Ғылыми конкурстарға дайындық жұмыс жоспарын
іске асыру, сапасын бақылау
Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу көзделеді.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан — жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт -бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында мұғалім дарынды балаларға арналған тиімді жұмыс жоспарын құрып алуы тиіс. Онда оқушылар осы жоспар бойынша жұмыстарын жасап, күнделіктеріне толтырып жазып отырады.
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
-
Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
-
Жан-жақты ақпараттандыру;
-
3. Коммуникативті бейімдеу;
-
Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:
-
Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
-
Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
-
Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;
-
Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады.
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:
-
Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
-
Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
-
Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға — пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байкауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
-
Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға.
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері :
-
Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
-
Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
-
Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір — сайыс яғни интеллектуалды ойындарға дайындау;
-
Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.
XXI-ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі — мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі максат — оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса — ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт — бағдар бере алады.
Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі — көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір — сайыс яғни интеллектуальды ойындардың мақсаты — Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып табылады.
Дарынды баланың қабілетіне білім беру тарапынан және тәрбиеішілік жұмыстар тарапынан қолдау болуы шарт. Ол ең алдымен: дарынды баланы анықтау жолдарымен және дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарымен айқындалады. Дарынды баламен жұмысты бастау жолында төмендегідей проблемаларға кездесеміз: әлеуметтік жағдайының әсері, жаңадан келген оқушының ортаға бейімделе алмауы; жас кезеңіндегі өтпелі кезеңі, оқуда жетістікке жете алмауы, ұяңдығы, психофизиологиялық себептер. Әртүрлі жағдайда кездесетін жоғарыда көрсетілген проблемадан негізінен ата-ана мен сынып жетекшісінің, пән мұғалімдерінің және әкімшіліктің тығыз байланысы шешуші жолды анықтайды. Оқушының дарындылығын анықтауда [31]:
-
Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.
-
Бақылау
-
Анкета
-
Психодиагностика
-
Социометрия
-
Әңгімелесу
-
Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс.
Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:
-
Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;
-
Шешім қабылдайды;
-
Сенімділік туындайды;
-
Өзгелермен салыстырады;
-
Өзін-өзі бақылайды;
-
Жауапкершілік туындайды;
-
Мінез-құлқы өзгеріледі;
-
Ғылыми тұрғыда ізденеді;
-
Материалдарын жинақтайды.
Дарынды балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыруда төмендегідей мәселелерге назар аудару керек;
І. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.
-
Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.
-
Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды-пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.
-
Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар кұрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;
Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзгелерге баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:
-
Тәжірибелерін газет, журнал беттеріне беру;
-
Байқауларға қатысу;
-
Іс-шаралар ұйымдастыру;
-
Мектептермен тәжірибе алмасу.
-
Бақылау күнделігін жазып отыру;
-
Психологиялық материалдар жинақтау;
-
Кітапша құрастыру.
-
«Реферат»;
-
«Портфолио»
Дарынды балалармен жасалынатын жұмыс түрлері нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады:
-
Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктері өзіндік көзқарас тұрғысынан дамиды.
-
Жан-жақты ақпаратты қабылдауы, сол ақпараттар негізінде өз ойын жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасы пайда болады.
-
Дарынды оқушының шығармашылық деңгейі дамып, кез-келген ортады өзін еркін ұстау мүмкіншілігі арта түседі.
-
Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалау деңгейі яғни өз білімін көрсете білуі дұрыс жолға қойылады.
Бүгінгі таңда білім беру орындарында баланы шығармашылық тұрғыда дамытуға арналған жұмыс түрлері жеткілікті.
Дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
-
Сабактар, ОҒҚ-ның жұмысы;
-
Пәндік үйірмелер;
-
Тіл мерекесі;
-
Пән оқулары;
-
Олимпиадалар;
-
Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
-
Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
-
Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
-
Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
-
Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.
Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамының алатын рөлі ерекше. Аталмыш ғылыми қоғам өзінің арнайы бағдарламасын нақтылап алғаны жөн. Ол бағдарламада жасалынатын жұмыстың мазмұны мен түрлері төмендегідей сипатты қамтығаны орынды.
-
Өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілеттілігі: мектепішілік өзін-өзі басқару лидерлері оқушылардың ғылыми қоғамының міндетті мүшесі.
-
Білімнің түрлі жағынан оқушылардың шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын зерттеу.
-
Түрлі деңгейдегі мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға және байқауларға қатысу.
-
Жоғарғы сынып оқушыларының әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу.
-
Халықаралық көрме, жәрменкелерге қатысу
-
Сынып сағаттарында, сабақтарда, ғылым, техника, технология жаңалықтары туралы оқушыларды хабардар ету, ғылыми білімдерге қызығушлығын арттыру.
-
Әр тоқсанда бір рет ОҒҚ жаңалықтары туралы газет шығару.
Әрине, кейбір ғылыми қоғам өзіндік ерекшелігін алып қосуына болады.
«Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көп жағдайда мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігіне, оның тұлғалық қасиеттеріне тікелей байланысты» — деп, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-интернатының психологы А.О.Елубаева мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялык талаптарды төмендегідей іріктеген [32]:
«Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;
Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;
Білім беру мекемелерінде дарынды балалармен жұмыс барысында ОҒҚ-ның алатын рөлі ерекше. Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысын қалай тиімді етіп ұйымдастыруға болады деген сұрақ туындайды. Бұл әрине, мектепте ғылыми-әдістемелік кеңесінде, ОҒҚ-ның жұмысын оқу ісінің меңгерушісі немесе директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары басқаруымен жүргізілетін жұмыс. Ғылыми жетекшілер кеңесі секция жұмысы мен ОҒҚ мүшелері үшін танымдық бағдарламаны қарап бекітеді. Ғылыми-ізденіс жұмыспен шұғылданатын оқушыларды ғылыми жұмыстардың бағыттарымен таныстыра отырып, олардың қай пәнге бейім, қандай бағытқа деген қызығушылығы бар екенін анықтап алынады. Содан кейін барып ізденіс жұмысының тақырыбын аныктау деген мәселе туындайды. Бүгінгі таңда өзекті, әрі оқушының қызығушылығын тудыратын тақырып таңдауың керек. Ол тақырып жаңалыққа негізделген, баланың қызығушылығын дамытатын болуы шарт.
Ұсыныс:
-
Мектепішілік, қалалық, облыстық ғылыми конкурстарға дайындық жұмыстарын жандандыру. Жауапты: ДОТЖО С.Туткабаева, пән мұғалімдері;
-
«Дарын, Зерде» ғылыми жоба жарыстарына жобалық жұмыстарының дайындық барысы тексеріліп, жұмыстары жүйеленсін. Жауапты: Шығармашылық топ мүшелері, жоба жетекшілері;
-
Әр пән бойынша Онлайн, оффлайн пән олимпиадаларына оқушылардың қатысуын үнемі қадағалап отыру керек. Жауапты: Жауапты: ДОТЖО С.Туткабаева, Б.Жанкулова
-
Тіл саласы бойынша әдеби шығармашылық жарыстарға, конкурстарға оқушыларды дайындау, қатыстыру. Жауапты: Жауапты: ДОТЖО С.Туткабаева, пән мұғалімдері.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми конкурстарға дайындық жұмыс жоспарын іске асыру, сапасын бақылау

шағым қалдыра аласыз