ХИМИЯ САБАҒЫНДА ХИМИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жәкібаева Динара Лесбайқызы
Ақтау қаласы №9 мектептің химия пәні мұғалімі
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарында химиялық тәжірибелер жасау және өзіндік білім алу іс-әрекеттері үлесінің артуы негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту басымдылығы көрсетілген. Сондықтан, химия сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды қолданып,химия сабақтарында химиялық экспериментті оқушылардың өздігінен орындайтын ізденіс жұмыстары түрінде ұйымдастыру тиімділігін көрсету.
1.Мектептің химиялық білімінің негізін органикалық және бейорганикалық заттар,олардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері, химиялық реакциялар, олардың мәні мен өту заңдылықтары, заттарды қолдану мен айналулар, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы білімдер жүйесі құрайды. Химия пәні стандарт талаптарында көрсеткендей мектепте жүргізілетін химия курстарының аймағында іргелі білім бере отырып,оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, теориялық ойлау мен практикалық дағдыларын дамыту, қоршаған орта туралы ғылыми көзқарастарын, экологиялық мәдениеттерін және тұлғаға тән әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру міндеттерін орындайды.Қазіргі кезеңде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда яғни, химиялық дайындығының жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған тенденцияларға сүйенген жөн:
-теория мен практиканың байланысын күшейту;
-өз бетінше жұмыс істеуді көбейту;
-оқу жұмысының зерттеушілік сипатына ерекше көңіл бөлу ;
-оқыту мазмұнын практикамен, адамның күнделікті тіршілігімен, техникамен байланысын нығайту;
Сандық химиялық эксперименттің (компьютерге сүйеніп енгізілген), мультимедиа және Интернеттің ролін күшейту.
Орта мектептерде оқушыларға білім беру, танымдық қызығушылық әрекетін дамыту міндеттері оқу жұмысын ұйымдастырудың сан алуан формаларында қолданылатын түрлі әдістер мен оқу құралдарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.Химияны оқыту барысында оқушылардың таным әрекетін қалыптастыру мәселесі ғалым–әдіскерлер еңбектерінде біршама зерттелген. Айталық, химиялық эксперименттерді орындау техникасын игеру, есептерді шығаруға үйрету кезінде жүзеге асатын оқушының іс-әрекеті өз шешімін тапқан. Химияны оқыту барысында қалыптасатын практикалық икемділіктер нақтыланған. Химияны оқыту барысында оқушылардың пәндік практикалық икемділіктер қалыптастыру арқылы таным әрекетін белсендіру мәселесі толық шешілді деуге болмайды. Әлі де болса оқыту процесінде пәндік икемділікті дамыту әдістемесі өз шешімін тапқан жоқ, олардың зерделік ұйымдастыру-танымдық икемділіктің қалыптасқанын анықтайтын көрсеткіштер толық емес. Сондықтан химияны оқыту процесінде пәндік икемділіктерді жетілдіріп қана қоймай, дамыту мәселесіне де көңіл бөлу керек.Өйткені дамыту нәтижесінде ғана оқушылар олардың құрамына кіретін істерді өз бетінше әртүрлі байланыста түрліше жағдайда алған біліммен сабақтастыра пайдаланатын болды.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуда оқыту процесінде жиі қоланылатыны- химия есептері мен оқушы эксперименті.Ол лабораториялық тәжірибелер мен практикалық жұмыстар.
Химиялық есептер–оқушылардың химиядан білім сапасын анықтаудың негізгі құралдарының бірі.Сондықтан мұғалім үшін басты міндет оқушыларды шығармашылық іс-әрекетті меңгеруге бағыттау болу керек.Оқушылар алған білім,біліктерін жаңа проблемаларды шешуде шығармашылықпен қолдануға тиіс.Оқытуға осындай көзқарас болғанда оқушылар талдау,салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу, жорамал(гипотеза) жасай білу, шешудің жолдарын іздестіру,алынған нәтижелерді салыстыру, талқылау, қажет болған жағдайда қайта іздену сияқты қабілеттерін дамытатын, белсенді ой-әрекетін талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгере алады. Химия есептері сан және сапа есептері болып бөлінеді.Сапа есептерін эксперимент есептері деп атайды, өйткені онда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелерді жасау арқылы шығарылады.Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап,бағалауда эксперимент есептердің маңызы зор.Эксперименттік есеп шығару арқылы теориялық білімді іс жүзінде қолдана білуге үйренеді.Олар химиялық құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі.Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанған оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзбен қарауға үйренеді.
Химия ғылымы – эксперименттік ғылым. Сондықтан бұл пәннің сабақтарында эксперименттік жұмыстар: демонстрациялық тәжірибелер, лабораториялық жұмыстар, практикалық сабақтарға көп мән беріледі. Химиялық эксперимент жүргізгенде әрбір оқушы заттарды көзбен көріп, қолмен ұстайды. Жаңа заттардың қасиеттерін жаңаша талдайды. Лабораториялық сабақ мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіру барысында жүргізіледі. Практикалық сабақ белгілі бір тарау немесе оның бір бөлігі өтілгеннен кейін химиялық тәжірибелерді оқушылардың өздігінен орындауы үшін арнайы бөлінетін сабақ. Лабораториялық тәжірибелер негізгі ұғымдарды қалыптастыруға байланысты болса, практикалық сабақтарда оқушылардың алған білімдері тереңдетіліп, іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдылары қалыптасады.
Практикалық сабақ өз мәнінде өту үшін химия кабинеті заман талабына сай жабдықталуы қажет. Қазіргі кездегі мектептерде жалпы химия кабинеттерінде практикалық сабақ өтуге толық мүмкіндік бар.
Дұрыс ұйымдастырған практикалық сабақтың оқушыларға берері мол. Бұл сабақта оқушылар:
Маңызды химиялық құбылыстар мен реакциялардың сипаты туралы білімін нақтылайды, олардың мәнін терең түсінеді;
Химиялық құбылыстарды бақылап, заттарды қасиеттеріне қарай ажырата біледі;
Химия лабораториясында жұмыс істеудің әдістері мен қарапайым химиялық эксперименттермен танысып, оларды игереді;
Химиялық заттар және химиялық құрал жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын, іскерліктерін қалыптастырады;
Икемділіктерін жетілдіреді.
Химияны оқытуда оқушылардың меңгерген теориялық білімін лабораториялық және практикалық жұмыстармен байланыстыра бекітудің маңызы өте зор. Химияны оқыту барысында оқушылардың пәндік практикалық икемділіктер қалыптастыру арқылы таным әрекетін белсендіру мәселесі толық шешілді деуге болмайды. Әлі де болса оқыту процесінде пәндік икемділікті дамыту әдістемесі өз шешімін тапқан жоқ, олардың зерделік ұйымдастыру-танымдық икемділіктің қалыптасқанын анықтайтын көрсеткіштер толық емес. Сондықтан химияны оқыту процесінде пәндік икемділіктерді жетілдіріп қана қоймай, дамыту мәселесіне де көңіл бөлу керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз