жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе Үш тілділік
Эссе
«Үштұғырлы тіл-кәсіби жетістіктің белгісі»
Рыспаева Алма
Тургенев орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
«Ұрпақты көрге тығатын емес, өрге шығаратын ұстаз болу керек»
Н.Ә.Назарбаев
Білім саласында қызымет ететін әр адамның еңбегі елеулі ғана емес, төккен тері еліне ырыс болып келері анық. Себебі білім саласында қызмет ететін әр ұстаз өз елінің болашағы үшін санмыңдаған шәкірттер даярлап өмір ағыма қосады. Ұлағатты ұстаздан білім нәрімен сусындаған әр оқушының жүрегіндегі ұстаз салған ізгі білім кемел болатын елдің болашағына салынған инвицитция емес пе, қазіргі тілмен айтқанда.
ХХІ ғасыр ғылы мен техниканың көз ілеспес шапшаңдықпен дамыған ғасыры болуымен ерекше. Десек те, мектеп мұғалімінің міндетін техника аламстыра алмайды. Себебі ұстаздың шын жүрегінен шыққан білім ғана оқушы жүрегіне жол таппақ. Осы орайда дамушы елдер қатарындағы Қазақстан үшін, дамыған елдердің қатарына қосылуы басты мақсат. Ал дамыған ғылым мен білім саласының тілі қазіргі таңда, ағылшын тілімен өркендеуде. Ағылышын тілін білуді сондықтанда кейде заман,кейде қоғам талабы деп айтып жатамыз. Әрине қоғам мен заманға ықпал ететін адам. Ендеше адамзатқа білім ауадай қажет. Білімнің шыңын бағындыратын шәкірт тәрбиелеу әр ұстаздың арманы.
Тәуелсіз еліміз әлемдік өркениетпен бірге гүлденуде. Ел болашағы үшін жас ұрпақты білім мен бірге техника тілін білетін қабілетпен қоса дамытуды мектеп мұғалімі жұмысының басым бағыттары екені белгілі. Сондықтан да мектептегі ұстаздың үш тілді білуі мерейі мен бірге білімге қосқан зор үлесі болмақшы. Әрине көп тіл білу де жақсы қасиет. Ұстаздың сан қырлы қасиеті болса, соның бірі кәсіби шеберлігі мен шынайы білімі.
Тарихи тағдыры болар, бұл күнде еліміз көп ұлтты мемлекет. Басым бөлігін көршілес славиян халықтарының өкілдері құрайды. Қазақстан Ассамблясының саясатына орай елімздегі ұлт аралық татулық пен келісімді насихаттау мақсатында ұлтаралық қарым-қатынас тілі –орыс тілі екені даусыз. Адамның нәсіліне, дініне қарай жердің қай бөлігінде болсын өмір сүруіне ешкім шектеу қоя алмайды. Мұны қазір еліміздің жүргізіп отырған саясатынан білеміз. Қазіргі мұғалімдер еліміздің басты тірегі болғандықтан бұл тілді де еркін меңгерулері қажеттілік ақ. Себебі, қандай ұлттың өкіліне білім берседе тарихи Отандары Қазақстанға құрметпен қарауды бойларына өз тілдерінде түсіндіре отырып сіңіруге міндетті.
Ал ана тіліміз яғни мемлекеттік тіл қазақ тілі туғанымыздан қанымызға беріліп, кең байтақ жеріміздің ауасы арқылы жұтып отырған ізгі нәріміз емес пе? Ендеше сіз бен біз өз ана тілімізге деген шексіз махаббатымыз бен құрметімізді, қадір, қасиетімізді, Отан алдындағы мәңгі өтелмес борыш деп есептеуге құқылымыз. Елбасымыз Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» сонда ғана біздің ана тіліміз өркен жаяды.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шыңы-құзіреттілігімен өлшенсе, құзіретті мұғалімнің қасиеттеріне-адамгершілігі, техникалық сауаттылығы, экологиялық сауаттылығы, рухани бай болуы сонымен қатар бірнеше тілді еркін меңгеруі оның ішінде еліміздің саясатына орай үш тілді білуі-кәсіби жетістігінің бірі болып есептелері қақ.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген