Материалдар / ХХ ғасыр мәдениетінің ұлттық мәдениеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХХ ғасыр мәдениетінің ұлттық мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздарға және оқушыларға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
1226
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

XX ғасыр мәдениетінің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты

Тарих пәнінің мұғалімі

Ордабаева Еңлік

Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына едәуір әсерін тигізді. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениетінің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларға байланысты негізгі мәселелердің біріне айналған ХХ ғасыр мәдениетінің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты белең алды. Бүгінгі таңда дүниежүзінде 200 мемлекетке жетіп, мыңдаған халықтарға бөлінген, саны жағынан 6 млрд. Жеткен адамзат баласы 2 млн. Жуық өсімдіктер мен жануарлардың бір түрі ғана. Адам баласы өмір сүрген кезден бастап мыңға жуық ұрпақ ауыстырған екен. Осынша халықтың ішінде екі адамның бір-біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндік қайталанбас ерекшеліктерінің болуы да таңқаларлық жайт. Адам бір-бірінен жеке тұлға есебінде ерекшеленіп қана қоймайды, сонымен қатар топтық айырмашылықтарға да тәуелді болып келеді. Осыншама айырмашылықтар бола тұрса да адамзат баласының басын біріктіретін не нәрсе? Ол- ең алдымен дүниенің тұтастығына негізделген жалпы адамзаттық мәдениет.

Дүниенің тұтастығы- қазіргі замандағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын біріктіретін «жаңа заман мәдениетінің» тағдыры- адамзаттық құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. ХХ ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығарған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік моно-мәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі- «дүниежүзілік» пролетарлық революция идеясы. Ол таптық құндылықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана ұлттық мәдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің «қарсы мәдениетке» айналуы етек алып, әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған түрі пайда болды. Адамзаттық мәдениеттің қалыптасуын халықаралық қауымдастық мүшелерінің құндылықтарының белгілі бір жүйесін жай ғана қабылдау деп, дәлірек айтқанда, түрлі мәдениет салаларын бірыңғайлау деп қарастыруға тағы болмайды. Өйткені, мәселе аймақтық және ұлттық мәдениеттердің өзара рухани байланысуының өсуі туралы болып отыр. Уақыт өткен сайын түрлі халықтар мәдениеттерінің арасындағы байланыстардың арнасы кеңейе түсуде, бір мәдениет саласындағы өзгеріс басқаларын да өз ықпалын тигізуде. Ғаламдық мәдени жетістіктер дүниежүзіне кеңінен тарауда. Ендеше, біз ғылымдық гуманистік құндылықтардың дамуының мүлде жаңа кезеңіне өткенімізді мойындауымыз керек.

Қазіргі өркениетті түрлі ғаламдық өркениеттердің басын жай ғана біріктіре салу деп түсіну мүлде қате болған болар еді. Бұл процесс өте күрделі және толып жатқан қарама-қарсылықтарға толы болып келеді. Ендеше, қазіргі жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастырып, дамытуда мәдени құндылықтарды өзара байланыста игеру, мәдениетті дамытуды ғалымдық дәрежеге көтеру- бүгінгі таңдағы басты мәселе болмақ.

Жанұялардың өз қажеттіліктерін қанағаттандырып табысқа қол жеткізушілік, яғни жанұя мүшелерінің өмірлерінде алға басушылық байқалды. Патриархалдық жанұяда балалар еңбекке ерте араласты, күнкөріс қамын ересектермен бөлісті. Ал ХХ ғасырда балалық шақтың созылуы, оларды жанұяның басты құндылығы деп санау, оларға айырықша қамқорлықтың жасалуы жастардың дүниежүзілік мәдениетке деген құштарлығын арттырып, мүлде жаңаша адамгершілік, сезімдік және интеллектуалдық құндылықтарды өз бойларына тереңірек сіңіруіне себепкер болды. Бұл кезеңде жастар жалпы адамзаттық мәдениеттің қайнар бұлағына сусындаып, рухани азық алды, сөйтіп олардың бойында заман талабына сәйкес жаңа ізгі қасиеттер қалыптасты. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер өмір сүрудің жаңа түрлерін, мәдени стериотиптерді өмірге келтірді.

Мәдениеттің біртұтас дамуы- қарама-қайшылықтарға толы процесс болды. ХХ ғасырда дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына ұлттық мәдениеттердің өркендеуі жолындағы қуатты қозғалыстармен қабаттас болды. Қазіргі кезеңде мәдениетке «еуроцентристік көзқарастың» шектеулі екендігіне көзімізді жеткізіп отырмыз. «Техногендік еуропа мәдениеті» ерекше дәріптеліп, оны ұлттық және аймақтық мәдениеттерге негіз етіп көрсетілді. Қазіргі заман тәжірибесі Шығыс елдерінің Батыс мәдениетінің құндылықтарын, қол жеткен табыстарын өздерінің өндіріс және білім беру жүйесінде кеңінен қолданып отырғандығын көрсетіп отыр. Тынық мұхит елдері бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогрестің қозғаушы күштерінің біріне айналды. Скандинавия кәсіпкерлері коллективтік іс-қимылды табыстың басты көзі деп санайды. Осы орайда техногендік жағынан үлгілі елдердің қатарына жататын Жапония мемлекетінің жетістіктері мәдени дамудың ұлттық түрлеріне негізделген. Мұнда «техногендік өркениет» ерекше мәдени орта жағдайына қарамастан өзіндік үйлесімділік тапқан. Жапон мәдениетіндегі ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат, адам мен қоғам арасындағы ерекше қарым-қатынастар елдің нарықтық экономика саласындағы қомақты табыстарына тікелей әсер етіп отырғандығын мойындамасқа болмайды. Міне, сондықтан да Жапонияда мәдениеттің ерекше ұйымдастырушылқ түрлері пайда болды. Жапондардың ұлттық-мәдени бет-бейнесінің ерекшелігі-еңбекті ұжымдық тәсілмен ұйымдастырудан-ақ айқын байқалады. Мысалы, кәсіпорын басшысы шешім қабылдамас бұрын, оны қарамағындағылармен келісіп ақылдасып алады. Жапондықтардың ұжымдық мәдениеті, олардың еңбек саласында демократиялық басқару тәсіліне бой ұрғандығын байқатады. Олардың басты ұраны: «барлығымыз да біргеміз және бәрміз де теңбіз». Сондықтан да болар өнеркәсіп басшысы мен қатардағы маманның алатын жалақыларының мөлшерінде айтарлықтай айырмашылық болмайды.

70-і жылдары осындай «сапа үйірмелері» АҚШ-та пайда бола бастады. Бірнеше жылдардан соң бұлар 230 американ компанияларында өз жұмыстарын жүргізе бастады. Осы біршағын мысалдың өзі-ақ жоғарыда айтылған ойымызды айқындай түссе керек. Американдықтардың индивидуализмді мен кәсіпкерлік рухының тамыры сол елдің өткен тарихында, оның күрделі этникалық және географиялық құрылымында жатыр. Еңбек сүйгіш неміс халқы мен оның экономикалық жетістіктерін неміс мемлекетінің тарихын білмей тұрып, ол халықтың өзіндік ұлттық қасиеттерін ескермей ешуақытта түсінуге болмайды. Мысалы, Қытай мәдениетіне оптимистік дүниетаным, өмір мен өлімге табиғи тұрғыдан қарау тән. Адамдар жер бетінде тіршілік етеді, ондағы тірілер мен өлілер өзара тығыз байланыста. Еуропалық мәдениеттегі батыл қадамдармен қайта жаңғыртушылар, түбегейлі өзгерістер бір жағынан прогресті тығырыққа тіреді. ХХ ғасырдың ұлы ойшылы, А.Швейцер технократтық мәдениеттен бас тартып, дамудың ең жоғарғы сатысына көшу қажеттігі туралы ойға келді. ХХ ғасырдың дүбірлі оқиғалары, қантөгіс қырғиқабақ соғыстар, экологиялық апаттар және т.б. негізінде ғылым «технократизм мен технократтық ғылым»-мәдениетті идеялардың құрбандығына, рухани және сезімдік ақыл-ой қысымына, жалпы мәдениеттің тоқырауына әкелді деген қорытындыға келді. Ұлы ойшыл мәдениетті дамытудың үлгісінен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген мүлде жаңаша даму бағытындағы әдісті ұсынды. Бұл әдіс ізгілік жолы, адамдарды жарқын болашаққа апарар даналық жолы.

Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Гренвил Дж. История ХХ века. М., 1999 г.

  2. Дуглас С. Стивенсон. Америка: халық пен ел. – Алматы: “Ғылым”, 1995.

  3. Бэшлосс М. ХХ век: основные проблемы и тенденции международных отношении. М., -1992 г




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!