Гранатаны 700гр қашықтыққа лақтыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гранатаны 700гр қашықтыққа лақтыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарын жіберіп отырған себебім жас мамандарға бір көмегім тиер деген оймен жіберіп отырмен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары № 8 Сынып: Бекітемін:

Пәні: Дене шынықтыру Мерзімі: Пән мұғалімі: Сабақ тақырыбы: Гранатаны(700гр) қашықтыққа лақтыру.

Сабақ мақсаты:1.Жеңіл атлетиканың ережелерін,жүгіру техникасын және техника қауіпсіздігін үйрету арқылы оқушылардың іскерлігін арттырып,дағдысын қалыптастыру

2.Оқушылардың ептілігін шапшаңдығын дамыту

3.Оқушылардың дене тәрбиесіне деген белсенділігін,қызығушылығын арттырып,оларды салауатты өмір салтына насихаттап,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас

Сабақтың түрі:Ойын сабағы

Өтілетін орны: Спорт алаңы

Керекті құрал-жабдықтар: Рулетка,ысқырық

Сабақ мазмұны

Уақыты реті

Әдістемелік нұсқаулар

I.Кіріспе дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу. Амандасу.Кезекшінің мәліметін қабылдау.Түгендеу.

Саптағы жаттығулар: Оңға,солға,артқа бұрылу.

- Жүру және оның түрлері. - Жүгіру және оның түрлері.

Ж.Д.Ж. қозғалыста ж/е орнында.

А)Б.қ.Оң қол жоғарыда. – Б.қ аяқ иық мөлшерінде, қол белде, 1-2 басты оңға, 3-4 солға айналдыру.

- Б.қ аяқ иық мөлшерінде,қол иықта,1-2иықты алға,3-4 артқа айналдыру

- Б.қ аяқ иық мөлшерде, 1-2 оң қол жоғарыда, 3-4 сол қол төменде, қолды тік ұстап керу;

- Б.қ аяқ иық мөлшерінде, қол кеуде тұсында, 1-2 қол бүгулі, артқа сермеледі, 3-4 қол жазылып артқа сермеледі;

- Б.қ аяқ иық мөлшерінде, сол қол белде, оң қол жоғары созылған, 1-2 солға еңкею, 3-4 қолды аустырып оңға еңкею;

- Б.қ аяқ иық мөлшерінде, қол белде, 1-4 оңға, солға белді айналдыру.

- Б.қ Аяқ алшақ, екі қол саусақтарын бір-біріне кілттеп, 1-3 алға еңкею, 4 артқа шалқаю;

Тыныс алу жаттығулары.

Сабақ мақсатын түсіндіру.

10 мин









3-4рет


4-5 рет



4-5 рет


4-5 рет


Оқушылардың спорт киімі оның тазалығына жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару

Берілген бұйрық бойынша орындау керек

Қатардан шықпау керек.

Жүгіргенде қолдың үйлсімді қимылдауын жіті қадағалау


Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау



Көзді жұмбау


Шынтақты тізеге тигізбеу


Тізені бір-біріне тигізбеу


II.Негізгі бөлімі

Гранатаны(700гр) қашықтыққа лақтыру. Тақырып бойынша оқушыларға түсіндіріп беру,

үйрету,көрсетіп беру. Гранатаны лақтыру техникасын меңгеру. Екпін алу 3-5 қадам аралығында жасалып, сілтейтін қол алғашқыдаартқа жіберіледі. Үш қадамнан екпін алғанда оқушы ішінен 1,2,3деп, ал бес қадамнан екпін алғанда 1,2,3,4,5деп санайды. Лақтыру дененің салмағы оң аяққаауысқан сәттен басталады. 5қадам адымдау техникасын жетілдіру: - лақтыру бағытына бір бүйірін қаратып (бір қарамен) тұрып,сол аяқтан оң аяққа жеңіл секіріп ауысу арқылы лақтыру.

Аяқтың арасы иық кеңдігіндей болып ,бір қырымен, дененің салмағын оң аяққа түсіріп, сол аяқ ілгерірек қойылған және шамалы көтерілген, кеуде сәл алға еңкейіп, оңға бұрылған, қол жанға созылған қалыптан лақтыру. – Осы бастапқы қалыптан сол аяғын жерге тіреп лақтыру үшін бастапқы қалып жағдайына ауысу қажет. Кезекпен адымдаудан бастап, біртіндеп тездетуге дағдылану.

Оқушыларды кезек-кезек лақтыру.

Екі топқа бөліп футбол ойнау. Үйге тапсырма беру.

25мин





















Техника қауіпсіздігін қатаң сақтау



Секіру кезінде басқа оқушы секірушінің алдынан көлденең кесіп өтуге болмайды керек.








әр топқа жетекші тағайындау

III.Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу. Дем алуға арналған жаттығулар жасау.

Сабақты қортындылау. Оқушыларды бағалау. Қоштасу.

5-мин


Сабақтың өтілгені туралы ескертулер жасау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1401
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі