Автордың аты –жөні: Жабагина Лязат Токеновна
Педагогикалық идеяның атауы :
ХАЛЫҚ ТӘЛІМІ-ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Бағыты: Шеберлік палитрасы
Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Білім беру ұйымының мекенжайы:
«Байқадам жалпы білім беретін мектебі» КММ
Бұқар жырау ауданы
Қарағанды облысы
Тел: 52-3-85
Қатысушының мекенжайы:
Байқадам ауылы
Центральная көшесі-15
Тел:87757748172
Электрондық почта: Lazat_22.07@mail.ru

Аннотация
Бұл мақалада өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті екендігі айтылады. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір -бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас жүйе болғандықтан білім алушылармен үнемі жұмыс жасау маңызды. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие- пәнді оқыту, сынып сағаттарының және сыныптан тыс шығармашылық жұмыстар арқылы жүзеге асады.Сабақ барысында кез келген педагог халық педагогикасның үлгілерін орынды пайдалана туралы және сабақта қолдануға болатын тиімді әдіс- тәсілдердің түрлері ұсынылған.
В данной статье подчеркивается важность воспитания молодого поколения в духе духовно-нравственных ценностей. Указывается, что на всех этапах обучения воспитание и образование тесно взаимосвязаны, образуя единую систему, которую невозможно разделить. Автор акцентирует внимание на необходимости постоянной работы с учащимися. Воспитательная работа в образовательных учреждениях осуществляется через преподавание предметов, внеклассные занятия и творческие работы. В статье предлагаются эффективные методы и приемы, основанные на использовании примеров народной педагогики, которые можно применять в процессе обучения.
Тезис
Өзектілігі: Сабақ барысында этнопедагогика түрлерін қолдана отырып, білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып , жан-жақты, білімді ұрпақ тәрбиелейміз.
Нәтижесінде:
-
Білім алушылар халық педагогикасының құндылығын түсінеді ;
-
Әдіс-тәсілдерді қолдану барысында білім алушылардың жазылым, айтылым, тыңдалым дағдылары дамиды.
Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті болып табылады. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ете отырып, олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас жүйе. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие- пәнді оқыту, сынып сағаттарының және сыныптан тыс шығармашылық жұмыстар арқылы жүзеге асады.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- деп атап өткен болатын. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсатында, ұлттық, адами құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» өткен оқу жылынан бастап білім мекемелеріне енгізіліп, ұстаздар қауымы осы бағдарлама аясында түрлі іс-шараларды өткізуде.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп , оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-қазақ халқы. Халқымыздың сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас , өмірлік мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүр , тұрмыс –салт , баланы бағып қағу, оны өсіріп-өндіру, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі, өзіндік тәрбие мектебі бар.Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, әр кезеңнің заман талабына сай өзгeріп, қорланып, бай тәжірибесімен жан-жақты дами отырып кемеліне келіп, толысып отырады.
Бүгінгі күннің талабына сай жеке тұлға қалыптастыруда , әр оқушының қабілетін танып, дамытып, шыңдауда ұлттық мәдениетті, ұлттық педагогиканы, халқымыздың асыл мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті,рухани байлықты қастерлейтін азамат тәрбиелеудің маңызы зор. Жан – жақты жeтілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрінeн дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзeге аcыруға болады. Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, ұрпақтан- ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынаcтан берік орын алған тәлім – тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.
Этнопедагогика – белгілі бір халықтың өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы. Қазақтың халық педагогикасы (ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлері) педагогика ғылымының бір қайнар көзі ретінде ғасырлар бойы дүниетанымдық және тәрбие құралы болып қалыптасты да, ұлттық мәдени мұраға айналды. Ұлттық мәдениет пен халықтың білімді дамытуда педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) ойлардың жазбаша түрде нұсқа болып қалуы – ұлттық тәлім-тәрбие ісіндегі негізгі бір алтын өзекті арқау болып саналады.[1,3-бет]
Ұлттық тәжірибенің қайнар көзі: ұлттық салт-дәстүрлер, ойындар, халықтық мерекелер,отбасындағы тәлім мен тәрбие.Ұлттық мәдениет пен тәрбиенің ең өрісті, келісті көрініс табуы халық даналығы мен мақал-мәтелдерде және шешендік cөздерде.Бізге келіп жеткен cалт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптардың өзінен халқымыздың асқан даналығы мен ғажап зердесін анық байқауға болады. Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу –тәрбие ісімен сабақтастыру басты парызымыз болып табылады. Осы тұрғысынан сыныптан тыс шараларда және сабақ барысында халықтық педагогиканың үлгілерін үнемі пайдаланамыз.
Мысалы, 6-сыныпта қазақ тілі пәні бойынша «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.Наурыз» бөлімінде халқымыздың cалт-дәстүрлеріне байланысты мәліметтер берілген.
Бәсірe
Бәсіре-қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде , сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты.Қазақ халқының ұғымы бойынша,дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты.Cондықтан оны мінбейді, сатпайды.Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға болғаны дұрыс.Бәсірені баламен бірге қадағалайды,бұла қып өсіреді.Есейe келе бәсіресі бар баланың да малға деген ықыласы, пейілі түзу болады.
Берілген мәтінмeн «Сұраққа жетіп ал» және «Сен білесің бе?» әдісі бойынша жұмыс жасауға болады. « Сұраққа жетіп ал» әдістінің тиімділігіне келетін болсам, оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасып, сұрақ қою дағдылары дамиды. Білім алушы өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады.Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.Сонымен қатар ,оқушы салт-дәстүрдің басқа салт –дәстүрлермен айырмашылығын анықтайды.
«Сен білесің бе?» әдісін қолдана отырып білім алушыларға төмендегідей кеспе қағазы беріледі, Олар « Бәсіре» мәтініндегі негізгі , қосымша ақпараттарды анықтап, аталған дәстүрдің бүгінгі өмірмен байланысын анықтап, өзіндік көзқарастарын білдіреді.
«Сен білесің бе?»
Оқушымның орындаған жұмысы
(мәтініндегі негізгі , қосымша ақпараттарды анықтап,өзіндік көзқарасын жазды)
|
Негізі ақпарат |
Қосымша ақпарат |
Менің өзіндік көзқарасым |
|
Бәсіре- дүниеге ұл бала келг енде , сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты |
Дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен байланысты болғандықтан оны мінбейді, сатпайды..Бәсірені баламен бірге қадағалайды..Бәсіресі бар баланың да малға деген ықыласы, пейілі түзу болады. |
Менің ойымша, бәсіре-халқымыздың ерекше дәстүрлерінің бірі . Бұл-дәстүр дүние есігін ашқан ұл баламен тікелей байлланысты екен.Біздің халқымыз ұл баланы ежелден құрмет тұтқан. Себебі, ұл бала-ұрпақ жалғасы, кенже ұл- қара шаңырақтың иесі.Бәсіресі бар баланың малға деген ынтасы болады екен.Бұл дәстүрді келешек ұрпақ, яғни, біздер жалғастыратын болсақ көп нәрсе ұтамыз деп ойлаймын.Себебі, өзім қатарлас балалар көп уақытын ұялы телефонда өткізеді.Ал ұялы телефонның қаншалықты денсаулыққа зиян екенін білеміз.Сондықтан да бәсіре атау өте дұрыс деп ойлаймын. Осындай жақсы істі мен ержеткенде өзімнің ұрпағыма да жасаймын деген ниеттемін. |
5-сыныпта қазақ тілі пәні бойынша «Киім.Сән,Талғам» бөлімінде халқымыздың ұлттық киімдеріне байланысты тақырыптар берілген.Осы бөлімде оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру үшін қосымша ақпараттар бере отырып, оқу сауаттылығына байланысты тапсырмалар орындатуға болады.Халқымыздың ұлттық киімдерінің түрлері өте көп.Кең бaйтақ даламыздың табиғатына, ауа райына байланысты киім түрлерінде де өзгерістер бар. Сондaй ерекше киімдердің бірі-сәукеле.
Сәукеле- тек бас киім ғана емес, ол қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының,мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік.Дәстүр бойынша сәукелені тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізеді, оны айырбастамайды,әзірге кие тұруға да болмайды.[2.81-бет] Осындай ақпараттар бере отырып, оқушыларға халқымыздың киімді ерекше құрмет тұтқанын да атап өткен абзал.Білім алушыларға қосымша ақпараттар бере отырып , сабақ барысында тыйым сөздерді де орынды қолдануға болады.Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі-тыйым сөздер.Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырады.Мысалы:
*Бөркіңді теріс киме;
*Бөтен aдамға бас киім бермейді және айырбастамайды.т.б тыйым сөздерді сабақ барысында қолданып,оларға тыйым сөздердің маңыздылығын және өміршеңдігін aйтып отыру орынды болып табылады.
Білім алушыларға ұлттық киімдер туралы мәтін беріледі.
Ұлттық киімдер
Ерлердің ұлттық киімдері: жейде, шалбар, жеңсіз қамзол, бешпент, шапан, шекпен, ішік, тон. Мұражай көрмесіндегі Оңтүстік Қазақстаннан әкелінген шалбар өзінің әсемдігімен ерекше көзге түседі. Шалбардың екі жаны кестеленген, түрлі- түсті жібек жіппен тоқылған, сегіз жапырақшалы, қоңырқай түсті гүл сабақтары оюланған. Балағында ерекше көзге түсетін шеңбер бар. Ол дөңгелек жартастарында күннің символы бейнесінде жиі кездеседі. Мұражай қорында ерлердің қысқы киімінен: қасқыр ішік пен тон сақтаулы.Ерлер бас киімнің түрлері мол. Оның бірі- киіз қалпақ. Бас киімдердің ішінде 19 ғасырдың жартысында Ақтөбе уезінен әкелінген сұлтандардың қалпағы ерекше көзге түседі. Екіншісі- тымақ. Тымақтың төбесі шошақ, құлағы ұзын, артқы делегейі желкені жауып тұрады. Тымақ қатты аяз күндері суық жібермейді.
Оқушыларға бұл тапсырманы орындатуда «Сыр сандық» әдісін қолданамын.Яғни , оқушы мәтін бойынша есте қалған 10 заттың атын және осы аталған заттардың ішінен өздеріне ұнаған үшеуін белгілеп, солар туралы толығырақ мәлімет жазады.
жейде, шалбар, бешпент, шапан, шекпен, ішік, тон, тымақ,қалпақ, қасқыр ішік.
Есімде қалған 10 сөз
Мен білген мәлімет
Ерлер бас киімнің түрлері мол. Оның бірі- киіз қалпақ. Бас киімдердің ішінде 19 ғасырдың жартысында Ақтөбе уезінен әкелінген сұлтандардың қалпағы ерекше көзге түседі. Екіншісі- тымақ. Тымақтың төбесі шошақ, құлағы ұзын, артқы делегейі желкені жауып тұрады
Сабақ барысында тиімді қолданған әдіс –тәсілдердің нәтижесінде білім алушылардың жазылым, айтылым, тыңдалым дағдылары дамиды.
Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу –тәрбие ісімен сабақтастыру басты парызымыз болып тaбылғандықтан , өз кезегінде үлкен шеберлікпен жасалып отыратын жұмыстар бaланың есейгенде жақсы азамат болып өсуіне жетелейді.Адамзaт баласы қалай тәрбиеленсе, солай әрекет ететіні мәлім.Сондықтан да ғасырлaр қойнауынан сараланып келген іс-тәжірибенің жиынтығы –халық даналығын отбасы мен балабақшадан бастап,мектеп,яғни білім ордaларында жалғасатын оқу-тәрбие үрдісінде орынды пайдалансақ, нұр үстіне нұр болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Айджанова З.Ж. «Этнопедагогика»оқу құралы.-Ақтау.2010[3- бет]
2.С.Кенжеахметұлы. «Жеті қазына»1-кітап.-Алматы.2007[81- бет]
3. «Қазақстан мектебі» №7.2000ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Халық тәлімі-ұлттық құндылық

шағым қалдыра аласыз