Материалдар / Физика пәнінен ББЖМ тапсырмалары жауабымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Физика пәнінен ББЖМ тапсырмалары жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінен ББЖМ тапсырмалары жауабымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2024
368
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика – әртүрлі аралықтарға жүгіру, спорттық жаяу жүру,
көптүрлі жарыс, кросс және жарыстардың техникалық түрлерін (ұзындыққа,
биіктікке секірулер; ядроны, дискіні, найзаны, зіл шарды лақтыру) біріктіретін
олимпиадалық спорт түрі.
Жеңіл атлетиканың көптеген түрлерінен жарыстар стадионда өткізіледі.
Ашық стадион радиусы 40 м-дей екі дөңгеленуі (вираж) бар 400 метрлік сопақ
жолдан және техникалық пәндерге арналған секторлардан тұрады.
Төмендегі кестеде кейбір жүгіру пәндерінен әлемдік рекордтар
көрсетілген:
Пән

Рекорд

Спортшы

Мемлекет

100 м

9,58 с

Усэйн Болт

Ямайка

200 м

19,19 с

Усэйн Болт

Ямайка

400 м

43,03 с

Вайде ван Никерк

ЮАР

800 м

1 мин., 40 ,91 с

Дэвид Рудиша

Кения

1 500 м

3 мин., 26,00 с

Хишам Эль-Герруж

Марокко

3 000 м

7 мин., 20,67 с

Даниэль Комен

Кения

5 000 м

12 мин., 37,35 с

Кенениса Бекеле

Эфиопия

10 000 м

26 мин. 17,53 с

Кенениса Бекеле

Эфиопия

Жартылай марафон
21,1 км

58 мин. 01 с

Джеффри Камворор

Кения

Марафон 42,195 км
2 ч., 01 мин., 39 с Элиуд Кипчоге
Кения
1. 5000 м жүгіруде рекорд жасаған Кенениса Бекеленің стадион дөңгелегін
жүгіріп өту уақыты
A) ≈ 48 с
B) ≈ 54 с
C) ≈ 61 с
D) ≈ 65 с
E) ≈ 72 с
2.Ғаламшардың ең мықты спринтерлері үдемелі қозғала отырып, бастапқы 50
м-де жылдамдықтарын 10 м/с-ке жеткізеді. Осы жағдайдағы үдеудің орташа
шамасы
A) 0,25 м/с2
B) 0,5 м/с2
C) 1 м/с2
D) 2 м/с2
E) 4 м/с2
3.Егер ақбөкеннің жылдамдығы 55 км/сағ болса, онда жеңіл атлетші Уссейн
Болт екеуінің арасындағы жарыста

A) Уссейн Болт жеңіске жетеді, себебі оның жылдамдығы жуықтап 5 м/с
артық
B) Уссейн Болт жеңіске жетеді, себебі оның жылдамдығы жуықтап 5 км/сағ
артық
C) ешкім жеңіске жетпейді, себебі жылдамдықтары жуықтап тең болады
D) ақбөкен жеңеді, себебі оның жылдамдығы жуықтап 5 м/с артық
E) ақбөкен жеңеді, себебі оның жылдамдығы жуықтап 5 км/сағ артық
4.Стадионның жүгіру жолыңдағы бұрылысты (виражды) 200 м тұрақты
жыламдықпен өткенде рекорд жасаған Уссейн Болттың центрге тартқыш үдеуі
A) ≈ 0,8 м/с2
B) ≈ 1,4 м/с2
C) ≈ 2,7 м/с2
D) ≈ 3,2 м/с2
E) ≈ 5,1 м/с2
5.Кестедегі мәліметтерге сай қашықтықты өтудегі ең жоғары орташа
жылдамдықтың ең төмен жылдамдыққа қатынасы
A) ≈ 1,2
B) ≈ 1,5
C) ≈ 1,8
D) ≈ 2,2
E) ≈ 2,5
Жердің Күнді айнала қозғалысы
Бір кездері Париж газеттерінде қызықты хабарлама берілді. Бұл
хабарламада саяхатқа барудың арзан және шаршамайтындай тәсілін
ұсынатындығы туралы айтылған. Сол үшін 25 сантим ақша алатыны
жазылған. Кейбір сенгіш адамдар ақшаларын жіберіп үлгереді. Ақшасын
жіберген адамдарға мынандай мазмұндағы хат келген болатын:
«Сіз
өзіңіздің кереуетіңізде жата беруіңізге болады және Жердің айналатындығын
есіңізден шығармаңыз. Сіз әрбір тәулік сайын Парижге параллель 25 000 км
жүріп өтесіз. Ал егер Сізге әдемі көріністер ұнайтын болса, терезе
шымылдығын ашып, түнгі жұлдызды аспанды тамашалаңыз».
Алаяқтылығы үшін сотқа тартылған кінәлі адам, сот үкімін тыңдап,
айыппұл төлегеннен кейін орнынан тұрып, Галилейдің танымал сөзін
салтанатты түрде қайталады: «Бәрібір ол айналады!» Негізінде
айыпталушының айтқаны дұрыс, өйткені Жер шарының әрбір тұрғыны тек
қана саяхат жасап қоймайды, сонымен қатар Күнді айнала Жермен бірге үлкен
жылдамдықпен қозғалады. Жер өз орбитасының бойымен әр секунд сайын 30
км жол жүреді. (Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 млн.км; 1 ай ≈
30 тәулік )

6.Париж тұрғындарының Күнді айнала «саяхаттауы» кезіндегі орын
ауыстыруы 300 млн.км-ге тең болатын уақыт
A) 2 ай
B) 4 ай
C) 3 ай
D) 5 ай
E) 6 ай
7.Жер Күнді айнала қозғалып 2 рад бұрыш сызатын уақытта Париж
тұрғындарының жүріп өтетін жолы
A) 300 млн.км
B) 150 млн.км
C) 30 млн.км
D) 450 млн.км
E) 60 млн.км
8.1 ай ≈ 30 тәулік деп алған жағдайда Париж тұрғындарының Күнді айнала
3,5·1011 м жолды жүріп өту уақыты
A) 4 ай
B) 2,5 ай
C) 3 ай
D) 3,5 ай
E) 4,5 ай
9.Париж тұрғындарының Күнді айнала «саяхаттауы» кезіндегі орын
ауыстыруы 300 млн.км –ге тең болатын уақытта Жердің орбитасы бойынша
сызатын (жасайтын) бұрышы
A) π рад
B) 0,5π рад
C) 1,5π рад
D) 0,3π рад
E) 2π рад
10.Жердің орбита бойымен қозғалысының нәтижесінде 2 ай ішіндегі бұрылу
бұрышы
A) 57,30
B) 30,30
C) 600
D) 27,30
E) 77,30

Оқты қолмен қағып алу
Газет беттерінде Ұлы Отан соғысы кезінде француз ұшқышының басынан
таңғажайып оқиға орын алғандығы туралы хабарландыру болған. Жерден 2 км
биіктікте ұшып бара жатқан ұшқыш, өзінің жанынан әлдебір ұсақ затты байқап
қалды. Оны жәндік деп ойлап қалған ол, оң қолымен ұстап алды. Ұшқыштың
жәндік емес әскери оқты ұстап алғанын көргендегі таңқалысын көз алдыңызға
елестете аласыз ба? Кәдімгі массасы 10 г оқ. Бұл ертегі болып көрінгенімен,
болуы мүмкін оқиға.
Оқтың бастапқы жылдамдығы 600 м/с болғанымен, ұшу барысында
жылдамдығы тұрақты болмайды. Ауаның кедергісінің әсерінен оқ
жылдамдығы біртіндеп азайып 80 м/с-қа дейін кемиді екен. Бұл жылдамдық
ұшақ жылдамдығымен шамалас болғандықтан оқ ұшаққа қатысты алғанда
баяу қозғалуы немесе мүлдем қозғалмауы да мүмкін. Мұндай оқты оңай қағып
алуға болады, әсіресе қолда қолғап болса, себебі ауада қозғалған оқ қатты
қызады. (қорғасын үшін с=140 Дж/кг·°С)
11.Оқтың бастапқы кинетикалық энергиясы
A) 2,4 кДж
B) 3,2 кДж
C) 1,8 кДж
D) 5,2 кДж
E) 3,6 кДж
12.Ұшқыш ұстап алған кездегі оқ температурасының жоғары болу себебі
A) оқ пен ауаның үйкелісінен
B) ауаның жоғары қабатының қысымы аз
C) биікте ауа тығыздығының аз
D) ауа ішкі энергиясын оққа береді
E) биікте ауа температурасы жоғары
13.Ұшақтың жылдамдығы 306 км/сағ болса, ұшқыш оқты ұстап алған кездегі
оқтың ұшаққа қатысты жылдамдығының модулі
A) 0
B) 5 м/с
C) 10 м/с
D) 15 м/с
E) 20 м/с
14.Ұшқыш ұстап алғанға дейін оқтың ауа кедергісіне қарсы атқарған жұмысы
A) 1768 Дж
B) 1678 Дж
C) 1586 Дж
D) 1495 Дж
E) 1386 Дж
15.Ауаның кедергі күшінің оққа қарсы жасаған жұмысының 0,1 бөлігі оқтың
ішкі энергиясына айналған болса, ұшқыш ұстап алған кездегі оқтың
температурасы (оқтың бастапқы температурасы 20°С)
A) ≈ 120°С

B) ≈ 126°С
C) ≈ 132°С
D) ≈ 142°С
E) ≈ 106°С
Адам денесіндегі иіндік
Сіз қолмен қанша жүк көтере аласыз? Мысалы, адамның білек күшімен
көтеретін жүгінің шекті массасы 10 кг дейік. Алайда, 10 кг жүк адам қолының
күшінің көрсеткіші деп ойласаңыз қателесесіз! Адамның бұлшық еттерінің
күші одан әлдеқайда артық!

Адам қолының екі бас бұлшық еттерінің іс-әрекетіне назар аударайық (сурет).
Ол бір ұшы О – тірек нүктесіне бекітілген, екінші А ұшына жүк ілінген тірі
иіндік деуге болады. Жүктен тірек нүктесіне дейінгі қашықтық бұлшық
еттердің шетінен (В нүктесі) тірек нүктесіне дейінгі қашықтықтан 8 есе көп.
Ендеше біз әрбір адам өзінен анағұрлым күштірек деп айтсақ асыра айтқандық
болмайды. Яғни, біздің бұлшық еттеріміз өндіретін күш біздің әрекетімізде
көрінетін күштен әлдеқайда көп деген сөз. (g=10м/с2)
16.Бұлшық еттеріміз біздің қолымызбен салыстырғанда ... күш өндіреді
A) 4 есе көп
B) 2 есе көп
C) 10 есе көп
D) 8 есе көп
E) 6 есе көп
17.Егер жүк бұлшық етке тікелей бекітілсе, көтере алатын жүгінің шекті
массасы
A) 80 кг
B) 70кг
C) 60 кг
D) 90 кг
E) 50 кг
18Адам жүк ұстаған қолын алға созса, жүктің айналдырушы моменті
A) нөлге тең болады
B) ең кіші мәнге жетеді
C) артады

D) кемиді
E) өзгермейді
19.Адам жүкті білегінің ортасына іліп көтерген жағдайда оның көтеру күші,
A) өзгермейді
B) 2 есе кемиді
C) 2 есе артады
D) 50 %-ға артады
E) 25 %-ға артады
20.Кіртасты 8 см ге көтеру кезінде бұлшық еттің жиырылуы және жұмысы
A) 1 см, 1 Дж
B) 2 см, 4 Дж
C) 2 см, 8 Дж
D) 1 см, 8 Дж
E) 2 см, 1 Дж
Атом ядросы
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ашылған физика мен
химияның ұлы жаңалықтары: катод сәулелерінің, электролиз құбылысының,
радиоактивтіктің ашылуы атом құрылысының күрделі екенін және оның
құрамына электрондар кіретінін көрсетті. Атом қүрамына оң зарядты
бөлшектер кіретінін 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд тәжірибе
арқылы дәлелдеді. Орасан көп атомдар арқылы өткен альфа бөлшектердің аз
бөлігінің ғана бағыты өзгеретіндігін, сондай ақ жуық шашамен 2000 альфа
бөлшегінің біреуі ғана кері тебілетінін байқады. Осы тәжірибе негізінде
Резерфорд атомның планетарлық моделін ұсынды. Бұл модель бойынша
атомның құрылысы Күн жүйесіне ұқсатылған.
21.Резерфорд тәжірибесінде пайдаланған бөлшек
A) электрондар
B) протондар
C) нейтрондар
D) гелий атомының ядросы
E) сутек атомының ядросы
22.Атомның Күн жүйесіне ұқсас моделін жасаған ғалым
A) Резерфорд
B) Беккерль
C) Кюри
D) Гейзенберг
E) Бор
23.Резерфорд атом ядросының өлшемі атомдікімен салыстырғанда көп есе
кіші деген қорытындыға келу себебі
A) кейбір бөлшектің кері тебілуі
B) α бөлшектің заряды оң
C) атом ядросының заряды оң
D) α бөлшектердің аз ауытқуы
E) электронның заряды теріс

24.Резерфорд тәжірибесіндегі кері тебілген α бөлшектер санның аздығынан
шығатын қорытынды
A) ядро өлшемі атомдікінен көп есе кіші
B) ядро заряды оң
C) ядро заряды теріс
D) ядро өлшемі атомдікімен шамалас
E) атом ядросы өте қатты емес
25.Резерфорд тәжірибесіндегі α бөлшектерінің кері тебілуінен шығатын
қорытынды
A) ядро атомның центрінде орналасқан
B) ядро заряды оң, массасы үлкен
C) электронның заряды теріс, массасы өте аз
D) элекитрондар ядроны айнала қозғалады
E) атом ядросы өте қатты, массасы үлкен
Доппен ойын
Мақсат футбол ойнағанды ұнататындықтан күнделікті доп тебудің әртүрлі
әдістерін меңгеру үшін жаттығулар жасайды. Соның арқасында допты жерге
түсірмей, аяғымен допты теуіп ойнауды (қақпақылдауды) жақсы меңгеріп
алды. Мақсаттың қазіргі нәтижесі: 1 минутта допты жерге түсірмей 100 рет
қақпақылдай алады және оны біркелкі жасайды. (g=10 м/c2)
26.Допты қатарынан екі рет қақпақылдау арасындағы уақыт
A) 0,6 с
B) 0,01 с
C) 0,5 с
D) 0,1 с
E) 0,8 с
27.Аяқпен қақпақылдау кезіндегі Мақсаттың доп тебу жиілігі
A) ≈ 1,7 Гц
B) ≈ 1,2 Гц
C) ≈ 0,9 Гц
D) ≈ 0,6 Гц
E) ≈ 2,4 Гц
28.Қақпақылдау кезіндегі Мақсаттың допқа беретін жылдамдығы
A) 4 м/с
B) 5 м/с
C) 3 м/с
D) 2 м/с
E) 6 м/с
29.Допты тепкен мезеттен кейін 0,2 с өткенде доптың жылдамдығы
A) 1 м/с
B) 2 м/с
C) 5 м/с
D) 15 м/с
E) 20 м/с
30.Доптың 30 с-та жүрген жолы

A) 15 м
B) 25 м
C) 35 м
D) 45 м
E) 55 м
Найзағай
Жыл сайын әлемде 3 миллиардқа жуық найзағай ойнап, күн күркірейді
екен. Бұлтта электр заряды жинақталып, нәтижесінде алып электр ұшқыны –
найзағай пайда болады. Оның ізіндегі ауа бірден қызып, өте жылдам ұлғаюы
себепті қатты күркіреген қорқынышты дыбыс естиміз. Бір найзағайдың
энергиясы қуаты 100 ваттық электр шамның үздіксіз 3 ай тұтынатын
энергиясымен тең екен. Сондай-ақ бір ғана найзағайдың жарқылы 10 млн. дана
100 ваттық шамның жарығынан да күштірек. Найзағай разряды ізіндегі ауа
температурасы 25000°С -ке дейін көтеріледі. (1 ай=30 күн, дыбыстың ауада
таралу жылдамдығы 340 м/с)
31.Бір найзағай жарқылдағанда бөлінетін энергия
A) 5,736·108 Дж
B) 8,822·108 Дж
C) 7,776·108 Дж
D) 9,736·108 Дж
E) 6,736·108 Дж
32.Егер 1 кВт·сағ элекр энергиясының құны 15 теңге болса, бір найзағай
энергиясының құны (теңгемен)
A) 3240
B) 4520
C) 6380
D) 7150
E) 8470
33.Ауа температурасы 28°С болса, найзағай
разрядымен қызған ауа
молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы
A) 84 есе артады
B) 28 есе артады
C) 25 есе артады
D) 72 есе артады
E) 67 есе артады
34.Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеттен соң 10 с өткенде
күннің күркіреуін естіді. Найзағай мен бақылаушының арақашықтығы
A) 2400 м
B) 3400 м
C) 1400 м
D) 4800 м
E) 3200 м
35.Найзағай разрядымен қызған ауа молекулаларының орташа квадраттық
жылдамдығы 9,5 есе артқан болса, ауа температурасы

A) 4°С
B) 7°С
C) 2°С
D) 10°С
E) 12°С
Автобус
Автобус (француздың «autos» – өзі және латынша «(omnі) bus», яғни баршаға
арналған деген сөзінен шыққан). Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында
пайда болды. Тәжірибе автобус жылдамдығын арттыру немесе төмендету
кезінде үдеуінің модулі 2 м/с2 –тан, ал бұрылыста 1 м/с2 –тан артық болмаған
жағдайда жүргіншілерге жайсыздық тудырмайтынын көрсетті. Тәжірибелі
жүргізуші жүргіншілерге жайсыздық тудырмай қозғала отырып, оларды қажет
жеріне мүмкіндігінше тезірек жеткізе алады.
36.Түзу жолда аялдамадан қозғалған автобустың жылдамдығы 58 км/сағ-қа
жететін уақыт
A) 7 с
B) 8 с
C) 10 с
D) 20 с
E) 29 с
37.Бірқалыпты қозғалып келе жатқан автобустың аялдамаға дейінгі тежелу
уақыты 7,5 с болса, бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жылдамдығы
A) 75 км/сағ
B) 72 км/сағ
C) 63 км/сағ
D) 54 км/сағ
E) 45 км/сағ
38.Автобус жүргізушісі белгілі аялдамадан кейін алдағы
«тоқтап өту»
жол белгісіне дейін 8 с үдемелі, 8 с бірқалыпты, 8 с кемімелі қозғалуға дәл
келетінін байқады. Осы аялдамадан «тоқтап өту» жол белгісіне дейінгі
қашықтық
A) 512 м
B) 324 м
C) 256 м
D) 128 м
E) 306 м
39.Автобус 54 км/сағ жылдамдықпен өткен жол бұрылысының қисықтық
радиусы
A) 108 м
B) 54 м
C) 120 м
D) 180 м
E) 225 м

40.Автобус
жол белгісі бар екі аялдама арасын 1 минут 20 с та жүрген
болса, осы екі аялдаманың арақашықтығы
A) ≈ 860 м
B) ≈ 1100 м
C) ≈ 1200 м
D) ≈ 1300 м
E) ≈ 1400 м
Жүйрік пойыз
Әлемдегі ең жүйрік пойыз орнынан қозғала отырып 1 минутта жылдамдығын
360 км/сағ-қа жеткізіп, келесі станцияға дейін осы жылдамдықпен жүреді.
Тежелу уақыты 1 минут. Мұндай үлкен жылдамдыққа жету үшін
электромагниттер «магниттік жастық» ретінде қолданылады және пойыздың
пішіні қапталдай алуға ыңғайлы болатындай етіп жасалады.

41.Жүйрік пойыздың пішінінің аққыш болу себебі
A) ауа кедергісін көбейту үшін
B) үйкелісті көбейту үшін
C) жылдамдықты кеміту үшін
D) пойызды тез тоқтау үшін
E) ауа кедергісін азайту үшін
42.Жүйрік пойызда магниттік жастық пайдалану себебі
A) ауа кедергісін көбейту үшін
B) рельс пен үйкелісті көбейту үшін
C) рельс пен үйкелісті азайту үшін
D) пойыз орнықты болу үшін
E) ауа кедергісін азайту үшін
43.Жүйрік пойыздың қозғалыс басындағы үдеуі
A) ≈1,7 м/с2
B) ≈1,9 м/с2
C) ≈2,2 м/с2
D) ≈3,6 м/с2
E) ≈2,8 м/с2
44.Жүйрік пойыздың екі қала арасын жүріп өткен кездегі жылдамдығының
уақытқа тәуелділік графигіндегі t2 және t3 уақыт аралығындағы орташа
жылдамдығы


max

0

t1

t2 t3

t

A) 360 км/сағ
B) 300 км/сағ
C) 280 км/сағ
D) 220 км/сағ
E) 180 км/сағ
45.Жүйрік пойыздың екі қала арасын жүріп өткен кездегі жылдамдығының
уақытқа тәуелділік графигіндегі t1 және t2 уақыт аралығы 45 минутқа тең
болса, екі қала арасындағы пойыздың орташа жылдамдығы

max

0

t1

t2 t3

t

A) ≈360 км/сағ
B) ≈358 км/сағ
C) ≈356 км/сағ
D) ≈354 км/сағ
E) ≈352 км/сағ
Парашютші
Парашютші ұшақтан секірген соң парашюті бірнеше секундтан соң ашылады.
Парашюті ашылғанға дейін еркін түскен жауынгердің парашюті ашылған соң
жылдамдығы кеми бастайды. Жылдамдықтың кемуі себептен ауаның кедергі
күші де азая береді. Түсу жылдамдығы қауіпсіз мәнге жетіп тұрақтанып, одан
ары қарай парашютші тұрақты жылдамдықпен жерге жетеді. Әскери жаттығу
кезінде массасы 80 кг жауынгер ұшақтан парашютпен секіреді. Оның өзімен
бірге алған қару-жарақтары мен парашюттің біріккен массасы 30 кг. (Парашют
тұрақты жылдамдықпен төмендеу кезіндегі ауаның кедергі коэффициенті 220
кг/с, еркін түсу үдеуі 10 м/c2)

46.Парашют жылдамдығы тұрақтанып, бірқалыпты төмендеу кезінде mg
ауырлық күші мен Fк ауаның кедергі күштерінің қатынасы
A) mg > Fк
B) mg < Fк
C) mg = Fк
D) mg >> Fк
E) mg << Fк
47.Ұшақтан секірген соң 3,5 с –та парашют ашылған болса, осы кездегі
жылдамдығы
A) 35 м/с
B) 30 м/с
C) 25 м/с
D) 20 м/с
E) 15 м/с
48.Бірқалыпты қозғалған парашютшіге әсер ететін ауаның кедергі күші
A) 0,3 кН
B) 0,8 кН
C) 1,1 кН
D) 1,4 кН
E) 1,8 кН
49.Парашютші жауынгердің орныққан жылдамдығы
A) 3 м/с
B) 5 м/с
C) 7 м/с
D) 10 м/с
E) 13 м/с
50.Егер жауынгер тағы 11 кг артық жүк алса, орныққан жылдамдығы
A) 2 % -ға артады
B) 4 % -ға артады
C) 6 % -ға артады
D) 8 % -ға артады
E) 10 % -ға артады
Линзалар
Асан кітапты көзіне әдеттегіден жақын, шамамен 16,7 см қашықтықта ұстап
оқитыны белгілі болды. Ата-анасы оны дәрігерге апарып, көзілдірік таңдап
берді. Енді Асан кітапты кәдімгідей 25 см қашықтықта ұстап оқитын болды.
Алайда атасы өз көзілдірігінің орнына Асанның көзілдірігімен қараған кезде
тіптен ештеңе көрінбейтінін айтты. Жасөспірім баланың көзі диаметрі 20 мм
шар тәрізді болады.
51.Асанның көзінің ақауы және оның көзілдірігінің линзасының түрі
A) жақыннан көргіштік, жинағыш
B) жақыннан көргіштік, шашыратқыш
C) алыстан көргіштік, жинағыш
D) алыстан көргіштік, шашыратқыш
E) анықтау мүмкін емес

52.Асанның атасының көзінің ақауы және оның көзілдірігінің линзасының
түрі
A) жақыннан көргіштік, жинағыш
B) жақыннан көргіштік, шашыратқыш
C) алыстан көргіштік, жинағыш
D) алыстан көргіштік, шашыратқыш
E) анықтау мүмкін емес
53.Асан көзілдірік таққан кезде «көзілдірік-көз» жүйесінің оптикалық күші
A) нөлге тең
B) нөлден үлкен
C) нөлден кіші
D) белгісіз
E) нөлден үлкен де кіші де болуға болады
54.Асанның көзілдірігінің оптикалық күші
A) -1 дптр
B) -2 дптр
C) 0,5 дптр
D) 2 дптр
E) 1 дптр
55.Асан көзілдірігімен кітап оқып отыр. Кітаптағы биіктігі 2 см суреттің
Асанның көзінің тор қабығындағы кескінінің биіктігі
A) 1 мм
B) 2 мм
C) 0,8 мм
D) 1,6 мм
E) 2,5 мм
Асқын салмақ
Асқын салмақ, мысалы, ғарыш кемесінің жер бетінен көтерілу сәтінде пайда
болады. Асқын салмақ жағдайында адамның ішкі органдары да өзінің
салмағын арттырады. Мұндай кездері адам ауырлықты сезінеді, ал төтенше
асқын салмақ адам денсаулығына зиянды. Бұл кезде ғарыш кемесінің а үдеуі g
еркін түсу үдеуінен бірнеше есе артады. Сол сияқты ұшақты төменгі «өлі
тұзақтан» тік шүйілуден алып шығарда ұшқыш та асқын салмаққа тап болады.
a
Асқын салмақты k=1+
қатынасымен бағалауға болады. Жаттыққан
g
ұшқыштар, ғарышкерлер салмақтың k= 5 есеге дейін артуына шыдай алады.
(g=10 м/с2)
56.Ұшқыш шыдайтын шекті жылдамдықпен жасалған «өлі тұзақтың» төменгі
нүктесінде массасы m ұшқыштың салмағы
A) P=mg
B) Р=2mg
C) P=3mg
D) P=4mg
E) P=5mg

57. «Өлі тұзақтың» төменгі нүктесінде ұшқыштың салмағы қауіпсіз мәнінің
шегіне 4 кН-ға жеткен болса, ұшқыштың массасы
A) 80 кг
B) 85 кг
C) 70 кг
D) 75 кг
E) 90 кг
58.Ұшақты «өлі тұзақтан» төменгі нүктесіндегі тік шүйілуден алып шығарда
массасы 70 кг жаттыққан ұшқыштың шекті салмағы
A) 700 Н
B) 2500 Н
C) 3500 Н
D) 1500 Н
E) 2000 Н
59.Асқын салмақ жаттыққан ұшқыштың денсаулығына зиян келтірмейтін
үдеудің ең үлкен мәні
A) 40 м/с2
B) 10 м/с2
C) 20 м/с2
D) 50 м/с2
E) 30 м/с2
60.Жаттығу шарты бойынша ұшақ вертикаль жазықтықта радиусы 250 м
шеңбер түріндегі «өлі тұзақ» жасауы қажет. Осы тапсырманы дұрыс
орындауға болатын ұшақ жылдамдығының мүмкін мәндері (ауа кедергісін
ескермеген жағдайда)
A) (180÷360) км/сағ
B) (190÷380) км/сағ
C) (170÷340) км/сағ
D) (160÷320) км/сағ
E) (150÷300) км/сағ
Адамның тыныс алуы
Баланың тыныс алу - дем шығару циклі 1 минутта 35 рет, жасөспірімде
20 рет және ересек адамда 15 рет орындалады. Орташа есептегенде, демалу
ритмі келесідей: 1 сағатта 1000 рет, тәулігіне 24000 рет және бір жылда 9
миллион рет.
61.Жасөспірімнің демалу жиілігі
A) 0,22 Гц
B) 0,44 Гц
C) 0,33 Гц
D) 0,55 Гц
E) 0,66 Гц
62.Ересек адамның тыныс алу периоды
A) 3 с
B) 4с
C) 6 с

D) 5 с
E) 2 с
63.Баланың бір сағат ішіндегі дем алу саны
A)  1000
B)  2100
C)  3200
D)  4300
E)  5400
64.Бала мен жасөспірімнің тыныс алу периодының айырмашылығы
A) баланың тыныс алуы 1,75 есе көп
B) баланың тыныс алуы 2,76 есе аз
C) жасөспірімнің тыныс алуы 1,75 есе көп
D) жасөспірімнің тыныс алуы 2,76 есе аз
E) айырмашылығы жоқ
65.Бала мен жасөспірімнің тыныс алу жиіліктерінің айырмашылығы
A) баланың тыныс алуы 1,76 есе көп
B) баланың тыныс алуы 2,76 есе аз
C) жасөспірімнің тыныс алуы 1,76 есе көп
D) жасөспірімнің тыныс алуы 2,76 есе аз
E) айырмашылығы жоқ
Адам энергиясы
Адам температурасы 22 0С болатын мұхит суына түскенде 4 минут
ішінде 100 кал энергия жоғалтады. Бұл энергия адамның ауада осы
температурада бір сағат ішінде жоғалтатын энергиясына тең. Адамның
массасы 70 кг, денесінің меншікті жылу сыйымдылығы 3000 Дж/кг· 0С.
1 кал=4,2 Дж
66.Мұхит суына түскен адамның 4 минутта жоғалтатын жылу мөлшері
A) 420 Дж
B) 340 Дж
C) 210 Дж
D) 170 Дж
E) 100 Дж
67.4 сағат ауада болған адамның жоғалтатын жылу мөлшері
A) 1260 Дж
B) 1420 Дж
C) 1680 Дж
D) 1840 Дж
E) 1960 Дж
68.Мұхит суында 4 минут болған адамның дене температурасының өзгерісі
A) 0,001 0С
B) 0,002 0С
C) 0,003 0С
D) 0,004 0С
E) 0,005 0С

69.Адамның суда болу уақытын екі есе арттырса, оның жоғалтатын
энергиясы
A) 210 Дж
B) 420 Дж
C) 840 Дж
D) 1050 Дж
E) 1260 Дж
70.Адамның суда болу уақытын екі есе арттырса, осы уақыт ішінде адам
денесінің температурасының өзгерісі
A) 0,002 0С
B) 0,003 0С
C) 0,004 0С
D) 0,006 0С
E) 0,008 0С
Адамның тәулік бойындағы энергиясы
Бойының ұзындығы және салмағы орташа деңгейдегі ер адамның негізгі
энергия алмасуларына қажетті энергия 8000 кДж. Тәулік бойында атқарылған
жұмыстары энергияның 35%-ын, жылулық шығындарға шамамен 20%,
сәулеленуге 30%, булануға 15%-ы жұмсалады екен. 1кал=4,2 Дж
71.Бойының ұзындығы және салмағы орташа деңгейдегі ер адамның негізгі
энергия алмасуларына қажетті энергия шамасы
A) 1900 ккал
B) 1800 ккал
C) 1700 ккал
D) 1600 ккал
E) 1500 ккал
72.Есеп шартындағы ер адамның тәулік бойында атқарылған жұмыстарға
қажетті энергиясы
A) 2400 кДж
B) 1600 кДж
C) 2800 кДж
D) 1200 кДж
E) 8000 кДж
73.Ер адамның тәулік бойында жылулық шығындарға жұмсайтын энергия
шамасы
A) 190 ккал
B) 57 ккал
C) 285 ккал
D) 38 ккал
E) 475 ккал
74.Ер адамның тәулік бойындағы сәулеленуге және булануға шығындалатын
энергия шамасы
A) 286 ккал
B) 571 ккал

C) 665 ккал
D) 757 ккал
E) 857 ккал
75.Ер адамның тәулік бойында жылулық шығындарға жұмсайтын энергия
шамасы мен атқарылған жұмыстарға қажетті энергия қатынасы
A) 1,75
B) 1,5
C) 1,35
D) 1,25
E) 1,15
Шыбындар әлемі
Шыбындар бір минутта қанаттарын 500-1000 ретке дейін қағады екен,
ал соналар 130-240 рет, көбелектер 5-9 ретке дейін қағады. Бал арасы тек өзі
ғана ұшса, қанатын минутына 400-500 рет, егерде жүгі болса, 200-250 рет
қағады.
76.Шыбынның қанатын қағуының ең үлкен периоды
A) 0,12 с
B) 0,6 с
C) 0,06 с
D) 0,012 с
E) 0,09 с
77.Сонаның қанат қағуының ең үлкен жиілігі
A) 1 Гц
B) 2 Гц
C) 3 Гц
D) 4 Гц
E) 5 Гц
78.Көбелектің қанат қағу жиілігінің диапазоны
A) 0,047-0,11 Гц
B) 0,058-0,12 Гц
C) 0,065-0,13 Гц
D) 0,074-0,14 Гц
E) 0,083- 0,15 Гц
79.Бал арасының гүлге барып қайтқандағы қанат қағысының орташа
жиіліктерінің қатынасы
A) 1,5
B) 2
C) 2,5
D) 3
E) 3,5
80.Жоғарыдағы ұшып жүрген жәндіктерді көрмей - ақ ажырата алуымызға
себеп
A) дыбыс тоны
B) дыбыс қаттылығы

C) дыбыс тембрі
D) дыбыс жылдамдығы
E) дыбыс таралуы
Мұздың еруі
Графикте массасы 2 кг мұзды ерітіп буға айналдырғандағы
температураның уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген (   0,34МДж / кг ,
r
0
=2,3 МДж/кг, с=4200 Дж/кг· С )

81.Мұзды ерітуге кеткен уақыт
A) 100 с
B) 150 с
C) 200 с
D) 250 с
E) 300 с
82.0°С-тағы суды 1000С-қа дейін қыздыруға кеткен уақыт
A) 360 с
B) 1080 с
C) 1140 с
D) 420 с
E) 540 с
83.Қыздырғыштың қуаты
A) 2,12 кВт
B) 2,27 кВт
C) 2,56 кВт
D) 2,74 кВт
E) 2, 98 кВт
84.Мұздың еруі кезінде энергия
A) жұтылады
B) бөлінеді
C) жылу энергиясы кинетикалық энергияға айналады
D) жылу энергиясы потенциалдық энергияға айналады
E) жылу энергиясы сәулелену энергиясына айналады

85.Процесс барысында буланатын су массасы
A) 0,38 кг
B) 0,32 кг
C) 0,48 кг
D) 0,22 кг
E) 0,18 кг
Автомобильдің қозғалысы
Суретте түзу сызықты қозғалған автомобиль жылдамдығының уақытқа
тәуелділік графигі көрсетілген.

15
10
5

0

15 30

45

60

75

-10
86.Бірқалыпты қозғалысқа кеткен уақыт
A) 75 с
B) 15 с
C) 30 с
D) 45 с
E) 60 с
87.Автомобильдің 30-45 с аралығындағы қозғалыс үдеуі
A) 0,33 м/с2
B) 0,45 м/с2
C) 0,67 м/с2
D) 0,72 м/с2
E) 0,54 м/с2
88.Автомобильдің 30 с аралығында жүрген жолы
A) 56,25 м
B) 112,5 м
C) 134,5 м
D) 144,25 м
E) 168,5 м
89.Автомобиль қозғалысының барысындағы ең үлкен үдеуі модулінің
шамасы

A) 0,5 м/с2
B) 1 м/с2
C) 0,75 м/с2
D) 1,5 м/с2
E) 2 м/с2
90.Автомобилдің барлық уақыт ішіндегі орын ауыстыруы
A) 250 м
B) 275 м
C) 300 м
D) 325 м
E) 350 м
Ипподромдағы сайыс

Ипподромдағы ат жарысына барған жанкүйер жарысқа түскен 8 аттың
бірінші келгені 3 айналымды 5,7 минутта шауып өткеніне куә болды. Бұл
ипподромның бір айналымының ұзындығы радиусы 255 м болатын шеңбер
ұзындығына тең.
91.Ипподромдағы жарыс жолының бір айналымының ұзындығы
A) 800 м
B) 1200 м
C) 1600 м
D) 1800 м
E) 2000 м
92.Озып келген аттың орташа жылдамдығы
A)  56 км/сағ
B)  54 км/сағ
C)  51 км/сағ
D)  48 км/сағ
E)  46 км/сағ
93.Шабандоздардың жарыс кезінде еңкейіп отыру себебі
A) салмағын жеңілдету үшін
B) ауаның кедергі күшін азайту үшін
C) жарыс жолын жақсы көріп отыру үшін
D) жылдамдығын арттыру үшін
E) инерция құбылысы орындалу үшін
94.Шабандоздардың жарыс кезінде жарыс жолының ішкі жағын алып шабу
себебі

A) жылдамдығын көбейту үшін
B) орын ауыстыруды азайту үшін
C) үйкеліс күшін көбейту үшін
D) жарыс жолын азайту үшін
E) кедергі күшін азайту үшін
95.Жарысқа қатысатын сәйгүліктерді жеңіл тағамен тағалау себебі
A) жылдамдығы тұрақты болу үшін
B) күш барлық аяқтарына бірдей түсу үшін
C) кедергі күшін кеміту үшін
D) үйкеліс күшін азайту үшін
E) үйкеліс күшін арттыру үшін
Аспашам
Қонақ бөлмеге қалалық желіге қосылатын 220 В кернеуде 100 Вт қуат
өндіретін, 8 қылсымды шамнан тұратын аспашам ілінген. Үй иесі біраз
уақыттан кейін оның барлық шамын дәл сондай жаңа шамдармен алмастырды.
Себебі, көп қолданыста болған қылсымды шамдардың кедергілері артатынын
оқыған еді.

96.Шамдарды ауыстырған соң аспашамның жарықтылығы
A) артады
B) кемиді
C) өзгермейді
D) 2 есе артады
E) 2 есе кемиді
97.Әр шам тұтынатын ток күші
A) 0,45 А
B) 0,56 А
C) 0,67 А
D) 0,78 А
E) 0,89 А
98.Әр шамның кедергісі
A) 22 Ом
B) 112 Ом
C) 242 Ом
D) 484 Ом
E) 614 Ом
99.Шамдардың жарықтылығының өзгеру себебі

A) кедергі кемиді
B) кернеу артады
C) кедергі артады
D) ток күші кемиді
E) кернеу кемиді
100.Қылсымды шамдардың кедергілерінің арту себебі
A) қылсымның қалыңдап ұзаруы
B) қылсымның қалыңдап қысқаруы
C) қылсымның жіңішкеріп қысқаруы
Найзағай жарқылы
Жаңбырлы күні жасөспірім бала беті ашық жайпақ екі ыдыстың біреуін
ық жерге, ал екіншісін жел өтіне қойды. Найзағай жарқылы көрінген соң,
күркіреген дыбыс 5 с-тан соң естілгендігін және екі қабатты үйдің қабырғасын
орташа массасы 0,07 г жаңбыр тамшысы 1,5 секундта ұшып өтетіндігін
бақылады. Жасөспірім мектепте алған білімінен найзағай деген кернеуі 106 В,
ток күші 105А және 3 мс-та өтетін электрлік құбылыс екенін біледі.

101.Найзағайдың пайда болуын түсіндіретін құбылыс
A) доғалық газ разряды
B) тәждік газ разряды
C) солғын газ разряды
D) тәуелді газ разряды
E) ұшқындық газ разряды
102.Жерге тақағандағы жаңбыр тамшысының қозғалысы
A) үдемелі
B) кемімелі
C) бірқалыпты
D) қисықсызықты
E) винт тәрізді
103.Найзағайдың орташа қуаты
A) 0,5 ТВт
B) 0,025 ТВт
C) 0,05 ТВт
D) 0,1 ТВт
E)0,01 ТВт

104.Бірқалыпты қозғалған жаңбыр тамшысына әсер ететін кедергі күші
A) 1 мН
B) 1,4 мН
C) 0,35 мН
D) 0,175 мН
E) 0,7 мН
105.Жаңбыр тоқтағаннан кейін екі ыдыстағы жиналған су мөлшерінің бірдей
болу себебі
A) тамшы жылдамдығына желдің әсері жоқ
B) вертикаль бағыттағы тамшы жылдамдықтары бірдей
C) вертикаль және горизонталь жылдамдықтары бірдей
D) вертикаль және қорытқы жылдамдықтары бірдей
E) горизонталь және қорытқы жылдамдықтары бірдей
Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күні жасөспірім бала беті ашық жайпақ екі ыдыстың біреуін
ықтасын жерге, ал екіншісін жел өтіне қойды. Содан соң, найзағай жарқылы
көрінген соң, күркіреген дыбыстың 5 с-тан соң естілгендігін және екі қабатты
үйдің биіктігін орташа массасы 0,07 г жаңбыр тамшысы 1,5 секундта ұшып
өтетіндігін бақылады. Жасөспірім мектепте алған білімінен найзағай деген
кернеуі 106 В, ток күші 105А және 3 мс-та өтетін электрлік құбылыс екенін
біледі. Найзағай кезінде разряд каналындағы газ қызады, тығыздығы азаяды,
қысым күрт төмендейді. Төмендеген қысым аймағына суық ауа бағытталады,
сатұр-сұтыр, күннің күркіреуі сияқты дыбыстық эффект пайда болады.

106.Жаңбыр тамшысының жылдамдығы
A) 1 м/с
B) 2 м/с
C) 3 м/с
D) 4 м/с
E) 5 м/с
107.Найзағай кезінде бөлінетін орташа энергия
A) 50 МДж
B) 150 МДж
C) 300 МДж

D) 450 МДж
E) 600 МДж
108.Бақылаушыдан найзағай разряды өткен қашықтық (дыбыстың ауадағы
жылдамдығы 340 м/с)
A) 1100 м
B) 1300 м
C) 1500 м
D) 1700 м
E) 1900 м
109.Бірқалыпты қозғалған жаңбыр тамшысына әсер ететін кедергі күші
A) 1 мН
B) 1,4 мН
C) 0,35 мН
D) 0,175 мН
E) 0,7 мН
110.Найзағайдың күркіреген дыбысының пайда болу себебі
A) бұлттардың өзара соқтығысуы
B) ұшқындық жарқылдың шығуынан
C) қызған атмосфераның бірден ұлғаюы
D) жаңбыр тамшыларының жылдамдығының артуы
E) атмосфераның иондануы
Футбол ойыны
Жанкүйерлері көп спорттық ойындардың бірі - футбол. Футбол
алаңының ұзындығы орта есеппен 105 м және ойын 45 минуттан екі тайм
өтеді. Осы уақыт ішінде шабуылшылар орта есеппен 11,4 км жүгіреді екен
және футбол добының массасы 560 г.

111.Бүкіл ойын уақытында шабуылшының орташа жылдамдығы
A) 3,8 км/сағ
B) 5,6 км/сағ
C) 7,6 км/сағ
D) 11,4 км/сағ
E) 15,2 км/сағ
112.Ойын барысында шабуылшының жүрген жолы 2 қақпа ара
қашықтығынан
A) 86 есе көп

B) 94 есе көп
C) 109 есе көп
D) 112 есе көп
E) 124 есе көп
113.Футболшы допты «шыр айналдыра» тепкенде, траекторияның қисық
болуын түсіндіреді
A) Торричелли теңдеуі
B) Бүкіләлемдік тартылыс заңы
C) Кедергі күші
D) Бернулли теңдеуі
E) Ауырлық күші
1
114.Қақпаға алаң ұзындығының қашықтығындай жерден горизонтқа 30°
4
бұрыш жасай ұшқан доп қақпа сызығына келіп түссе, доптың бастапқы
3
жылдамдығы (cos300=0,5, cos600=
, g=10 м/с2)
2
A) 15,4 м/с
B) 16,5 м/с
C) 17,4 м/с
D) 18,4 м/с
E) 22,9 м/с
115.Алдыңғы есептегі қақпа сызығына түскен допты қақпашы қайтарған.
Доптың қақпашы қолымен әсерлесуі абсолют серпімді және әсерлесу уақыты
0,2 мс болса, қақпашының қолына әсер ететін орташа күш
A)72,6 кН
B) 85,7 кН
C) 97,4 кН
D) 102,3 кН
E) 109,5 кН
Оқтың қозғалысы
Массасы m снаряд, ұзындығы l болатын зеңбіректің оқпанында, t уақыт
қозғалды. Оқпанның ішкі диаметрі d. Барлық параметрлер кестеде
көрсетілген. Снарядқа жанғыш ұнтақ газының тұрақты p қысымы әсер етеді.
m, кг

40

l, м

8

p, МПа

180

d, см

12

116.Оқпанның көлденең қимасының ауданы
A) 1,13 10 2 м 2

B) 4,52 10 2 м 2
C) 2,26 10 2 м 2
D) 0,75 102 м2
E) 0,56 102 м2
117.Жанғыш ұнтақ газының снарядқа әсер ету күші
A) 0,5 МН
B) 1 МН
C) 2 МН
D) 1,5 МН
E) 2,5 МН
118.Снарядтың оқпан ішіндегі үдеуі
A) 33км / c2
B) 42км / c2
C) 50км / c 2
D) 24км / c2
E) 65км / c2
119.Снарядтың оқпан ішіндегі ішінде қозғалу уақыты
A) 17,8 мс
B) 15,5 мс
C) 13,3 мс
D) 11,1 мс
E) 9,09 мс
120.Снарядтың ұшып шығу кезіндегі импульсі
A) 18090 кг·м/c
B) 24070 кг·м/c
C) 35760 кг·м/c
D) 42068 кг·м/c
E) 51040 кг·м/c
Үйкеліс күшін зерделеу
Үйкеліс күшін зерттеу үшін Асқар тәжірибе жүргізеді. Ол шойын білеушені
диномометр көмегімен металл бетімен бірқалыпты сүйрейді. Шойын
білеушенің өлшемдері миллиметрмен берілген.

Зат
Қорғасын
Болат
Мырыш

 , г/см3
11,35
7,8
7,1

Шойын
7,0
116.Динамометрді тарту күші және оның бағыты
A) 1 Н солға
B) 1,4 Н оңға
C) 1,4 Н солға
D) 2,8 Н солға
E) 2,8 Н оңға
117.Егер шойын білеуше үстіне тура сондай тағы бір білеуше қойса, үйкеліс
күші
A) 2 есе артады
B) 2 есе кемиді
C) 4 есе артады
D) 4 есе кемиді
E) өзгермейді
118.Білеуше массасы
A) 0,1 кг
B) 0,2 кг
C) 0,3 кг
D) 0,4 кг
E) 0,5 кг
124.Жанасатын беттер арасындағы үйкеліс коэффициенті (g  10 м / c 2 )
A) 0,35
B) 0,28
C) 0,54
D) 0,18
E) 0,42
125.Тіреу ауданы мен үйкеліс коэффиценті өзгермейтіндей етіп шойын
білеушені қорғасын білеушемен алмастырғанда, тартылыс күші 2 есе артса,
қорғасын білеушенің биіктігі
A) ≈5 мм
B) ≈2 см
C) ≈3 см
D) ≈5 см
E) ≈3 мм
Көліктердің қозғалысы
Түзу сызықты жолмен автобус, жеңіл автомобиль, мотоциклші бірқалыпты
жүріп келеді. Автобус солға қарай 20 м/с жылдамдықпен, жеңіл автомобиль
солға қарай 15 м/с жылдамдықпен, мотоциклші оңға қарай 10 м/с
жылдамдықпен жүреді. Бұл экипаждардың бастапқы координаталары
сәйкесінше 500, 200 және - 400 м.

126.Автобустың қозғалыс теңдеуі
A) х=500-20t
B) х=-400+20t
C) х=200-15t
D) х=-400+10t
E) х=500+20t
127.Мотоциклшінің қозғалыс теңдеуі
A) х=500-20t
B) х=-400+20t
C) х=200-15t
D) х=-400+10t
E) х=500+20t
128.Автобустың ағаш тұсынан өткен кезіндегі уақыт
A) 50 с
B) 20 с
C) 25 с
D) 30 с
E) 15 с
129.Бақылау басталардан 20 с бұрын жеңіл автомобильдің координатасы
A) -300 м
B) -150 м
C) -100 м
D) 150 м
E) 120 м
130.Автобус пен мотоциклшінің кездесетін орны
A) -200 м
B) -100 м
C) 300 м
D) 250 м
E) -120 м
Аспаптың қателігі
Дәлдік класы – өлшеу құралдарының жіберетін негізгі және қосымша
қателіктерін анықтайтын, құралдың өлшеу дәлдігіне әсер ететін басқа да
қасиеттерінің жалпыландырылған сипаттамасы.

Стрелкалы құралдарда дәлдік класы 0,05 немесе 4,0 сияқты сандық түрде
беріледі. Бұл сан осы өлшеу құралының жұмыс диапазонындағы ең үлкен
салыстырмалы қателігін білдіреді. Мысалы, вольтметр 0-30 В диапазонында
жұмыс істейді және дәлдік класы 1,0 болса, онда осы аспаптың стрелкасы қай
жерде тұрса да, абсолют қателік:
ΔU=30 В (кернеудің өлшеуге болатын максимал мәні) · 1% (құралдың дәлдік
класы) = 30·0,01=0,3 В.
Осы вольтметрмен U=12 В кернеу өлшенген болса, онда салыстырмалы
қателік:

U 0,3

 0,025  2,5%
U 12
Төменде амперметрдің суреті келтірілген:


131.Амперметрдің дәлдік класы
A) 5
B) 10
C) 2,0
D) 0,5
E) 25
132.Амперметрдің өлшеу шегі
A) 25 А
B) 5 А
C) 2 А
D) 15 А
E) 0,5 А
133.Амперметрдің абсолют қателігі
A) 25 А
B) 5 А

C) 2 А
D) 0,5 А
E) 0,1 А
134.Амперметрдің салыстырмалы қателігі
A) 2 %
B) 25 %
C) 2,5 %
D) 10 %
E) 1 %
135.Өлшеу қателігі ескеріле отырып жазылған амперметр көрсетуі
A) (20  0,1) А
B) (20  2,5) А
C) (25  0,5) А
D) (25  2,5) А
E) (20  0,5) А
Бөлме желдеткіші

Bimatek F-1140 STR модельді желдеткіштің сипаттамалары.
Пропеллердің айналу жиілігі – 1260 айн/мин
Пропеллерінің диаметрі – 40 см
Қуаты – 40 Вт
Желдету аумағы – 30 м2
Желдеткіш биіктігі – 150 см
Желдеткіш ені – 64 см
Массасы – 5 кг
136.Желдеткіштің айналу периоды
A)  0,063 с
B)  0,76 с
C)  0,24 с
D)  0,048 с
E)  0,079 с

137.Желдеткіштің 5 минутта жасайтын айналым саны
A)  3150 айналым
B)  6300 айналым
C)  12600 айналым
D)  500 айналым
E)  250 айналым
138.Желдеткіш қалақшасының шетінде орналасқан нүтенің сызықтық
жылдамдығы
A)  52,8 м/с
B)  26,2 м/с
C)  2,64 м/с
D)  3,5 м/с
E)  0,35 м/с
139.Желдеткіштің қалақшасының шетіндегі нүктенің нормаль үдеуі
A)  6970,5 м/с2
B)  1742,5 м/с2
C)  3432 м/с2
D)  2843 м/с2
E)  4285 м/с2
140.Желдеткішті ток көзінен ажыратқан соң желдеткіштің айналысы
толығымен 3,5 секундта тоқтаса, оның бұрыштық үдеуі
A)  24 рад/с2
B)  12 рад/с2
C)  75,4 рад/с2
D)  6,28 рад/с2
E)  37,7 рад/с2
Қалаішілік жолаушы автобусы
Нұр-Сұлтан қаласының қалаішілік 80-ші маршрутында қатынайтын, Семей
қаласының зауытында шығарылатын DAEWOO GDW 6126 HG маркалы
автобусының сипаттамалары:
Автобустың таза массасы – 12350 кг
Тиелген автобустың рұқсат етілген массасы – 18000 кг
Автобуст
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!