Материалдар / Ғылыми жоба "Қазақ және ұйғыр тілдерінің салыстырмалы грамматикасы (атауыш есімдер негізінде)"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Қазақ және ұйғыр тілдерінің салыстырмалы грамматикасы (атауыш есімдер негізінде)"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобада агглютинативті қазақ тілі мен ұйғыр тілдерінің морфологиясын салғастырмалы қарастырған. Екі тілдің морфологиялық құрылымындағы айырмашылықтарға байланысты ерекшеліктер салыстырылып зерттелген. Бұл ғылыми жоба мұғалімдерге, оқушыларға, студенттерге қосымша материал ретінде бағалы жұмыс болады деп есептейміз, өйткені жобада қазақ және ұйғыр тілдерінің морфологиясы алғашқы рет салыстырылып, зерттеліп отыр. Сонымен қатар, дайындалған қазақ – ұйғыр тілдерінің терминологиялық сөздігі қажеттеріне жарайды деп ойлаймыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2024
258
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ және ұйғыр тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
(атауыш есімдер негізінде)
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні
жайында Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев:
«Біз
барша
Қазақстандықтарды
біріктірудің
басты
факторларының бірі – елімізде мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана
тілін одан әрі дамытуға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек », - деген
болатын. Бұл қазақ тілін қоғамдағы бірліктің күші ретінде таныту
қажеттігімен қатар, оны өзге ұлт өкілдері қазақ тілін оқып, үйрену арқылы
қазақ халқының тілін білумен қатар қазақ халқының мәдениеті, тарихы,
салт-дәстүрімен танысады. Осы танысу арқасында елімізге, мәдениетімізге,
тілге болған сыйластық сезімдері , көзқарасы тәрбиеленеді.
Тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламада тілдік
дамудың басым бағыттары ретінде «Тіл дамуын табысты жүзеге асырудың
неғұрлым маңызды шарттарының бірі қоғамдағы жалпы мәдениеттің
құрамдас бөлігі болып табылатын тілдерді оқытудың толыққанды жүйесінің
тұрақты қызмет етуін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады», деп көрсетілген.
Сондай-ақ , бүгінгі ақпараттандыру, жаһандандыру - интеграция
ғасырында
мемлекеттік тіл , орыс және ағылшын тілдерінен тұратын
үштілділікті дамыту және бұларды тек қана мемлекеттік тіл негізінде
дамыту шарт екендігі нақтыланып отыр.
Ал, «Ұлттық бірлік – біздің стратегиялық таңдауымыз » тақырыбындағы
Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында этносаралық келісімнің
әлеуетін нығайта түсу үшін жүзеге асырылуға тиіс болашақ шаралардың
бір бағыты мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, яғни мемлекеттік тілдің халық
бірлігінің факторы екендігі айтылды.
Демек, басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуі және мемлекеттік
тілде сөйлеуі, адамдардың бір-бірімен ізгі қарым- қатынаста болуы – бұл
қоғамдық-әлеуметтік ең маңызды мәселе . Осыған байланысты туған жаңа
бағыттар мен әдіс-тәсілдердің ішінде екінші тілді үйрену барысында
грамматиканы
адам өз ана тілінің грамматикасымен салыстыра оқыту
тиімді де ұтымды екенін тәжірибе көрсетіп берді.
Бірақ, бұл тәжірибе бүгінгі күнде тек
ғылым жүзінде зерттеліп,
салыстырылған
қазақ
және орыс тілдерінің фонетикасы , сөзжасам
жүйесі, морфологиясы
мен синтаксисіне, екі тілдің анықталып,
тұжырымдалған айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне байланысты ғана
айтылды. Өйткені осы күнге дейін Қазақстан Республикасында өмір сүріп
жатқан ұйғыр халқының ана тілі болған ұйғыр тілі мен мемлекеттік тілқазақ тілінің грамматикаларын салыстырып, зерттеген ғалымдарымыз да,
негізделген ғылыми жұмыстар да жоқтын орнында деп айтсақ болады. Бұл
бағытта екі тілдің тек қана дауысты дыбыстарының фонетикалық ұқсастығы

мен айырмашылығын зерттеп, өз тұжырымдарын айтқан филология
ғылымының докторы Т.Талиповтың еңбегін ғана атай аламыз («Гласные
звуки уйгурского и казахского языков» Изд. «Наука» Казахской ССР АлмаАта. 1968г.)
Әрине, екі тіл де түркі тілдес тілдер. Бірақ әр тілдің өзіне тән ерекшелігі,
айырмашылығы бар, осы айырмашылықтар тілді тез және сапалы меңгеріп,
түсініп алуға өз кедергісін жасайды.
Осының бәрі сайып келгенде «Қазақ және ұйғыр тілдерінің
салыстырмалы грамматикасы» атты зерттеу тақырыбын алуымызға
түрткі болды.
Зерттеу жұмысымызда қазақ және ұйғыр тілдерінің грамматикасын ,
оның ішінде, морфология саласындағы атауыш есімдердің кейбір
ерекшеліктері мен айырмашылықтарын қарастыру мақсат етілді.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау
көзделді:
- Зерттеу мәселесі бойынша теориялық
зерттеулерге, тіл
құралдарындағы ережелерге
сүйене отырып
екі тілдің
грамматикалық ерекшеліктерін анықтау.
- Қазақ және ұйғыр тілінің сөзжасам бойынша ережелеріне талдау
жасау.
- Тіл терминдерінің қазақ және ұйғыр тіліндегі сөздігін дайындау.
- Тірек кестелерін екі тілде дайындау.
- Ұсынылған салыстырмалы грамматиканың
ұйғыр балаларына
мемлекеттік тілді меңгерудегі нәтижесін бақылау.
Зерттеу нысанасы. Қазақ және ұйғыр тілдеріндегі салыстырмалы
грамматикасын дайындау.
Зерттеу жұмысымызда қазақ тілін үйрену
тәжірибемізге сүйене, тіл
құралдарын зерделей отырып, төмендегідей ғылыми болжамдар жасалды.
- Мемлекеттік тілді меңгеру барысында қазақ және ұйғыр тілдерінің
салыстырмалы грамматикасын пайдалану ұйғыр тілді азаматтардың
қазақ тілін тез және сапалы меңгеруіне ықпалы етеді.
Жұмыстың ғылыми жаңалықтары:
- Қазақ және ұйғыр тілдерінің грамматикасының (атауыш есімдердің )
тұңғыш рет салыстырылып, зерттелуі .
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.
1. Қазақ және ұйғыр тілдерінін салыстырмалы грамматикасы ұйғыр тілді
азаматтарға мемлекеттік тілді тез және сапалы меңгеруге көмек бере
алды.
Алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда төмендегі зерттеу
әдістері пайдаланылды:
- Теориялық әдістер. Зерттеудің әлеуметтік өзектілігін айқындайтын ,
тілдік арқауын негіздейтін, Мемлекеттік заңдарды, оқулықтарды,
ғылыми еңбектерде зерделеу, сараптау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу.

- Эксперименттік бақылау жүргізу.. Пікіралмасулар, сауалнамалар алу,
оларды талдау.
- Статистикалық, тест әдістері. Эксперименттік жұмыс нәтижелерін
талдау, қорытындылар жасау. Сауалнама қорытындыларын кестеде
көрсету..
Жұмыс зерттеу кіріспе және негізгі бөлімдерден , қорытындыдан ,
қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Негізгі бөлім
Қазақ және ұйғыр тілдерінің қалыптасуындағы ерекшеліктер
Қай тілді алсақ та, оның өзінің сөздік құрамы, ерекше фонетикалық
жүйесі және грамматикалық құрылысы болады.
Қазақ және ұйғыр тілдерін генеалогиялық жақтан алғанда шығу төркіні бір
түркі тілдері тобына жатады. Ү – ҮІІІ ғасырларда қытай шекарасынан
Византияға дейін, Солтүстік Монғолиядан Тараз қаласына дейінгі ұланғайыр жерді түркі халықтары мекендеген.
Қазақ және ұйғыр тілдерінің шығу тегі түркі тілдері дамуындағы ең көне
Алтай дәуірінен, Хун дәуірінен және одан бергі көне түркі дәуірінен бастау
алады.
Алтай дәуірінде негізі бір ата тілден шыққан түркі және монғол, тұнғысманьчжур тілдері бір-бірінен ажырай бастаған. Ал Хун дәуірінде монғол,
тұнғыс- маньчжур тілдері бір-бірінен ажырап, орналасқан
жеріне
байланысты түркі тілдері төмендегідей алты топқа бөлінген: оңтүстік тобы,
батыс тобы, орталық топ, шығыс тобы, солтүстік тобы, чуваш тобы. Қазақ
тілі орталық тобына, ұйғыр тілі шығыс тобына енеді.
Түркі тілді халықтар тіл туыстығы жағынан да алты топқа : қыпшақ,
оғыз, қарлұқ, аралық бұтақтарға, чуваштар мен сахаларға бөлінеді.
Қазақ тілі қыпшақ тобындағы тілдерге, ал ұйғыр тілі қарлық бұтағына
кіреді, екі тіл де сөз құрылысы (морфологиясы) жағынан жалғамалы
(аглютинативті) тілдер тобына жатады.
Қазіргі қазақ тілі мен ұйғыр тілінің арғы тегін сан-салалы көне түркі
жазба ескерткіштерінен аңғарамыз.Түркілердің көне жазуы – Орхон –Енисей
жазуын алғаш Амстердам қаласының оқымыстысы Н.Бидзен (1667ж) тапқан.
Дания ғалымы Томсен 1893 жылы жазуды оқудың жолын тауып, ол түркі
халықтарының жазуы екенін анықтаған.1896 жылы Әулиеата уезіндегі Талас
өзенінің бойында жазуы бар тас табылады. Орхон-Енисей және Талас
өзенінің бойынан табылған жазуды жүйеге келтіріп, кітап етіп бастырып
шығарған алғашқы ғалым – В.В. Радлов. Ол 1891 жылы тұңғыш рет Орхон
жазуын зерттеп, түркі халықтарының ескерткіші екендігін айтты.
Қазақ және ұйғыр тілдерінің құрылымы туралы мәліметтер Махмуд
Қашқаридің «Дивани луғат ат-тұрк » , Юсуф Баласағұнның «Қутадғу
билик», Ахмет Иассауидің «Дивани хикмет» т.б. еңбектерінде кездеседі.

ХҮ ғасырдың аяқ кезі мен ХҮІ ғасырдың басында қазақ тайпалары қыпшақ
қауымынан, ноғай ордасынан бөлініп шығып, дербес халық болып бірігеді.
Қазақтың біртұтас халық тілінің қалыптасуы ХҮ –ХҮІ ғасырлардан
басталып, ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін созылды.
Қазақ тілінің ХҮ –ХІХ ғасырлар аралығындағы бұл құрылысы жайында
мәліметтер Алпамыс, Қамбар, Қобыланды, Ер Тарғын, т.б. сияқты тарихи
эпостар мен тарихи поэзия жырларында берілген. ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ
ғасырдың бірінші жартысында кітаби тіл элементтерін сақтаған қисса –
дастандар, батырлар жайында жырлар пайда болады.Сонымен,ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан бастап қазақ тілі ұлт тілі болып қалыптаса бастайды.
Қазақ тілі сонау ерте дәуірден, біздің жыл санауымыздан бері қарай қазақ
халқының дамуымен бірге алға басып, жетіліп келеді. Еліміз егемендік
алғалы бері қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып отыр.
Өте көне тілдердің бірі ұйғыр тілі де ұзын тарихқа бай. Академик
А.Т.Қайдаров өзінің «Развитие современного уйгурского литературного
языка» атты еңбегінде ұйғыр тілінің даму басқышын төмендегідей үш этапқа
бөліп қарайды:
1.Көне дәуір. Бұл дәуір екі кезеңнен тұрады: а) Ү ғасырға дейінгі болған
уақыт, ә) Ү-ХІІІ ғ.
2. Орта ғасырлар дәуірі. Бұл дәуір де екі кезеңнен тұрады: а) алғашқы орта
ғасырлар дәуірі (ХІ –ХІҮ ғ) ә) кейінгі орта ғасырлар кезеңі ( ХҮ-ХІІ ғ.);
3. Қазіргі дәуір де екі кезеңнен тұрады: а)жаңа кезең (ХҮІІ-ХІХ ғ.), ә)кәзіргі
кезең ( ХХ ғасырдан бергі уақыт .)
Қазақ және ұйғыр тілдерінің сөздік құрамына түркі тілдеріне ортақ
байырғы сөздер, ғасырлар бойы қалыптасқан екі тілдің байырғы сөздері
кіреді. Қандай тіл болмасын сөздік құрамының толығып, кемелденуі бір
ғана өзінің ішкі мүмкіндіктері арқылы жүзеге аспайды. Өзінде жоқ сөзді
өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып,
жетілдіріп отырады. Бұл халықтардың тарихына көз жіберсек , көптеген
елдермен тығыз байланыста болғандығын көреміз. Әсіресе бұл тілдердің
сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен араб, парсы, монғол, орыс
тілдерінен енген сөздерден тұрады. Араб-парсы сөздері қазақ, ұйғыр
тілдеріндегі кірме сөздердің ең мол қорын жасайды. Көпшілік сөздері
сыртқы түр-тұрпаты жағынан да, ішкі мағынасы жағынан да жымдасып, осы
тілдердің тума төл сөздеріндей болып кетсе кейбіреулері қазақ және ұйғыр
тілдерінің дыбыстық заңдылықтарына сәйкес
кейде түгелдей, кейде
жартылай өзгерген. Ал, орыс тілінен революцияға дейінгі енген кейбір
сөздер бұл тілдердің фонетикалық заңдылықтарына бағынып, өзгеріп, ол
сөздердің бүгүнгі күнде орыс сөздері екендігін бірден танып алуда қиын:
үстел, үстәл (стол), шайник, чәйнәк (чайник), сот, сот (суд)
т.б.
Революциядан бергі кезеңде де көптеген термин сөздер енді. Бұлардың
басым көпшілігі орыс тіліндегі қалпында, түр-тұлғасы мен мағынасы
өзгертілмей қабылданды: математика, геометрия, физика, скрипка, поэма т.б.
Сондықтан бұл туыстас екі тілдің бір-бірімен жақындықтары, ортақ
қасиеттері мол. Сонымен қатар, жоғарыда атап өткендей түркі тілдеріне

ортақ көптеген сөздердің қазақ және ұйғыр тілдерінде
жазылуы да ,
айтылуы да ұқсас. Мысалы : ата – ана, бала, ат, қол, сөз, бай, көл, көз, күз,
қар, ақ, қанат, ай, күн,пән, төрт,көк, қара , базар, гүл, нан, т,б.
Сондай-ақ, екі тілдегі сөздердің септелуінде, тәуелденуінде, көптелуінде
және жіктелуінде де ұқсастықтар бар.
Сонымен , бүгінгі қолданылып отырған Қазіргі қазақ және ұйғыр
тілдерінің бір – біріне ұқсастықтары да, айырмашылықтары да көп, яғни
әрбір тілдің өзіне тән ерекшеліктері бар.
1. Қазақ және ұйғыр тілдерінің морфологиясы
Морфология – гректің morphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Ол
тілдегі сөздердің құрылымын , сөз компоненттерін , олардың қызметін,
сөздердің өзгеру қызметін, сөздердің өзгеру ерекшеліктері мен өзгеру
жолдарын, сөз формаларының жасалу және берілу тәсілдерін, сөз мағынасы
мен формасының ара қатынасын, сөздің грамматикалық мағыналарын
зерттейді. Морфологияның негізгі обьектісі - морфемалар.
Морфология сөз түбірі, сөз негізі, туынды түбір , аффикс және оның
түрлері , олардың мағыналары мен қызметі деген сияқты толып жатқан
грамматикалық категорияларды қарастырады.
Тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, формаларына және
қызметтеріне қарай бөліп топтастыру да , әр сөз табына тән категорияларды
анықтау да – морфологияның міндеті.
Әрбір сөздің өзіне тән нақтылы лексикалық мағынасы мен жалпы
грамматикалық мағынасы болады.
Сөздің лексикалық мағынасын айқындай түсетін немесе сөйлемдегі басқа
сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасы
грамматикалық мағына деп аталады. Грамматикалық мағына сөз формалары
арқылы анықталады. Сөздің грамматикалық мағынасы түрлі амал-тәсілдер
арқылы беріледі.
Салыстырылып отырған екі тілде де сөздердің морфологиялық құрамы
бірдей. Екі тілде агглютинавті тілдер тобына жататындықтан, бірнеше
қосымша бірінен соң
бірі жалғана береді, яғни олар тіркесе
жалғанғандықтан, бір түбірге бірнеше жұрнақ және бірнеше жалғау бірінің
үстіне бірі қабаттасып жалғана береді: жи-н-а-л-ыс-тар-ың-ыз-да-ғы-лар-ға ,
жи-ғ-ин-лири-ңиз-ди-ки-ләр-гә. Түйіндеп айтсақ екі тілде де ең кең тараған
тәсіл - аффиксация тәсілі. Мысалы : дәптер+дің, дәптер+ге, дәптер+ді,
дәптер+де, дәптер+мен, дәптер+ім, дәптер+ің, дәптер+і, дәптер+лер. т.б.;
дәптәр+ниң, дәптәр+гә, дәптәр+ни, дәптәр+дә, дәптәр билән, дәпти+рим,
дәпти+риң, дәптәр+ләр.
Екі тілдің де грамматикалық құрылымында айтарлықтай ерекшеліктер
болмағандықтан, оларға жеке-жеке тоқталуды жөн көрмедік. Жалпылай
тоқталсақ екі тілде де : түбірлер негізгі, туынды түбірлерге бөлінеді;
жұрнақтар сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар ( сөз ясиғучи
қошумчилар); жалғаулар (шәкил ясиғучи қошумчилар: сөз түрлигүчи вә

шәкил өзгәрткүчи қошумчилар) көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларға
(көплүк, келиш, егилик, шәхс қошумчилири) бөлінеді.
Қазақ және ұйғыр тілдеріндегі жаңа сөздер негізінен синтетикалық
(морфологиялық), аналитикалық (синтаксистік), лексико-семантикалық
(лексико – семантикалық ) тәсілдермен жасалады.
Сонымен, екі тілдегі сөз жасау тәсілдерінде айтарлықтай ерекшелік жоқ.
Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті
грамматикалық сипаттамалар беру, жеке-жеке талдау – грамматиканың
негізгі мәселесі. Тілдегі сөздерді топтастырғанда, олардың лексикасемантикалық мағыналары да синтаксистік ерекшеліктері де бірдей
ескеріледі.
Жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей
ортақ болып келетін сөз тобын сөз табы деп атаймыз.
Екі тілдегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай
төмендегідей топтастырылады:
І. Негізгі сөздер
Мустәқил сөзләр
1) Зат есім
1) Исим
2) Сын есім
2) Сүпәт
3) Сан есім
3) Сан
4) Есімдік
4) Алмаш
5) Етістік
5) Пеил
6) Үстеу
6) Рәвиш
7) Еліктеуіш сөздер
7) Тәхлидий сөзләр
ІІ Одағай сөздер
8) Одағай

8) Имлиқ сөзләр

ІІІ. Көмекші сөздер
9) Шылау:
а .Жалғаулық
б. Септеулік
в. Демеулік

Ярдәмчи сөзләр
9) Ярдәмчи сөзләр
а.Бағлиғучилар
б. Уланмилар
в. тиркәлмиләр

10) Модаль сөздер

10. Миқдар

1. Негізгі сөздер өздеріне тән лексикалық та, грамматикалық та мағыналары
бар және ретіне қарай өзге сөздермен әр алуан қарым-қатынысқа түсе
алатын дербес сөздер. Олар сөйлемде грамматиканың заңы бойынша
түрленіп те, түрленбей де жұмсалып , өз алдына сөйлем мүшесі бола алады..
Негізгі сөздерге қазақ тілінде зат есім, сын есім , сан есім , есімдік, етістік,
үстеу жатады, ал ұйғыр тілінде исим, сүпәт, сан , алмаш, пеил, рәвиш
жатады.
2. Көмекші сөздер - өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған,
лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағыналары басым болу
себебінен көбінесе көбінесе әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіріп,

әрқилы грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер. Олар сөйлемде
өз алдына дербес мүше бола алмайды , тек атауыш сөз арқылы жасалған
мүшенің құрамына енеді.
Қазақ тілінде көмекші сөздерге шылау (жалғаулық, септеулік, демеулік),
одағай, еліктеу сөздер , модаль сөздер , ұйғыр тілінде ярдәмчи сөзләр
( бағлиғучилар , уланмилар, тиркәлмиләр), тәхлидий сөзләр, имлиқ сөзләр
жатады.
Жоғарыда аталған сөз таптарының ішінен (атауыш есімдер) біз үшін
меңгеруге қиындық тигізетін кейбір өзіндік ерекшеліктеріне яғни екі тілдегі
айырмашылықтарға тоқталдық.
Атауыш есімдердегі ерекшеліктер
Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы
болып табылатын сөздерді атауыш есімдер деп атайды. Бұл сөздерге зат
есім, сын есім, сан есім, есімдік кіреді.
Зат есім - Исим деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфологиялық
ерекшеліктері бар. Екі тілде де зат есім көптік , тәуелдік, септік және жіктік
жалғауларын қабылдап түрленіп отырады.
Қазақ тілінде көпше форманы көрсету үшін алты көптік жалғаулары (лар,
лер,дар,дер, тар, тер) бар, олар сөздің соңғы дыбысының әуенімен үндесе
қолданылады .1– кестеге назар аударыңыз.
1- кесте
Сөздің соңғы дыбысы
Мысалдар
1.Дауысты дыбысқа аяқталса
-лар Балалар, таулар,
2. үнді р,й,у-ға аяқталса
-лер Сайлар, жерлер. терезе-лер
1.ұяң дыбыстарға аяқталса,
-дар Қаздар, этаждар., шамдар,адам2. үнді м,л,н, ң – ға аяқталса
-дер дар
1.қатаң дыбыстарға аяқталса
- тар Кітап-тар
2. б,в,г,д дыбыстарына аяқталса
-тер Мектеп-тер, клуб-тар
Ұйғыр тілінде көптік жалғау (-лар, -лер) қолданылады. Олар сөздегі
жіңішке және жуан буындарға байланысты жалғанады. Көптік жалғауы
шәкил өзгәрткүчи – формасын өзгерткіш қосымшаларға жатқызылған.
2- кесте
Қосымшалар
Мысалдар
-лар
Бали-лар, тағлар,сай-лар,ғаз-лар, китап- лар,
этаж-лар, клублар
- ләр
деризи-ләр, мәктәп-ләр,йәр-ләр,адәм-ләр
Бұл мысалдардан ұйғыр тілінде көптік жалғаулардың барлық сөздерге
бірыңғай –лар, -ләр қосымшалары жалғанатынын көріп отырмыз , ал қазақ
тілінде көптік жалғауларды жалғау үшін біз дауыссыз дыбыстардың

бөлінуін жақсы білуіміз керек және қайсы кезде -тар,- тер, -дар,-дер, - лар,
– лер жалғаулары жалғанатынын айыра білуміз керек. Демек, бұл да қазақ
тілін үйренуде көбірек көңіл бөлінетін тақырыптардың бірі.
Зат есімнің тәуелдік жалғауы – Исимниң тәвәлик категорияси.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші затқа (адамға) тәуелді, меншігі екенін
білдіреді. Тәуелденетін сөз үш жақтың біріне тәуелдене, меншіктеле
айтылады. Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен
байланыстырып тұрады.
Меншіктелуші заттың да өзіне тән грамматикалық көрсеткіштері бар.
Олар сөздерге
үндестік заңының
сингормонизм ыңғайына қарай
жалғанады.
4- кесте Қазақ тілінде:
Жақ
Дауысты дыбыстан соң
І
-м,-мыз, - міз
әкем, апамыз, әкеміз
ІІ

-ң,-ңыз, -ңіз:
әкең, апаң, әкеңіз

ІІІ

-сы, -сі :
әкесі, апасы

Дауыссыз дыбыстан соң
-ым,-ім, -ымыз, -іміз
Басым, елім, басымыз,
еліміз
-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз,
басың, басыңыз , елің,
еліңіз
-ы,-і:
басы, елі

Ұйғыр тілінде тәуелдік жалғаулар зат есімге әртүрлі формаларда
жалғанады.
Тәуелдік қосымшалар жалғанғанда сөз түбірі өзгереді яғни сөзге
қосымшалар жалғанғанда дыбыстардың бір –біріне әсер етуі арқылы бір
дыбыс екінші дыбысқа алмасады. Сөздің бірінші буынында а,ә дауысты
дыбыстары болса оған жалғанған и дауысты дыбысының әсерінен е дыбысы
сияқты айтылады. М., баш- беши, таш-теши, тәр-терим, тал-телим, сай-сейи.
Зат есімдердің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың езулік немесе
еріндік болуына, ол буынның ашық немесе жабық (Ұйғыр тілінде буынның
екі түрі ғана көрсетілген: ашық және жабық. Жабық буынға қазақ тіліндегі
тұйық, бітеу буындар сәйкес келеді.) болуына байланысты тәуелдік
жалғаулар төмендегідей жалғанады.
Ұйғыр тілінде тәуелдік жалғаулардың жалғану кестесі.
Дауысты дыбыстан Езулік
дауысты Еріндік дауысты дыбыспен
соң
дыбыспен
аяқталған аяқталған жабық буыннан
жабық буыннан кейін
кейін
І -м, - миз
- им, имиз
- ум, - үм, - умиз, - үмиз
дадам,дадимиз
Бешим, бешимиз
қолум,үнүм,қолумиз,
вәдәм, вәдимиз
Елим,елимиз
үнүмиз

ІІ

-ң , -ңлар, -ңиз,
-ңизлар, иңизләр
дадаң, дадаңлар
дадиңиз
вәдәң, вәдәңлар
вәдиңиз
ІІІ -си
дадиси, вәдиси

- иң, -иңлар
- –иңиз,- иңизлар, иңизләр
бешиң, бешиңлар,
елиң,елиңлар
елиңиз

беши,ели

-уң, - үң, -уңлар, -үңлар
-үңиз, -уңиз, -уңизлар,
-үңизләр
Қолуң,үнүң, қолуңлар
Үнүңлар
Қолуңиз, үнүңиз
- и
қоли, үни

Септік категориясы- келиш категорияси.
Септік агглютинавтивті тілдер тобында да, флективті тілдер тобында да
маңызы зор грамматикалық категория болып табылады. Түркі тілдерінде
септік
категориясы
форма
тудырушы категория
болып есептеледі, тек қана сөздер арасында
грамматикалық байланыс қызметін атқарады.
Қазақ тілінде 7 септік, ұйғыр тілінде 10 септік бар. Жаңа буын оқулықтары
кіргізілгенге дейін оқытылған «Ұйғыр тілі » оқулықтарының ішінде тек
қана 6 септік (баш келиш, егилик келиш ,чүшүм келиш ,йөнилиш келиш,
орун-вақит келиш, чиқиш келиш) берілген, сондықтан біз үшін ана тілімізде
берілген кейінгі 4 септік те жаңа. Екі тілдегі септіктерді мағынасына
байланысты салыстырғанда төмендегідей кесте шықты.
3- кесте
Септіктер
Мысалдар Септіктер
Мысалдар
( Келишләр)
1. Атау септік Мектеп
1.Баш келиш
Китап. өй, алма
2. Ілік септік
Мектептің 2.Егилик келиш Китапниң, өйниң, алминиң
3.Барыс
мектепке
3.Йөнилиш
Китапқа,өйгә, алмиға
септік
келиш
4.
Табыс Мектепті 4.
Чүшүм Китапни, өйни, алмини
септік
келиш
5.Жатыс
Мектепте 5. Орун-вақит к. Китапта,
өйдә,
алмида
септік
6.Орун-бәлгү
Китаптики,алмидики,өйдики
келиш
6.Шығыс
Мектепте 7.
Чиқиш Китаптин, өйдин.,алмидин
септік
н
келиш
7.Көмектес
мектеппен
септік
8. Тәңләштүрмә Китапчилик,
өйчилик,
келиш
алмичилик
9.Охшатма
Китаптәк, өйдәк, алмидәк
келиш

10. Чәк келиш

Китапқичә,
алмиғичә

өйгичә,

Яғни, қазақ тіліндегі атау септік формасына ұйғыр тіліндегі баш келиш,
Ілік септікке егилик келиш, барыс септікке йөнилиш келиш, табыс септікке
чүшүм келиш сәйкес келеді, ал мезгілдік, мекендік, көлемдік мағына
беретін жатыс септікке ұйғыр тіліндегі екі септік орун –вақит келиш және
орун –бәлгү келиштер сәйкес келеді: Үміт Алматыда тұрады – Үмүт
Алмутида туриду.Бақтағы алма – бағдики алма. Қаладағы көшелер
ауылдағыдан кең – Шәһәрдики кочилар йезидикидин кәң.
Ұйғыр тіліндегі
тәңләштүрмә келиш, охшатма келиштердің
қосымшалары (-чә,-чилик, -дәк,-тәк) қазақ тілінде есім сөздерді жасайтын
жұрнақтармен сәйкес. (тас-тай, кітап-тай, үй-дей), Көмектес септіктің
қосымшылары (бен, пен, мен) ұйғыр тілінде билән деген көмекші сөз
(септеулік - тиркәлмә) арқылы беріледі: Мен қызыммен қонаққа бардым –
Мән қизим билән меһманға бардим. Р.Арзиев «Ұйғыр тілі» кітабында
«Қазақ тилидики көмектес келиш қошумчиси –мен, -бен, - пен болса, келип
чиқиши жәһәттин беваситә «билән » тиркәлмиси билән мунасивәтлик:
Пышақпен кесті- пичақ билән кәсти » - деп жазады. Чәк келиш (-қичә, -ғичә,
-гичә) дейін, шейін деген септеулік шылаулар арқылы беріледі: Мән өйгичә
пиядә бардим. Мен үйге дейін жаяу бардым. Яғни қазақ тілінде ол келиш
барыс септігімен сәйкес келіп тұр.
Қазақ тілінде септік жалғаулары сөздің соңғы дыбысының әунімен үндесіп
жұмсалады.
Ұйғыр тілінде Форма өзгерткіш қосымшалар (Шәкил өзгәрткүчи
қошумчилар) қатарына көптік жалғауларды, -чә, -чақ, -жан, - лақ (ботилақ,
сандуқчә), Сын есімнің шырай жұрнақтары –рақ, -мту, - ғина (қарарақ,
көкүч) ,Сан түрлендіру қосымшалары –инчи, -чә, -лап (төртинчи, онлап,
үчилән в.б.) енгізілген, ал қазақ тілінде көптік жалғаулардан басқасы сөз
түрлендіруші жұрнақтар қатарына кіреді.
Сын есім – Сүпәт . Екі тілде де заттың сапасын, сипатын, қасиетін,
көлемін, салмағын, түсін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін
лексика-грамматикалық сөз табы сын есім деп аталады.
Қазақ тілінде де , ұйғыр тілінде де сын есімдерге шырай формасы тән.
Бірақ шырай формасына байланысты айырмашылықтар да бар.
Салыстырылып отырған тілдерде шырайдың үш түрі де кездеседі :
1. жай шырай (аддий дәрижә);
2. салыстырмалы шырай (камайтма дәрижә);
3. күшейтпелі шырай (ашурма дәрижә)
Ал ұйғыр тілінде тағы әркиләтмә дәрижә кездеседі. Бұл шырай біреуді
еркелету сезімімен айтылған.
Әркиләтмә шырай –ғина, - гинә, -қина, -кинә қосымшалары арқылы
жасалады: чирайлиққина көйнәк - әдеми көйлек

Сан есім – Сан. Сан есім – заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін
лексика-грамматикалық сөз табы.
Екі тілде де сан есімдер семантикалық , морфологиялық және
синтаксистік жағынан іштей бірнеше топқа бөлінеді: есептік (санақ сан),
реттік сан есім (тәртип яки дәрижә санлар), жинақтық сан есім (отақ санлар
яки кишилик санлар), бөлшектік сан есім (кәсир санлар), топтық (топлуқ
санлар), болжалдық сан есім (молжа санлар яки мөлчәр санлар).
Қазақ тілінде жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан
есімдерге –ау (еу) жұрнағы қосылуы арқылы жасалады: біреу, алтау, т.б.
Ұйғыр тілінде отақ санлар (кишилик санлар) төмендегідей жасалады:
1. –лән, -илән қосымшалары арқылы жасалады. Биз үчилән китапханиға
бардуқ.
2. Есептік, реттік, бөлшектік,
болжалдық сандарға
тәуелділік
қосымшаларының көпше түрі жалғану арқылы; Бәш-алтимиз шәһәргә
бардуқ.
3. Кейде бұл сандарға дәлелдеу мағынасын беру үшін есептік сандардан
кейін –ла ,-илә қосымшалары жалғанады: үч+илән+миз- үчилимиз
Сан есімнің емлесіне келсек қазақ тілінде күн, жыл аттарымен тіркесіп
келген реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе де дефис жазылмайды., ал
ұйғыр тілінің ережесі бойынша дефис қойылады. М.,8 наурыз – 8-март, 2010
жыл – 2010-жил,
Есімдіктердің қазақ тілінде де, ұйғыр тілінде де өзіне тән грамматикалық
категориялары жоқ. Олардың басқа сөз таптарынан айырмашылығы да осы.
Есімдіктер зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалады. Екі тілде
де есімдіктер морфологиялық жағынан есімдер сияқты түрленеді.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді.
1. Жіктеу есімдіктері – Шәхс қошумчилири
2. Сілтеу есімдіктері – Көрситиш алмашлири
3. Сұрау есімдіктері – Соал алмашлири
4. Өздік есімдіктері - Өзлүк алмашлири
5. Белгісіздік есімдіктері- Ениқсизлиқ алмашлири
6. Болымсыздық есімдіктері – Болушсизлиқ алмашлири
7. Жалпылау есімдіктері - Ениқлаш алмашлири
Бұл тақырыптар бойынша екі тілде де ерекшеліктер көп байқалмайды. Тек
қана белгісіздік және болымсыздық
есімдіктерінің жасалуындағы
айырмашылықтарды меңгерту керек. Қазақ тілінде белгісіздік есімдіктері
бір, әр, әлде деген сөздердің басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады.
М: әлдекім, біреу, кейбір, әлденеше, әркім т.б.
Болымсыздық есімдіктері еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі
арқылы жасалады. М: ешкім, ешбір, ешқашан, ешқайсы т.б.
Ал ұйғыр тілінде бұл есімдіктер бөлек жазылады. М: кимду бири, бири, бәзи
бир, бир қанчә, һәр ким , һеч ким, һеч бир, һеч қачан в.б.
Жалпы түйіндеп келгенде осы атап өткен айырмашылықтар оқушылардың
бұл тақырыптарды өз дәрежесінде меңгеріп алуына қиыншылық туғызады.
Екі тілдің ерекшеліктері мен ұқсастығын
басқа да сөз таптарында

кездестіруге болады. Сол себептен бұл мәселе әлі де мұқият зерттеуді қажет
етеді.
Қорытынды бөлім
Қорытындылай келе біздің зерттеу жұмысымызда жүргізген тәжірибе
жұмыстарымыз екінші тілді үйрену барысында грамматиканы адам өз ана
тілінің грамматикасымен салыстыра оқыса тиімді екенін көрсетіп берді. Сөз
таптарындағы осындай айырмашылықтарды зерттей отырып , көптеген
грамматикалық ережені дұрыс түсініп, меңгеруде ана тілін негізге алу керек
екенін түсіндік. Сондай-ақ, өзіміз үшін көптеген қызық нәрселерді аштық.
Біз жұмысымызда негізінен зат есімнің жалғауларын, сын есімнің
шырайларын, сан есімнің мағыналық топтарын
зерттеп екі тілдің
ерекшеліктерін анықтадық. Бірақ, біз зерттеу жұмысымызда қазақ және
ұйғыр тілдерінің
морфологиясындағы кейбір айырмашылықтар мен
ерекшеліктерін ғана қарастырдық. Ал, алдымызда әлі екі тілдің фонетикасы,
синаксисі сияқты үлкен салалары салғастырмалы түрде зерттелмей тұр.
Сондықтан біздің бұл жұмысымыз осы үлкен істің бастамасы бола алады
деп есептейміз.
Зерттеу жұмысымыздың жоспары бойынша өзім оқитын мектептің
оқушыларынан тақырыбымызға сәйкес сауалнама алдық. Сауалнама
сұрақтарына жауап төмендегідей болды
1. Сізге қазақ тілінің грамматикасын қай тәсілмен түсіндірсе меңгеру
оңай болады?
а. Ана тілімен салыстырғанда. - 90%
ә. Тек таза қазақ тілінде түсіндірсе. – 10%
2.Тіл терминдерінің қазақ және ұйғыр тіліндегі сөздігін дайындау
керек пе ?.
а.Иә 100%
ә. Жоқ - 0 %
3.Тірек кестелерін екі тілде дайындау ұсынысын қолдайсың ба ?.
а.Иә 100%
ә. Жоқ - - 0 %
Сонымен қатар «Өзіңді тексеріп көр» деген тақырыппен тестік тапсырмалар
берілді. Тестік тапсырмаларды орындаған 102 оқушының
1. Ұйғыр тілінде жалғау деген сөздің аудармасын тап деген сұраққа 75%
2. Ұйғыр тіліндегі қай септік қазақ тіліндегі Барыс септігіне сәйкес
келеді деген сұраққа 69%
3. Сөз таптарының аудармасын дұрыс анықта деген сұраққа 65% дұрыс
жауап берген.
Сауалнама мен тестік тапсырмалардың нәтижелерін қорытындылай келе біз
екі тілді үйренуде салыстырмалы грамматиканың тиімді екеніне көз
жеткіздік.
Бұл нәтиже бізге қазақ – ұйғыр тілдерінің терминологиялық сөздігін жасауға
түрткі болды. Жалпы, зерттеу жұмысымыз ұйғыр тілді оқушыларға,
студенттерге , мұғалімдерге мемлекеттік тілді үйренуде өз септігін тигізеді

деп ойлаймыз. Және бұл зерттеу жұмысымыз мемлекеттік тілді дамыту ісіне
қосылған бір өзіндік үлесіміз деп айта аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Арзиев Р.У. Уйғур тили . Алмута: «Мектеп», 2006ж.
2. Бейсенбаева К.А. Сапоставительная грамматика русского и казахского
языков. Алматы , 1994г.
3. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы, 1994 ж.
4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі. Алматы: Атамұра, 2006.
5. Исаев С.М. , Нуркина Г. Сапоставительная типология казахского и
русского языков. Алматы, 1996 г
6. Мұсаұлы Ж., Әміренова Р. Қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы
грамматикасы. Көкшетау, 2007 ж.
7. Қайдаров А. Развития современного уйгурского литературного языка
(1). – Алма-Ата , 1969.
8. Қайдаров А., Баратов Ш. Русско- уйгурский словарь лингвистических
терминов. Алма-Ата : Мектеп, 1987.
9. Садвакасов Г.С. Строй уйгурского языка
Алма-Ата : Наука , 1989г.
10.Талипов Т.Гласные звуки уйгурского и казахского языков.
Изд. «Наука» Казахской ССР, Алма-Ата. 1968г.
11.Талипов Т., Жалилов Л., Һошурбақиева О. Уйғур тили. 5-синип үчүн
дәрислик. Алмута: Атамұра , 2005.
Қосымша
Сауалнама
1. Сізге қазақ тілінің грамматикасын қай тәсілмен түсіндірсе
меңгеру оңай болады?
а. Ана тілімен салыстырғанда.
ә. Тек таза қазақ тілінде түсіндірсе.
2.Тіл терминдерінің қазақ және ұйғыр тіліндегі сөздігін дайындау
керек пе ?.
а.Иә
ә. Жоқ 3.Тірек кестелерін екі тілде дайындау ұсынысын қолдайсың ба ?.
а.Иә
ә. Жоқ .
Өзіңді тексеріп көр.
Тестік тапсырмалар
11.Ұйғыр тілінде жалғау деген сөздің аудармасын тап.
а . Сөз ясиғучи қошумчилар
ә. Сөз түрлигүчи қошумчилар
б. Томур сөзләр

12. Ұйғыр тіліндегі қай септік қазақ тіліндегі Барыс септігіне сәйкес
келеді.
а . Баш келиш
ә. Егилик келиш
б. Чүшүм келиш
в. Йөнилиш келиш
г. Чиқиш келиш
д. Орун-вақит келиш
ж. Орун – бәлгү келиш.
Е. Тәңләштүрмә келиш
З. Охшатма келиш
И. Чәк келиш.
13.Сөз таптарының аудармасын дұрыс анықта.
Зат есім
Сүпәт
Сан есім
Рәвиш
Сын есім
Сан
Етістік
Исим
Есімдік
Пеил
Үстеу
Алмаш
Шылау
Имлиқ сөзләр
Одағай
Тәхлидий сөзләр
Еліктеу сөз Имлиқ сөзләр
Қазақ – Ұйғыр – Орыс тілдерінің терминологиялық сөздігі
А
Анықтауыш – Ениқлиғучи- Определение
Аралас құрмалас сөйлем – арилаш мурәккәп қошма жүмлә – сложное
предложение смешанного типа
Айқындауыш мүше –ениқлиғучи мүчә- определяемое члены
Антонимдер – зит сөзләр – антонимы
Атау септік – баш келиш - именительный падеж Ауыспалы мағыналы – көчмә мәна-переносное значение слова
Ашық буын – очуқ боғум –открытый слог
Ашық рай – ениқ мәйил – изъявительное наклонение
Ашық – кәң- открытые (широкие) гласные
Ә
Әліпби – елипбә, алфавит- азбука
Әріп –һәрип - буква
Б
Бастауыш – егә - подлежащее
Баяндауыш – хәвәр- сказуемое
Барыс септік – йөнилиш келиш – дательно – направительный падеж

Белгісіздік есімдіктері – бәлгүсизлик алмашлири –неопределенные
местоимения
Болжалдық сан есім – молжа санлар- приблизительные числительные
Болымсыздық есімдіктері – отрицательные местоимения
Болымсыздық – пеилниң болушсиз формиси-отрицательная форма
глагола
Бөлшектік сан есім – кәсир сан –дробные числительные
Бұйрық рай – буйруқ мәйил – повелительное наклонение
Буын – боғум - слог
Біріккен сөз – Бириккән сөзләр- слитные слова
Бітеу буын – йепиқ боғум – закрытый слог
Д
Дара сөз – аддий сөз-простое слово
Дауысты дыбыс – созуқ тавуш- гласный звук
Дауыссыз дыбыс – үзүк тавуш – согласный звук
Демеуліктер – тиркәлмиләр - частицы
Деректі зат есімдер –конкрет исимлар - конкретные существительные
Дерексіз зат есімдер – абстракт исим- абстрактные существительные
Дыбыс екпіні – тавуш урғуси- ударение
Дыбыс үндестігі – тавуш аһаңдашлиғи - сингармонизм
Е
Езулік – ләвләшмигән- негубные
Екпін – урғу - ударение
Еліктеу сөздер – тәхлидий сөзләр-звукоподражательные слова
Еріндік – ләвләшкән- губные
Есімдік – алмаш - местоимение
Есімше – сүпәт пеил - причастие
Есептік сан есім –санақ сан – количественные числительные
Етістік – пеил - глагол
Етістіктің шақтары – пеил заманлири –времена глагола
Етістіктің райлары – пеилниң мәйиллири- наклонения глаголов
Етістер – пеил дәрижилири- залоги глагола
Ж
Жай сөйлем- аддий жүмлә –простое предложение
Жай шырай – аддий дәрижә-положительная степень
Жалғау – сөз түрлигүчи қошумчилар - флексия
Жалғаулықтар – бағлиғучилар –союзы
Жалғаулықсыз құрмалас сөйлем – бағлиғучисиз қошма жүмлә бессоюзные сложное предложение
Жалқы есімдер – хас исимлар -собственные имена существительные
Жалпы есімдер – умумий исимлар – нарицательные имена
существительные

Жалпылауыш сөздер – умумлаштурғучи сөзләр-обобшающие слова
Жалпылау есімдіктері + определительные местоимения
Жақ категориясы – шәхс категорияси – категория лица
Жақша – тирнақ - скобка
Жақты сөйлем – шәхслик жүмлиләр -личное предложение
Жақсыз сөйлем – шәхссиз жүмлә - безличное предложение
Жатыс септік – орун-вақит келиш – местный падеж
Жинақтық сан есімдер – отақ санлар (кишилик санлар)- собирательные
числительные
Жұрнақ – сөз ясиғучи қошумчилар - суффиксы
Жуан – қелин - широкий
Жіктеу есімдіктері – кишилик алмашлар –личные местоимения
Жіңішке – инчикә - узкие
Жіктік жалғау – шәхс қошумчилири –личное
З
Зат есім – Исим –Имя существительное
К
Кәсіби сөз – кәспий сөз- прфессионализмы
Кейінді ықпал – әкси тәсират қануни- регрессивті ассимиляция
Келер шақ – келидиған заман –будущее время
Көнерген сөз – кона сөзләр-устаревшие слова
Көмекші есімдер - ярдәмчи
Көмекші сөздер – ярдәмчи сөзләр-служебные слова
Көсемше – һал пеил - деепричастие
Көп нүкте – көп чекит- многоточие
Көп мағыналы – көп мәналиқ -многозначные
Көптік жалғау – көплүк қошумчә – аффикс множественности
Күшейтпелі шырай – ашурма дәрижә –прево
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!