Материалдар / Ғылыми жұмыс : Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс : Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық шеберлiк деңгейi өскен көпшiлiк спорттың дамуын, дене шынықтыру жаттығуларын үйрету процесiнiң жаңа әдiстерi мен тәсiлдерiн iздеудi талап етедi. Жалпы және кәсiптiк бiлiм беру процесiн жетiлдiрудiң көп тараған бағыттарының бiрi бағдарлама-лық оқыту әдiсi болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
713
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Ақсукент гуманитарлық техникалық КОЛЛЕДЖІ




Педагогика жаратылыстану дене тәрбиесі және спорт пән бірлестігі



.


ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС жұмысы




Тақырыбы: Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері


0103000 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша





Орындаған:

9 - тобының студенті: Юсанов Н


Ғылыми жетекші оқытушы: Тойханов С









Ақсукент 2021



КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі. Соңғы онжылдықта оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерi мен әдiстерi қарқынды түрде зерттелуде. Бұл бiр бiрiншi кезекте бiлiм дамуындағы объективтi үрдiспен байланысты оқитындардың санын үздiксiз көбейту және ғылыми-техникалық ақпарат көлемiнiң тез өсуi‚ сол сияқты оқу мерзiмдерiн қысқартумен байланысты. Айтылғандардың бәрi белгi-лi мөлшерде дене шынықтыру жаттығуларын үйрету процесiне қатысты.

Спорттық шеберлiк деңгейi өскен көпшiлiк спорттың дамуын, дене шынықтыру жаттығуларын үйрету процесiнiң жаңа әдiстерi мен тәсiлдерiн iздеудi талап етедi. Жалпы және кәсiптiк бiлiм беру процесiн жетiлдiрудiң көп тараған бағыттарының бiрi бағдарлама-лық оқыту әдiсi болып табылады.

Оқытудың тиiмдiлiгi бағдарламаның сапасымен ғана емес‚ сонымен бiрге оның реализацияның әдiстерiмен де анықталатыны көпшiлiкке белгiлi.

Диплом жұмысы спортпен айналысушылардың жаттығуларды өз бетiнше жасауын жеңiлдететiн басқару жүйесi бар жеңiл атлетикалық жаттығуларды алғашқы оқыту әдiстемесiне тәрбиелеу-ге тұңғыш рет әрекет жасап отыр.

Диплом жұмысын талдағанда спортпен айналысуды ендi бастаған спортшылармен сабақ процесiнде тексерiлген педагогика-ның‚ физиологияның‚ спорттық медицинаның қазiргi кездегi мәлiметтерi ескерiлдi.

Жұмыстың мақсаты: жеңiл атлетикадан әртүрлi барлық ақпарат құралдары (көздерi) бойынша Қазақстанның ұлттық кадрларына көмектесу‚ оқу құралы қазақ және орыс тiлдерiнде жалпы бiлiм беретiн мектептердегi дене тәрбиесi пәнi мұғалiмдерiне‚ жоғары оқу орындарының дене тәрбиесi кафедраларына‚ жас жаттықты-рушыға және ендi бастаған спортшыларға‚ жеңiл атлетиканың түрлерiнiң техникасын өз бетiнше үйренiп‚ меңгерушiлерге арналған. Диплом жұмысы «Жеңiл атлетика және оқыту әдiстемесi» пәнiнiң бүкiл курсын оқып үйретуге ұмтылмайды‚ бар болғаны тар мағынада (қысқаша) жеңiл атлетикалық курстардың көп түрлiлiгiн және жаттығулар тәсiлiн үйрету әдiстемесiн көрсетедi.

Оқытудың дәстүрлi әдiстерiнiң кемшiлiктерiнiң бiрi (оның iшiнде дене шынықтыру жаттығуында) – бiр сабаққа берiлетiн материал көлемiнiң шамадан тыс көп болуы‚ ал оны меңгеру нәтижесiнiң көлемi көп уақыт аралығында‚ ойланбаған жүйеде‚ элементаралық бағалар негiзiнде өткiзiледi. Бұл материалды оқыту мен оны спортшының меңгеруiнiң сәйкес келмеуiне алып келедi.

Меңгерiлмеген бөлiмдердiң (сабақтардың) көбейiп кетуi бағдарламаны меңгерудi қиындатады және бiлiмдi, дағдыны‚ шеберлiктi практика жүзiнде қолдануда қателер пайда болуын қалыптастырады. Бұл дене шынықтыру жаттығуларын үйрету кезiнде‚ орындау кезiнде кемiстiктер‚ жаттығуларды дұрыс орындамауға әкеледi‚ сондықтан‚ жаттығуды толық тиiмдi орындай алмайды.

Сонымен бiрге‚ оқыту процесi-бұл мұғалiмдер оқушылардың бiрлескен мақсатты қызметi‚ онда мұғалiм оқушыларға белгiлi мәлiметтер берiп қана қоймай‚ сонымен бiрге бiлiм шеберлiк пен дағдыны меңгеру процесiне де белсендi басшылық жасайды.

Бағдарламалық оқыту әдiстерi кибернетикадан-(басқарудың жалпы заңдылықтары туралы ғылымнан) алынған. Бұл оқытуға басқарудың жалпы заңдары тұрғысынан қарауға‚ ақпараттық процестердiң тиiмдiлiгiне‚ оқыту процесiн мақсатқа сәйкес жеделдету және алгоритмдеуге мүмкiндiк бердi.

Бағдарламалық оқыту мазмұны негiзiнен бiлiмдi меңгеру процесiн басқаруды жақсартудан тұрады. Бұған былай жетуге болады: бiрiншiден‚ материалды аз “мөлшерлердi” бөлу керек‚ бұл оқушылардың бiр айтқанда меңгеруiне оңай және осы “мөлшерлердi” жеңiлден күрделiге қарай бiр жүйемен орналастыру керек. Екiншiден‚ берiлген материалды оқушының қалай меңгерiп жатқаны туралы мұғалiмге ақпарат беретiн үздiк бақылау жүйесiнiң оқыту процесiне енуi және талдануы арқылы.

Үздiксiз бақылау маңызды фактор болып табылады‚ ол материалды әрi қарай оқытудың көлемiне‚ мазмұнына және жүйелiлiгiне тiкелей әсер етедi. Ақпаратты мұғалiм мен оқушылардың бұлай өзара жеткiлiктi алмасуы басқаруды жақсартады және оқу процесiнiң тиiмдiлiгiн арттырады.

Бағдарламалық оқытудың негiзгi принциптерi мен әдiстерiн дене шынықтыру жаттығуларын (оқыту) үйретуге де жетiстiкпен пайдалануға болады.

Адамда қозғалыс дағдыларының қалыптасуы қозғалысты түрде (балаларды жүруге үйрету‚ бiрнеше тұрмыстық дағдылар бойынша) немесе арнайы ұйымдастырылған оқыту жүйесi процесiнде өтедi. Соңғысында‚ педагогикалық және физиологиялық бiлiм беру заңдылықтары‚ қозғалыс дағдыларын және оқытудың нақты тапсырмаларынан шығатыны‚ түзету мақсатында “адым” әлементтерiн меңгеру үшiн бақылау жүйесi және жас ерекшелiгi деңгейiнiң күрделiлiгiн оқытатын жаттығу элементтерiн меңгерудiң жүйелiлiгiн қарастыратын жүйе талдануы мүмкiн.

Оқу материалын бөлек кезеңдерге бөлу‚ олардың әрқайсысынан тапсырмалар жасау және олардың меңгеруi үшiн бақылау әдiстерiн анықтау-мiне осылардың өзi-бағдарламалау деп аталады. Дене шынықтыру жаттығуларын оқытуға жататындар‚ мұндай мөлшер аяқталған болуы керек‚ жаттығу элементiн бiр деңгейде қолдануды меңгеруге қарапайым‚ жеңiл түрi жеткiлiктi. Бiр сабақта оқушыларды мұндай оқу материалының мұндай екi немесе үш фазаларымен таныстыру ұйғарылады.

Зерттелудің деңгейі. Профессор Н.А.Бернштейн бiрнеше деңгейден тұратын қозғалыс актiсiн басқарудың топтама-сызбасын ұсынды. Адам ағзасын басқару қызметiнiң сызбасын басқа ғалымдар да ұсынды. Бұл сызбалардың негiзгi идеясы мынадай:

Жалпы түсiнiк бойынша ағзаны реттеушi (орталық жүйке жүйесi) және реттелушi бөлiмдерден (дене бөлiмдерiнен‚ iшкi мүшелерден және т.б.) бөлiмдерден тұратын өзiн-өзi реттейтiн жүйе ретiнде қарастыруға болады.

Күрделi қозғалыс тапсырмасын күшейту (өрiстету) үшiн көп бұлшық еттердiң үйлескен жұмысы қажет‚ олардың әрқайсысы‚ өз кезегiнде көптеген жекелеген “қозғалыс бiрлiктерi-талшықтардан тұрады‚ бұл талшықтар үйлесiмдi мотонейрондарды басқаруды және қан айналу және тыныс алу мүшелерiнiң қызметiн өзгерте отырып‚ бұлшық еттi қажеттi қуатпен қамтамасыз етедi”.

Берiлген қозғалысты орындай отырып‚ бiз әрбiр бұлшық еттiң жұмысын‚ әрбiр қозғалыс бiрлiгiн анықтай алмаймыз (қызмет көрсету жүйелерiнiң-жүректiң жиырылу жиiлiгi‚ тыныс алу жиiлiгi т.б. қызметi сияқты). Жүйке жүйесiнiң жоғары бөлiгi (үлкен ми сыңарлары) жалпы мағыналы мiндет-әсер ету бағдарламасын қояды.

Мақсаты мен міндеттері. Ұсынылған жекелеген оқыту әдiстерi өсу күрделiлiгi тәртiбiмен орналасқан жаттығу элементтерiн жеңiл меңгеруге арналған “адымдар” жүйесi болып табылады (оқытылатын әрбiр жаттығу келесi материалға элемент ретiнде енетiн кезде), мұнымен ұсынылған жаттығудың әрқайсысы бiр кезде және бақылау тапсырмасы-айналысушылардың оқу үлгерiмiн бақылау әдiсi болады. Мұндай “кадрлiк” бақылау принцип бойынша мынадай әрекеттердi бақылауға мүмкiндiк бередi:

а) үйреткен материалды (оқытқанды) меңгергеннен кейiн‚ жаңаға көшу (материалға).

б) егер жаңа элемент меңгеруге қиын болса‚ онда жаттығуларға оралу керек (қайталау керек).

Кадрлiк бақылау-жеңiл атлетикалық жаттығуларды алғашқы үйреткенде де маманданған спортшыларда техникасын қалыптастыру процесiнде де қолданылуы мүмкiн (қозғалыс элементтерiнде қателердiң бөлiнуiне көмектесетiн).

Зерттелудің объектісі. Қозғалыстардың орындалуы және оның қуатпен қамтамасыз етiлуi реттеудiң ең төменгi деңгейiнде жүзеге асырылады. Кейбiр қозғалыстарды жоғары бөлiмдердiң қатысуынсыз-ақ жiберуге болады.

Басқарудың мұндай көп деңгейлi құрылуы‚ орталықтандырыл-ғанға қарағанда тиiмдiрек‚ өйткенi бас мүше әрбiр құрама бөлiмнiң қызметiн дәл белгiлейдi.

Мұндай жағдайда басқарушы мүше күрделi болып жұмыс iстей алмауы мүмкiн. Мұндай көп-деңгейлi құрылыстан қорытынды шығара отырып‚ Л.В.Чхаидзе iшкi және сыртқы басқару шеңберiнен тұратын адамның ерiктi қозғалысын реттейтiн екi-шеңберлi сызбаны ұсынды.

Сыртқы шеңбер төменгi деңгейге берiлетiн бұйрықтардың орындалуына тiкелей байланысты болады және ағзадан тыс көру‚ есту және сезiну мүшелердi арқылы керi байланыста болады. Л.В.Чхаидзенiң пiкiрi бойынша‚ сыртқы шеңбердiң көмегiмен қозғалыстың мағыналық бөлiмiн басқару жүзеге асырылады‚ ал iшкi шеңбер бойынша (ағзаның iшiнде)-қозғалыстарды талдап тексеру жүзеге асырылады. Сыртқы шеңбер бойынша ағзаға мағыналық қозғалыс бағдарламалары және жiберу белгiлерi түседi.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.


І-БӨЛІМ.


1.1. Оқытудың жалпы мәселелері

Басқару нысаны адам болып табылатын басқару процесiн оқытуды қарастырғанда бiлiм жетiстiктерiнiң шамасы бойынша адамдардың қозғалыс белсендiлiгiн заңдылықтары жайлы және жекелеген дағдыларының ерекшелiктерiнiң қалыптасуында оқыту процесi меңгерiледi деп ұйғарылады. Сондықтан басқару үйлесiмдiлiгi бiрiншi кезекте басқару нысаны үйрену деңгейiне тәуелдi болады.

Жекелеген әдiстемелерге тоқтамас бұрын дене шынықтыру жаттығуларын оқыту процесiнiң бiрнеше жалпы мәселелерiне мақсатқа сай тоқталып өту керек. Жүру‚ жүгiру‚ секiрулер және лақтыру-бұлар белгiлi автоматтандырылған қозғалыс актiлерiн әртүрлi қайталау негiзiнде құрылған қозғалыс дағдылары‚ олардың қалыптасу негiзiнде орталық жүйке жүйесiндегi уақытша байланыстардың құрылуы жатыр.

Мұндай байланыстардың құрылу механизмiн мынадай үлгiмен түсiнуге болады.

Адамның немесе жануарлардың әрбiр қозғалысының басында бас миы қабығының белгiлi бөлiмдерiнiң шартты және шартсыз рефлекторлық қозуы болады. Таныс жаттығуларды қозғалыс дағдысын жасайтын белгiлер-көру мүшесiнен тiрек-қимыл аппараттан‚ мұғалiмнiң бұйрығы және т.б. баратын импульстар болуы мүмкiн.

Дағдылы қозғалыстарды орындау кезiндегi қозу және тежелу процестерiнiң кезектесуi тиiстi қозғалыс орталықтарында ғана емес‚ сонымен бiрге бұлшық ет жұмысы кезiндегi қан айналу‚ тыныс алу қызметiнiң үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн вегатативтiк орталықтарында болады. Бұл бейненi И.П.Павлов динамикалық деп атады‚ ол iшкi және сыртқы ортаның жағдайына сәйкес белгiлi шекарада өзгерiп отырады. Мысалы‚ жүгiру жолдарының сапасына байланысты‚ жалпы құрылымын сақтау кезiнде бiрнеше жүгiру қозғалысты басқару белгiлi үлгi шеңберiнде жүзеге асырылады.

Қайта-қайта қайталау қозғалыстың неғұрлым тиiмдi түрлерiн қайталауға және қозғалысты автоматтандыру деп аталатын бiрлiгiн таңдап алынған уақытша байланыстарды нығайтуға әкеледi. Осының арқасында қозғалыстар дәл‚ тез (ритмi) ырғағы мен жиiлiгi (оптималüды) үйлесiмдi болады.

Табиғи жағдайларда адамдар мен жануарлардың қозғалыс дағдылары саналатын iздеу қозғалыстары нәтижесiнде қалыптасады‚ онда орындалу процесiнде қажетсiз қозғалыс элементтерi алынып тасталынады‚ ал тиiмдiлерi‚ нәтижелерi-бекiтiледi.

Жаңа қозғалыс дағдылары бұрын меңгерiлген қозғалыстарды қолдану негiзiнде қалыптасады‚ (табысқа жеткен) қозғалыс дағдыларының қоры неғұрлым көп болса‚ олар соғұрлым алуан түрлi‚ адамның қозғалыс сапалары неғұрлым дамыған болса‚ ол соғұрлым жаңа қозғалыстарды тезiрек меңгередi. Сондықтан күрделi қозғалыстарды үйретудiң алдында арнайы дайындық және жетiлдiретiн жаттығуларды меңгерудi қарастыратын жан-жақты жалпы және арнайы дене дайындығы болу керек.

Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру процесi үш кезеңнен тұрады:

Бiрiншi басқару кезеңiне (топтап қорыту)-үлкен ми жартыларының қабығындағы қозу процесiнiң кең иррадиациясы тән. Оқу басында оқушылар жаңа жағдайға түседi. Жүйке жүйесi орталығына ми қабығының әртүрлi аймағын қоздыратын көптеген әртүрлi қозулар (тiтiркенулер) түседi.

Iшкi тежелудiң салыстырмалы жетiспеушiлiкпен бiрiгуi көптеген қажетсiз қозғалыстың пайда болуына әкеледi‚ ағзаның жүрек-қан тамырларының‚ тыныс алу жүйелерiнiң және т.б. әртүрлi жоғары реакцияларына әкеледi. Оқытудың бұл кезеңiнде қозғалыс аппараты қызметi мен iшкi мүшелер арасында жеткiлiктi үйлесiмдiлiк жоқ.

Екiншi кезең-қозу және тежелу процестерiнiң қосындысы (шоғырлануы) жаттығуларды қайта-қайта қайталау кезiнде шартты-рефлекторлық байланыстардың мамандануы болады‚ сондықтан қозғалыс дәл болады. Оқудың басында пайда болған артық қозғалыстар тежеледi‚ өзiн-өзi бақылаудың әсерiмен және мұғалiмнiң көрсетуiмен шеттетiледi.

Бұл кезеңнiң өзiне тән ерекшелiгi-артық қозғалыстың тоқтап қалуы.

Екiншi кезеңде қозғалыс дағдыларының дәлдiгi болады‚ бiрақ ол жеткiлiктi күштi емес және әртүрлi себптердiң әсерiмен жиi бұзылуы мүмкiн.

Үшiншi кезеңде-тұрақты қозғалыс дағдысының негiзi‚ алдыңғы кезеңде құрылғандар қалыптасады‚ жаттығуларды орындауды жеңiлдететiн элементтермен толықтырылады‚ артық бөлшектерден босайды.

Қозғалыс автоматтандырылады-үлкен дәлдiкпен‚ жеңiлдiкпен‚ сенiмдiлiкпен‚ аз қуатпен орындалады‚ оны орындау үшiн бақылау ақпаратын аз керек етедi.

Бiрақ кезеңде арасындағы айқын шекараны бақыламаса да болады. Жеңiл атлетиканың жаттығуының келесi элементiн оларды бiрнеше рет қатарынан еш қатесiз орындағанан кейiн барып‚ кiрiсу (өту) керек. Егер элемент онша күрделi болмаса‚ оған көп уақыт жұмсап қажетi жоқ.

Қозғалыс дағдыларының қалыптасуы кезiнде құралған орталық жүйке жүйесi арасындағы байланыстар-тұлғалар қозғалыстың жалпы схемасы тәрiздес.

Жүйке орталықтары мен қозғалыс аппараты аралығындағы қозғалысты орындау процесiнде айрықша байланыс болады: жүйке орталықтары қозғалысты шақыратын импульстарды-команданы жiбередi және бiр мезгiлде оның орындағаны туралы ақпарат әкелетiн керi байланыс-аференттi алады. Мұнымен қозғалысты басқарудың үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi‚ яғни оның түрлерi мен өзгешелiгi оны орындау шарттарымен сәйкес келедi‚ алынған нәтижелерде өзгередi. Мұндай басқару қозғалыс дағдылары құрылып қойған және қозғалыс автоматтандырылған кездеде iске асырыла бередi.

Оқыту процесiнде ағзаның қабiлеттiлiгiн басқаруға мақсатты түрде жаттықтыру‚ қалыптастыру керек. Жаттығуларды орындау шарттары (жағдайлары) неғұрлым тұрақты болса‚ дағдының тұлғасы (тұрақтылығы‚ дәлдiгi‚ қайталануы) соғұрлым мықты болады. Бiрақ iс-тәжiрибе жүзiнде кез келген жаттығуды басымдықпен дәл қайталау мүмкiн емес‚ яғни оны орындаудың iшкi жағдайлары өзгередi (желдiң бағыты мен күшi‚ жолдың‚ жабдық т.б. сапасы).

Өте тұлғалы” қозғалыс дағдысы былай өтедi‚ сыртқы ортаның өзгертiлген жағдайларында жаттығуларды орындау тиiмдiлiгi қозғалысты iшкi әлсiз басқару салдарынан төмендейдi. Басқаруды жақсартуға өзгерушi жағдайларда белгiлi жаттығуларды орындау жолымен жетуге болады (тiке жүгiру‚ бұрылыстар бойынша‚ тауға және әртүрлi жағдайларда-отырып‚ жатып және т.б. жүгiру).

Қозғалыс бөлшектерiн бақылау және басқару басқарудың сыртқы шеңберiне жататын жоғары жүйке жүйесiнiң төменгi бөлiмдерiне жүктеледi‚ iшкi реттеудiң бiрiншi және екiншi шеңберi өзара байланыста болады.

Тәсiл” түсiнiгiне тек қана қозғалыс түрлерi емес‚ сонымен бiрге басқа ерекшелiктерi-екпiн‚ ырғақ‚ күш т.б. жатады. Iс-әрекеттiң тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi соңғы нәтижемен емес‚ қозғалыс ұқсастығы дәрежесiмен анықталады.

Жаттығуларды үйрену оқушыларға ең алдымен iс-әрекет туралы дұрыс түсiнiк беру керек. Iс-әрекеттi басқару процесiнде мұғалiм жаттығуды оның үлгiсiмен тексерiп қана қоймай‚ сонымен бiрге қатенi жөндеуге де бұйрық бере алады.

Дұрыс” немесе “дұрыс емес” деген бұйрықтар бойынша мұғалiм қозғалысты дұрыс меңгеруге көмектеседi.

Оқушылар спорттық терминологияны бiлмеуi мүмкiн және берiлген бұйрықты өзiнше‚ дұрыс қабылдамауы мүмкiн. Сондықтан мұғалiмнiң нұсқаулары дәл‚ анық‚ қысқа (ықшам)‚ оқушылардың түсiнуiне оңай болу керек. Айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: автоматтандырылған дағдыны құру процесiнде мынадай мiндеттер бөлiнедi:

а) Оқушыларда алдағы iс-әрекеттiң дұрыс үлгi-бағдарламасын құру.

б) Iшкi шеңбердiң жеке бағдарламалық құрылымында ұқсас бағдарламаны құру (Л.В.Чхаидзе).

Қозғалыс дағдысының қалыптасуы iшкi және сыртқы басқару шеңберiнiң бiрiккен iс-әрекетiмен қалыптасады. Мұнда сыртқы шеңбер қозғалыстың мағыналық бөлiмдерiмен‚ ал iшкi шеңбер қозғалыстың биомеханикалық мақсаттылығын қамтамасыз етедi.

Уақытша байланыстарды тұлғалық-үлгi-бағдарламасы тұрақтылығын тудыратын нығайту деңгейi бойынша шеңбердiң басқарушы әсерi қысқарады және қозғалыстың жалпы мағыналық жағына саяды. Бұл кезең‚ мiндеттi түрде қозғалыс дағдысын автоматтандыру жағдайына сәйкес келедi.

Бұл кезеңге мақсатты түрде сыртқы шеңбердiң қозғалыстың ұсақ бөлшектерiн мағыналық бақылауын қосуға болады. Бұл қозғалыстың нәтижесiнде‚ оған бейiмделмеген‚ автоматтандырудың биомеханикалық мақсаттылығы айырылған.

Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру кезiнде мұғалiм басқару шеңберлерiнiң өзара байланыс ерекшелiктерiн ескеруi және жетекшi (басшы) бұйрықтарды iрiктеу керек (жағдайға сәйкес). Бұйрықтардың ерекшелiктерiне байланысты мұғалiм қозғалыс дағдыларын автоматтандыру және оқыту процестерiн қысқаруға немесе бәсеңдетуге болады.

Оқу құбылысын басқаруда тек сөз жүзiнде бұйрық берудi мақсат тұтпай‚ сонымен бiрге оқушыларға жаттығуларды әсерлi орындауын қамтамасыз ететiн жағдайлар тудыру керек. Оқытушы тек қатенi түзетулермен емес‚ әрi оны болдырмау тәсiлiн қарастырғаны жөн. Тек осы жағдайда кемшiлiктердi жою амалдарын жасау қажет.

Жаттығуды дұрыс орындалудың келесi негiзгi себептерiн анықтау.


1 кесте.

қ

Қатенiң пайда болу негiздерi

Жою жолдары

1

Қимылдың дұрыс бұйрық берiлмеуiнен немесе ондағы сөздердi дұрыс қолданбауынан немесе оқушылардың үлгiнi дұрыс қабылдамауынан туатын қателер.

Үлгiнi сөздi түзету жолымен дұрыстау‚ кинограммамен таныс-тыру т.б.


2

Дене дайындығының жетiспеуi (күш жетiмсiздiгi‚ жылдамдық‚ координация т.б.)

Арнайы-дайындық жаттығуларын орындау.


3

Жаңа жаттығуды орындауды меңгере алмай тез ауысу.

Алдыңғы жаттығуды қайта орындау.


Осындай үлгiмен жеңiлатлектика жаттығуларын оқып үйренудi төменгi үш бөлiкке бөледi:

Бiрiншi (1-2 ай). Жалпы және арнайы дене дайындығы деңгейiнен бiлiм беру. Бұл кезеңде қатаң бағдарламаны ұстанбайды‚ тек шартты жағдайда (топтар құрамы‚ дайындық деңгейi т.б.) шикiзат таңдайды. ЖДД бойынша бақылау жаттығуларымен сайыс өткiзедi.

Екiншi (2-3 ай). Нақты жаттығулармен оқуды бастау (қысқа қашықтықта жүгiру‚ ядро лақтыру және басқалар). Бұл кезеңде оқып-үйрену бағдарлы болады және айқын әдiстемемен жүргiзiледi‚ яғни нақты үйрену материалдары ұсынылады. Кезеңнiң соңында үйренген жаттығулар бойынша сайыс өтедi.

Үшiншi кезең. Көпжылдық машықтану және нақты жаттығулардың қатенi түзету‚ жеке әдiстердi құру‚ машықтану әдiстемесi‚ сайыстарға қатысу сияқты түрлерiн меңгердi. Бұл кезеңде оқу iсi жеке ерекшелiктерге бағдарланған болуы мүмкiн‚ яғни жалпы және арнайы‚ тәсiлдiк‚ еркiн т.б. дайындық түрлерiнiң спорттық нәтижелерiне бағытталған деңгейiне жоспарланады.

Оқуды түрлi келтiрiлген әдiстермен өткiзуде төмендегi педагогикалық қағидалар мен ережелердi ұстану керек:

Жаттығуды ұйғарыммен жасауды үйрену.

Бiр дайындыққа 2-3 жаттығудан ендiру.

Дайындық бөлiмiне арнайы-дайындық жаттығуларын ендiру.

Дайындықтың негiзгi бөлiмiн алдыңғы сабақтарда меңгерген жаттығулардың бiр-екеуiн қайталаудан бастау.

Әр жаңа жаттығуды алғашқыда жеңiлдетiлген түрде (байсалды ырғақта‚ аз күшпен т.б.) ең басты негiзгi элементке назар аудара үйрену.

Тәсiлдiң негiзiн меңгермей сайыстарға қатыспау.

Жеңiл атлетикалық жаттығулар тәсiлiн үйренудегi қатенi түзету мен алдын алудың жалпы әдiстемесi.


1.2. Жеңiл атлетикалық жаттығулар тәсiлiн үйренудегi қатенi түзету мен алдын алудың түрлерi

Кез-келген жаттығуды әртүрлi бөлiмдерде нәтижелi меңгеру оқу әдiсiнiң дұрыстығына байланысты. Бұнда өмiршеңдiк үйренушiлердiң жаттығу мiндеттерi мен оны орындау тәсiлi болып табылады.

Сол үшiн жаттығуды үйренуге кiрiспес бұрын оны оқушыларға осы жаттығу жөнiнде толыққанды көзқарас қалыптастыратындай етiп‚ толық аяқтап жасап көрсету қажет. Сосын жаттығулар туралы қысқаша түсiнiк беру керек. Мысалы‚ ұзындыққа секiруде негiзгi күш жүгiрiп өту жылдамдығы мен алға емес жоғары тебiлуге түсу керек екенiн көрсетедi. Содан кейiн бiрiншi жаттығуды секiруден бастап көрсетiп‚ оның маңызы мен орындалу әдiсiн үйретедi.

Түсiндiрме жаттығу барысында толықтырылып‚ әрi қысқа да нақты болуы керек. Мысалы‚ қарапайым жаттығулардағы жүгiру‚ көрсету және түсiндiру үйренушiлерге жаттығудың өзiн жасап көрсетедi. Бұнымен оларда келесi жаттығуларда жүзеге асырылатын табиғи қимылдар туындайды.

Көрсетудегi қимылдар үйренушiлерден талап етiлетiндей көрсеткiшке сәйкес болуы керек. Егер олай болмаса‚ жаттығу туралы оларда қате көзқарас қалыптасады‚ тек көрсетiлгендi қайталағанда ғана қатесiн жөндейдi. Оқытушы дайындықта әрбiр оқушының жаттығу орындауын қадағалап‚ егер керек жағдайда қатенiң қай жерде екенiн‚ оны жөндеу жолдарын көрсетедi.

Ең бастысы оқушылардан талап етiлетiнi‚ бұл-орындау дәлдiгi мен тәсiлдi меңгеру жаттығулары. Әрине бұған көп уақыт кетедi‚ бiрақ бұл жаңадан үйренушiлердiң қимыл қателерiн басынан бастап жөндеу үшiн керек. Егер бұл оқушының әдетiне сiңiп кетсе‚ жөндеуге қиын соғады‚ әрi оқу iсiн баяулатады‚ яғни спорт шеберлiгiнiң өсуiн қимылдатады.


1.3. Спорттық жүру әдiстерiн үйрету

Жүру-адам қозғалысын

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!