"Эстафеталық ойындар" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Эстафеталық ойындар" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Эстафеталық ойындар Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру. 2. Эстетикалық және этикалық тәрбиеге үйрету. 3. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық ойындар

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың әдісі: Жаттықтыру, үйрету, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Ойын алаңы,доп, секіртпе

Сыныбы: 4 «А»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру.

2. Эстетикалық және этикалық тәрбиеге үйрету.

3. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі

Сапқа тұру.Рапорт қабылдау. Сабақ тақырыбын хабарлау.


ІІ.Дайындық бөлім

  1. Оқушылар бір қатар сап түзеп тұру.

  2. «Сынып түзел», «Тік тұр», оңға бұрыл деген бұйрықтарды дұрыс орындау

  3. Алаңды айнала баяу жүгіру

  4. Шеңбер жасап жалпы дамыту жаттығуларын жасау

-Мойын жаттығуы

-Қол жаттығуы

-Бел жаттығуы

-Аяқ жаттығуы т.б


ІІІ.Негізгі бөлім

1.Оқушылардың өздеріне таныс эстафеталық ойын түрлерін сұрау. (оқушылардың жауабы)

Барлық эстафеталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.

Оқушы тез,тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.Сонымен қатар ойыншының икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.

2.Сыныпты екі топқа бөлу

І топ - Жеңіс

ІІ топ – Сұңқар


Сайыс бағдарламасымен таныстыру.

І кезең: «Кім бірінші»

ІІ кезең: Допты жерге ұрып жүгіру.

ІІІ кезең: Кедергіден айналып өту.

ІV кезең: «Кім шапшаң»

V кезең: Доппен эстафета

VІ кезең: «Кім жылдам?»

VІІ кезең: «Мергендер» Сайыста оқушылар білімін нақты, әділ бағалайтын қазылар алқасымен таныстыру.


Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманатқып бастаймыз – дей келе сайысымызды бастаймыз.


І кезең: Жүгіру эстафета.

ІІ кезең:Допты кедергі арасымен алып барып сол жерге допты қойып бір есептен шығарып қайтарында жүгіріп қайтады,келесі оқушы жүгіріп барып бір есепті шығарып допты кедергі арасымен алып келу.

ІІІ кезең: Кедергіден сүрінбей өтіп барып сұраққа жауап айтып, орнына жылдам бірінші болып келу.

ІV кезең: Секіртпемен секіріп барып,қайтадан орнына жылдам бірінші болып келу.

V кезең: Әр оқушы орнында тұрып допты басынан асырып келесі оқушыға беру, соңғы оқушы алдына келіп допты келесі оқушыға береді.

VІ кезең: Әр оқушы допты екі аяқтың ортысна қойып секіріп барып, секіріп қайту.

VІІ кезең: Әр оқушы серітпемен секіріп барып, сандарды ретімен алып, жылдам бірінші болып келу.

  • Сандарды ретімен қойғанда қандай сөз шығады?

(Оқушының жауабы)


Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым,

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтадар әрдайым.


ІҮ. Қорытынды бөлім

Организмді қалыпқа келтіру. Тыныс алу жаттығулары.


Ү. Бағалау

Сайыс қорытындысында сөз әділ - қазылар алқасына беріледі. Шапшаңдықпен икемділікпен көзге түскен топ мадақталады.


ҮІ.Үйге тапсырма.

Эстафеталық ойындар

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.06.2018
3456
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі