"Ғажайып түс" әңгіме.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ғажайып түс" әңгіме.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ғажайып түс" әңгімесі - шәкіртім, 6-сынып оқушысы Көбеген Асылайдың туындысы.Бұл материал оқушыға да. мұғалімге де қажет деп есептеймін.Себебі мазмұндама етіп пайдалануға болады.Немесе сабақтарда мәтін етіп, жаттығу жұмысына қолданса да артық етпейді.Сынып сағаттарында оқып таныстырылса,тәрбиелік мәні бар оқушы шығармашылығы болары анық.Шығармашылықпен айналысатын оқушыларға осы негізде ой тудырып, әңгіме, өлең жазуға көмегі болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғажайып түс


Бүгінгі таң күндегі таңнан ерекше көрінді. Көзімді сығалай ашып, бетіме түскен күн сәулелеріне күлімдей қарадым да, сол жақ бүйіріме ауысып, көрпемді бүркеп, қайта ұйқыға кетуге тырыстым. Ұйқым қана тұра, ондай әрекетке барудың бір себебі бар еді. Ол, әрине, менің бүгінгі түсім еді.

Мен бір әсем бақтың ішінде келемін. Айналам толы жеміс ағаштары. Бәрінің жемісі балбырап пісіп тұр. Бір қызығы, жұлмақшы боп ұстаған жемісім көбелекке айналып ұшып кете береді. Бірақ, мен ол жемістерді жей алмадым-ау деп қапаланған жоқпын. Керісінше, қызыл-жасыл көбелектерді қуалай жүгірдім. Кенет, аяғымның астын құрт-құмырсқа қаптап кетті. Аяғымды көтеріп, секіріп едім, сол-ақ екен ауаға қалықтай жөнелдім. Мен өзімнің осынша жеп-жеңіл боп ауада қалықтай ұшқаныма қуандым. Аспан неткен әдемі?! Ақша бұлттардың арасында әлгіндегі көбелектерде жүр. Міне ғажап, олар мені үйіме ертіп келді. Есіктің алдында тұрған мені бір керемет сезім билеп кетті. Есіктің арғы жағында не бар екен? Мені қызықтырып, өзіне асықтырған не екен?

Сол-ақ екен, оятқышым қосылып, сағатым шыр ете қалды. Бір жағынан, есікті ашып, ішіне кіре алмай қалдым деген өкініш болса, бір жағынан манағы бақтағы жемістер мен көбелектер, ақша бұлттардың әсері әлі бойымнан кетер емес.

Дөңбекшіп әрі жаттым, бері жаттым. Ұйқының да келетін ойы жоқ. Ас үйден анамның «Қызым, тұр! Сағатың мана шырылдады»,- деген даусы естілді. «Түу, осындайда сағаттың да шырылдай қоюын» деп іштей қынжылдым. Ақырын тұрып, анамның қасына келдім.

  • Көңіл-күйің жақсы ғой. Әлде жақсы түс көрдің бе?-деді. Аналардың бәрі осындай ма екен? Көңіл-күйімнен-ақ менің жақсы түс көргенімді де біле қойғаны.

  • Иә,-дедім, қиялдана. Әттең, оянып кеткенім болмаса, түстің аяғына дейін жете алмай қалдым. Содан соң, манағы түсті қаз-қалпында әңгімелеп бердім. Анам да бірден менің көрген түсімді жори жөнелді.

  • Піскен жемістер ол сенің жетістіктерің, құрт-құмырсқа қаражат, ақ бұлттар,-деді де, сәл ойланып барып,- Ақ түс жақсы ғой. Түсті қалай жорысаң, солай орындалады. Үнемі жақсылыққа жоры,сенде бәрі жақсы болады.

  • Ал есіктің ары жағындағы не болды екен?

  • Мүмкін, тосын сый шығар,-деді анам. Мен сол тосын сыйдың не екенін ойлап әуремін.

  • Жуынып, тамағыңды іш, сабағыңа кетпеймісің,-деді даусын сәл күшейте.

Мектепке келсем, мектепішілік шараның қорытындысы шығыпты. Үлкен үзілісте шараға қатысқан оқушыларды ұйымдастырушылар марапаттады. Мен бірінші орын алғанымды естіп, төбем көкке жетті. Айтпақшы, марапатымның жанында бүктелген ақ қағаз бар екен. Оның ішінде сыйақы екен. Мен бірден анамның түсімді жорығанын есіме алдым. Ең ғажабы, түсім анам жорығандай болды. Ендігі күткенім, ол тосын сый еді. Оны кім береді екен? Қашан береді екен? Киім бе, ақша ма, әлде велосипед пе екен? Достарыма да айтсам ба екен? Айтып қойсам, орындалмай қалар ма екен?-деген ойлар басымды шырмай берді.

Сабақ та аяқталып үйге келдім. Есіктің алдына жақындадым. Жан-дүнием алабұртып тұр. Тура түсімдегідей. Есікті ашсам, алдымда екі көзі моншақтай болып, кішкентай ғана мысықтың баласы отыр. Мені көріп мияулай кетті. Тосын сый деген осы екен. Қуанышымда шек жоқ. Ғажайып түстің осыншама тез орындалатынын білмеппін.




Көбеген Асылай


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы Е.Өмірбаев орта мектебі 6-сынып оқушысы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.10.2018
1174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі