Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
Материалдар / Ғылыми жоба «Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтияның шығармашылығындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Ғылыми жоба «Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтияның шығармашылығындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер»
Материал туралы қысқаша түсінік
«Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтияның шығармашылығындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер» тақырыбына жазылған ғылыми жобада М.Мақатаев пен И.Бахтияның шығармашылығы салғастырмалы қарастырылған. Екі халықтың ақиық ақындарының өмір жолы да, өлеңдерінің мазмұны да жан-жақты салыстырылып зерттелген.
Бұл ғылыми жоба мұғалімдерге, оқушыларға, студенттерге қосымша материал ретінде бағалы жұмыс болады деп есептейміз, өйткені жобада қазақ және ұйғыр әдебиеттерінің өкілдерінің шығармашылығы тұңғыш рет салыстырылып, зерттеліп отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Мамыр 2024
204
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:
Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтияның шығармашылығындағы
ұқсастықтар мен ерекшеліктері
Мазмұны
1. Кіріспе ----------------------------------------------------------- 4-5
бет
ІІ.Негізгі бөлім
1. Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтияның шығармашылығындағы
ұқсастықтар
----6-10 бет
2. Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтияның шығармашылығындағы
Ерекшеліктер
-----12-14
ІІІ Қорытынды----------------------------------------------------- 1 5 бет
ІУ Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------- 16 бет
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілдік және көпмәдениеттілік жағдайында болғандықтан жастар алдына үлкен
де күрделі мәселелер қойып отыр. Ол: жастардың көп ұлтты және көпмәдени ортада өмір сүруді , ұлты басқа адамдармен қарым-қатынас жасай
білуі. Жастар өз ұлтының төл мәдениетін дамытумен қатар, басқа халықтарды сыйлап , басқа елдердің де мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін бағалап,
түсіне білуі қажет. Бұл басқа ұлттардың мәдениетін танып білу, әр түрлі
конфессия, ұлт өкілдері арасында толиранттық қатынас орнату. Жастарды
көпмәдениетті дүниеде өмірге дайындау . ЮНЕСКоның халықаралық
комиссиясының баяндамасында ХХІ ғасыр білім беру ісін дамытудың өзекті
мәселелері ретінде көпмәдениетті тұлғаны дамыту мәселесі айтылды. Осы
мақсатта білім беру адамның дүниеде өз орнын табуына және өзге ұлт
мәдениетіне құрметпен қарауға көмектесуі керек. Адамдардың бір-бірімен
ізгі қарым- қатынаста болуы – бұл қоғамдық-әлеуметтік ең маңызды мәселе.
Халықтар достығы мен туысқандығын нығайтуға
туысқан халықтар
әдебиетін бір-бірімен байланыстыру яғни туысқан халықтар әдебиетіндегі
ортақтық, ұқсастық қасиеттерді байқату арқылы да әсер етуге болады екен.
Осыған байланысты туған жаңа бағыттар мен әдіс-тәсілдердің ішінде екінші
тілді үйрену барысында грамматиканы
адам өз
ана тілінің
грамматикасымен салыстыра оқыту тиімді де ұтымды екенін тәжірибе
көрсетіп берді.
Бірақ, бұл тәжірибе бүгінгі күнде тек тілдерді үйренуде ғана, олардың
айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне байланысты ғана айтылып
келеді.Ал, адам сезіміне әсер ететін поэтикалық шеберлікпен жасалынған
көркем өнер - әдебиеттегі байланыстар туралы
зерттелген, ғылыми
негізделген жұмыстарды
жоқ деп айтсақ та болады. Әсіресе, қазақ
халқының дарынды ақыны Мұқағали Мақатаев пен ұйғыр халқының ақыны
Илия Бәхтия
шығармашылықтарының ұқсастығы, өзара байланысы,
ерекшелігі туралы және оларды салыстырудың маңызы туралы ғылым
жүзінде дәлелденбеген.
Осының бәрі сайып келгенде «Мұқағали Мақатаев пен Илия
Бәхтияның шығармашылығындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер »
атты зерттеу тақырыбын алуға түрткі болды.
Зерттеу жұмысымызда түркі тілдес қазақ және ұйғыр халықтарынан
шыққан ақиық ақындар Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтия
шығармашылығындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерін қарастыру
мақсат етілді.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау
көзделді:
- Зерттеу мәселесі бойынша теориялық
зерттеулерге, ақындар
шығармаларымен таныса отырып екі ақынның шығармашылығындағы
ұқсастықтар мен ерекшеліктерді анықтау.
- Екі жерлес ақынның өмір жолына, шығармашылығына талдау жасау.
- Ұсынылған салыстырмалы әдіс бойынша ұйғыр балаларының ақындар
шығармашылығын меңгерудегі нәтижесін бақылау.
Зерттеу нысанасы. Ақиық ақындар Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтия
шығармашылығы
Зерттеу жұмысымызда
тәжірибемізге сүйене, әдебиет құралдарын
зерделей отырып, төмендегідей ғылыми болжамдар жасалды.
- Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтия шығармашылығын таныстыру
салыстырмалы негізде жасалатын болса, көпмәдениетті тұлғаны
қалыптастыруға ықпал етеді
Жұмыстың ғылыми жаңалықтары:
- Қазақ және ұйғыр халықтарынан шыққан ақиық ақындар
Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтия шығармашылығындағы
ұқсастықтар мен ерекшеліктері тұңғыш рет салыстырылып
қарастырылды..
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.
1.Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруда.
2.Пәнаралық байланыста яғни қазақ және ұйғыр әдебиеті пәндерін
оқытуда.
Алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда төмендегі зерттеу
әдістері пайдаланылды:
- Теориялық әдістер. Зерттеудің әлеуметтік өзектілігін айқындайтын ,
оқулықтарды, ғылыми еңбектерді зерделеу, сараптау, салыстыру,
жинақтау, жүйелеу.
- Эксперименттік бақылау жүргізу.. Пікіралмасулар, сауалнамалар алу,
оларды талдау.
- Статистикалық, тест әдістері. Эксперименттік жұмыс нәтижелерін
талдау, қорытындылар жасау. Сауалнама қорытындыларын кестеде
көрсету..
Жұмыс зерттеу кіріспе және негізгі бөлімдерден , қорытындыдан ,
қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Негізгі бөлім
1. Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтия шығармашылығындағы
ұқсастықтар
Әдебиет сабағын көптеген пәндермен байланыстыра жүргізу тиімді.
Әсіресе,туысқан халықтар әдебиетімен байланыстыру жастардың рухани ,
эстетикалық ой-өрісін кеңейтуге , халықтар достығы мен туысқандығын
нығайтуға көмек жасайды. Пәнаралық байланысты қазақ, ұйғыр әдебиетінің
және
басқа
туысқан
халықтар
әдебиеттерінің
уәкілдерінің
шығармашылықтарындағы ортақтық,ұқсастық қасиеттерді байқату арқылы
жүзеге асыруға болады. Мұндай қасиеттер қазақ халқының талантты Қазақ
жырының құдіреті болған Мұқағали Мақатаев пен ұйғыр халқының
дарынды ақыны Илия Бахтияның шығармашылығынан көптеп табылады.
Мұқағали Мақатаев Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге
келген. Мұқағали
қазақ поэзиясының, әсіресе қазақ лирикасының
философиялық мазмұнын айрықша байытып, өмір – тіршіліктің мұңды,
сырлы шындығын аса шебер жырлап, қазақ өлеңінің шоқтығын бір шама биік
деңгейге көтерген дара ақын. Өзінің сырға толы
тұнық та мөлдір
жырларымен жұртшылық жүрегіне жол тапқан ақын мұрасы бүгінде туған
халқына ғана емес , Қазақстан жерін мекендеген барлық туысқан
халықтардың да рухани азығына айналып отыр..
Ұлы Абай өлеңдерінен нәр алған, бүкіл болмысымен терең түсіне білген
ақын Абай үніне үн қосып, Абай өнегесін үлгі тұту өз жанының аңсары,
қалауы екенін білдіреді.
... Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын.
Жаралы жүректерді емдеу үшін.
Немесе
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден..... –
деген жыр жолдарынан, Мұқағалидың өзі айтқандай, «Абай жаққан бір
сәуле сөнбеу үшін» жанын салған ақын бейнесі танылады.
Поэзияда, негізінен Абай салған дәстүр – адам сезімін табиғаттағы
бейкүнә тіршілік иелерінің жанды бейнесі арқылы көрсету дәстүрі –
Мұқағали поэзиясынан заңды жалғасын тапты. Мысалы:
Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда: « Жанымыз егіз» , - деген?
... Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей,
Қысты күн ... жем іздеген.
Осы үзіндінің адамға әсері керемет. Қыстыгүні жем іздеп , терезе алдына
келіп тұрған момақан құстың жалынышты бейнесі оқырман жүрегін
шымырлатып, ерекше күйге түсіреді. Автор махаббат күйінішін тың суреттер
арқылы қарапайым сөзбен өте әсерлі жеткізген.
Мұқағали сияқты кемеңгер Абайды пір тұтып, ұстаз санаған Мұқағалидің
замандасы , ұйғыр поэзиясына өз стилі, өз дауысы, өзіндік ерекшелігімен
келген зор талант иесі ақын Илия Бәхтия да Абай өлеңдерін оқумен қатар,
Абай дәстүрі мен үлгілерін поэзия саласында көп қолданды.
Ауылда, қазақ мектебінде оқып, Алматыдағы Абай атындағы педагогика
институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тамамдаған Илия Бәхтия
жасын-ақ туысқан халықтың өлең-жыр қайнарынан сусындап,барша қасиетін
бойына сіңіре білген. Ол қазақ поэзиясын бес саусағындай біліп, айырықша
қастерлеген еді.Сондықтан, Илия Бахтия шығармашылығын оқыту
барысында оның ақын болып қалыптасып, жетілуіне әсер еткен қазақ
әдебиетінің игі ықпалына тоқталмау мүмкін емес. Ақын өзі бір естелігінде
(Шеирлирим-тәржимә һалим): «Осылай жазсам» деп армандаған ақынжазушылар менде де бар.Ол шығыс классиктерінің бірі, қазақ халқының ұлы
ақыны Абай! Мен оны жаттап өстім. Жалпы қазақ поэзиясы менің
шығармашылығымның өсуіне үлкен әсерін тигізді» деп жазады.
Оның поэзиясы терең мазмұнды,ойлы болуымен бірге көркемдік
қырларымен,өзіндік сипатымен де ерекшеленеді. Поэзиясының тілі таза,
қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Одан Абайдың
адамгершілік, ақындық өнер мен шабыт туралы өлендерінің лебі есетінін
байқауға болады.Сөзіміз дәлелді болу үшін ақын өлеңдерін оқып көрелік.
Жақсы,адам ол, балам, табылмайды,
Ары таза,еңбексүйер...
Жақсылық деген ол сатылмайды,
Қолға түссе өміріңе алып қал!
(Жақсы адам туралы сөз)
Ақынның Абайдан үйренгенінің бір айғағы-кейбір өлеңдерінің Абай
өлеңдерінің үлгісінде жазылуы. Мысалы,төмендегі өлең жолдары Абайдың
«Сегіз аяқ»үлгісінде жазылған:
Тар қәпәздә
Муң авазда
Тинмай жиғлап шәриқ қизи.
Мөлт-мөлт етип,
Йеши еқип,
Арам алмай қара көзи,
Әшу заман зар жиғлиған,
Яш орниға аққузуп қан.
Сондай-ақ, Илияның кемеңгер ақынға арнап жазған «Ұлы Абайға»
өлеңін бір шолып шыққанның өзінде-ақ ұйғыр қаламгерінің бойын билеген
ыстық сезімнің лебін бірден байқаймыз. Мұнда ұлы ақын поэзиясының
ықпалы мен әсері сөз қолданыстарынан да,бейнелеу жүйесіне иек артуынан
да аңғарылады. Абайдың «Адамды сүй!» дейтін аталы сөзі Илияның
қаламына алдымен ілігеді. «Жартастарға», «Айқайынды аңғарта алмай зар
болдың», «Моласындай бақсының жалғыз қалған жан болдың», «Сен бір
«жұмбақ» адам едің»,«Сөз патшасы өлеңіңді ермек үшін жазбадың»деп
келетін жыр тармақтары кімнен, қайдан енген үлгі-үрдістер екенін тану
қиынға соқпайтын тәрізді. Енді өлеңнің өзінен үзінді оқып көрейік:
«Сөз патшасы өлеңіңді ермек үшін жазбадың»,
Дұшпанға оқ,досқа медет,тілге қуат жазғаның,
Әрбір сөзің бізге ақыл сенен қалған қазынаның,
Мүмкін оны өз кезінде өзің де еш сезбедің,
Бірақ,бірақ өз халқыңнан жақсылықты күттің сен.
Ұлты бөлек болса да, Абайдың асыл сөздерінен қуат алып, бір қазақ
жеріне деген зор құрмет пен сүйіспеншіліктің әсерінен үндері шабыттана
шыққан екі ақынның өмірбаянын, шығармашылығын оқыту кезеңінде
екеуін де қатар қойып, таныстырып өтудің маңызы зор. Себебі, замандас
ақындар Туған жердің табиғатын талай бірге тамашалаған , Мәскеудегі
жоғары әдеби курста да бірге оқыған. Бір қызығы, тәттісінен ащысы көбірек
болған Илияның тағдыры да Мұқағали Мақатаевқа өте жақын. Тіршілікте
өмір ағымында кездескен келеңсіз жайлар, неше алуан пендешілік күйлер
ақындар жанын күйзелтпей қоймады. Бірақ олар ешқашан
өмірден
түңілмейді, қайта өмір дегенге құштарлық сезімдері өрши түседі. Өз
жырларымен төгіле отырып, өнерінің мәңгілік өміршеңдігіне кәміл сенеді,
оқушысын да сендіреді. Келешекке зор үмітін артқан ақындар :
...Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе, өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
... Көрүшүшкә, күришишкә өмүр болсун,
Челишип өлгән оғул көмүлмисун.
Вақти келип, көз жумай мәйли өзәм,
Лекин көзи шеиримниң жумулмисун.
деп өздерінің өмірлерінің жалғасы өлеңдерінде екендігіне сенеді.
Илия Бахтияның туған жері Ұйғыр ауданында тойлаған ақынның 60
жылдық торқалы тойында ел-жұрт екі ақынды бір құстың қос қанатына
ұқсатып: «Мүмкін Кетпен тауының ар жағында қазақтың Мұқағалиы,бер
жағында ұйғырдың Илиясы бір таудан басталған бұлақ суларын ішіп
өскендіктен өмірі де, шығармашылығы да ұқсас шығар»деген сөздер айтқан
еді.
Шынында да, өмірден ерте кеткен екі ақынның тағдыры ғана емес,
шығармашылығы да ұқсайды. Сондықтан Илия шығармашылығын Мұқағали
Мақатаевпен байланыстырмау мүмкін емес.
Талант иелерінің балалық шақтары екінші дүниежүзілік соғысымен
тұстас болғандықтан,олардың шығармашылығында соғыс тақырыбы ерекше
орын алады.Әрі екеуінің де өлеңдерінде он жастағы өздері тұрғыластары,
жесір жеңге, аңыраған ана, майданға кеткен әкелер, сүйгенінен айырылған
ынтық жастар, ізгілік үмітімен жасаған қарттар, тылдағы еңбек суреттеледі.
Екі ақын да өз шығармашылығында Отанға,туған жерге деген
сағынышын,махаббатын жырлап, туған жердегі еңбек адамдарының бейнесін
жасайды. Адамгершілікті, досты жырға қосып, өмірдегі бар шындықты
жасырмай, адамдар арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді.
Мысалы, Мұқағали:
Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз,ерегеспей,белдеспей,
Өтейікші бірімізді-біріміз
Өшіктірмей,өкпелетпей,сен деспей.
(Өтініш)
деп жырласа, Илия:
Қизиқ йә?!
Тирикчилик,
Өмүр дегән,
Чоғ болуп өчидекән көмүр дегән
Әзәлдинла бир-бирини рәнжитиду,
Рәнжитиду
Һазирчә көмүлмигән.
(Өмүр дегән қизиқ йә?)
деп түйіндейді.
Поэзияға байланысты толғанған ақындар ақын інілеріне арнап өлеңдер
жазады. Мұқағали «Ақын інісіне»:
Ақын болсаң,алмас бол тайсалмаған!
Сен айт менің ойымды,айта алмаған
десе,Илия:
Шаир иним,сән жираққа барғайсән,
Мән алмиған чоққиларни алғайсән
деп жас ақындар жолына табыстар тілейді. Бұл жерде әр екі ақынның
жастардың ақылшысы, көмекшісі болғанын дәлелдейтін жас ақындардың
өлең жинақтарына жазған сын мақалаларына тоқталып өтуге болады .
(М.Мақатаев.Қазақ жырларының бір жылы.1972; И.Бахтия. « Жаңғырсын
жастар дауысы.» 1961).Мұнда жастардың кемшілігі, жетістіктері нақты
мысалдармен дәлелденіп, оларға бағыт-бағдар беріліп, жақсы пікірлер
келтіріледі.
Екі ақынның шығармашылық ұқсастығы әділдік туралы
толғаныстарынан да көрінеді. Дер кезінде өздеріне тиісті әділ бағасын ала
алмаған екі ақын тірісінде ешкімнің ескермегенін қынжыла жырлайды.
Бүгін менің туған күнім,ой пәлі-ай
Мынау халқым неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жаратпай-ақ қойғаны-ай!
(Арыз жазып кетейін)
Келмеді достарым,келмеді,
Туған күнімді құттықтап,
Біреу де гүл шоғын бермеді,
Тұрмадым ешкімге еркелеп.
(Неме артуқ)
Екі ақынның шығармашылығында балалар жүрегіне жақын, оларды
азаттық өмірге, оның жақсылығын молайтын, жамандығын жоя білетін
күрескерлікке үйрететін өлеңдері де мол. Олар ақылын жай сөзбен емес,
көркем ой арқылы жеткізе отырып, балалармен құрдасындай сырласады.
Ақындардың шығармашылығын тағы бір ерекшелігі және ұқсастығы диалог
формасында жазылған өлеңдердің кездесуі. Диалогті аз сөзбен бас
кейіпкерлердің
жан дүниесін,ішкі болмысын
немесе өз
ортасына
көзқарасын суреттейді. М.Мақатаевтың « Адасқанға», «Махаббат диалогы»,
т.б. Илияның «Отан жөнінде», «Отаншылдың жауабы», т.б. өлеңдері біздің
бұл пікіріміздің дәлелі:
- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өртенсем,. Не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
- Әқиллиқ болсаң немә ойлаттиң?
- Ана жутумниң ғемини ойлаттим.
- Батур болсаңчу, батур болғанда?
- Жутним қорғаттим күчүм турғанда.
Сондай-ақ, олардың табиғат тақырыбына арналған
өлеңдерінде де үндестік байқалады.
Мұқағали да , Илия да өз шығармашылығында достарына ерекше мән бергені
байқалады.. Өйткені екеуі де достарын құрметтей, қадірлей білетін еді:
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.
(Досым, саған сенемін. )
Тәң шерік муң-қайғум, шатлиғим,
Дост дегән –қанитим, мәнпийитим.
Үмүтүм, яшлиғим,байлиғим,
Достлирим турғанда мән пүтүн.
Мұқағали мен Илияның шығармашылық жақындығын сөз ете берсек, өте
көп мысал келтіруге болады. Екі ақынның көптеген өлеңдеріне музыка
жазылып, бүгінгі күнде туған жеріміз Қазақстанның көгінде қалқып ,
тыңдарманын тамсандырып жүр.
2. Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтия
шығармашылығындағы ерекшеліктер
Әрине, екі ақынның мұрасы барлық жағынан ұқсас деп айтудан
аулақпыз. Әрбір ақынның өзіндік ерекшелігі , үні бар. Бір жерді мекендеп,
қуанышы мен қайғысын тең бөлісіп бірге тіршілік жасап келе жатса да,
әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен , тарихымен ерекшеленетін халқы бар.
Мұқағалиның қазақ халқының тарихындағы өте бір ауыр кезең «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасын ,есімі Албанның ұранына айналған,
жоңғар басшылығына қарсы күрескен Райымбек сынды қазақ батырының
өмір жолын өз халқының тағдырымен бірлікте алып суреттеген «Райымбек!
Райымбек! »поэмасының өзі ғана ақынның халқы үшін асыл перзентіне
өшпес ескерткіш орнатқанын көрсетеді. Сонымен қатар:
Табиғат,
Жанымды алсаң, алшы менің,
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім,
Қалсын елім.....- .
деген ақынның шығармалары қай кезде болса да, халқының қажетіне жарап,
рухани игілігіне айналған құнды мұралары.
Әлбетте, Илия да туған халқының рухани қазынасымен ауызданып, оның
өткендегі және осы заманғы әдебиетінен нәрленген қаламгер. Ол Біләл
Назымның, Омар Мухаммедінің, Ізім Іскендіровтың, Қадыр Хасановтың,
Исмаил Саттаровтың ақындық тәжірибесіне сүйенген, соны жалғастырған,
дамытқан. Оның «Шәрқий Түркстан зари» өлеңінде де ұйғырдың Ипархан,
Назугум сынды батыр қыздарын , тарихи отанындағы халқының зарын
жырлады.
Мениң қиймас қиммитимсән, арминим,
Саңа дегән отлуқ ишқим бар мениң.
Маочиларға дәпсәндә боп бүгүнзә,
Ва,әзиз әл»!
Ва, әзиз жут!
Зарлидиң.
Қени сениң , азатлиғиң, байлиғиң,
Қени сениң әркинлигиң, яйлиғиң?!
Қақас болуп, жуңузлинип болдиғу,
Гүлгә толған бағу-бостан сайлириң.
Сонымен қатар, ақынның тағы бір ерекшелігі, оның күнделіктегі тұрмыстың
күйінішті, күлкілі көріністерін ажуа-сықақ, мысқылмен шындыққа сай
суреттеген өлең, мысалдары «Шодума вә буғдай», «Чечән -паскина»,
«Чатақчи алим», «Сеғизған», «Икки өкүз», «Ай билән пистәк»т.б.. Оның
сатира мен әзіл-сықағы поэзиясының күшті де әсерлі бір көркемдік
сипатына айналды.
Қушқач чивин жутуп алди.
Алман-талман жутуп алди.
Андин кейин:
«Мән қийин!»
Дәп ойлиди қушқачжан ,Дуниядики әң учқуч мән.
Тапқуч мән!
Мениңдин чаққан қушму йоқ.
Маңа тәң келәр күчму йоқ!...»
Башқа билән чатақ йоқ,
Буниңдин ашқан ахмақ йоқ. (Қушқач)
Мұқағали мен Илия Бәхтия Қазақ және ұйғыр поэзияларының жарық
жұлдыздары ретінде мәңгілік жарқырап тұрады. Өйткені Мұқағалиның:
..... Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам , оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Алайда өлтіре алмас өлеңді ешкім
Немесе Илияның:
Мұра қалса ұрпаққа
Бір аз еткен еңбегім
Көңіл тойса ол баққа,
«Өлді » дейді мені кім?
яғни
Қолтаңбам бар!
Бір жөні болып қалар.
Ақын құсы маңыма қонып қалар.
Сонда халқым көп ақын арасынан
«Қарға балам-Аппағым» деп танып қалар
деген өлең жолдары да олардың болашаққа,халқына деген сезімінің ұқсас
екенін көрсетеді. Ақындар қателескен жоқ, туған халқы, жыр сүйер қауым
өздерінің М.Мақатаев, И.Бахтия сынды біртуарларын жазбай танып.
ардақтады. Ақындарға туған ауылдарында мәңгілік ескерткіштер орнатылып,
мұражайлар ашылды. Шонжы селосында И.Бахтияға арналып ашылған
мұражайға М.Мақатаев туралы деректер қойылды. М.Мақатаев есімі
Райымбек ауданы «Тегістік» кеңшарының орта мектебіне, И.Бахтия есімі
Ұйғыр ауданы
Шонжы селосындағы ұйғыр орта мектебіне берілді.
М.Мақатаев есімімен Алматыдағы тұңғыш мектеп-гимназия және бұрынғы
Пастер көшесі аталды. Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағында 1992
жылдан бастап әр жылдың әдеби қорытындысында ең үздік жас ақындарға
арнап Мұқағали Мақатаев атындағы және Илия Бәхтия атындағы сыйлықтар
тағайындалды
Қорытынды бөлім
Қазіргі Қазақстандық қоғам
көпұлттық, көптілдік және
көпмәдениеттілік жағдайында болғандықтан жастар алдына үлкен де
күрделі мәселелер қойып отыр. Ол: жастардың көп ұлтты және көпмәдени
ортада өмір сүруді , ұлты басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білуі.
Жастар өз ұлтының төл мәдениетін дамытумен қатар, басқа халықтарды
сыйлап , басқа елдердің де мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін бағалап,
түсіне білуі қажет. Бұл бағытта туысқан халықтар әдебиетімен байланыстыру
жастардың рухани , эстетикалық ой-өрісін кеңейтуге , халықтар достығы мен
туысқандығын нығайтуға көмек жасайды. Әсіресе, қазақ, ұйғыр әдебиетінің

Сол себепті біз өз еңбегімізде Мұқағали Мақатаев пен Илия Бәхтияның
шығармашылығын негіз етіп алдық. Кемеңгер ақын Абайды өздеріне ұстаз
етіп санаған
екі ақынның шығармашылығындағы ұқсастықтар мен
ерекшеліктер қарастырылып, талдау жасалды.
Ойымызды қорытындылай келе осындай мағлұматтарды пайдаланып,
салыстыра оқу өмірлік қажеттігі зор мәселе деген пікірге келдік. Өйткені бұл
жас ұрпақты туысқан халықтар әдебиетінің бай қазынасымен тереңірек
танысуға мүмкіндік береді. Бірақ біз зерттеу жұмысымызда тек екі ақынның
өмірі мен шығармашылығына тоқталып отырмыз, әлі ондай салыстыруға
келетін
бір-бірімен шығармашылығы жағынан
жақын ақынжазушыларымыз қаншама. Сондықтан , біздің бұл жұмысымыз осы үлкен
істің бастамасы бола алады және ұйғыр тілді оқушыларға қазақ әдебиетінің
мол қазынасын меңгеруде өз септігін тигізеді
деп ойлаймыз.
Зерттеу жұмысымыздың жоспары бойынша өзім оқитын мектептің
оқушыларынан тақырыбымызға сәйкес сауалнама алдық. Сауалнама
сұрақтарына жауап төмендегідей болды
1. Сізге қазақ және ұйғыр ақындарынан кімдер ұнайды, кімнің
өлеңдерін сүйіп оқисыздар?
а. Мұқағали мен Илияны деп жауап бергендер - 95%
а.Қайсы ақындардың өмір жолын жақсы білесің ? деген сұраққа да
оқушылар 100% осы ақындарды көрсеткен.
Сауалнама мен сұхбаттардың нәтижелерін қорытындылай келе біз
мүмкіншілік болса әдебиет уәкілдерінің де шығармашылығын салыстыра
оқыту тиімді екеніне көз жеткіздік. Және бұл зерттеу жұмысымыз
көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруда бір өзіндік қосылған үлесіміз деп
айта аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Т. Жумажанов., У.Асыл. Қазақ әдебиеті . Алматы: «Мектеп», 2007 ж.
Р. Исмаилов. Ұйғыр әдебиеті .11- сынып Алматы , 2007 ж.
Хамидуллина Қ. М. Мақатаевтың ақындық шеберлігі..Алматы, 1993 ж.
А.Нұрқатов . Абайдың ақындық дәстүрі. Алматы: 1996ж.
М. Мақатаев «Дариға жүрек» . Алматы, 1996 г
М. Мақатаев «Қош махаббат» . Алматы, «Жазушы»1988 ж.
М.Мақатаев «Аманат» . Алматы «Атамұра» 2002 ж.
И.Бахтия «Таңдамалы өлеңдері » Алматы, «Жазушы»1996 ж
Илия Бәхтия «Мениң билән муңдашқин» Алматы. 2005 ж.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)