Материалдар / Естай Беркімбаев - лирик композитор
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Естай Беркімбаев - лирик композитор

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі әнші ақындар өзінің ақындық, әншілік өнерлерін кең дамытуға толық мүмкіндік алды, әнін де жырын да, ойындарында ешнәрседен жасқанбай еркін айтып таратуына кең жол ашылды. Осындай шығармашылық қуатын дамытқан XX ғасырдың басындағы халық ән өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі, әнші-ақындық өнері қайта туып, гүлденген сері, ақын, халық композиторы, белгілі «Хорлан», «Бір мысқал», «Қоңыр жел », «Майда қоңыр» әндерінің авторы - Естай Беркімбаев.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2023
343
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Естай Беркімбаев - лирик композитор


Абдуллина Бакытгул Аманжоловна,

Ақтөбе облысы6 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі


Өлең ұрпақтан көшіп, талай заманды, талай жанды таң қалдырып келе жатқан аса биік, парасат көзі, өлеңнің тегі тарихы, теориясы, құрылысы, әсері туралы түсінік, мағұлмат көне заманнан бері бар. Осының бәрінен поэзияның адам өміріндегі ерекше орны аңғарылады. Сондықтан да поэзия сырына үңілу әр уақытта қызғылықты, әрі маңызды. Әсіресе, кешегі соңғы заман поэзиясы қыры мен сыры мол дүние болып танылды.

XIX ғасырдағы аты шулы Біржан сал, Ақан сері Толыбай, Жаяу Мұса, Ағашаяқ, Әздембай, онан бергі Шашубай, Естай сал тағы басқалары әншілік халық өнерпаздығының дәстүрін дамытып, қалыптастырған. Қазақтың әнші ақындары, сал - серілері өнердің тұтастық қасиетін бойына жинаған адамдар. Бұлардың көркем өнерінде көне заманның тұтастық элементі күшті. Ән-күй, өлең, би әуелінде бөлінбей тұтас өнер түрінде жасалғандығы туралы ғылымдық қағида қазақтың сал сері, ақындардың өнер тәжірибесінде де толық дәлелденеді. Сал, сері түріндегі қазіргі әнші ақындардың даралық ой-сезімдері, шығармашылық дәстүрлері, қоғамдық салт-санаға ерсі, қайшы емес. Бұрынғы Біржан сал Естай, Мәди, Жаяу Мұсалардың даралық ой-сезімдері, шығармалары феодалдық үстем қауымының жік шариғаттың заң, ережелеріне қарсы келген еді, үстем қоғамдық орта мен ақын әнші арасында бітпестік қым –қиғаш болып отырады. Содан келіп олардың шығармаларында дарашылық немесе ызалы наразылық айқын сезілетін еді. Ал қазіргі әнші ақындар өзінің ақындық, әншілік өнерлерін кең дамытуға толық мүмкіндік алды, әнін де жырын да ,ойындарында ешнәрседен жасқанбай еркін айтып таратуына кең жол ашылды. Осындай шығармашылық қуатын дамытқан XX ғасырдың басындағы халық ән өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі, әнші-ақындық өнері қайта туып, гүлденген сері, ақын, халық композиторы, белгілі «Хорлан», «Бір мысқал», «Қоңыр жел », «Майда қоңыр» әндерінің авторы - Естай Беркімбаев.

1894жылдың жаз айы. Бір - біріне іргелес, көрші отырған ауыл-ауылдың жастары жиналып той-думан, сауық-сайран құрып жатты. Сол жастардың арасынан жасы жиырмалар шамасында қою қасты, үлкен қой көзді, жаңа тебіндеп келе жатқан сұлу мұртты, ақ сары жігіт ерекше көзге түседі. Бұл жас та болса ел арасына аты шығып, әнші, ақын сері атана бастаған Естай еді.

Облысым Павлодар Естай еді,

Жұртқа баян істері азаматтың

Орта жүз,Сүйіндікпен бері келе,

Төлебай,Қанжығалы арғы затым [2, 24],- дейді.

Осы думанға келген жастардың ішінде апалы –сіңлі Хұсни және Хорлан атты өрімталдай сұңғақ, бірінен-бірі асқан сұлу екі қыз бар.Әсіресе тал шыбықтай бұралған ақ жарқын, ашық мінез Хорлан сұлу Естайды естен тандырғандай болды. Әрине, той-думандағы Естайдың әншілік өнері, жарастықты қалжыңы алмастың жүзіндей өткірлігі жас сұлудың назарына түспей қалған жоқ. Хорлан жүрегінде де ынтықтық, ғашықтық сезімі ұщқын атқан еді. Бірақ ескі заманның кертартпа қанының қырсығынан Хорлан мен Естай армандарына жете алмады. Оған себеп - қалың малын алып қойған қыз әкесі құдасына ат шаптырып хабар береді. Басында билігі жоқ Хорлан Естаймен сырттай қоштасып, жылай-жылай кете барады. Сөйтіп, Хорланнан тірілей айрылған Естайдың ғашықтық сезімі іңкәрліктен арманға, үміттен әнге ұласады. Хорланға деген іштегі от жалынға оранған ғашықтық сенімін, мәңгі ұмтылмас арманын, өшпес өкінішін Естай «Хорлан» атты әніне арқау өтеді. Бұл әнде Хорланның сұлу бейнесі де, ақыл-парасатты да, оңды мінезі де, Естайдың ғашықтық сезімі мен көкірегін қарс айырған өкініш арманы- осының тұтас көркемдік бітімін, шынайы сазын тауып, өзгеше сомдап соғылған музыкалық көркем образ тұлға болып шықты. Осы ерекшеліктері бұл әнді қазақтың классикалық халық әндерінің қатарына қосты.

Естай -лирик композитор.Оның көптеген әндерінде де бұл айтылған жайлар анық көрінеді. Естай Ақан серімен де кездеседі. Одан «Нұрила» атты әнді үйреніп, жеңгелеріне айтатын қалжың орнына айтып жүреді. Ақанның әсері де аз тимейді. Біржандай сал, Ақандай сері болып шықпағанмен, Естай ән дүниесінде атағы жайыла бастаған талантты жас болады. Оның әні де, поэзиясы да болған сыншыл реализм музыкада Жаяу Мұса да көбірек көрінеді. Бірақ іздеген кісіге Біржаннан да, Ақаннан да, оның айналасы, шәкірттері, жолын қуғандары араларынан да көрінеді. Естайдың Хорланнан басқа да талай әні халық аузында сақталған. Хорланның сипаты, «Бір мысқал», «Ашу пышақ», «Майда қоңыр», «Шоқ қарағаш», «Еркем», «Қарагөз» сияқты әндері халықтың музыкалық қазынасына қосылған әсем үнді інжу-маржан, асыл мұра.

Халық композиторы Естай 1946 жылы өзінің туып өскен жері қазіргі Павлодар облысына қарасты Краснокут ауданындағы Ақкөл совхозында қайтыс болды. Жасы жеткен адам тоқырап қалуы мүмкін, бірақ ақындық жан, сезім қартаймайды, ол сол ақынның көңілі өсіп, тасуына қарай түрленіп, құлпыра бермек. Мұны қазіргі ақын жыршы, әншілердің шығармашылық тәжіриебесі толық дәлелдейді. Ал, бірқатар орта жастағы әнші ақындар кеңес дәуірінде талантын шын мәнінде жарыққа шығарып, дамытты, зор әнші ақын дәрежесіне көтерілді. Бұған әсіресе ақын, әнші Кенен мен Исаның шығармашылық тәжіриебесі толық дәлел. Кенен Әзірбаев күшті әнші ақын. Ол ақындық-жыршылық жағынан Жамбылдың шәкірті. Ол он төрт жасынан бастап домбыра тартып,ән салған. Ол да Жамбыл мен Шашубайдың қасына еріп, әншілік, сері, салдық құрған. Қырғыздың ақын-жыршыларының ортасында болып, олардың да әң өлеңдерін үйренген. Жігіт кезінде өзінің кедейлік, жалғыздық көрген аянышты тұрмысынан алып «Бозторғай», «Көк шолақ», «Ақ ешкі» атты тамаша лирикалы әң, өлеңдерін өзінің серілік өмірінің бір сыры, сипаты ретінде «Тоғыз келін» атты өлеңін шығарып таратқан. Шашубай арқылы арқаның көптеген әндерін үйреніп жаттаған. Кененнің шабыты келіп, домбырасын күйлеп ән салуында да үлкен бап, ерекше шеберлік бар. Ол домбырамен әралуан күйлер тартады, қазақ қырғыздың ең жақсы әндерін, өзі шығарған ән, өлеңдерін, дастандарын жырлайды. Жамбыл жырлаған, Сүйінбайдың Тезекті сынағандарын, «Манас» жырынан үзінділер айтады. Даусы еркін, әнді көтеріп шырқап салады және әнді қызып салғанда домбырамен қатар өзінің құлағын да қағып отырады.Сал-серілер түріндегі әнші ақынның шығармашылығындағы бұл өзгерісті белгілі жүйрік ақын Исаның әң өлеңдерінен де айқын көреміз.Оның бес түрлі желдірме атты тақпағы «Қарағанды», «Жастар маршы» өлең, әндері бар. Халық арасында көп таралып кеткен Иса желдірмесі мазмұны, көркемдік ерекшелігі, әннің сарыны жақтарынан қазіргі әнші ақындардың жаңа шығармаларының ішінде айрықша орын алады. Ақын өлеңінде ойды өткірлеп, пікірде еселеп төгілтіп берілген күшті сөз нөсері жаңа ән ырғағының екпінді, өршіл, өктем сарынымен ұштасқан. Бұрын да, қазір де сал, сері ақындарға тән негізгі ерекшелік, ән мен өлеңнің үнемі түйісіп, ұштасып айтылатындығы дедік, осы ұштасудан келіп, әнші ақындар тыңнан өлең, жыр ғана шығарып қоймай, әнді де шығарып айтатын халық композиторлары болды.

Атақты Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай, Мәди - барлығы да әнші ақын емес, өзінің шығарған тың әндері бар композиторлар. Осы тұрғыдан қарағанда, олар жалғыз ғана әдебиет, фольклор тарихында да сондай орын алады.Біздің дәуіріміздегі Естай,Шашубай,Кенен,Нартай,Исалар да поэзия мен өнердің өнерпаздары ретінде танылды. Әнші ақындардың шығармашылық дәстүріндегі мұндай тұтастық белгілер, элементтер тек көне заманнан қалған жұрнақ, жұғынды түрінде сақталып отырған жоқ, қайта олар бұдан да гөрі түрлендіріп, тереңдете түсу бағында дамыды.

Сонымен, XIX ғасырдағы дәстүрлі ақындар поэзиясы халық арасында айрықша кең тыныс тапты және бұл сал-серілік өнер фольклор нысаны ретінде көрінуімен қатар, жаңа лирикалық көңіл күй, сезім жырларының ғажап үлесі.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Ысмайлов Е.Ақындар. Алматы,1956 ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!