Материалдар / «География» пәнін оқыту сапасы және функционалдық сауаттылық

«География» пәнін оқыту сапасы және функционалдық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
қәзіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре жүргізу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге көп талаптар қойылып жатыр. Бұл дегеніміз, қазіргі таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру тынымсыз жұмысын керек етіп отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Маусым 2024
112
1 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекетаева Айман Нұрлықызы

24 мектеп-лицейі

География пәні мұғалімі

Педагог-шебер



«География» пәнін оқыту сапасы және функционалдық сауаттылық



«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен

азаттық пен білім қажет.» Ш.Уәлиханов

Қазақ алғашқы географы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушының афоризм сөздерін негізге алуға тырыстым.«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» -деген нақылына сай, қәзіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре жүргізу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге көп талаптар қойылып жатыр. Бұл дегеніміз, қазіргі таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру тынымсыз жұмысын керек етіп отыр.

«Халықтық реформалардан асқан шексіз маңызы бар қоғамдық мәселе жоқ»-деген алғашқы географ пайымы да мағынасын жоймады,себебі қазіргі таңда ұстаздар қауымының басты мақсаттарының бірі- Ұлттық жоспарды іске асыру оқушының бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруы қамтамасыз ету. Бұл –шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады.

Осы орайда оқу үдерісі кезінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесі тұр.

Функционалды сауаттылық дегеніміз- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отырудағы қажеттілік.

Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығы дегеніміз –оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Тұлғаның ең басты функционалдық салалары:

  • Белсенділік

  • Шығармашыл тұрғыда ойлауға шешім қабылдай алуға

  • Кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылық – тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүруі қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.

География пәнінде функционалдық дағдыларды қалыптастыруда графиктер мен диаграммаларын талдау, статистикалық мәліметтер мен жұмыс жасауға арналған тест тапсырмаларды орындау барысында оқушы ойша анализге, синтезге негізделген біршама ой операцияларын жүзеге асыра алады.

Shape1

  

«Реформалар дұрыс болғанда ғана , яғни қоғамдық организмнің сау-саламат дамуына мүмкіндік беретін прогресс заңдарына сүйенгенде ғана сәтті болады»-деп Ш.Уәлиханов тұжырымдаса, PISA, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулері бойынша PISA- 15жастағы оқушылардың математикалық, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын бағалау» , TIMSS «4 және 8– сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төртжылдық мерзіммен жүргізілетін зерттеу, осыған да мұғалімнің қарқынды еңбегін қажет етіп отыр.

Халықаралық зерттеуінің негізгі мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау барысында елдер арасында АДИ зерделеу .  

Shape2


функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмі

Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практикалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Олар:

-басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;
-ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;
-коммуникативтік /үш тілде ауызша , жазбаша қарым-қатынас жасау;
-әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;

Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ББЖМ/.

«Тіршіліктің ішкі-сыртқы жағдайларын жақсартуға талпыну адам баласына тән нәрсе...»-деген Шоқан пайымын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесі қолжетімді және инклюзивті болуы керегін атап өткен болатын.

/әмбебап дизайн (UDL) –. Үш UDLпринципі - қатысу, ұсыну және әрекет пен өрнек.

UDL неліктен маңызды? оқу мүмкіндіктеріне қолжетімділікті жақсартуға және оқушының жетістіктерін арттыруға көмектесетін әртүрлі стратегиялар мен ресурстарды ұсынады./

Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы екені ақиқат. Қабілет пен іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда адамның жеке қасиеті байқалады. Жас тұлғаның ішкі уәжін қалыптастыру, танымдық қабілетін ашуда мұғалімге әдіс-тәсілдер керек.

Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай білім мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін мен білім алушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Оқушылардың географиядан функционалдық дағдыларын қалыптастыруда, яғни бірқатар географиялық ұғымдардың анықтамасын оңай түсіну үшін, өздігінше интерпретация ( жұмыс жүргізу және ой қорыту) жасай алу үшін, қажетті сандық мәліметті өздігінше тауып, есте сақтау үшін графиктер мен диаграммалар құру көмек береді. Графиктер кез –келген құбылыстардың динамикасын ашатын болса, диаграммалар табиғи обьектілердің , өнеркәсіп өндірісіндегі салалардың, өндірілетін өнімнің, халықтың ұлттық немесе жыныстық құрамын, т.б үлес салмағын айқын көрсетеді,яғни салыстыру және оқушылардың қорытынды жасау дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді. Графиктер мен диаграммаларды құрудың негізі математика, сызу, сурет сабақтарында негіз болғандықтан, бұл жерде мета пәндік байланыстың жүзеге асырылатыны туралы да айта кету керек.

Ал, бұл – өз кезегінде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тағы да бір түрі. Оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалауға арналған тест тапсырмаларының міндеттері де осыны қарастырады. Қабілеттері әртүрлі білім алушыларды оқыту барысында, әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, функционалды сауатты тұлға қалыптастыра аламыз.

«Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді»-деген Шоқан Уәлиханов.Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас, болжау, Автор орындығы, топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының көзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. Бір сыныпта отырған балалардың деңгейі, оқу ынтасына қарай саралау, тапсырманы қабылдау дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс- тәжірибемнен көріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі - оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі ізгілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.

Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының маңыздылығы зор.

Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:

-Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;

-Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамыту;

-өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру;

Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:

1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

«Адам - таңғажайып құбылыс! Оның жан дүниесі, ақыл-ойы, жан-жақты талант-қабілеті — құдіреттілік табиғатының, мүлдем беймәлім әрі ешқашан да танып-білу мүмкін емес мәңгілік құпияның нақты көрінісі осы емес пе?!» -деп Шоқан парадигмасы, географиялық үдерістерді, құбылыстарды үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ - жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ, сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа пәнді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.

«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» -деп Шоқан ,,мұғалімдерге арнап айтқан ба,,-деген ой туады, өйткені педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар»-деген ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі Шоқан болса, менің ағартушы ретінде ұсыныстарымды айтам:

1.Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау”  деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жүргізу.

2.Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту.

3. География пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету.

4.Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша мектепте оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу.

5. PISA, TIMSS халықаралық зерттеулерді жүргізудің маңыздылығы мен ерекшелігі туралы ата – аналарды, оқушыларды, қоғамды кеңінен таныстыру.

«Қазақ халқы - ең бір бейбіт халықтардың бірі»-деп жар салған қазақтың АҚҚАН ЖҰЛДЫЗЫ, шығыс танушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географы сөзімен Сіздерге жаңа оқу жылы бейбіт еліміздің аманшылығымен Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық табысты болсын!








































2022-23 оқу жылындағы білім беруді ұйымдастыруда :

-Білім алушылардың білімін толықтыру;

-Білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

-Цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;

Білім беру ұйымының міндеті-білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, фунционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру.

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері

  1. пән бойынша білімдеріндегі олқылықтардың болуы

  2. білік пен дағдыларында олқылықтардың болуы

  3. жеке қасиеттерді дамытудың жеткіліксіз деңгейі

  4. эмоционалды қолайсыздық.

Осы көрсеткіштерді жоюда:

  • Цифрлық контент пен ресурстарды оқыту процесінде тиімді

пайдалану

  • Теледидар сабақтарын қосымша білім беру ресурсы ретінде пайдалану

Біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша іс-қимыл алгоритмі мынадай:

  1. Диагностикалық бақылау жұмысы

  2. Педагогтың мақсатты жұмыс жоспары

  3. Оқу жылы ішіндегі жүйелі жұмыс

  4. Жазғы мектеп











Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!