Эссе.Қабылданған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе.Қабылданған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаным - түсіне білгенге, адамның бет - бейнесі мен өмірлік мұраты емес пе !? Адамдарды ұстанымына қарап , оның қаншалықты білікті әрі парасатты екенін пайымдауға болады. Кей кездері керісінше, соншалықты қарабайыр екені де байқалынып қалады. Мен өз ұстанымым туралы ой өрбітсем: «Ешкімнің ала жібін аттамау» ,«Сырға берік, досқа адал жақсылыққа жақын болып, адамдарға болысу» мұраттарын көздедім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭССЕ

Назарбекова Жадыра Нұрбекқызы

БҚО Зеленов ауданы

Рубежин ЖОББМБК КММ

8 – сынып оқушысы

Жетекшісі : Кабыкешова Шынар Габдыгалиевна

87472891673

k29.1973@ mail.ru

Қабылданған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Ұстаным - түсіне білгенге, адамның бет - бейнесі мен өмірлік мұраты емес пе !? Адамдарды ұстанымына қарап , оның қаншалықты білікті әрі парасатты екенін пайымдауға болады. Кей кездері керісінше, соншалықты қарабайыр екені де байқалынып қалады. Мен өз ұстанымым туралы ой өрбітсем: «Ешкімнің ала жібін аттамау» ,«Сырға берік, досқа адал жақсылыққа жақын болып, адамдарға болысу» мұраттарын көздедім.

Адам болып дүние есігін ашқан соң , адам боп қалу борышымыз емес пе?! Қалай ойлайсыз, келісесіз бе ?! М.Хакімжанова жырлағандай: «Сан ғасырдың айғағы өзгермейтін, Сен адамның досысың мәңгі өлмейтін ...»

Бір күрсіндіретіні , бүгінгі дүбірлі дүрбелең әлемде кісілік азайып бара жатқандай көрінеді. Мектепте , көшеде, тіпті қоғамдық орындарда дарақыланып күлген, даңғазашыл құрбыларымды көргенде , өзім жерге кіре жаздаймын. Мейлі, күлкілі жайт болған да шығар, соншама дабыра етудің не қажеттілігі бар десеңізші!.. Ол ол ма? Үлкенді сыйламақ түгілі, қағып құлата жаздайтындар көбейгенін ешкім жоққа шығара қоймас!.. Халқымыздың «Ата тұрып ,ұл сөйлегеннен без,.» деген өрелі сөзі ескеруден қалып бара ма өзі, қалай ?..

Безбен бар уақыт атаулы, Екшейді ол ез кім,алып кім? -деп, Ақұштап апам айтқандай , көзсіз көргенсіздік танытып, ебелек боп жүргендер жүре берсін. Ал менің алтын қазық бағыт-бағдарым : «Болса- дағы қиындық алда небір, «адам болу» мұратым қала берер!»

Әр заман өз ойшылдарын тудырады. Бар ғұламаның айтар асқақ арманы, ізгі мұраты - білім жауһарларын теріп, адамзатты игі істерге жұмылдыру. Әл –Фараби атамыздың «Бақытты қала тұрғындары» еңбегін оқи отырып, өрелі сөздер өрнегіне шырмалдым да қалдым. Өлеңдері де ізгілік шашып тұрғандай: «Шындыққа бас тік алаулап, Пенделіктен бол аулақ», «Кездейсоқ өмір өтіне , Қайыспай тұрса нар тұлғаң».. Шіркін ,кеше ғана жазылғандай, сорғалап тұрған ақиқат емей, немене ?! Қайсарлықтың да қайыспайтынын аңсап тұр бізден бабалар ...

Жалпы адамзат құндылықтары, мейлі ол өнер болсын, қылқалам шеберлері, әмбебап музыкант, асқан жыршы, баһадүр қолбасшы, сөз бастаған шешен, шебер сәулетші тағысын тағылар ... өз ұстанымдарының мызғымас беріктігі арқасында үлкен жетістікке қол жеткізеді емес пе! Ендеше, оларда

ішкі адами қасиеттерінің мықтылығы мен өз істеріне шексіз берілу арқасын -да мәрттік - ешкім жасай алмағанды жасай алатын қабілет - қалыптасқан шығар-ау, ә!

Йасауи хикметтері , Қашқари ата сөздігі, Рабғузи қиссаларынан адами мұраттарды көксеген бабалардың арман- мұраттарын танып білгендей болдым. Адамзат атаулы бар жерде «кісілік», «парасаттылық» өз мәнін жоғалтпасы анық! Өйтпесе ,өмірдің не мәні қалар еді?

Түйенің қомына, жылқының жалына жармасып тыныш өмір кешпеген текті халқым ежелден дүние жимаған,байлықты мұрат етпеген, қарапайым да аңғал,даласы қандай кең болса,пейілі де сондай ағыл-тегіл , ақкөңіл де ардакөңіл,өз адами ұстанымдарына берік, досқа кәміл серік болған .

Небір асыл да , асқақ ұстанымдардың өзі адамдық шеңберінен шықпауды мақсат ету арқылы өзімізден де өзгеден де көрген көз сүйсінер

айбынды елдің ұландары екендігімізді барша әлемге паш ететін аттылы күн туды. Сар даланың сайын төсінде дүбірлетіп ат тұяғымен өзіндік өрнек салған бабалардың басып өткен ізінің табы бар, жүзден астам ұлтқа құт мекен жерұйығым мен бабалар салған сара жолымды мен мақтан тұтпағанда, кім мақтан етсін !? Сенсіз мен бір күн, бір күн деймін- ау, бір сағат та, бір минутта тұра алмаспын. Өйткені, бұл жерде менің , бабаларымның, «кіндік қаны тамған» -өз елім мен өз болмыс-бітімім және өзіндік ұстанымым бар. Барым да, нарым да – сенсің ар-ожданым ! Біздің тағдырымыз- тамырлас.

Тәуелсіздіктің бал дәмін тату бақыты бұйырған біздер дүниенің қай түкпірінде жүрсек те, мейлі шетелде, қай ортада жүрсек те , мейлі өз елімізде әркез тәуелсіздігімізге тәу етіп, арманда кеткен бабалар рухына бас иіп, ардан аттамай, қазақ елінің абыройын арттырар келелі қадамдар жасап, елдігімізді, ерлігімізді еңбек майданында көрсете білуіміз керек.

Қабылданған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым, осал болуға да еш қақымыз жоқ !.. Мынау тұрлауы жоқ пәниден адам боп қалу ғанибет!.. Ойымды Ғабиден Мұстафиннің сөзімен айшықтасам : «Теңіздей терең халық ішінде алмастай ойлар жатыр» немесе «Осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді» пікірлері менің бүгінгі жұмысыма негіз боп тұрғандай.

Өсіп келем, өсіп келем ержетіп,

Уақыт шіркін зымырайды тез өтіп.

Ұстаздарым қадап берген көкейге

Адамдықтың ар-қазығын ту етіп,- мен бар жерде, менің жүрегім лүпілдеп тұрған сәтте менің ұстанымым өзгеруі еш мүмкін емес,-деп ойымды түйіндеймін.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
7861
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі