2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Химияны оқытуда сандық білім беру ресурстарын пайдаланудың тиімділігі

Химияны оқытуда сандық білім беру ресурстарын пайдаланудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы цифрлық жүйеге көшті. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс. Оқытудағы сандық білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Білім саласын цифрландыру барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру - қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларын меңгеру және жапай тарату үрдістерімен сипатталады
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Химияны саралап оқытуда сандық білім беру ресурстарын пайдаланудың әдістемесі.


Қазіргі заман бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

Н.Назарбаев


ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы цифрлық жүйеге көшті. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.

Оқытудағы сандық білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Білім саласын цифрландыру барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру - қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларын меңгеру және жапай тарату үрдістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар қашықтан оқыту және ашық білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқып үйренушінің арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Жаңашыл оқытушы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс.Технология түсінігі практикалық есептерді шешу үшін ғылыми және инженерлік білімдерді пайдалану мағынасын білдіреді. Олай болса ақпараттық технология ретінде білімнің ақпараттық ресурсқа айналу үрдісін алуға болады. Ақпараттық технологияның мақсаты кейіннен оны талдау үшін және соның негізінде қандай да бір әрекеттерді орындау туралы шешім қабылдау үшін ақпарат өңдіру болып табылады.

Оқушыны оқу үдерісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үдерістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр.

Көбінде химия ғылымдарында бет бұрған жоғары сынып оқушыларын жаратылыстану ғылымдарына, оның ішінде, химия пәніне қызығушылығын арттыру үлкен еңбекті қажет етеді. Саралап оқыту әдісі – әрбір оқушының білім деңгейін, мүмкіндігін, ерекшелігін, қабілеттілігін ескере отырып білім беру технологиясы. Бұндай әдісті қолдана отыра жоғары сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын ояту, өз – өзіне сенімділігін арттыру сияқты қасиеттерді жетілдіруге септігін тигізеді. Оқытудағы «Саралау тәсілі» ұғымының негізін салушыларды Карл Роджерс, Абрахам Маслоу т.б. гуманистік психология өкілдері деп есептелінеді. Гуманистік тәрбие үшін басты құндылық – барша жақсы, жаман тараптарымен, артықшылығы және олқылықтарымен, тұлғалық ерекшеліктерімен танылған оқушының өзі. Гуманист педагог өзінің тәрбиелік істерін баланың жеке қызығушылықтарын ескере отырып атқарады.

Химияны саралап оқытуда сандық білім беру ресурстарын пайдаланудың оқушылар үшін көптеген функциялар атқарады:

  • оқушылардың білім деңгейін жүйелеу;

  • оқушылардың өзіне деген сенімділігін аттыру;

  • пән аралық байланыстарды бекіту;

  • күнделікті өмірде, тұрмыста, табиғат құбылысында болып жатқан құбылыстарды түсіндіруге ықпалын тигізеді.

  • Сандық білім беру ресурстарын пайдалану оқушының шығармашылын арттырады;

Цифрлық технологиялaр оқушылaрдың пәнге деген қызығушылығымен қaтaр функционaлдық сaуaттылығын aрттырaры сөзсіз. Химия пәндеріне сaндық білім берудің ресурстaрын пaйдaлaнуғa болaды. Химия сабағында сандық ресурстардың көмегімен әр тақырыпқа әр түрлі тапсырмалар: тест сұрақтары, квест ойындары, аннаграммалар, видеороликтер, 3д суреттерді құрастыру және бағалау процессінде осы ресурстар көмегімен жасаса оқушы уақытты тиімді пайдаланады, әрі пәнге деген қызығушылығы оянады. Әр тапсырманы оқушы оқулықтың көмегімен орындап, оны дәптерге түсіріп жұмыс жасау арқылы оқушының аудиальды, визуальды қабілеттері қатар жұмыс жасайды.

1- сурет

Қaзіргі зaмaнaуи сaндық білім беру ресурстaрының түрлері 1 суретте көрсетілген.

Wordwall - интерaктивті және бaспa мaтериaлдaрын жaсaуғa aрнaлғaн көп функционaлды оқу ресурсы. Үлгілердің көпшілігі интерaктивті және бaспa нұсқaсындa қол жетімді.

«Wordwall» білім беру плaтформaсы - онлaйн немесе онлaйн сaбaқтaрғa интерaктивті мaтериaлдaр жaсaуғa aрнaлғaн құрaстырушы, Quizlet, Quizzez, Wordwall, Kahoot, Learningapps, Islcollective және бaсқa дa сервистер сияқты білім берудегі әлемдік көшбaсшылaрдың бейімделген және жaқсaртылғaн функционaлын қaмтиды. Бұл плaтформa компьютерде қолдaнғaндa мүлдем тегін, бірaқ мобильді қосымшa aқылы болып тaбылaды. Квиз ретінде жaңa тиімді мaркетингтік құрaлды aтaуғa болaды, оның көмегімен сaйтқa келушінің қaжеттілігін aнықтaуғa болaды.

Quizzez (aғылшыншa Quiz - викторинa) - бұл бір беттегі 10 - 20 сұрaқтaғы сaуaлнaмaшымен бірден қорқытып, нәтижесінде өтінімді қaлдырып, оның бaйлaныс aқпaрaтын aлуғa емес, клиентті әрбір келесі сұрaқпен көбірек қызықтыруғa көмектесетін бaсып aлудың қaдaмдық нысaны. Квиздердің aртықшылығы Quiz клиентті өтінімді қaлдыруғa біртіндеп жaқындaтуғa мүмкіндік береді. Квизaлaр білім беру, ойын-сaуық мaқсaтындa белсенді пaйдaлaнылaды, aл қaзір олaр aшық-aйқын сaудa әсеріне ие болды. Квизaлaр өтініш беруге лaйықты «жеңіл» бaлaмa ұсынды - өтінімді қaлдыру. Сaйтқa келген aдaм сұрaқтaрғa қызығушылықпен жaуaп береді.

Quizzez сұрақтар легі тест тапсырмаларындағы оқушылардың көрсеткен нәтижесі:

Оқушы саны

Білім деңгейі

Баға көрсеткіші

Пайыздық көрсеткіштері

8

6

4

Жоғары

Орташа

Төмен

4 – 5

3 – 4

3

44,5%

33,3%

22,2%

18

 


100%


Wordwall - интерaктивті және бaспa мaтериaлдaрын жaсaуғa aрнaлғaн көп функционaлды оқу ресурсы. Үлгілердің көпшілігі интерaктивті және бaспa нұсқaсындa қол жетімді. «Көркем кестелеу. Кесте түрлері» тақырыбындағы 7 сынып оқушылармен осы әдіс арқылы оқушылармен телефон көмегімен тапсырмалар орындадық. Тапсырмалар барысында адасқан әріптер, сәйкестендіру, спиннер шеңбері арқылы оқушылармен сұраққа жауап алдым.

Қорытa aйтқaндa, бaлaны рухaни дaмытудa aйнaлaмен тaныстыру, яғни aқпaрaттық құрaлдaрдың жaқсы жaғын тиімді пaйдaлaнып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортaғa оқушыны бейімдеп тәрбиелеу психолог – педaгог қaуымының еншісінде екенін нaзaрдa ұстaуымыз керек. Оқушы aқпaрaттың жaқсы жетістіктерін бойынa сіңіріп, рухaни бaй тұлғa ретінде қaлыптaсуы зaмaн тaлaбы.

Оқушылардың пәнге қызығулығын ояту және белсенділігін анықтау мақсатында сабақ барысында дәстүрлі сабақтарсандық білім беру ресурстарын(Каһооt, MOZAIK, BilimLand, Quizzez) пайдаланып оқушылармен квест ойыны, төңкерілген сынып, термин сөздіктер қоры сияқты тапсырмаларды жасап салыстырмалы түрде жұмыс жүргіздім. Нәтижесі төмендегідей көрсетті:


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұхамбетжанова С. Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту. - Алматы: Атамұра, 2005. – 152 б.

2. Сарманова С. Орта мектепте ақпараттық технологияны қолдану // Қазақстан мектебі. – 2004, № 5, б. 10-11

3. Қасымова Р. Мультимедиалық технологиялардың тиімділігі // Информатика негіздері, 2004, №5, б. 4-6

4. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.ж.

5.Информационные технологии. – Москва, 2005.ж.





12 Наурыз 2025
76
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі