ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА PISA ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Каирова Ш.Г
С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің
PhD, «География мен туризм» кафедрасының ассоциациялық профессоры.
Худас Р
С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің МГ -12 н тобының магистранты, Павлодар қ
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін реформалау құзырлылық ұстанымына және әлемдік білім беру кеңістігіндегі оқытудың озық әдістемелері мен амал-тәсілдеріне негізделген.
Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр» делінген.
Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің өтпелі кезеңі аяқталып, дамыған елдер моделіне сәйкес келетіндігін және ТМД елдерінің арасынан мемлекетіміз көшбасшылық орынға шығып, 2020 жылға дейін жоғары білім сапасы мен халықаралық деңгейде нәтиже беретінін айқындайды. Cондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өкізілетін оқушылардың ғылыми - жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда. Қазіргі таңда оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде. [4, 2 б]
PISA (Programme for International Student Assessment) – халықаралық зерттеудің мақсаты 15 жастағы оқушылардың математикалық, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын бағалау болып табылады. Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, дүниетанымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау. [1, 1-2 б]
Халықаралық зерттеулерге Қазақстанның қатысуындағы мақсаты – оқушылардың оқу жетістіктерінің бақылау-бағалау жүйесін реформалау, халықаралық стандартқа сәйкес білім мазмұнын оңтайландыру, қазақстандық білім сапасын бағалау жүйесін құру болып табылады. Қазақстан халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа сапалы білім беру саясатын құра отырып, 2009 жылдан бастап PISA салыстырмалы зерттеулеріне қатыса бастады. Зерттеу оқушылардың қалыпты өмір үшін меңгерген дағдыларының құндылығын, іс-қимыл сауаттылығын барынша ауқымды мағынада өзектендіреді. PISA шеңберінде 15 жасар оқушылардың ересек өмірге қадам басуға дайындығы бағаланады. PISA – 2012 жылы нәтижелері бойынша 65 мемлекет қатысып, Қазақстан жаратылыстану сауаттылығы бойынша 52 орынды иеленді. Еліміздің төменгі деңгейде болуы білім беру жүйесіндегі талаптарды өзгертуге, стандарт талаптарын қайта қарауға итермеледі. Ол үшін білім саласының мамандарына жоғары білімді берумен қатар, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлануға, сыни көзқарас қалыптастыра отырып, функционалдық сауаттылыққа баулу құзіреттіліктерін қалыптастыруды міндеттейді.
Жоба оқушылардың оқудағы жетістіктерін сыни бағалаудың бірегей үлгісін ұсынады. PISA бағалауы үш бағыт бойынша өткізіледі:
-
Оқудағы сауаттылық;
-
Математикалық сауаттылық;
-
Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық.
PISA бағалауы 3 жылда бір рет өткізіледі. Бағалаудың әр циклі үш бағыттың біріне баса назар аударады. [2, 2-3 б]
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – физика және астрономия, география, биология және химия саласынан алған білімдерін қоршаған әлемді ұғыну үшін және адам өмірде тап болатын жағдайларда шешім қабылдау үшін қолдану қабілеті.
Жаратылыстану сауаттылығы 15 жастағы білім алушының жаратылыстану құбылыстарын суреттей, түсіндіре және болжай білуіне, ғылыми аргументтер мен қорытындыларды интерпретациялай білуіне бағытталған.
Халықаралық бағалау 15 жастағы білім алушылардың құзіреттілігін алты деңгей бойынша бағалауды қарастырады. Халықаралық бағалаудың «ең жоғары» деңгейі (5 және 6 деңгей) бағасын ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуі, мәтінді ұғыну мен интерпретациялау, қорытындыны дәлелдеп, өзінің болжамдарын ұсына алатын, дағдыларын көрсете білетін оқушылар иелене алады. 3 - 4 деңгейге жаңа ақпаратты табу үшін білімі мен шеберліктерін қолдана алатын қабілеттері сәйкес келеді. 2 - деңгейде қарапайым күнделікті өмірде өз білімі мен дағдысын қолдана білу ептілігі бағаланады. Оқушылардың қарапайым базалық білімін көрсете білуі «Ең төменгі» 1-ші және 1-ден төмен деңгейге сәйкес. ЭЫДҰ-ның анықтауы бойынша тек қана 1 және 1-ден төмен деңгейдің тапсырмаларын орындай алатын білім алушылар «функционалды сауатсыз» деп есептеледі.
Жаратылыстану бағытында деңгейлеп оқыту жүйесі еуропалық стандарт талаптарына сәйкестендіріліп, әлемдік білім кеңістігіне шығу, қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен тілдік құзіреттілікке ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. География сабағында PISA тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың кеңістік, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және географиялық тұжырымдамалар мен географиялық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Оқушылардың күнделікті өмірде туындаған көптеген мәселелерді шешу үшін алған білім және біліктілік қабілеттерін қолдана алуға әсер етеді.
География сабағында PISA тапсырмаларын қолдану арқылы жаңа тақырыпты жылдам, өз бетімен игеріп, дұрыс түсінетін, кездескен мәселелерді шеше алатын, істің мағынасын терең және нақты түсінуге тырысатын байқағыштық қасиеті жақсы дамыған, сауатты сөйлеп, білімді игерген, оны практикада асыратын, картаның тілін, теориялық білімді теңгеріп, географиялық үрдістердің жүруін болжай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұғалім арнайы тапсырма дайындап, оны сабақта қолдану арқылы оқушының зерттеушілік, ізденушілік дағдысы қалыптасады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, сабаққа деген ынтасы мен бейімділіктер жүйелі түрде дамытуға жағдай жасау арқылы арнайы қабілеттілікті жоғары деңгейге жеткізуге болады.
PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:
1. Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру.
2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу.
3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру.
4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту.
5. Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады. Ол үшін мұғалімдердің жан-жақтылығы, шығармашылығы, білімі жоғары деңгейде болуы керек.
Құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру тәсілдерінің бірі – білім беру үдерісінде PISA форматында тапсырмаларды құрастыру және пайдалану. PISA тапсырмасының ерекшелігі көбінесе шарттар мен сұрақтар дербес ретінде белгіленіп, бір қарағанда бір-бірімен байланысты емес. Жағдай мен сұрақтарды байланыстыру-оқушының міндеті. Мұндай "байланыстыру" үшін жеке тәжірибені, қосымша ақпаратты тарту қажет, контекстпен жұмыс істеу қажет. Осы жерден PISA тапсырмаларының дизайны - олар көбінесе нақты өмірлік практикадан алынған жағдайды сипаттайды. Тапсырмалар шарттары да, сұрақ формасы да пәндік жағдайға байланысты емес. Керісінше, өмірлік жағдайды пәнге аудару және тапсырмалардың күрделілігін құрайды. Әрбір тапсырма-шешім талап ететін жағдай, жағдай. Тапсырмалардың сұрағы мен шарттары жеке тәжірибемен, басқа бөлімдерден қосымша ақпаратпен сәйкес келеді, демек, PISA тапсырмалары интеграцияланған болып табылады. PISA форматындағы жекелеген тапсырмалар оқушылардың танымдық қызығушылығын, ойлау дербестігін, зерттеу іскерлігін қалыптастыру мақсатында сабақтың әртүрлі кезеңдерінде танымдық тапсырмалар ретінде қолданылады.
PISA түріндегі құзыреттілік-бағытталған тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың географиялық білімді әртүрлі жағдайларда қолдану қабілеттерін қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.
План және картография тақырыптары бойынша РISA тапсырмалар қарастырсақ.
План және картография тақырыптары бойынша тапсырма
1-тапсырма. Берілген топографиялық
картаны пайдалана отырып тапсырмаларды
орында.
а) Құдықтың абсолюттік биіктігін анықта. Жауабы_________________
b) В нүктесі А нүктесінен қай бағытта орналасқан? Жауабы_________________
с) А нүктесінің В нүктесіне қатысты азимуты? Жауабы_________________
d) Картаны пайдалана отырып құдық пен А нүктесінің арақашықтығын есепте. Жауабы_________________
е) Картадағы 3 санымен берілген алаңға төмендегі суреттердегі объектілердің қайсысын салуға болады. Жауабыңды дәлелде. _________________

тау шаңғысы алаңы футбол алаңы коньки алаңы
g) А нүктесінен В нүктесіне дейін қима салыңыз
f) төменде берілген графиктерге қарай отырып, топографиялық картадағы А нүктесінен В нүктесіне жүргізілген қиманы анықта. Өз жауабыңды түсіндір _________________

А В

С Д
h) Өсімдік жамылғысы мен жер бедерінің сипатын суреттеп бер. Жауабы____________
Осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушы дағдыланады:
-
топографиялық карта бойынша арақашықты анықтай білу дағдысы қалыптасады;
-
бағыттарды анықтай алу дағдысы;
-
топографиялық карта негізінде күрделі тапсырмаларды орындай алу, талдау жасай алу дағдысы;
-
күрделі мәселелерді шешу дағдысы;
-
график, сурет және картаның көмегімен логикалық ойлау дағдысы;;
-
суретті, картаны пайдалана отырып мәтін құру дағдысы қалыптасады;
-
картографиялық сауаттылық қалыптасады.
Осындай PISA тапсырмаларын құрастырып, сабақта қолдану арқылы оқушылардың географияға деген қызығушылығының артуына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар мәтінді көзбен жүгірту арқылы басты элементті анықтауға, ізденіс аймағын тарылтуға, қажет ақпаратты ажырата алуға ықпал етеді. Мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру, автор ой түйінінен қорытынды шығаруға, мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасап өз ойын зерделеуге, әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстырып, басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты байланыстыру арқылы бағалауға, түсінуге дағдыланады.
PISA түріндегі тапсырмаларды орындау барысында пәнаралық ақпаратты тарту бағдарламалық материалды терең және мағыналы меңгеруге ықпал етеді, оқушылар құбылыстар, процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтаудың практикалық іскерліктерін меңгереді және жетілдіреді. Бұл ретте фактілерді, теорияларды, заңдарды ұғынуға, география, физика, химия, биология, экология бойынша алған білімдерін нақтылау және тереңдету үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
PISA сынақтары форматындағы тапсырмалар мұғалімге бір уақытта бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
оқушылардың жазбаша құзыреттілігінің даму деңгейін бағалау, яғни оқушы мәтінде қаншалықты түсіну және одан қажетті ақпаратты ала алады;
пән білімі мен біліктілігінің даму деңгейін бағалау;
- жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларын дамыту деңгейін бағалау (интеллектуалдық, танымдық, жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениеті және т.б.).
- қазіргі әлемде табысты бейімделу үшін қажетті білім алу және қызмет тәсілдерін таңдау қабілетін бағалау, яғни стандартты емес жағдайларда нәтижелі әрекет ету;
- зерттеу құзыреттілігін дамыту арқылы пәнге танымдық қызығушылықты қалыптастыру;
─ әр оқу пәні мен жалпы білім беруге қатысты оқушылардың прогресін салыстыруға ықпал етеді;
─ ағымдағы және күтілетін нәтижелер арасындағы айырмашылықтарды төмендету жолдарын анықтайды.
Қорыта айтқанда PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастыруда мұғалімнен көп еңбек, терең білімділік, күш-жігер, жан-жақтылық, ізденімпаздық, жаңа ақпарат көздерін мейлінше тиімді қолдана алатын қажыр-қайрат талап етіледі. Осы аталған маңызды сипаттар мұғалімнің жан-жақты ізденістегі шығармашылық тұлғасында тоғысып және де оқу үрдісінде ұтымды қолданылған жағдайда құзыреттілік қалыптастырудың сапалы да өрелі мақсатына жетуге өрісті ықпал етпек. Сонда ғана өскелең ұрпаққа сапалы білім алуына дұрыс бағыт-бағдар беріліп, оқушылардың өмірде таңдайтын кәсіби бағытына жетуде адастырмайтын жол ашылады әрі елшілдік ұстанымдағы зияткерлік тұлғасын қалыптастыруға айқындауға жол ашылады деп білеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Суранчиев Ж.М. Геометриялық прогрессия тақырыбын өтуде PISA тапсырмаларына ұқсас есептер шығару арқылы оқушылардың математикалық-функционалдық сауаттылығын дамыту. http://www.myshared.ru/slide/1302764/
2. Муканова С.Д. PISA оқушылардың жетістіктерін халықаралық бағалау бағдарламасы. https://edu.mcfr.kz/article/322-pisa-oushylardy-jetstktern-halyaraly-baalau-badarlamasy
3. Ожикаева С.Б. PISA Халықаралық зерттеу бағдарламасы әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың функционалдық-сауаттылығын дамыту жолдары. http://oqu-zaman.kz/?p=6445
4. Назарбаев Н.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ
Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам.// Егемен Қазақстан.10 шілде 2012.
-
«Білім туралы» заң.// Егемен Қазақстан.15 тамыз 2007.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз