Айлық
тақырыбы: Кел, танысайық
досым.
Сабақ
тақырыбы: Ғажайып
пішіндер.
Сабақтың мақсаты: а)түзете-
дамытушылық: Балаларды геометриялық
пішіндермен таныстыру. Пішіндердің мағынасын түсіндіріп оларды
бір−бірінен ажырата білуге үйрету. Таяқшалар арқылы әртүрлі
пішіндерді құрастыруға, салуға үйрету; «П» дыбыс, әріпімен
таныстыру, жазуға үйрету; АКТ-ны қолдану арқылы «Себетке допты
сал», «Пішіннің жалғасын тап» дидактикалық ойындар ойнату арқылы
балалардың көңіл-күйін арттыру.
б)тәрбиелік: тазалыққа, сауатты жазуға,
достыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: АКТ, әріптер, сандар, бояулар,
пішіндер, картоптар, сулы бояулар ,топшамалар, қуыршақ кейіпкерлер
( бауырсақ, қоян,қасқыр, аю, түлкі)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
бөлімі.
1)Амандасу.
2) Тіл жаттықтыру
жаттығуы:
Қуанамын
менде
Қуанасын
сенде,
Қуанайық
достарым,
Арайлап атқан
күнге!
Өткен тақырыпты
қайталау.
ІІ. Негізгі
бөлім.
Түзету тапсырмалары ПДТ - 6
жас
1.Пішіндермен
таныстыру.
-Балалар, бүгін біздер
сабақта пішіндермен танысамыз, оларды айыруды, салуды үйренеміз,
санымен қатар «П» дыбысы мен әрпімен танысып жазуды
үйренеміз.
-Балалар мында
қарандаршы!
-Бізге қонаққа бауырсақ келіп
қалыпты.
Мұғалім:
Бауырсақ
сөзі:
Менің атым
бауырсақ.
Қаймаққа иледі, майға
пісірді.
Мен атадан, әжеден
кеттім.
Тыңдамадым
атамды,
Тыңдамадым
әжемді,
Үйімді мен
сағындым
Көмектесініші
балақайлар!
-Бауырсақ қай ертегінің
кейіпкері? (Бауырсақ ертегінің кейіпкері)
-Бауырсақтың түсі
қандай?
(Сары)
-Бауырсақтың пішіні қандай?
(Дөңгелек)
-Қоян:
Ой, ненің
тәтті иісі шығып тұр. Бауырсақ жүр екен ғой
осында.
-Балалар менің тұратын үйім
жоқ.
Мұғалім:
Балалар
қоянға көмектесеміз ба? Мынау геометриялық пішіндер. -Қандай
пішіндер, сендер білесіңдер ме?
-Төртбұрыш(оның төрт бұрышы,
төрт қабырғасы бар)
-Балалар мынау үшбұрыш (оның
үш бұрышы, үш қабырғасы бар).
-Мынау шеңбер (ол домалақ
болады)
-Балалар қоянның үйін
құрастыруға көмектеседі.
2.Таяқшалар арқылы пішіндер
құрастыру. (Қоянға үй құрастыру) Қоян: Балалар сендерге көп−көп
рахмет! Менің енді үйім болатын болды.
-Рахмет! Мен енді өз жөнімен
кетейін.
-Балалар қоян кеткен сияқты еді
ғой. Ненің даусы шығып жатыр? Аю:
Ой мында
балалар отыр ғой. Бауырсақ сенде осыңда жүрсің бе?
Бауырсақ: Иә! Мен балаларға қонаққа
келдім. Сенің неге көңіл күйің жоқ? Аю:
Ешкім
менімен дос болғысы келмейді. Ойнайын десем, ойнамайды. Балалар,
онда біз аю мен ойын ойнаймызба? Аю сен қандай ойын
әкелдің? 3.АКТ -мен
жұмыстану.
Ойын:«Себетке допты
сал»,
«Пішіннің жалғасын
тап»
-Балалар міне аюмен ойын ойнап
болдық.
-Бізге тағы бір қонақ келіп
қалды.
ІІІ.Сергіту
сәті:
-Қасқыр:
Балалар м
енде сендерге сергіту ойының алып келдім бірге
серігейікші
«Түс пен пішінді ажырата
білу»
Жасыл шеңберге
секір.
Көк төртбұрышқа аяқ
қой.
Сары ұшбұрышты
атта
Түлкі:
Қандай
қызық ойын!
Бауырсақ маған да
үйретші.
Бауырсақ:Түлкі мен балалардан көп
нәрсені үйреніп алдым. -Кел бері саған әріп
үйретейікші.
4.Баста «П» әрпімен
таныстыру, жазу.
а)«П» - дауыссыз дыбыскөк
түспен белгілейміз. Дыбысты әріппен белгілейміз.
«П» -
басталатың сөздер: піл, пенал, пойыз, пияз т.б.
б) Дәптермен
жұмыс
5.
Бәрекелді
балалар, өте жақсы! Менде сендерге тапсырма алып келдім. Міне
сендер пішіндермен, әріппен таныстындар кәне көрейінші сендер
үйрендіндерме. «Бейнелеу
терапиясы» - картопта бейнеленген
пішіндерді, әріптерді бастыру.
Түлкі:
Өте
өнерлі балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Бауырсақ менде
ризамын. Тапсырмаларды орындау арқылы сендер маған үйіме жетуге
көмектестіндер. Рақмет сендерге! Менің сендерге сыйлығым бар. Үйдің
ішінен алып тәтті сыйлық береді.
ІҮ.Қорытынды.
- Бекіту.
-Мадақтау.
Анотация: Ұсынылып отырған сабақ жоспары
5-6 жастағы оқушыларға арналған. Сабақта «Бауырсақ» ертегісінің
желісімен балаларды негізгі пішіндермен, «П» дыбысы, әрпімен
таныстырылды. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін,
қызығушылығын арттырудағы басты құрал болғандықтан ақпараттық
технологияны қолдану арқылы «Доптарды себетке сал», «Пішіндердің
жалғасын тап» ойыны ойнатылып, сабақта «Бейнелеу» терапиясы
қолданды. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы
дамиды. Бұл сабақты психикалық дамуы тежелген 5-6 жастағы
балалармен өткізуге болады.