Материалдар / «Футбол – менің келешегім»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Футбол – менің келешегім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Футбол ойынын жан-жақты зерттеу және оның техникасын игеру және болашақта Қазақстан футболын дамытып, халықаралық деңгейге көтеру жолдарын игеріп, футбол спортына өз үлесімді қосу, келешекте бизнес саласында халықаралық деңгейде көріну.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2020
834
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Павлодар қаласының 37 жалпы орта білім беру мектебі












Бағыты: «Қазақстан - 2050 стратегиясы»

Тақырып: «Футбол – менің келешегім»


Секция: Спорт














Орындаған: Гросс Арнат

4 «А» сынып оқушысы

Жетекшісі: Смагулова К.Г., бастауыш сынып мұғалімі











Павлодар, 2018жыл


МАЗМҰНЫ



Кіріспе

3

1

Негізгі бөлім


1.1

Футболдың спорт түрі ретіндегі жалпы сипаттамасы

5

1.2

Футбол ойының жалпы ережелері

12

2

Практикалық бөлім


2.1

Жас футболшылардың техникалық шеберлігін қалыптастыру

18

2.2

Шыдамдылыққа тәрбиелеуші - футбол – менің келешегім

28

2.3

Футбол бизнесін техникалық жоспарлау

35


Қорытынды

39


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

40


























Кіріспе


It’s not whether you win or lose that
matters, it’s how you play the game.

Proverb.

Футбол ерлерде де, әйелдерде де,

доппен ойнайтын ойындардың ең атақтыларының бірі.

Проверб.



Футбол – әлем халықтарының көпшілігі сүйіп ойнайтын спорт ойындарының бірі. Жүз мыңдаған балалар, жасөспірімдер мен жастар, ересектер футбол ойнайды. Футбол ойынында жарыс майданы кең, жарыс уақыты ұзақ, қатынасатын адам көп әрі сайысуы қат-қабат, допқа таласуы қиян-кескі, еліктіргіштігі күшті, әр ойыншыда драммалық қасиет болады. Жақсы ойналған бір майдан футбол жарысының теледидар көрермендерінің өзі 10 миллионға жетеді. Футбол ойыны адамдарды дене жақтан жан-жақтылы шынықтырып, жылдамдық, күш, төзімділік, шапшандылық, икемділік, ептілік жақтарынан да, қайсар, зерек, қағылез, мойымас қасиетпен жұдырықтай жұмылып селбесетін коллективизімдік рухты жетілдіру жағынан да зор маңызға ие. Футбол ол әдістер күресі, ойыншылар шығармашылығы, ол қарсыластар және әріптестерінің комбинацияларынан құралған.Футбол ойыны өте динамикалық және эмоционалды ойындардың қатарына жатады. Ойыншыларға әр түрлі техникалық әдістерді, белгілі тактикалық бағыт беріп қолдану, әріптестерімен түсінісе білу қажет. Әйтпесе бір қателік бүкіл ойын жоспарын бұзады. Ойын барысында ойыншылар психикасына әр түрлі сыртқы және ішкі күштердің әсері түседі. Ол күштер техникалық әдістерді қолдауға, тактикалық жоспарды ойлауға, әр ойластырған комбинацияларды шешуге зор әсер береді. Ондай күштерге ойынның басқаша өтуі, төрешілердің іс әрекеті, жанкүйерлер,  қолайсыз ауа райы жатады. Осылар ойыншының ойын кезіндегі көңілдің қобалжуын туғызады, ол біртіндеп басқа ойыншыларға қарап бүкіл командаға кері әсерін тигізеді[4].

Сондықтан жаттықтырушы әр ойында әр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді, шыдамды болуға үйретеді. Ойыншылар жаттығу жарысында өзінің шамасына қарай жасау емес, оған да жоғары жасауға тырысуға үйренген болуы керек.Әр ойыншы доп алғанда тез ғана ойланып ол допты ары қарай беруді және келесі допты қабылдауға дайын болуы керек. Бұндай жаттығулар жылдам ойын жасау үшін қажет.Футбол ойыны арқылы спорттың басқа түрлерінің өкілдеріне жалпы денелерінің шынығуына, дене қозғалысының дұрыс артуына және ұйымшылдық пен достық сияқты ерекше қасиеттерін тәрбиелеуге үлкен маңызы зор.

Зерттеу мақсаты: Футбол ойынын жан-жақты зерттеу және оның техникасын игеру және болашақта Қазақстан футболын дамытып, халықаралық деңгейге көтеру жолдарын игеріп, футбол спортына өз үлесімді қосу, келешекте бизнес саласында халықаралық деңгейде көріну.

Жобаның міндеттері:

- Тақырып бойынша әдебиетке талдау жасау;

- Футболдың спорт түрі ретіндегі жалпы сипаттамасын талдау;

- Футбол ойының даму тарихын зерттеу; 

- Футболдағы жеке тактикалық жаттығулар мен қолданылатын әдістерді зерделеу;

- Жас футболшылардың техникалық шеберлігін қалыптастыруды талдау;

- Футбол бизнесін техникалық жоспарлау.

Зерттеу нысаны: қоршаған орта, су және ауа.

Зерттеуге қатысушылар: Тақырыпты зерттеуші, «Ертіс 2007» футбол клубы құрамы және зерттеу нысанына жауаптылар;

Зерттеу әдістері: Сараптама, бақылау, қадағалау, салыстыру және жинақтау.

Гипотеза: Егер оқушы жастайынан футбол ойынымен айналысатын болса, бұл оның денсаулығын шынықтыруда жағымды әсер етіп, салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, болашақта елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына қажетті тұстарындағы мәселелерді шешу жолдарын анықтайды.

Жұмыстың жаңашылдығы: футбол ойынының тактикаларын игеру арқылы денсаулықты шынықтырып, қоғамға салауатты өмір салтын насихаттаудың қарапайым жолдарын көрсету, болашақта Мемлекетке экологиялық қауіпсіз және әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына бірден-бір тиімді бизнес көзі ретінде еліміздің алдыңғы қатарлы 30 ел қатарына кіруде оңтайлы әсері болатынын жеткізу.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеу мақсатына жету және міндеттерін орындау үшін спорт тақырыбындағы оқулықтар мен журналдар, ғаламтор-қорларына әдеби шолу жасалып, өзім қатысатын «Ертіс 2007» футбол клубы құрамымен тікелей турнирларда бірқатар жетістіктерге жету арқылы жинаған тәжірибемді және жалпы футбол туралы материалдар жинақталып, жүйеленді. Павлодар қаласы «Жұлдыз» стадионындағы футболға дйаындық сабақтарына және клуб мүшелерімен түрлі сайыстартарға шығу арқылы футболды дамытуды тәжірибелік анықтау негізінде аталған спортқа жүйелі талдау жасалды. Аталған жұмыс спорт және туризм бағытындағы семинарларда, дебаттарда, мектепте «Денешынықтыру» және «Өзін-өзі тану» сабақтарында қолдануға болады.








1 Негізгі бөлім

    1. Футболдың спорт түрі ретіндегі жалпы сипаттамасы


Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі[1][2][3][4].

Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.
Аулада футбол ойнап жүрген балалардың ойнына жанкүйерлер болып жүргенде, балалар қорғанысты ұмытып, қақпашыны жалғыз қалдырып шабуылда жүргенін талай көресін. Ал допты жоғалтып алғанда бәрі жапа-тармағай, ағысып, бір-біріне соқтығысып кейін қайтады. Әрине, доппен бұлай ойнау қате және де ойыншылар бұдан қанағат алады деп айту қателік. Жарыстарда және басқа да футболдық шараларда жақсы ойнау команда ішіндегі міндеттерді бөлу керек: біреулерді шабуылда болып анықталған жүйеде ойнау керек.
Ойын барысында творчестволық, жылдам және тез кездескен қиындықты шешу керек. Футболшылар әр түрлі тактикалық қимылдар жасағанда, өзінің көз қарсыластары күтпеген және осы уақытта ойын жағдайын өзгертетін болуы қажет.
Футбол - өте қызықты ойын. Осы ойынды екі команда ойнайды. Әр командада он бір адам болады. Бір қақпашы, он ойыншы. Ойында төреші болады. Төреші ойын барысын бақылайды. Төрешіден ескерту алған ойыншы - сары карточка алады. Ойында қызыл карточка алған ойыншы ойыннан шығады.

Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар. Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады. Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі

Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см болады.

Баланы жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі – футбол болып есептеледі. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Қозғалыс ықпалымен жүре-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсарады, тірек-қимыл жүйесі жетіліп, зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемді таниды, оның психикасы, еркі дербестігі, үлгерімі, ұжымшылдығы дамиды.Кез келген жаттығудың алдында қозғалыс жасап бұлшық еттерді қоздыру керек. Оқушылармен жаттығу түрлерін ұйымдастыру – қимыл – қозғалыс түрлерін дамытады. Балалардың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету. Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын (күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту. Әр адамға қажетті қасиеттер - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі – дененің сапалық қасиеттерін дамытады. Батылдық, табандылық, әділеттілік, адалдық, жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.Көптеген футбол жаттығулары және ойын түрлері арқылы табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.Оқушылардың дене шынықтыруы мен спортқа деген қызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу. Мектептің ең басты міндеті балаларды әр түрлі дене жаттығуларына тек мектепте, отбасында ғана емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу балалардың қызығушылығын арттыра отырып, берілетін материалдың өзара қарым-қатынасына көңіл бөлу керек.Зерттеу барысында ұсынылған жаттығулар моторлы үйлестіру және кеңістіктік бағдарлар сияқты күрделі моторлы қасиеттері ең табысты дамып келе жатқанын көрсетті. Сонымен қатар жаттығулар жас футболшыларға қызықты болды және қарсыластарға бәсекелестік пен қарсылық элементтерін орындап өздерін көрсете білді.Оқушылармен жаттығу түрлерін ұйымдастыру – қимыл – қозғалыс түрлерін дамытады. Балалардың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету. Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын (күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту. Әр адамға қажетті қасиеттер - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі – дененің сапалық қасиеттерін дамытады. Батылдық, табандылық, әділеттілік, адалдық, жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.Көптеген футбол жаттығулары және ойын түрлері арқылы табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.Оқушылардың дене шынықтыруы мен спортқа деген қызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу [8].








Спорт падишасы саналатын футболдың шығу, таралу тарихы


Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен.


Сурет – 1. Англия мен Шотландия арасындағы матч, 1872 жыл


Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.

  • 1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.

  • 1389 жылы Ричард II патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрқашан жағымсыз жауап алып отырған.

  • Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 - 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұндай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.

  • Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.

  • Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.

  • 1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты.

  • Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ.

  • 1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы - шотландықтар болды.

  • 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Бельгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы болып танылды.

  • Ал 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругвай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, француз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругвай футболшылары әлдеқайда ширақ еді.

  • Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді.

  • Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай,) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған.

  • Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған.

  • 19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкада қарқынды дамыды.

  • 1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (FIFA) құрылуына мұрындық болды.

  • 1923 жылы Ресей құрамасы Скандинавия турнирінде Швеция мен Норвегия командаларын қапы қалдырды. Одан кейін бірнеше мәрте Түркия ойыншыларын сан соқтырды.

  • 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!