400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Ұлы ерлікті ұлықтайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жеңістің жақындауына өз үлестерін қосқан ерекше жандар туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы
А.Розибақиев атындағы №153 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Масимова Гулнар Абдулллаевна

Ұлы ерлікті ұлықтайық
Соғыс деген қайдан шықты?!
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам есі кетіп, отан несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
М.Мақатаев
Иә. Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер
ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал.
Кеңес Одағы халқының тағдырын өзгерткен, миллиондаған адамның өмірін
үзген Ұлы Отан соғысынан келген зардаптың іздері әлі осы күнге дейін
өшкен жоқ. Өшпейді дағы. Өйткені бұл соғыстың еншісінде қаншама
отбасының шерге толған мұңы бар, орны толмас қасіреті бар. Ол қасірет
жақындарынан айрылған әрбір отбасына қанша уақыт өтсе де өзін есіне
салып келеді. Отты жылдар тарихы ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіліп келеді.
Сондай-ақ, Отан үшін, туған жері үшін басылған әрбір қадам кейінгі
ұрпаққа ержүректіліктің, отаншылдықтың, бірліктің үлгісі болып танылады.
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер.
деп Махмұтбай Әміреұлы жырлағандай Ұлы Отан соғысының және тылда
еңбек еткен ардагерлердің ұлы ерліктерін ұлықтау, болашаққа ұлағат ету
біздің азаматтық борышымыз. Ондай есімін тарих бетіне жазып, еңбегін,
ерлігін жырлауға болатын жандар әрбір үйден табылады.
Осы ретте мен де өзім білетін асыл жандар туралы айтып өткім келеді.
Міне, халқымыз Ұлы Жеңістің 79 жылдығын қарсы алып, тойлау алдында
тұр. Отан азаттығы үшін күрескен, ұрыс майдандарында батырларша қаза
болған жауынгерлерді
еске алып, масаттанатын бұл мереке
біздің
отбасымыз үшін де өте маңызды. Себебі өмір қосқан жолдасымның әкесі
Ұлы Отан соғысының ардагері. Жыл сайын осы бір ерекше мерекеде біз

отбасымызбен Еңбекшіқазақ ауданындағы «Қызыл Шариқ»
ауылына
арнайы барып, Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға естелік ретінде
тұрғызылған Даңқ мемориалы алдына гүл шоқтарын қойып қайтамыз. Бұл
мемориалды да жолдасымның әкесі Мадаминов Азим , тірі кезінде өзі жүріп,
жауынгер жерлестерінің рухына атап орнатып, жан-жағын гүлдендіріп,
ағаштар отырғызыпты.
Қайғы- қасырет, қырғыншылық пен жоқсыздық алып келген соғысқа
қолына құрал ұстай алатын ер кісілердің бәрі аттанғанда, бұл ауылдан да
көптеген адамдар аттанған екен. Олардың ішінде 58 адамның мүрдесі ұрыс
майдандарында қалады. Қайтып келгендер қатарында Азим әкеміз де болған
екен. Майданға алғашқылардан болып аттанған ол қырғын соғыстардың
бірінде жарадар болып, госпитальда емделеді. Жақсы болғаннан кейін қайта
майданға аттанады. Тек қана ауыр ұрыстардың бірінде тағы да ауыр
жараланып сол қолынан айрылып мүгедек болғаннан кейін ғана 1943 жылы
елге қайтарылады.
Ол ауылға оралып , туған ауылының дамуына өз үлесін қосады. Ұлы Отан
соғысы және еңбек ардагері , екінші дәрежелі Отан ұрысы ордені және
көптеген медальдарды алу құрметіне ие болады. Соғыстың ауыртпалығын өз
басынан өткізіп, қан майданда ерлерше қаза тапқан жауынгерлерді өз
көзімен көрген әкеміз соғысқа кетіп , қайтып оралмаған жерлестерінің атыжөнін мәңгілікке өшпейтін етіп ойып жаздырмайынша тыным таппаған екен.
Және өзі дүниеден өткенше осы мемориалдың айналасын тазалап, гүл, ағаш
отырғызып, ерекше күткен деседі.
Сондай-ақ, осы жерде Панфилов ауданы Жаркент аймағының тұрғыны,
өзімнің атам Мәсімов Ибраим туралы да тоқталсам артық болмас. Ол соғыс
майданынан ден-саулығына байланысты қайтарылған болса да, соғыс
аяқталғанша соңғы септе қалдырылып, окоп қазу сияқты қара жұмыстарды
атқарып, өлім мен өмір арасында жүрген екен. Атам майданға аттанғанда
үйге ие болып, өзінен кейінгі шиеттей іні –қарындастарына бас-көз болып
қалған әкем Абдулжан ол кезде әлі он екі жаста болыпты. Ол әлі
бұғанасының қатпағанына қарамастан күні-түні үлкендермен бірге арықатыздағы, дала – түздегі жұмыстардың бәріне белсене араласып, жеңісті
жақындатуға ауылдастарымен бірге өз үлесін қосқан екен. Соғыс кездерінде
ауылдағылар үшін де өмір сүру оңай болмапты. Әкем бізге сол бір қырғын,
жоқсыздық күндеріндегі халықтың бірлігі мен адамзат тарихындағы қан көп
төгілген соғыс пен тылдағы еңбек туралы айтып беріп отырады.
Бүгінгі
күні әкемнің жасы 97 -ге қараса да, өзі әлі ширақ. Отбасымызбен Жеңіс

күнін мерекелеу қуанышын жыл сайын әкеммен бөлісуді жақсы көреміз.
Мектеп оқушылары да оны тылдағы еңбек ардагері ретінде әр түрлі
мерекелерге, кездесулерге шақырып, құрметтеп отырады. Атам да кәзіргі жас
ұрпақтың ата-бабаларының ерлік істерін еске алып отыруы – адами парызы
екенің ескертіп отырады.
Балаларымыз осындай көне көз кәриялардың өз ауызынан олардың сол
бір сұрапыл кездерде көрген қиыншылықтары туралы өз құлақтарымен естіп
отырса бейбітшілік, достық, бірлік деген сөздердің мән-мағынасын ұғып,
бағалай білер еді. Батырларымыз сақтап қалған байтақ жерімізді қастерлей
алар еді.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.05.2024
219
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі