Материалдар / Ғылыми жоба. А. Байтұрсыновтың ақындық әлемі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба. А. Байтұрсыновтың ақындық әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобада А. Байтұрсыновтың ақындық ерекшелігі талданып, мысалдары түпнұсқамен және Абай нұсқасымен салыстырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2023
364
1 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Ордабасы ауданы

Ынтымақ» жалпы орта мектебі





«А.Байтұрсынұлы-ұлтымыздың ұлы ұстазы»

Ғылыми жоба

1-бағыт: «А.Байтұрсыновтың ақындық әлемі»



Тақырыбы: «А.Байтұрсынов өлеңдеріндегі қайталау түрлері мен Абай сарыны»

Оқушы: Архабаева Сымбат Жәнібекқызы – 10 «Б» сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Бекенова Улжан Лесбекқызы – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі













2022 жыл







Мазмұны:

Абстракт ---------------------------------------------------------------------------

  1. Кіріспе ---------------------------------------------------------------------



  1. Негізгі бөлім:

    1. А.Байтұрсыновтың ақындық ерекшелігі

    2. Ақын өлеңдеріндегі қайталау түрлері мен Абай сарыны



  1. Қорытынды -------------------------------------------------------



  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ---------------



























Ордабасы ауданы, «Ынтымақ» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

10-сынып оқушысы Архабаева Сымбаттың

«А.Байтұрсынов өлеңдеріндегі қайталау түрлері мен

Абай сарыны» атты ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір

А.Байтұрсынұлы - қазақ халқының тұңғыш әліпбиіне, тілі мен әдебиетіне, ұлттық жазуына алғашқылардың бірі болып еңбегін сіңірген ғалым-ұстаз. Ахмет поэзиясы – жаңа леп, жаңа беталыс. Оның оқуды, надан мінездерден арылуды насихат еткен әрбір өлеңі мен мысалдары , өз ойын жеткізудегі ақындық шеберлігінің қыр-сыры әдебиет әлемін сүйетін оқырманды қызықтырмай қоймайды. Бұл зерттеу жұмысында оқушымыз Архабаева Сымбат Жәнібекқызы Ахмет Байтұрсынов поэзиясына қызығушылық танытып, оның ақындық ерекшелігін, өлеңдеріндегі қайталау түрлері мен Абай шығармаларымен үндестігін талдап, сараптады. Ахмет шығармаларының ерекшелігіне ерекше мән беріп, өлеңдеріндегі қайталау әдісінің шебер қолданылғандығына өзіндік пайымдаулар жасап, аудармалары мен өлеңдерінің Абай шығармаларымен үндестігін барынша салыстыруға талпынған. Оқушы Архабаева Сымбат бұл зерттеу жұмысында тақырыпты тиянақты зерттеп, жас ерекшелігіне сай ізденіп, өз мақсатына қол жеткізген. Зерттеу жұмысын ғылыми жобалар байқауына ұсынуға болады деген пікір білдіремін.

Архабаева Сымбат Жәнібекқызы әдеби шығармаларды сүйіп оқиды. Оны меңгеруде ерекше табандылық танытып,, мектепішілік, сыныпаралық, сыныптан тыс тақырыптық іс-шараларда интеллектуалдық қабілетімен көзге түскен оқушы.Сымбаттың зейіні мен талабына сәттілік тілеймін.

Зерттеу жұмысын жазуда ғылыми стиль заңдылықтары сақталғаан, барлық бөлімдерді түсінікті, нақты, дәлелді жеткізуге талаптанған. Жұмысты ғылыми жоба байқауына лайықты деп ұсынамын .



Мектеп директоры: _______________ Н.А.Бектемиров.

Жетекшісі: _______________ Бекенова У.Л.







Аnnotation: In this scientific work A.Baitursynovs poetic features repetitions in his poems and Abais harmony are widely analized. The scientific work is devoted to the study of the poetic word f A.Baitursynov. The poetic features of the author are listed.There is a comprehensive analisis of the repetitions in his poems and similarties with Abais poems. All the findings of the work were analyzed from the students point of view.

Аннотация. В данной научной работе был проведен анализ на поэтические особенности А.Байтурсыноваа, на повторы которые встречаются в его стихах и мотивам Абая.Научная работа посвящена на исследование поэтического мира А,Байтурсынова . Был проведен всесторонний, сравнительный анализ сходства переводов и произведений Абая. Все найденные новые информации в ходе работы , были отражены с точки зрения ученика.

Аннотация: Бұл ғылыми жұмыста А.Байтұрсыновтың ақындық ерекшелігі, оның өлеңдеріндегі қайталаулар мен Абай сарыны кеңінен талданған.Ғылыми жұмыс А.Байтұрсыновтың ақындық әлемін зерттеуге арналған. Автордың ақындық ерекшелігі санамалап айтылған. Абай аудармалары мен өлеңдерінің ұқсастығына жан-жақты , салыстырмалы талдау жасалған. Жұмыс барысында табылған барлық жаңалықтар оқушы көзқарасымен талданған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Ғылыми жобаның басты мақсаты- қоғам қайраткері, ағартушы, ақын А.Байтұрсынов шығармаларының ерекшелігі мен көркемдік сипатын талдау. Бұл мақсаттарға сәйкес төмендегі міндеттер белгіленді:

  • А.Байтұрсыновтың ақындық ерекшелігін анықтау;

  • Ақын өлеңдеріндегі қайталау түрлерін талдау;

  • А.Байтұрсынов пен Абай өлеңдеріндегі үндестікті зерделеу.

Зерттеудің барысы мен кезеңдері: Ғылыми жобаның тақырыбы бойынша іздену мақсатында кітапханалардан А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кітаптармен, тарихи тұлғалар туралы жинақтармен, әдеби сын мақалалармен, әр түрлі естеліктер және ғылыми-танымдық басылымдармен таныстық.

Зерттеудің теориялық және практикалық негіздері: Бұл ғылыми жұмыстың теориялық және практикалық негіздері ретінде А.Байтұрсыновтың шығармалар жинақтары, естеліктері мен мақалалары, әдеби-теориялық кітаптары басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысының барысында А.Байтұрсынов шығармашылығының ерекшелігіне, ақын өлеңдерінде жиі кездесетін қайталау түрлеріне, Абай өлеңдері мен аудармаларындағы үндестігіне оқушы пікірімен талдау жүргізілді. А.Байтұрсыновтың ақындық әлемін, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін, атап айтқанда, өлеңдерінде кездесетін қайталау түрлерін ғылыми тұрғыдан зерттелді.Автор шығармаларындағы Абай сарыны да оқушы пікірімен талданды.

Қорытынды: Ғылыми зерттеу жұмысында кеңінен талданған А.Байтұрсынов шығармаларының ұлттық тарихтан алатын орнының ерекше екендігіне тағы да бір көз жеткізілді. Осы жинақталған зерттеулерді қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында пайдалануға болады. Жұмыста зерттелген мәселелер А.Байтұрсынов шығармаларының тарихи және көркемдік ерекшелігі туралы білімімізді толықтыра түседі. А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері мен шығармалары терең зерттелген сайын, оның ақындық әлемінен басқа да талай қыры мен сыры ашыла түседі. Ана тіліміз бен әдебиетіміздің, ұлттық жазуымыздың ұйытқысы болған Ахаң шығармашылығының қазақ әдебиеті мен тарихынан алар орны ерекше!



























  1. Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Әрбір елдің ұлттық әдебиеті мен тарихы өзара ұштасып жатады және оны қалыптастыратын күрескер, ұлы тұлғалары болады. Қазақ халқының да тарих пен қоғам, әдебиет пен мәдениет жолында табандылық көрсеткен талай тұлғалары бар. Соның ішінде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазір «Алаш зиялылары» деп аталып жүрген қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушыларымыз болды. Тарихта болған шындықты, халықтың мұңы мен үнін көркем әдебиетте сөйлету-шын ақынның ғана мұраты. Осындай құбылысты қазақ халқының ағартушысы, публицист, қоғам қайраткері, қазақ жазуы мен әдебиетінің негізін салушы, ақын, аудармашы А.Байтұрсыновтың ақындық әлемінен көруге болады. Ол ұлттық тарихымыздағы қиын-қыстау кезеңдер мен «таржол,тайғақ кешулердің» жағымсыз кейіпкерлерін сатиралық бейнелермен сынады. Халықтың тұрмыс-тіршілігін шынайы көрсетіп, бейқам жатқан қазақ халқын көркем тілмен суреттеп, оларды білім-ғылым үйренуге шақырды.Халқымыздың ұлы ағартушылары Абай, Ыбырай, Шоқан салған жолдың жалғастырушысы болды.Ахмет Байтұрсынов - ана тіліміз бен әдебиетімізді терең зерттеген ғалым-теоретик. Ол 1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған өмірбаянында былай дейді: «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда , өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында, қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім...»,-деп жазады. Бұл сөздер Ахметтің ғылыми жұмыстармен қашан, қалай, қандай мақсатпен шұғылданғанын нақтылай түседі.

Мектепте мұғалім болып жүріп елдің санасын көтеруден бұрын сауатын ашу қажет екеніне көз жеткізеді.Осы мақсатпен қазақ балаларына ана тілінде сауат ашатын әліппе жазды. Ол әліппе «Оқу құралы» деген атпен алғаш рет 1912 жылы Орынборда басылды. Бұлоқулық 1925 жылға дейін пайдаланылып келді. Ал 1926 жылы А.Байтұрсынов әліппенің жаңа түрін жасады. Бұл осы күнгі әліппе сияқты суреттермен жабдықталған болатын.

Өлеңтанудың теориясын мықтап жасаған Ахмет өлеңдері өте көркем жазылған Себебі, «Әдебиет танытқыш» әдеби-теориялық кітабында сөз өнерін терең зерттеп, қазақ әдебиетін жанрлық түрлерге жіктеп көрсетіп, өлең өлшемдерін де анықтап берді.

1

Қазіргі біз айтып жүрген кейіптеу, бейнелеу, әсірелеу, шендестіру, дамыту, түйдектеу, қайталау... сияқты атаулар да Ахметтікі.

А.Байтұрсынов ақындығының тағы бір қайнар көзі-оның мысалдары. И.Крылов мысалдарын аударуды Абай мен Ыбырай тәжірибелерімен бастаса, кейіннен, дарынды педагог С.Көбеев, Б.Өтетілеуовтермен қатар жұмыс істеп жүріп, мысал, ертегілер аударып, әдеби қазынамызды байыта түсті. Ақынның мысал жанрына ден қоюының аса үлкен мәні болды. Адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз мінездерді сынауға келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Мысалдағы бейнелер арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.

...Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса?!-деп, саясаттан тыс, қамсыз ұйықтап жатқан қараңғы халықтың құлағына маса боп ызыңдап оятуды ойлады. Өлеңдер жинағын «Маса» деп атауының да себебі осы болатын.

Ахмет шығармашылығына арналған ғылыми жобалардың маңызы зор. Себебі, Ахметтану ғылымы зерттеген сайын тереңдей беретін қазақ тілі мен әдебиетінің қазынасы сияқты.Ақын еңбектерін сала-салаға бөліп, қарастырып, зерттеуге болады. Осындай мәселелерге байланысты А.Байтұрсыновтың ақындығының ерекшелігі, Абай өлеңдерімен үндестігі, шығармаларының әсерлілігін күшейтіп тұрған көркемдегіш құралдар (қайталау түрлері, риторикалық сұрау) зерттеу нысанасы ретінде қарастырылды.

Зерттеудің нысаны: А.Байтұрсынов өлеңдеріндегі қайталаулар, Абай сарыны.













2

2.1. А.Байтұрсынов ақындығының ерекшелігі

XIX ғасырдың ағартушылық-демократтық бағыттың негізін салушы Шоқан, Ыбырай,Абай жолын жалғастырушы, дарынды ақын, ірі ғалым, публицист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 5 қыркүйекте бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде өмірге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы елінің беделді адамы болған. Ел билеушілердің әділетсіздігі мен зорлығына қарсы тұратын шыншыл, қайратты мінезі болды. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғайдың оязы Яковлевті соққыға жыққаны үшін Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15 жылға жер аударылады. Бұл жағдай 13 жасар Ахметтің бала жүрегіне үлкен жара салады.Ахметтің өмірге деген құлшынысы, ақындыққа бет бұруы, өз ұлтының жарқын болашағы үшін күресі осы кезден-ақ басталып кетеді.Бұл жараны автор «Анама хат» өлеңінде еске салады:

Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен көрге барам?

Ахмет поэзиясының негізгі тақырыбы-халық пен бостандық. Қазақ халқының бүгіні мен болашағы, тағдыры Ахмет өлеңдерінің негізгі өзегі еді. Оның өлеңдер жинағын «Маса» деп атауында да үлкен мән бар еді. Ұйқыда қамсыз жатқан надан халқын қайтсе де ояту мақсатымен, маса боп ызыңдауды ойлады:

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары аяқтары ұзын маса.

...Үстінде ұйқышының айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?!-деп, масаны оятушы символға айналдырады. Бұл жерде де ақынның өзіндік стильдік ерекшелігін көруге болады. Идея- қалай да халық санасын ояту, оның жүрегіне, пайым-парасатына, сезіміне әсер ету. Өмірлік ұстанымына да айналып кеткен осы идеяны жеткізуде А.Байтұрсынов өлең жазды, орыс әдебиеті үлгілерін пайдаланып мысал жазды, аударма жасады.

3

А.Байтұрсыновтың ақындық ерекшелігі неде? Ақын, біріншіден, орыс халқының мысалдарын аудара отырып, өзі де мысал жазды. Аудармада мысал оқиғаларын халықтың әлеуметтік жағдайымен ұштастыра білді. Екіншіден, әрбір мысал соңында халық тұрмысына ашынып, кертартпа мінездерден сақтандыратындай түйінді жыр шумақтарын қалдырып отырды. Мұндай түйінсөздер әрбір мысалдың соңында 2-3 шумақпен беріліп отырады. Мысалы,

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас,-дейді «Аққу, шортан һәм шаян» мысалында. Үшіншіден, өлеңдерінің бәрін бірдей бір идеяға бағыттады. Ол-халық санасын ояту, бірлікке шақыру идеясы. Төртіншіден, Абай салған жазба әдебиеттің негізінен айнымай жазды, өлең өлшемдерін қатаң ұстана білді. Міне осындай ерекшеліктер А.Байтұрсыновты басқа ақындардан ерекшелеп тұрады.

2.2. Ақын өлеңдеріндегі қайталау түрлері мен Абай сарыны.

Әрбір ақынның тақырыпты ашып, идеяны жеткізу мақсатымен таңдаған өз стилі болады. Белгілі бір көркемдегіш құралдарды ерекше шеберлікпен қолдануды көздейді. Бұл туралы А.Байтұрсынов өз еңбегінде былай дейді: «Сөзді көркем түрінде айтқанда, күш көбінесе қиял мен қиыс (түйіс) жағына салынып, сүгіреті толық, меңзеуі мерген, қисыны қызық болып, сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы көбірек көзделеді» [Байтұрсынұлы А. «Әдебиет танытқыш» 1-бөлім]. Ақын көркем сөздің көңілге қона кетуі оны шебер қолдана білуде екенін осылай өзі де еске салады. А.Байтұрсынұлы поэзиясының көркемдік ерекшелігін зерттей отырып, ақынның ең көп қолданған көркемдік тәсілі - қайталау түрлері мен риторикалық сұрау екендігіне көз жеткіздік.

Қайталау-айшықтаудың бір түрі, сөз әсерін күшейте отырып, назар аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше рет қайталап қолдану. Қайталаудың мынадай түрлері бар: жай қайталау,еспе қайталау, анафора (бастапқы қайталау), эпифора (соңғы қайталау). [Қазақ тілі, 11-сынып . А. «Мектеп»,2015. 91-бет]

Ақын қайталау түрлерін «Ақын ініме», «Жұртыма», «Қазақ қалпы», «Қазақ салты» өлеңдерінде көп қолданған.

А.Байтұрсынов өлеңдерінде эпифора (соңғы қайталау) тәсілі көп кездеседі. Мысалы: «Қазақ салты» өлеңінде:

4

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.

Жел соқса, құйын қуса жылжи беру,

Болғандай табан тіреу ешнәрсе жоқ, - деген өлең жолдарында «жоқ» сөзін өлең тармағының соңында қайталау арқылы қазақ халқының білім алып, ізденуге асықпайтын ескі бейнесі мен іс-әрекетін нақтылай түседі. Осы қайталау түрін «Қазақ қалпы» өлеңінде де шебер қолдана білді. Мысалы:

Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,

Екпіндеп, ұшқыр атша қарқылдаған.

Бос белбеу, босаң туған бозбала көп,

Киіздей шала басып, қарқындаған,-деп, әр түрлі бейнедегі адамдарды суреттеуде «көп» сөзінің қайталануы өлең әсерлілігін күшейте түскен. Бұл өлеңде шалыс ұйқас қайталау тәсілімен шебер астасып жатса, ал теңеу мен эпитет («киіздей шала басып қарқындаған», «бос белбеу, босаң туған бозбала») жыр шумақтарын одан әрі әрлендіре түседі. Ақын бұл өлеңін аяғына дейін осы тәсілмен жазды.

Ақынның бір шумақта анафора мен эпифораны қатар қолданған шеберлігінің куәсі болдық. Бұл - «Жауға түскеннің сөзі» өлеңі. Бұл өлеңде автор:

Жанға көңіл қалып тұр,

Жан бұл күйге салып тұр.

Тәнге көңіл қалып тұр,

Тән шыдамай арып тұр.

Жұртқа көңіл қалып тұр,

Жұрт жалғанға нанып тұр,- деп, «жан», «тән, «жұрт» сөздерін анафора тәсілі арқылы көркем жеткізсе, тармақ соңындағы «тұр» сөзін алдындағы тіркесіп тұрған сөзімен (қалып тұр, салып тұр, т,б.) шебер қайталай білген. Бұл- сол кездегі «жазықсыз жаланың» құрбандары болған зиялы қауымның бейнесі.Ауызекі сөйлеуде қайталап айтылған сөз бен ой адамды жалықтырып жіберуі мүмкін. Бірақ айшықтау өнеріне бұл пікірдің қатысы жоқ. Себебі, айшықты сөз айшықтауды дұрыс қолданғаннан туады.

5

А.Байтұрсынов – Абай Құнанбайұлы негізін салған қазақ жазба әдебиетін жақтаушылар мен ілгері дамытушылардың бірі. Абайды ерекше құрметтеген А.Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақтың бас ақыны» мақаласын жазады. Өз мақаласында: « Қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. ...Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады» деп, Абай шығармаларына ден қойғанын жасырмайды. Өлең сөздің «тілге жеңіл, жүрекке жылы тигенін» қалаған Абай ақынның тілімен өлең жазды. «Жиған-терген», «Жұртыма», «Жауап хаттан» өлеңдері соның айғағы. Мысалы Абай атамыз «Сегіз аяқта»:

«...Басында ми жоқ,

Өзінде ой жоқ,

Күлкішіл кердең наданның.

Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды-

Әдеті надан адамның.

Бойда қайрат, ойда көз,

Болмаған соң, айтпа сөз...» -десе, ал А.Байтұрсынов «Жиған-тергенде»:

«Қазағым, елім,

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді оянып.

Қанған жоқ па әлі ұйқың,

Ұйықтайтын бар не сиқың?»-деп, Абай сарынын үлгі етеді.

Дәл осындай ұқсастық ақынның «Жұртыма» өлеңінде де бар. Бұл жолы Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіне еліктеп, сонымен сарындас жыр жазады:

6

Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым,

Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.

Сияқты қара қарға шуылдаған,

Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым,-деген өлең жолдарынан да Абай сарыны, Абай үні естіледі. Бірақ, Абай сөздерін қайталамайды. Бұл ақынның ұлы ағартушылардың ізін жалғастырушысы болғандығының айқын дәлелі бола алады.

А.Байтұрсынұлы мысал аударуда да Абай тәжірибесіне сүйенді. Мысал аударуда екеуіндегі басты мақсат бір, идея бір. Бірақ И.Крыловтың мысалдары Ахметте сюжеттік құрылым жағынан сақталғанмен, қазақ тұрмысын танытатын жаңа ой қосып, мысал көлемін молайтады. Кейіннен осы мысалдарға еліктеп, өзі де мысал жазады. Ахмет өз аудармаларында Абай салған жазба әдебиеттің негізіне сүйенеді. 11 буынды қара өлең ұйқасын мықтап меңгергені аңғарылады. Бірақ , мысалдың соңында негізгі ойға көбірек тоқталып, ой қорытады. Әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым-қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасай білді. Қазақ халқының санасын ояту үшін де осы тұжырымды шумақтарды қолданады. Сөзіміздің дәлелі ретінде төмендегі кестеге назар аударайық:

Мысал атауы

И.Крылов /түпнұсқа/

А.Құнанбаев /аударма/

А.Байтұрсынов /аударма/

«Ворона и лисица»

«Қарға мен түлкі»


26 жол.

Вороне гдг-то бог послал кусочек сыру, На ель Ворона взгромоздясь, Позавтракать было совсем уж собралась, Да позадумалась, а сыр во рту держала, На ту беду Лиса близехоньке бежала.

Соңғы шумағы:

От радости в зобу дыханье сперло, И на приветливы Лисицины слова. Ворона каркнула во все воронье горло: Сыр выпал – с ним была плутовка такова.



47 жол, 7-8 буынды, кейде 6 буынды, шалыс ұйқасы басым.

Ірімшікті құдайым, Кез қылды бір күн қарғаға. Алып ұшып барды да, Қонды бір биік ағашқа. Үлкен олжа емес пе, Ірімшік деген қарны ашқа? Бір жеп алып, шүкірлік, Қылайын деп аллаға. Тұмсығында ірімшік, Ойланып қарап тұр еді, Бір қу түлкі сорына Жақын жерде жүр еді.

Соңғы шумағы: Өзіне біткен өңешін, Аямастан қарқ етті. Ірімшік жерге салп етті, Іс бітті, қу кетті.



12 шумақ, 48 жол, 11 буынды, қара өлең ұйқасы. 10 шумағы негізгі сюжет, соңғы екі шумағы-қорытынды. Бір түйір ірімшікті тауып алып, Ағашқа қарға қонды ұшып барып. Тоқ санап ірімшікті көңіліне, Жей қоймай отыр еді ойға қалып. Мысал сюжеті бойынша соңғы шумағы:

Өтірік мақтағанға қарға еріп, Қарқ етті пәрменінше жағын керіп. Ірімшік қарқ еткенде жерге түсіп, Жеп алып түлкі кетті жортып, желіп.


Түйінді ой:

Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып,

Далада кең сахара көшіп-қонып. Алдаған залымдардың тіліне еріп, Жүрмесек жарар еді мазақ болып.

«Лягушка и вол» «Өгіз бен бақа»

17 жол.

Соңғы шумағы:

Что, не сравнявшися с волом,

С натуги лопнула и околела Пример такой на свете не один:

И диво ли когда жить хочет мещанин,

Как именитый гражданин,

А сошка мелкая, как знатный дворянин.

10 шумақ, 40жол, 7-8 буынды, кейде 6 буынды. Шалыс ұйқас. Соңғы шумақ:

Тырқыл қағып, тыпырлап,

Күшенді де бөртінді.

Іш жарылды сытырлап,

Мақтанам деп өзі өлді.

Таласпа жаным-ай, Қолыңнан келмеске.

Боларсың бақадай,

Көп түссең егеске.

9 шумақ, 36 жол, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.Мысал сюжеті бойынша соңғы шумақ:

Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа,

Зорланды қарнын керіп енді Бақа.

Шыдамай жұқа қарын керуіне,

Жарылып сол арада өлді Бақа.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!