
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
География әдістемелік құрал
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы
Облыстық әдістемелік кабинет
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН
ОЛИМПИАДА ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН
ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ
(Мұғалімдер, студенттер және оқушыларға арналған)
Шымкент
2017
КБЖ 26.8я7
Г31
Жинақ Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің әдістемелік кеңесінде баспаға ұсынылған, №4 хаттама 20.08.2017ж.
Құрастырушылар:
Адилбекова С. – ОҚО білім басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің әдіскері
Әлімбетова С. – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы
Пікір айтушылар:
Кенжебаева Р.Н. – ОҚМУ-ң жалпы тарих және мұражай ісі кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.
Мырзалиева З.Қ. – ОҚМУ-ң аға оқытушысы, г.ғ.к.
География пәнінен олимпиада тапсырмалары мен есептер жинағы: тапсырмалар
Г31 жинағы / С. Адилбекова, С. Әлімбетова. – Шымкент: Оңтүстік Қазақстан облысы
әдістемелік кабинеті, 2017. – 98 б.
Ұсынылып отырған жинақта физикалық, экономикалық, әлеуметтік және саяси географиядан олимпиада тапсырмалары, сонымен қатар географиялық есептер мен тесттер қамтылған. Жергілікті олимпиада тапсырмаларын құрастыруға қойылатын талаптар және бағалау әдістері берілген.
Бұл жинақ мұғалімдерге, мектеп оқушыларына, ЖОО-на түсуге дайындалып жүрген талапкерлерге, студенттерге арналған.
КБЖ 26.8я7
© Оңтүстік Қазақстан облысының
әдістемелік кабинеті, 2017
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ............................................................................................................... |
3 |
1. Физикалық география пәнінен жаттығулар .............................................. |
6 |
2. Экономикалық, әлеуметтік және саяси география пәнінен жаттығулар........................................................................................................ |
33 |
3. Географиялық есептер................................................................................. |
72 |
4. Географиялық тесттер.................................................................................. |
79 |
Қорытынды........................................................................................................ |
97 |
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................. |
98 |
КІРІСПЕ
Географиялық олимпиадалар мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылықтарын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Сонымен қатар, ол – шәкірттердің білімдік және танымдық мазмұн-қасиеттерін, шығармашылық іс-әрекеттері мен тәжірибе жинақтауларын дамыта отырып, олардың география білімінің ауқымдылығы мен құндылығын жан-жақты түсінуіне және оны жете сезінуіне ой салады. Өйткені, географиялық білім қорлары жастарымыздың салауатты өмір сүруіне жағдай туғызып, оларға патриоттық-интернационалдық және рухани-мәдени тәлім-тәрбие беріп, әрі экологиялық, экономикалық, өлкетанушылық, тарихи, саяси, картографиялық және т.б. сауаттылықты жандандырады.
Жалпы пәндік олимпиада физикалық және әлеуметтік-экономикалық география курстарының блоктарын бірлікте қарастырып, дәстүрлі теориялық және практикалық турлар түрінде өтілуі керек. Оның сұрақтары мен тапсырмаларын құрастырып даярлауда айқын фактілерге, нақты деректер мен мысалдарға сүйену ескеріледі. Қазақстан географиясының көкейтесті мәселелері қамтылуы тиіс. Қорыта келгенде жалпы географиялық білім деңгейінің қандай дәрежеде екендігін көріп білуге мүмкіндік туғызуы қажет. Жергілікті олимпиадалардың сұрақ-тапсырмаларын құрастыруда бұл комиссиялардың келесі қағидаларды есте ұстағаны жөн:
-
Негізгі теориялық және керекті материалды білу деңгейін бағалау;
-
Географиялық және өлкетанушы білім деңгейінің кеңдігін анықтау;
-
Стандарттық емес сұрақтарға жауап беру қабілетін туғызу.
Оқушылар бұл талаптар шеңберінде төмендегідей міндеттерді орындауға тиіс:
-
картаны дұрыс оқи әрі қолдана білуі;
-
түрлі жағдайлар мен процестерді анықтау, белгілеу және дұрыс талқылауы;
-
“қалай”, “неге” деген сұрақтар қойып болжамдар жасауы.
Олимпиада теориялық және практикалық турдан тұрады.
Теориялық турдың тапсырмалары 8-9 сыныптар үшін 5-9 сынып тақырыптарын, 10-11 сыныптар үшін толық география курсы сұрақтарын қамтиды. 10 тапсырмадан 2-3 сұрақ тест түрінде болғаны орынды. Тест сұрақтары география курсының әр сыныбы бойынша жинақталған түрде берілгені орынды. Мысалы, 8-9 сынып оқушыларына физикалық география, материктер географиясы курстарымен бірге, өлкетану, табиғаттану, экологиялық тұрғыдағы сұрақтарды берген дұрыс. 10-11 сынып оқушыларына Қазақстан географиясы материалдары жүйелі түрде ұсынылуы қажет.
Практикалық турға барлық қатысушылар жіберіледі.
Бұл турда негізінен 5 сұрақ беріледі, әр сұрақ 10 балмен бағаланады. Сұрақтардың бірі картографиялық, екі сұрағы физикалық география, екі
сұрағы экономикалық география материалдарынан өлкетану, экология тұрғыда қарастырылғаны орынды.
Олимпиаданың екі турының жауаптарын бағалау жолдары келесі әдістер бойынша жүргізіледі:
-
теориялық турдың әр сауалнама – сұрақтары 5 балдық жүйемен бағаланады. Әр сайыскер онда берілген 10 сұрақтың барлығынан, ең жоғары 50 балл жинауы тиіс. Ал, практикалық турдың тапсырмаларының жалпы саны 5-тен аспауға тиіс, мұның әрқайсысы 10 балдық жүйемен есептелінеді. Картографиялық және топографиялық жұмыстарының балл есебі келесі балдар жиынтығынан тұрады:
-
жалпы 10 балл, оның ішінде:
-
көрнекілігі мен көркемдігі – 2 балл;
-
масштабтарының сақталуы – 2 балл;
-
азимут бағдарларының дәлділігі – 2 балл;
-
қосымша анықтамалар – 2 балл.
Жалпы географиялық олимпиадалардың 2 турының қосынды жиындық көрсеткіші 100 балл болмақ, ал теориялық және практикалық турлар нәтижелерінің әрқайсысы 50 балл есебімен есептелінеді. Төменде оны бағалаудың қысқаша үлгі-нұсқасы.
№ |
Білім нәтижелерін бағалаудың өлшем-талаптары |
Теориялық тур |
Практикалық тур |
1 |
Жауабы ерекше, жан-жақты өте терең білімді, мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтермен толықтырылған |
5 балл |
10 балл |
2 |
Жауабы жақсы, мектеп бағдарламасы көлемінде дұрыс мағлұматтар берілген |
4 балл |
8 балл |
3 |
Жауабы жақсы, мектеп бағдарламасы көлемінде дұрыс мағлұматтар берілген |
4 балл |
8 балл |
4 |
Жауабы толық емес, қателері мен адасулары бар |
2 балл |
3 балл |
5 |
Жауабы өте қысқа, әрі аса дөрекі түрде негізсіз қателіктер жіберілген |
1 балл |
2 балл |
6 |
Жауабы түгелдей қате берілген немесе мүлдем жауап қайтарылмаған |
0 балл |
0 балл |
-
ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ЖАТТЫҒУЛАР
1. Бұл жұлдыз қазақша …….деп тегін аталмаған. «Аспан күмбезі» үнемі айналып тұрады, сондықтан оның бетіндегі жұлдыздар сырғып, орындарын ауыстырады. Бұл аспандағы жылжымайтын бірден-бір жұлдыз. Басқа жұлдыздар осы жұлдыздың төңірегінде айналып жүреді. Жұлдыздың тұрақты орны аспанның дәл солтүстік жағында. Оны тапқан адам дүниенің төрт тарапын оңай табады. Ол әрдайым солтүстікті көрсетеді, оның қарсысында – оңтүстік, сағат тілінің бағыты бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай күннің шығысы, қарсысында – батысы болады. Әңгіме қай жұлдыз туралы болып отыр?
Жауабы: Темірқазық немесе полюстегі жұлдыз
2. Ертеде шөлді аймақтарда күндізгі ыстыққа ұрынбас үшін, керуеншілер осы жұлдыз туа салысымен жүріп кетіп, күн ыси бастағанда көліктерін шалдыртып демалатын болған. Бұл қай жұлдыз?
Жауабы: Шолпан жұлдызы
3. Жетіқарақшы шоқжұлдызы көмегімен Темірқазық жұлдызын тауып, бағытты бағдарлау белгілі, егер Темірқазық жұлдызын бұлт жауып тұрса, Жетіқарақшы шоқжұлдызымен қалай бағытты бағдарлауға болады?
Жауабы: Егер Кіші Жетіқарақшы шоқжұлдызы бұлтпен жабылған жағдайда Үлкен Жетіқарақшы арқылы бағдарлауға болады. Үлкен Жетіқарақшы аспан күмбезінен күзде солтүстіктен, қыста шығыстан, көктемде оңтүстіктен, жазда батыстан көрінеді.
4. Бұлттылық жиі бағытты табуға кесірін тигізеді. Бірақ бұлттардың арасынан айдың толық бейнесі көрінсе, ай арқылы бағытты табуға бола ма, қалай?
Жауабы: Толған ай түн ортасында аспан күмбезінің оңтүстік бөлігінен көрінеді. Түн ортасына дейін ай аспан күмбезінің оңтүстік-шығысынан, ал түн ортасы ауғаннан кейін оңтүстік-батыстан көрінеді.
5. Балалар адасқанын білген кезде кеш болып кетті. Айдың әлсіз жарығы көкжиекті жауып тұр. Бұлттардың арасынан жұлдыздардың жарығы аздап көрінеді.
– Толық Ай көрінген болса, мен сіздерді бірден теміржол бекетіне апарар едім, – деп Әлия күрсінді. – Түн жарымға дейін толық ай аспан әлемінің оңтүстік шығыс жағында болады.
– Мен қалай туған ай және көне ай арқылы бағытты табуды білемін, – деді Асан.
– Жүріңдер, балалар, – деп Мақсат картаны ашып, Айға қарама қарсы алып барды.
Кейін балалар жолға шықты, ал шамалы уақыттан соң пойыздың жақындап келе жатқан дауысын естіді.
Мақсат балаларды қай бағытқа қарай алып барды? Оған дұрыс бағыт табуға көмектескен айдың алмасу кезеңін ата, толық айдың Аспан әлемінің қай бағытында болатынын Әлия дұрыс айтты ма?
Жауабы: Есіңізде болса, Әлия бағытты толған ай арқылы бағдарлауға болатынын айтты. Оның бағдарлау бағыты дұрыс. Сұрақтағы мәселе кеш мерзімі турасында болып отыр. Бұл мезгілде аспандағы ай көлемі ¼ бөлігіндей. Мұнда айды Күн батқан соң аспан күмбезінің оңтүстік-батысынан бағдарлауға болады. Мақсат балаларды айға бағыттап оңтүстік-батысқа қарай жол бастады. Картаға қарай отырып, осы бағытты таңдау арқылы, ол станцияға жете алатынын білді.
6. Х. Колумб (1451-1506) өзінің төртінші сапарында ямайкалықтарды бағындыру үшін қандай әрекет жасады? Осы мақсатта қай календардың көмегіне жүгінді?
Жауабы: Х. Колумб қолында Региомонтан календары бар еді. Ондағы Күн мен Айдың тұтылу кестесінде: «1504 жылы 29 ақпанда, 13 сағат 36 минутта Ай толық тұтылатын күні, амалы таусылған Х. Колумб ямайкалықтардың ру басыларына кісі жіберіп, былай деген: «Егер сендер айтқанымызға көнбесеңіздер, біздің құдайымыз сендердің Айларыңды алып қояды». Бірақ ру басылары тыңдамаған. Алайда, түнде Ай тұтыла бастағанда, ямайкалықтар үрейленіп, кешірім сұраған. Ай көлеңкесінен шығар уақытта Х. Колумб кешірім берген. Осыдан кейін астрономиядан бейхабар ямайкалықтар еуропалықтарға біржолата бағынып қалған.
7. 2 шақырымға созылған көше ұзындығы қаланың жоба картасында 8 см болып көрсетілген. Қаланың жоба (план) картасының масштабы қандай? Есептеу жолдарын көрсетіңіз.
Жауабы:
8. 42 мм және 57 мм-лік төрт бұрышты формадағы 1:100 000 масштабты планда орман ауданы берілген. Орман ауданы қанша га? Анықтаңыз. Жауабыңызды талдап көрсетіңіз (1 -сурет).
1-сурет
Жауабы:
1) а =
4,2 см × 100 000
= 420 000 см ≈
4200 м
2) b = 5,7 см × 100 000
= 570 000 см ≈
5700 м
Масштаб
планы а =
4200 м, b = 5700 м.
3) S ABCD =
4200 м × 5700 м = 23 940 000
кв.м
1 га = 10 000
кв.м
4) 23 940 000
кв.м: 10 000
кв.м = 2394 га
Жауабы: Орман
алаңы 2394 га тең.
9. Нақты күндік тәуліктер бірдей емес. Олардың ұзақтығы әр кезде әр түрлі болады. Өйткені Күн кейде үдей, кейде баяу қозғалады. Нақты күндік тәуліктердің ең қысқасы және ең ұзағы қанша? Бұл екеуінің айырмашылығы ше?
Жауабы: Нақты күндік тәуліктердің ең қысқасы – 24 сағат 3 минут 36 секунд (қыркүйек айының ортасы); ең ұзағы – 24 сағат 4 минут 27 секунд (қараша айының аяғы); Бұл екеуінің айырмашылығы – 50 секунд.
10. Масштабы 1:2500 карта планында жүзіп өтетін өзен жағалауларының арақашықтығы 4 см-ге тең. Осы қашықтықты жергілікті жерде бағындыру керек болса қаншаға тең болады?
Жауабы:
Жауабы: жергілікті жердегі қашықтық 100 м.
11. Абляция ұғымын түсіндіріңіз. Абляция процесі Қазақстанның қай бөліктеріне тән?

