ЭССЕ Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭССЕ Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестацияға бекітілген тақырыпқа сәйкес эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭССЕ

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

«ХХХХХХХ атындағы орта мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

көркем еңбек пәні мұғалімі

ХХХХХХХХХХ

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп. Қазіргі қарқынды дамып келе жатқан заманда адамға шығармашылықпен ойлай білу, стандартты емес шешімдер қабылдау аса қажет болып саналады. Бірақ мектепте оқыту барысында көбіне стандартты тәсілдер мен тапсырмалар қолданылып келеді. Бұл оқушылардың оқуға деген қызығушылығын төмендетуі әбден мүмкін. Онымен қоса балалар шығармашылық қабілеттерін жоғалтып алуы да ғажап емес. Осы орайда мұғалімнің міндеті – оқушыларға пән бойынша терең білім беру ғана емес, әр баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Сондықтан да болар жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім – білік дағдыларын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше дарындылықты тани білу, оның басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу қиын іс. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылығын арттыру – ұстаз парызы. Шығармашылық қабілет – адам тұлғасының іргелі қасиеттерінің бірі. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Оқушы бойында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру әдістемелерін құрастыру барысында мұғалім мыналарды ескеруі қажет деп есептеймін:

  • Оқушылар ұжымының даму деңгейін;

  • Оқушылардың жас ерекшеліктерін;

  • Оқушылардың өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін;

  • Пәннің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтарын.

Осы аталған ерекшеліктерді ескеретін болсақ, шығармашылық қабілеттер қарқынды дамитын болады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни шабытын оятып, құлшындырып отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отыру керек.

«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын»,- дегендей жалпы алғанда, болашақ жас ұрпаққа сапалы да саналы білім беру мен тәрбиелеу барысында, әр баланың жеке дара ерекшелігін ескеріп, әр баланың қабілет нышанын анықтап, оны жетілдіру, олардың бойында қалыптастыру мен әрі қарай дамыту жолдарын табу қажет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2024
304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі