Оңтүстік Қазақстан облысы
білім басқармасы
Облыстық әдістемелік
кабинет
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАР
Оқу-әдістемелік
құрал
Шымкент
2017
КБЖ
74.262.6:26.8я7
Г31
Оқу-әдістемелік құрал Оңтүстік
Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің әдістемелік кеңесінде
баспаға ұсынылған, №4 хаттама 09.08.2017ж.
Құрастырушылар:
Тойшиева Ж.Ы.
– Оңтүстік Қазақстан облысының
әдістемелік кабинетінің
география пәні
әдіскері
Арыстанова
Г.Ш. – ОҚО ББ №1 «Білім инновация»
ер балалар лицейінің оқу ісі
жөніндегі орынбасары,
география пәнінің мұғалімі
Пікір
айтушылар:
Тұрсынбаев
А.З – педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент, ОҚО ББ ӘК
директорының инновациялық
жұмыстары жөніндегі орынбасары
Жаманкулова А.Ж.
– Шымкент қаласы, НЗМ география
пәнінің мұғалімі
География пәнінен оқушы
құзыреттілігін арттыруға бағытталған
тапсырмалар:
Г31 оқу-әдістемелік құрал /
құраст.Ж.Тойшиева, Г.Арыстанова. – Шымкент:
Оңтүстік
Қазақстан облысы әдістемелік
кабинеті, 2017. – 68 б.
Құралда географиядан оқушының
құзыреттілігін арттыруға арналған тапсырмалар және аудандық,
қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда кездескен
тапсырмалар, практикалық және теориялық білімді қажет ететін
тапсырмалар үлгілері мен географиялық есептер жинақталған.
Сондықтан әдістемелік құрал ең балдымен оқушыларын олимпиадаларға
дайындайтын педагогтер үшін және қазіргі таңдағы жаңа форматтағы
Ұлттық Бірыңғай тестілеудің талабы бойынша дайындық жүргізу үшін
ұстаздарға арналған қажетті құрал болып
табылады.
КБЖ
74.262.6:26.8я7
© Оңтүстік Қазақстан
облысының
әдістемелік кабинеті,
2017
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе
...........................................................................................................
|
4
|
|
1. Географиялық
есептер............................................................................
|
5
|
|
2. Практикалық
тапсырмалар
|
|
|
2.1. Қазақстанның
экономикалық-әлеуметтік географиясы
бойынша
тапсырмалар..............................................................................................
|
13
|
|
2.2. Қазақстанның физикалық
географиясы бойынша
тапсырмалар...
|
17
|
|
2.4. Шығармашылық
тапсырмалар..........................................................
|
19
|
|
2.5. Суретті тест
тапсырмалары...............................................................
|
20
|
|
3. Олимпиадалық
тапсырмалар
|
|
|
3.1.
Олимпиада тест
сұрақтары...............................................................
|
34
|
|
3.1.
Олимпиадалық
тапсырмалар............................................................
|
55
|
|
3.2. Оқушыларды
пәндік олимпиадаларға дайындау
жолдары............
|
62
|
|
Қорытынды....................................................................................................
|
66
|
|
Әдебиеттер.....................................................................................................
|
67
|
КІРІСПЕ
Жаһандану заманында
оқушылардың білім сапасын арттыру, алған білімін күнделікті өмірде
қолдана білу қабілетін дамыту заманауи мектеп алдында тұрған өзекті
мәселе болып отырғаны сөзсіз. Ғылым мен техниканың дамыған
уақытында адамның білімі мен біліктілігі еліміздің бәсекеге
қабілеттілігінің ең басты көрсеткішіне айналып отыр. Қай заманда
болса да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің
негізінде іске асатыны белгілі. Мектеп оқушыларының интеллектуалдық
шығармашылық қабілеттерінің дамуы және шыңдалуы үшін пәндік
олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, пікірталастар (дебат),
семинарлар, конференциялар және жобалық жұмыстар жүргізу оқушының
құзыреттілігін арттырудың заманауи құралдары болып табылады. Бұл
жұмыстар бір жағынан оқушыларды пәнге қызықтырып ынталандырса,
екінші жағынан оқушылардың білімін объективті бағалауға мүмкіндік
береді.
Мұғалім оқушының шығармашылық
қабілеттері мен функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатына қол
жеткізу үшін заманауи әдістер мен технологияларды қолдану
қажеттілігін білуі тиіс. Заманауи әдістер арқылы оқушылардың
бойында келесі маңызды құзыреттіліктерді дамыту мүмкіндігі
бар:
• жалпы
ғылыми;
• ақпараттық;
• танымдық;
• коммуникативтік;
• бағалы-мағыналық;
• әлеуметтік.
Әдістемелік құралдың мақсаты
жалпы білім беретін мектептерде география пәнінен олимпиада
тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың құзыреттілігін дамыту,
пән мұғалімдеріне олимпиадаға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру
барысында әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Оқу құралын
әзірлеу барысында география пәнінен өткен әр түрлі деңгейдегі
олимпиада тапсырмалары пайдаланылды. Мектеп бағдарламасының
біліміне сүйене отырып, география пәнін тереңдете оқытып,
олимпиадаға дайындау мақсатында құрастырылған бұл әдістемелік құрал
оқушыларды өз бетінше іздендіруге, олардың функционалдық
сауаттылығын арттыруға, логикалық таным қабілеттерін жетілдіруге
және ынталандыруға көмектеседі.
1. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЕСЕПТЕР
1.1. Биіктік бойынша
температураны анықтау
1-есеп.
Жер бетінде ауа температурасы +18ºC, 4 км
биіктіктегі ауа температурасы
қандай?
Шешімі:
100м=0,6 ºС төмендейді
1000м(1км)=6 ºС
6ºСх 4
км=24ºС
18ºС-24ºС= -6 ºС
Жауабы: 4
км биікте температура -6 ºС.
2-есеп.
Егер жер бетінде температура
+15 ºС және қысым 762мм сын.бағ.
болса, 1200м жоғарыда ауа температурасы мен қысымын көрсет. Дәл осы
жағдайдағы 320м тереңдік шахтадағы температура мен қысымды
есепте.
Қысым: 10м-1мм,
100м-10мм,1000м-100мм
Темп-ра
100м-0,6ºС; 1000м –
6ºС
Шешімі: 1200м х
6ºС /1000=7,2ºС
15ºС -7,2
ºС
=7,8
ºС
1200мх100мм/1000=
120мм
762мм-120мм=642мм
Жауабы: 1200м
биіктікте t=7,8ºС ; қысым
=642мм.
320мх6ºС /1000=1,92ºС
15С-1,92
ºС=13,08 ºС
320м х
100мм/1000=32мм
762мм-32мм=730мм
Жауабы: 320м
тереңдікте t=13,08ºС ; қысым
=730мм.
-
Мұхит суындағы тұз
мөлшерін анықтау
1-есеп.
Каспийдің солтүстігінде
тұздылық 14 промилле 1 тонна теңіз суынан қаншатұз
алынады?
Промилле -1 л судағы еріген
тұздың мөлшері.
1 тонна-1000 л
Шешімі: 1000л х 14 = 14000гр
Жауабы: 14000гр тұз алынады.
1.3 Географиялық
координата бойынша уақытты анықтау
1-есеп.
Киевте /30º.ш.б./сағат түскі
12 болғанда Қарағандыда /75º.ш.б./ сағат
қанша?
Шешімі:
15º -1
сағат
75º.ш.б.- 30º.ш.б. =
45º.ш.б.
45º.ш.б. /15º
=3
12+3=15
Жауабы: Қарағандыда сағат
15.00.
1.4 Географиялық
координата бойынша қашықтықты
анықтау
1-есеп.
70 º ш.б. Қазақстан
солтүстіктен оңтүстікке қанша км созылып
жатыр?
Шешімі: Қазақстанның солт. жəне оңт.
шеткі нүктесі 55º26’-
40º56’
с.е.
111км-1º меридиан доғасының
ұзындығы
55º26’-
40º56’
с.е. = 15º
c.е
15ºс.е х 111км = 1665
км
Жауабы: Қазақстан солтүстіктен
оңтүстікке 1665 км.
2-есеп.
50 ºс.е. бойынша Еуразия
материгінің батыстан шығысқа дейінгі
ұзындығықанша?
Еуразияның батыс жəне шығыс
шеткі нүктесі 9º34’б.б -
169º
40’б.б.
50º паралель бойынша градустық
доға ұзындығы 71,1км.
Шешімі:
169º
40’б.б. -
9º34’б.б
=160º
6’б.б
160º х 71,1км = 11,376
км
Жауабы:50ºс.е. бойынша Еуразия
материгінің батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 11,376
км.
3-есеп.
Киев пен Қарағанды қалаларының
арасы (2950км) картада 11,8см, ал екінші картада екі қала арасының
қашықтығы 23,6см. Қай картаның масштабы
үлкен?
Шешімі: 2950 / 11,8 =
250
1)
1см-250км
М 1:
25000000
2) 2950 / 23,6 =
125
1см
-125км
М 1:
12500000
Жауабы: екінші картаның масштабы
үлкен.
1.5. Жанартаудың
тереңдігін анықтау
1-есеп.
Жанартаудың басында шұңқыр
немесе арасындағы жарықшақтардан
жер бетіне
1200ºС-1300ºС отты сұйық балқыма
төгіліп жатыр. Əр 33 м
сайын жер қоймасынан
жоғарлаған жағдайдағы скважинаның
тереңдігін тап.
Шешімі: 33м
= +1ºC