, қазақ тарихын ұлғайтты. Туған халқының мәдениеті мен қоғамдық ой – пікірлерінің тарихында аса құрметпен аталатын ірі тұлғаның бірі, қазақ елінің мақтанышы, алып тұлға, ұлт көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлы туралы сөз қозғамас бұрын азғантай тарихқа көз жіберсем.

ХХ-шы ғасыр басында қазақ халқы ерекше дәуірлеу үстінде болатын. Енді ғана саяси көзқарастары қалыптасып, ел болуға ұмтылып, елдік алуды көксеген ұлт болашағын ойлаған қазақ зиялылары үшін «халық жауы» деген қаралы тізім басталды.

Нәубет...Осы бір ғана сөз айту былай тұрсын , кездейсоқта есіңе түсіп кетсе денең дір ете қалады. Өйтпегенде ше ? Қазақтың сайын даласына келген бұл алапат дауылдың қарқыны күшті, ауқымы кең еді. Осы қарқынды дауылға Ахмет Байтұрсыновта ілінген еді. Бәле- жала отына күйіп, кесапат күйе жағылып, ұзақ жылдар шыңырау түбіне тасталып, уақыт құмы тұншықтырған Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасы қайта құру қуатымен тіріліп, бүгінгі ұрпаққа жол тартты. Ахмет Байтұрсынұлының тағдыры - қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр, ғұмыры - ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Аса ірі халық қайраткері, ағартушы – ұстаз, ғұлама ғалым, көрнекті ақын, жалынды публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиет тану ғылымының негізін салушы, этнограф, алаш ардақтысы, ұлт көсемі жерлесіміздің күреске толы өмірі, мол мұрасы заман өткен сайын қуатты тұлғасы зорайып, еңсесі биіктеп келеді.

Алыптарды дүниеге әкелген Торғай өзені – Торғай жерінің күре тамыры. Тіршілігімізге нәр берген Торғай өзені өзінің бастауын Сарыарқаның кіндігі Ұлытаудан алады. Сахарамыздың ғұламалары бергі жағы қазақ, арғы жағы бүкіл шығыс түркі тілдес халықтардың мақтанышы, аса көрнекті ғалым да, ағартушы қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы ұлтымыздың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннен нәр алды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей А.Байтұрсынов бар өмірін, бар еңбегін қазақ үшін, қазақты қараңғылықтан құтқару үшін аямады. ХХ ғасырдың басында халқымыздың ұлы перзенті, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы ескі қазақ жазба тілін күллі қазақ халқының игілігіне айналдыру идеясын ұсынды. Яғни, халықты жаппай сауаттандыру үшін бар білімін, күш- жігерін салды. Халықты жаппай сауаттандыруды, білім

беруді тезірек қолға алмаса, қазақ қоғамының заман ағымына ілесе алмай қалып қоятынын терең түсінген ғалым жүйесі қазақ жазба тіліне түбегейлі реформа жасады. Араб әліпбиін пайдалана отырып, халық тілінің тоғыз дауысты және он тоғыз дауыссыздан тұратын дыбыс жүйесін негізге алып қазақ әліпбиін жасады. Қазіргі таңға дейін Ахмет жасаған әліпби құнын жойған жоқ және жоймайды да, ұрпақ жалғастығымен жалғаса береді.

Ахмет Байтұрсынов - ұлы реформатор ғалым. Халықты оқуға шақырған, білімнің қажеттігін түсіндірген жалаң үгітші емес, қазақ арасында ағартушылық жұмыстарын, мектеп ісін жолға қоюға көп күш салған, ұстаздық құрған ғұлама ғалым.

Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет Байтұрсынов. Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық жұмыспен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа тимей, масаша ызылдап, туған халқын оқуға, өнер- білімге шақырды, өркениетті елдерден кейін қалып, көрінгенге жем болып жүргеніміз біліміміздің, өнеріміздің жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді, әңгіме талаптануда, намыстануда дейді. Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.

А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы- оның ақындық, аудармашылық еңбегі. Ол бала кезінен қазақ ішінде көркем сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, ойланып өскенге ұқсайды. Саналы өмірге аяқ басқан кезде халық поэзиясы мен А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин шығармаларын, орыс әдебиетін оқиды. А.Байтұрсынов айналаны тану, білу, сезіну қалпын поэзия тілімен, өлеңмен жеткізуге ден қояды. Өлеңді өзінің ағартушылық идеясына пайдалануды көздейді. Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет.

Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі

қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды

Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ,«Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.

Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, өз халқымен қайта табысты.

Ардақты азамат, халқымыздың саяси әрі рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың елі үшін еткен еңбегі, саяси - әлеуметтік ой- арманы бүг інгі Егеменді Қазақстанда іс жүзінде жүзеге асып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”. Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет – сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біз осы мемлекетті көздің қарашығындай сақтауымыз керек» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей, Ахмет Байтұрсынұлы абақтыға жабылып, атылғанымен, оның артына қалдырған асыл сөздері мен арман арқалаған ойлары ел жадында, халық жүрегінде мәңгі сақталады. Кейінгі ұрпақ оның істерін жалғастыруда, оның армандаған тілектері жүзеге асырылуда. Себебі, Қазақ елі қазірде өркениетті елдер қатарына қосылып, мәдениеті жоғары дәрежеде дамуда.

Заман өзгерді. Егемен ел атандық. Есімізді жиып, жоғымызды түгендеуге кірістік. Кезінде ұлтымыздың бостандығы жолында күрескен аяулы азаматтар халқымен қайта қауышты. Ендігі халықтың тілеуі – қазіргі ұрпақтың, кейінгі толқындар ата – бабаларымыз басынан өткізген зұламатты көрмесін , тәуелсіз Қазақстанның ұлтжанды азаматы болып еркін өссін дегені. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын ! Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлындай айбынды болайық!

Эссе

Тақырыбы:

Ахмет Байтұрсынұлы - алаш ардақтысы, ұлт ұстазы.

Дайындаған:

Зарыпбай Динара Ғалымбекқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қостанай облысы,

Жангелдин ауданы,

Торғай селосы,

Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі

2015- 2016 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!