Материалдар / Эссе «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ,ерінбе!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ,ерінбе!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ,ерінбе!»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2021
2887
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ,ерінбе!»

Абай Құнанбаевтың шығармашылығы - даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі.Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге келген. Ол қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшыл, философ, ақын. Абай атамыздың шығармашылыққа балалық кезінен әжесі Зере баулыған. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.

Абай атамыз ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге білімін шыңдауға барған. Медресе оқуында жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай атамыз ақындық жолына бағыт бұрады. Абай атамыз өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты.

Абай атамыз 1885 жылда «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» - деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абай атамыздың шығармасы болып, ақындық жолдағы ізденісін танытты. Ақынның шығармалары рухани-адамгершілік қасиеттерге толы, адамның бойындағы тумысынан берілген құндылықтарды насихаттау мақсатында жазылған.

Ақынның қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Жалпы қара сөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тұрады. Ақынның әр шығармасы тұнған даналық, адамға ой салатын насихат десем артық айтпағаным деп білемін. Ақын тек шығарашылығында насихаттаған адамгершілік бейнені, нағыз білімді, шынайылықты ойымен ғана емес, сөзімен ісімен жалғастырған адам. Абай атамыз шығармаларын өз жүрегімен сезініп, тұла бойынан өткізіп, риясыздықпен халқына жолдаған, біртуар, ұлы тұлға.

Ақын тек адамгершілік бейнені, ізгілікті ғана емес, табиғатты, болмысты, өмір шындығын, ақылпарасатты, адамның мүмкіндіктерін, барлық тіршілікке қатсытыны ұштастырып бейнелеген.

Абай атамыз аудармашылықпен де айналысып, халқымызға шет елдердің көп шығараларын ұсынған ақын. Халқы үшін жасаған ісі зор.

Абай ата – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.

Атамыздың есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.

Мен ақынның өмір , шығармашылығымен таныса отырып, өз ойыма, санама талай сауал үйеледі. Сол кездегі қиын заманның өзінде Абай атамыз білім алып, жарыққа ұмтылып, сол игілігін халқына беруге талпынған.Абай атамыз ақылды жүрекке бағындыр деп бекерге айтпаған деп ойлаймын. «Адамзаттың барын сүй бауырым деп» - деген сөзінің өзі алған білімімізді ізгілікке бағыттау қажет екенін айтып тұр.

Мен де болашақта Абай атамыз сияқты ұлы болмасам да, қарапайым істеріммен болсын халқыма, еліме қызмет етсем деймін. Қазақ халқы: «Ізденген жетер мұратқа»-деп бекер айтпаған ғой. Мен Абай атамыздың кеше, бүгін, ертең болатынына нық сенімдімін. Абай атамдай биік, бетке ұстап мақтан ететін жандар көп болсын Абай атамызды танымайтын кішкентай бөбектерге де ұлы атамызды танытқым келеді. Абай атамыз дара да дана тұлға болып мәңгі санамызда қалады.



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!