ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Шымкент қаласы
«География сабағында заманауи технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру»

Бағыты: Оқу геоақпараттық жүйелерді құру және пайдалану негізінде орта мектеп оқушыларының бейіндік дайындық процесін жетілдіру.
География пәнінің мұғалімі:
Шымкент- 2025
-

Мақсаты:
-
Оқушыларға географиялық ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай білім беру;
-
Жеткізу үшін төмендегі міндеттерді алға қойдым:
-
Оқушыларды географиялық карталарды құру әдістерімен таныстыру;
-
Оқушылардың картографиялық сауаттылығын және географиялық мәдениетін қалыптастыру;
-
Географиялық ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс істеу кезінде, аспаптарды пайдалану кезінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зерттеу белсенділігін дамыту және Нәтижеге талдау жасау.
-
Зерттеу гипотезасы
-
Қоршаған орта және климат туралы білім мазмұнын оқытудың тәжірибелеріне және географиялық білім мазмұнында қоршаған ортаны ұлттық құндылықтар ретінде зерделеудің ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы таңдап алынған жаңартылған мазмұн жағдайында географияны оқытудың әдістемелік жүйесін құру моделі айқындалып, мектепте географиядан білім алушылардың климаттық түсініктер және қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастырудың әдістемесі жасалса, онда, географиялық білім беру сапасы артады, өйткені, қоршаған орта туралы білімнің құраушыларының бірі климаттық түсініктер болып табылады.
География сабағында Learningapps-бағдарламасы арқылы Қазақстан тауларын табу әдісін қолдану - Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. География сабағында өзімнің жасап шықан қолайлы платформаны яғни Learningapps әдісін қолданып – Тақырыпқа сәйкес Оқушылардың таулар қайда орналасқанын және пайдалы қазбаларды таулар арқылы жіктеп тақырыпты меңгеріп шығуна мүмкіндік береді.
https://learningapps.org/view14107985

Білім жүйесіне енгізіліп жатқан жаңалықтар әртүрлі болғанымен, олардың түпкі мақсаты бір. Тұлғаны теориялық білімді өмір дағдысымен ұштастыра алатын фунционалдық сауаттылығы қалыптасқан бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу. Ал, бұл мақсаттарға қол жеткізу соншалықты оңай жүзеге асып жатырма? Қандай қиындықтар мен тәуекелдер бар? XXI ғасырда білім жүйесі қандай болу керек? – деген заңды сұрақтардың туындайтындығы ақиқат. Ата-аналар балаларға көп салмақ түседі деп наразылық білдіреді. Мұғалімдер болса, қазіргі балалардың сабаққа еш қызығушылықтары жоқ деп арыз айтады. Сонымен не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында бірнеше жылдан бері қолданып келе жатқан әдістерімді педагогикалық тәжірибемді жоба ретінде ұсынуды жөн санадым. Себебі, білім алушы жастардың жалпы оқуға деген құштарлығының төмен болуы деген ең өзекті мәселемен бетбе бет келдім. Мен қазіргі алфа және зет ұрпақтар дәуірі деп аталатын өрендердің оқуға ынтасының қандай факторлар әсерінен төмендейтіндігін зертеуден гөрі оларды оқуға ынталандыру жолдарын іздестірдім. Оларды қызықтырудың төте жолы – олардың дәуірі, яғни ақпараттық технологиялардың жетістіктерін құрал ретінде қолдану арқылы нәтижеге жетуге болатындығына көзім жетті. Соңғы жылдары білім алушылардың көпшілігінде география пәніне деген қызығушылықтың төмендегенін байқауға болады. Бұған әрине қоршаған ортаның ластануы, яғни экология және тұтынатын тағам өнімдерінің құрамының сапасыздығы, түрлі электроника құралдары арқылы ғаламтор желісінде әлеуметтік парақшалар мен ойындар т.б. факторлың тікелей немесе жанама әсері ықпал жасайды деп ғалымдар зерттеп, тоқ етерін айтыпта қойды, айтыпта келеді... Жоғарыда аталған факторларға қазіргі қоғамдағы отбасы тәрбиесінің деңгейін астын сызып тұрып қосуға болады. Хош, болар іс болып боюы сіңді. Енді қайтпек керек? Замана ағамы ешкімді де күтіп тұрмайды. Сондықтан жедел әрі нәтижелі жұмыс жүргізу қажет, балалардың білімді әрі тарихи санасы қалыптасқан тұлға болуы кезек күттірмейді. Осы жағдайларды ескере отырып, мен жас өрендердің психологиялық кеңістігі мен қызығушылық аймағына ене отырып, олардың күнделікті қолданып жүрген дүниелерін пайдалы жаққа қарай қолдандым. google maps, google earth, «ТИЛДА» Ғарыштық жер серіктерінің жүйесіне тікелей қосылған бағдарламалардың көмегімен ғаламтор арқылы сабақ барысында тақырыпқа сәйкес өтіп жатқан тарихи орындарға және географиялық нысандарға онлайн саяхат жасауға болады.

Географиялық ақпараттық жүйе , google earth, (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық шешімдерді басты инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуге қолданылуда. Сабақ барысында бірнеше жылдан бері қолданып жүрген әдістерімді практикалық тұрғыдан көрсететін болсам, 8-сыныптың география пәні бойынша картография және геоинформатика бөлімі бойынша оқушыларға заманауи цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы теориялық білімдерін практикалық негізде және цифрлық білім беру арқылы оқушылардың білім сапасы едәуір артқандығын байқауға болады. Төмендегі сілтемеге ену арқылы Қазақстанның кез-келген қаласына Ғарыштық түсірілім арқылы саяхат жасап, тақырыпты толық меңгеріп қана қоймай, пәнге деген қызығушылығы артатынын анықтадым. Gooqle Earth

Яғни, таңдалған географиялық
нысанның ішкі құрылымын, жәдігерлерді жақындатып, 360*та айналдырып
көрсетуге болады. Сонымен қатар гаджеттерден көз алмайтын, онсыз
өмір сүре алмайтын ұрпақты қалыпқа келтіру мүлде қиын. Олардың сол
гаджеттеріндегі түрлі пайдасыз ойындардың орына тарихи ойындар
ойнатып эксперимент жасау өз нәтижесін берді.
Түрлі тарихи кезең, тарихи
тұлғалардың есімін, оқиғалар мен құбылыстарды ойын ойнау арқылы
есте сақтап қана қоймай, белгілі бір тарихи кезеңді визуалды түрде
елестетеді. Бұл әдісті өте тиімді екенін оқушылардың география
пәніне деген қызығушылықтарының артқанынан ғана емес, пән бойынша
білім сапасының әр тоқсан, жартыжылдық және бір оқу жылы аралығында
еселеп өскендігінен аңғаруға болады. Келесі оқу жылында да білім
сапасы артқандығын, оқушылардың пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба
байқауына көптеп қатысуынан таңдап алған әдістің нәтижелі екендігін
сеніммен айта аламын.
Қолданысқа енгізген әдісті
жан-жақты жетілдіріп, оқыту сапасын арттырудағы өзектілігін
көптеген критерийлер мен параметрлер бойынша сынақтан өткізіп
алдым. Білім алушылардан сауалнамалар алып, әдістің білім
алушылардың межелік жеткен жетістіктерін саралай келе бұл
педагогикалық идея ретінде ұсынған әдістің өзектілігін анықтап, ең
тиімді әдіс ретінде жариялауға болады деген шешімге
келдім.
Оқушылар learningapps бағдарламасы арқылы қатпарлықтарды анықтайды

https://learningapps.org/watch?v=p840qg4in24
География сабағында өзімнің бірнеше жылдан бері қолданып жүрген ең тиімді әдісім Seterra әдісі арқылы оқушылар әлемді танып білуге мүмкіндік береді және әлемнің Астанасы Туы арқылы ажыратып тапсырманы орындайды.
https://www.geoguessr.com/vgp/3167

Қазіргі заманда жас жеткіншектердің арасында Функционалдық сауаттылығы және кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі байқалады. Бұл ата-аналарды және білім саласы мамандарын алаңдатып отыр; Бүгінгі жас ұрпақтың алдында әлемдік стандартқа негізделген білім алу жауапкершілігі тұр. Ұстаз шәкіртінің жеке дамуын қамтамасыз етуде үнемі ізденісте болу қажеттілігі айқын көрінеді. Оқу орынды бітіріп шыққан түлек өзіне сенімді, білімді өздігінен алатын, өз елінің патриоты болатын, коммуникабелді болуы тиіс. Сондықтан қоғам әрдайым мұғалімдерге жоғары талаптар қояды, сол талаптардың бірі – бүгінгі педагогтар қауымының алдында оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру, рухани өсуіне жағдай жасау.
Мен осы орайда өзімнің қолданып жүрген әдістерім жасөспірімдердің оқу дағдысын оята алатын тиімді тәрбие құралы болу мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Білім алушыларды география сабағына және функционалдық сауаттылықа назар аудару үшін пайдалануға болатын әдістерім «Еducaplay» әдіс- тәсілдері арқылы 9 сынып Физикалық географиясының тарауында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру және функционалдық сауаттылығын арттыруға өте тимді ;

ХХІ ғасырдағы оқушыны сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін мұғалімге алдымен оқушының функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамыту маңызды болып отыр.
Білім беру саласы қызметкерлері алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін пайдалана отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуына ықпалын тигізуде. https://create.piktochart.com/beta/teams/30772393/saved/63519480

ҚОРЫТЫНДЫ:
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда менің қолданып келген әдіс тәсілдерім оң нәтиже береді деп нық сенімен айталамын. Себебі География сабағында оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында кітапқа деген қызығушылығын ояту өзімнің сабақ барысында қолданған әдістерімнің нәтижеге бағытталғандығынан озық педагогикалық тәжірибе ретінде ұсынуды жөн санадым. Әдістерді қолдану балалардың аналитикалық және бейнелеу қабілетінің дамуына да оң әсер етеді. Бұл аспект жасөспірімдердің функционалдық сауаттылығы мен дамытудың маңызды құралы бола алады. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.
«Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің басты мақсаттарының бірі. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.
Әдебиеттер
-
География. 2-бөлім. Жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушыларына арналған. /Р.Ә.Қаратабанов, Ж.Р.Байметова.
-
2.Қазақстан географиясы. Жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушыларына арналған
-
/Р.Ә.Қаратабанов, А.А.Саипов, Б.Х.Балғабаева, Қ.Т.Сапаров Алматы баспасы 2019
-
Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы /Л.Н.Алиева, Е.А.Тоқпанов
-
Шакирова Н. Көшпенді қазақ халқының табиғатты пайдалану ерекшеліктері// География және табиғат.- 2010. -№4.- 12с.
-
Нұрмұханова С., Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту/sabaq.kz
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
География сабағында ойын элементтерін және заманауи технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру

шағым қалдыра аласыз